Халықаралық зерттеулердің деректері бойынша инфляциялық күтулердің төмен және тұрақты деңгейде сақталуы экономиканы жағымсыз күйзелістер алдында неғұрлым икемді жасайды және экономиканың баға құру тетігінің неғұрлым тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сондықтан заманауи орталық банктер инфляциялық күтулерді бағалауға көп мән беруде. Орталық банктер өз мақсатын басшылыққа ала отырып, ақша-кредит және коммуникациялық саясатты жетілдіреді. ХВҚ-ның зерттеулері инфляцияны таргеттеу режімінің атап айтқанда, неғұрлым төмен инфляцияны, аз инф-ляциялық күтулерді және осы режім қолданылмайтын елдермен салыстырғанда инфляцияның аз құбылатынын негіздейді. Экономикасы дамыған елдер арасында инфляцияны таргеттеу режімін қолданатын тәуелсіз орталық банктердің ұзақмерзімді инфляциялық күтулерді ойдағыдай тіркейді, сонымен қатар инфляцияны экономикаларға бүкіл іскерлік цикл ішінде шығарудың ең төмен үзіліс болған кезде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін 2% көлемінде тұрақтандырады деген бірыңғай пікір қалыптасқан.
Ұлттық Банктің Зерттеулер және статистика департаменті Монетарлық зерттеулер басқармасының бас маман-талдаушысы Адель Қарғабаеваның ақпараты бойынша қазіргі кезде орталық банктер мен академиялық топтар арасында жақсы тіркелген инфляциялық күтулердің экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізудің басты факторларының бірі, сондай-ақ орталық банктің ақша-кредит саясатына және инфляция жөніндегі мақсатына сенімділік көрсеткіші ретінде пайдаланылатыны туралы консенсус туындап отыр.
Инфляциялық күтулердің макроэкономикалық жаңалықтарды хабарлауға сезімталдығының болмауы олардың тіркелгенін тексеру өлшемшарты болады. «Егер ұзақмерзімді инфляциялық күтулер орын алып жатқан экономикалық оқиғаларға ден қоймаса, экономикалық агенттердің орталық банктің күтпеген экономикалық оқиғаларға қарамастан инфляция бойынша нысаналы деңгейді ұстап тұру мүмкіндігіне сенім білдіруі мүмкін. Осыған қарама-қарсы жағдай ретінде, егер орталық банкке деген сенім әлсіз болса және күтулер тіркелмесе, макроэкономикалық жағдайлардың күтпеген өзгерістері инфляциялық күтулердің нысаналы көрсеткіштерден орынсыз ауытқуларына алып келуі мүмкін», – деп атап өтеді Адель Қарғабаева.
Әдетте инфляциялық күтулерді бағалау көздері тұтынушылар, өндірушілер және талдаушылар болып табылады. Бұл ретте әлемдік тәжірибеге сәйкес, халық және кәсіпорындардың басшылары қалыптасқан инфляцияға жоғары баға және болашақ инфляцияға жоғары болжамдар беруі мүмкін, себебі тауарлардың жекелеген санаттары деңгейінде бағаның нақты көтерілуін қабылдайды және әдетте бағаның жиынтық өзгеруін білмейді. Бұл ретте өздерінің инфляциялық күтулерін олар медиа көздерден немесе дүкендерге баруы нәтижесінде алынған ақпарат негізінде қалыптастырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі үшін инфляциялық күтулер бойынша негізгі ақпарат көзі GfK Kazakhstan компаниясы 2016 жылғы қаңтардан бастап халыққа жүргізетін пікіртерімдердің нәтижелері болып табылады. Ай сайынғы пікіртерімдердің нәтижелері үй шаруашылықтарының инфляцияны қабылдауының жалпы көрінісін беріп, инфляцияның сандық бағалауын бір жыл бұрын алуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, Ұлттық Банкте кәсіпорындардың басшыларынан және қаржы нарығына қатысушылардан түскен белгілі ақпарат болады. Нақты сектордағы іскерлік ахуалды зерделеу үшін кәсіпорындар басшыларына тоқсан сайын жүргізілетін пікіртерім шеңберінде бизнес конъюнктурасындағы негізгі үрдістер, оның ішінде кәсіпорындардың дайын өнімнің, шикізат пен материалдар бағаларының өзгеруі бойынша күтулері анықталады. Қаржы жүйесінің тәуекелдері бойынша қаржы нарығына қатысушылардың жыл сайынғы пікіртерімі өз кезегінде Ұлттық Банкке негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, атап айтқанда, респонденттердің инфляция деңгейі бойынша күтулерінің болжамдарын алуға мүмкіндік береді.
«Қазақстанда инфляциялық күтулердің жалпы көрінісі мынадай. Халықтың бағалардың қысқамерзімді өсуі бойынша күтулері респонденттердің 70%-да болуына және айдан айға ауытқуы мүмкін екеніне қарамастан, олар тұрақтануда. Қазіргі кезде инфляцияның бір жылға бұрын сандық бағалануы қалыптасқан инфляциядан төмен деңгейінде тіркелді және 2018 жылға арналған 5-7% нысаналы дәліздің ішінде тұр», – дейді Адель Қарғабаева.
Кәсіпорындардың дайын өнім бағасының өзгеруі бойынша күтулері 2017 жылғы 1-тоқсанда расталды, өйткені, өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағасы өсті, ал шикізат пен материалдар бағасы бойынша күтудің төмендеуі расталмады – өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімді сатып алу бағасы ұлғайды.
Қаржы нарығына қатысушылардың және экономика және қаржы саласында жұмыс істейтін сарапшылардың 2016 жылғы қазанда берген бағалары инфляцияның ең биік шыңынан өтсе де, 2015 жылғы қарашадан бастап пікіртерім жүргізу сәтіне дейін қалыптасқан инфляция жоғары болғандықтан, біршама көтеріңкі болды. Бұл нәтижелер сондай-ақ респонденттердің Қазақстанның қаржы нарығындағы ағымдағы ахуал туралы төмен хабардар болуын көрсетті.
«Осылайша, Қазақстан үшін экономиканың түрлі субъектілерінің болашақ инфляцияны бағалаған кезде нақты сектордағы бағалардың жалпы өзгеруін ескермейді, ал инфляциялық күтулерді қалыптастырған кезде күнделікті өмірде пайдаланатын жекелеген тауарлар мен қызметтер бағаларының деңгейін өзінің қабылдауы бойынша алады деген пайымдау әділ болып табылады», – деп қорытындылады Адель Қарғабаева.
Бетті дайындаған Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»
Пікірлер(0)
Пікір қосу