Институттық реформаның іске асырылу барысы қаралды

Үкіметтің баспасөз орталығы кеше «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шараларына арналған брифингтер легін экономика тақырыбында жалғастырды. Онда «Индустрияландыру және экономикалық өсім» деп аталатын үшінші институттық реформаның іске асырылу барысы қаралды.
Егемен Қазақстан
03.08.2017 7893
2

Жиынға Ұлттық экономи­ка бірінші вице-министрі Руслан Дә­ленов, Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев, Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев, Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев қатысты.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р.Дәле­нов ми­нис­тр­ліктің «Индустрия­лан­дыру және экономикалық өсім» бағыты бойынша төрт қадамды іске асыруға жауапты екенін атап өтті. Оның үшеуі салық пен кеден саясатына және біреуі монополияға қарсы жұмыспен байланысты. Ұлт жоспары аясында аталған бағыт бойынша қолданыстағы салық режімдерін оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, Салық және Кеден кодекстерінің жаңа жобалары әзірленді. Салық тұрғысынан мемлекет тарапынан бизнесті әкімшіліктендіруді жеңілдету, несиелеуді ынталандыру, сондай-ақ, геологиялық барлау жұмыстарына инвестициялар салу көзделген. Сонымен қатар, салық консультанттары институтын, дистанциялық аудит және салық несиелерін енгізу жоспарда бар.

«Кедендік бақылау туралы айтсақ, мұнда декларациялау кезінде электронды технологияларды енгізуге, кедендік операцияларды орындау кезінде автоматты ақпараттық жүйелерді қолдануға және бақылаудан өту барысында «бір терезе» те­тік­терін белсенді пайдалануға басым­дық беріледі», деді Р.Дәле­нов.

Вице-министр сонымен қатар қазір елімізде шағын бизнес салық төлеудің бірнеше әдісін таң­дай алатынын атап өтті. Сон­дай-ақ, шағын бизнеске тиянақ­талған шегерістің жаңа режімі ұсынылатынын, ол айналымы көп, бірақ пайдасы аздар үшін тиімді екенін жеткізді.

Ал Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі А.Ай­дарбаев өз кезегінде «100 нақты қадам» Ұлт жос­парын іске асыру аясында құ­ры­лыс саласында жүргізілген реформалардың арқасында рейтингіміз жақсарғанын атап өтті. Ұлт жоспарын іске асыру аясында «бір терезе» қағи­даты мен құрылыстың рұқсат құжаттарын алудың үш сатылы қағидаты енгізілген. Құжат­тарды алу мен эскиздік жобаларды бекіту мерзімдері 40-60 күннен 17-6 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Құрылыс салуға рұқсат беру электронды түрде хабарлама беруге алмас­тырылды. «2020 жылға қарай жобалау-сметалық құжаттардың 90 пайызға дейін сараптамасын жеке нарық жүргізетін болады. Бүгінде бұл көрсеткіш 60 пайызды құрайды. Бұдан өзге, Еурокодтарға арналған жаңа нормативтік база енгізілген, 2019 жылдың соңына дейін осы жүйеге толықтай ауысу жұмыстары жүргізілмек. 
«Құрылыс саласындағы реформалардың нәтижесінде Қазақстан Doing Business есебі бойынша 2015 жылдан бастап өз орнын 130 сатыға жақсартты, яғни, 152-ден 22-орынға көтерілді», деді А.Айдарбаев.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыра отырып еліміздің көлік-логистикалық әлеуеті де кеңейген. Бұл ретте, вице-министр Ұлт жос­парын іске асыру аясында Алматы маңынан халықаралық авиациялық хаб құру үшін Мемлекет басшысы жоба операторын – «МГ Холдинг» компаниясын анықтағанын хабарлады. Компания жобаны іске асыруға Сингапурдан инвестициялар тартумен айналысады. Бұдан өзге, «Эйр Астана» әуе компаниясы белсенді дамып жатыр, оның паркі 31 ұшақтан тұрады, олардың орташа жасы 6-8 жыл. «2020 жылдың соңына дейін Airbus А320neo тобының 10 әуе көлігін, 2019 жылы – екі Боинг 787 ұшағын жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ «ҚТЖ» компаниясы «Эйр Астанамен» бірлесіп жүк әуе компаниясын құру жұмыстарын жүргізіп жатыр», деді А.Айдарбаев.

Сонымен қатар, «Астана» халықаралық қаржы орталығына көлік қолжетімділігін қамта­ма­сыз ету үшін Астанадан Франк­фуртке, Лондонға, Дубайға, Сеулге, Бейжіңге және Парижге тікелей әуе қатынастары іске қосылғанын хабарлады. 2017 жылы тоғыз жаңа халықаралық әуе бағыты, олардың ішінде – Ас­танадан Делиге, Варшаваға, Хель­синкиге, Будапештке, Бей­жіңге, Ереванға, Киевке, Бату­миге және Минеральные Воды қаласына әуе қатынастары ашылған. 2019 жылы Токио мен Сингапурға, 2020 жылы Шанхай мен Нью-Йоркке әуе қатынасы бағыттарын ашу көзделіп отыр. Жалпы, Инвестициялар және даму министрлігі Ұлт жос­пары­ның 17 қадамы бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. 

Қаржы вице-министрі Р.Бе­ке­таев 8 қадам бойынша атқа­ры­лып жатқан ауқымды жұмыстың жайын баяндады. Қаржы министрлігіне бекітілген 8 қадамның 3-еуі әлдеқашан орындалған. Бұл ретте, кедендік және салықтық әкімшіліктендіру, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан шаралар жайын баяндады. Осылайша, жаңа Кеден кодексінде декларациялауды цифрландыруға көшіру жүзеге асырылады және экс­порт­тық-импорттық операциялар бо­йынша «Бір терезе» қағи­даты енгізіледі. «Егер қазір құжат­тарды ресімдеу орта есеппен 2 сағатты алса, «Астана-1» жүйесін енгізгеннен кейін кедендік дек­ларациялау жасыл дәліз арқылы автоматты түрде шығарылады», деді Р.Бекетаев.
Вице-министр экспорттық-импорттық операциялар бойын­ша «Бір терезе» қағидатын 2019 жылдың басынан бастап енгізу жоспарланғанын атап өтті. СЭҚ қатысушысы кедендік тазарту кезінде қолжетімділіктің бірыңғай нүктесі арқылы мем­ле­кеттік органдардың барлық қажетті рұқсаттарын ала алады. Сөйтіп, енді кеденге қағаз түрінде құжаттар ұсыну қажет болмайды. 

Сондай-ақ, вице-министр «Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші бағыты бойынша мүлік пен қаржыны заңдастыру ісі жүзеге асырылғанын айтты. «2016 жылы мүлікті және ақшалай қаражатты заңдастыру рәсімін табысты аяқтадық. Заңдастыруды 140 мыңнан астам азамат пайдалана алды, ал экономикалық айналымға 5,7 трлн теңге, олардың ішінде ақшалай қаражат түрінде 4,1 трлн теңге және мүлік түрінде 1,6 трлн теңге қосылды», деді Р.Бекетаев. Айтуынша, 151 мың заңдастырылған жылжымайтын мүлік нысанының 9,5 мың нысаны коммерциялық жылжымайтын мүлік ретінде тіркелген. Бұл мүлікке салық түсімін шамамен жылына 800 млн теңгеге ұлғайтады. 

Бұдан әрі Энергетика вице-министрі Б.Жақсалиев энергетика саласында көзделіп отырған межелі міндеттер мен қол жеткізілген өзгерістер туралы баяндады. Осыған орай Ұлт жоспарын іске асыру барысында электр энергетикасы мәселелері бойынша бірқатар жаңашылдықтар қарастырылған заңнамаға түзетулер енгізілгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, салаға инвестициялар тартуды ынтыландыратын жаңа тарифтік сая­сат іске қосылады. Сондай-ақ, өңірлік желілік компанияларды ірілендіруге мүмкіндіктер ашылады. Бұл электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, өңірлерде электр энергиясын жеткізу шығындарын қысқартуға және соңғы тұтынушылар үшін оның бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

«Бізде еліміздің энерге­ти­калық кешенді ырықтандыру мен жекешелендірудің арқасында көптеген электр қуатын таратушы ұйымдар пайда болғаны анық. Бүгінгі таңда олардың саны шамамен − 160, ал шын мәнісінде, барлығының атқаратын міндеті бір – электр энергиясын тарату», деді Б.Жақсалиев.

Ірілендірілген ұйымдарға арнайы талаптар қойылатын болады. Мәселен, диспетчерлік тех­нологиялық басқарудың, оқытылған және аттестатталған мамандары бар қызметтердің болуы, жүйелік қызметтер көрсе­туге жүйелік операторлармен келісімшарттардың, коммерциялық есептің ав­то­маттандырылған жүйелерінің болуы сияқты талаптар ескеріледі.

«Бұл энергия таратушы ұйым­дардың санын 2022 жылға қарай 30 пайызға, 160-тан 110-ға дейін қысқартуға және энергиямен қамтамасыз етудің сенім­ділігін арттыруға, иесіз электр желілерінің мәселесін ше­шуге мүмкіндік береді», деді Б.Жақсалиев. Негізінен Энер­гетика министрлігі бойынша 3 қадам жүзеге асырылуда. Бі­ріншісі – «Электр энер­гети­касы саласын қайтадан құру. «Бірыңғай сатып алушы» мо­де­лін енгізу». Бұл 50-қадам өңір­лер арасындағы электр энергия­сының әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік береді. Одан кейінгісі – 51-52-қадамдар. Өңір­лік энергетикалық компанияларды (ӨЭК) ірілендіру мен Электр энергетикасы секторында салаға инвестиция тартуды ынталандыратын жаңа тариф сая­сатын енгізу. Вице-министрдің мәлімдеуінше, бұл қадамдарды іске асыру ұзақ мерзімді сипатқа ие.

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

19.09.2018

Мәжіліс: кинематография туралы заң жобасы I оқылымда мақұлданды

19.09.2018

Велошабандоз Андрей Кивилевтің құрметіне арналады

19.09.2018

Қызылордалық полицейлер жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді

19.09.2018

Атырауда халықты емханаларға тіркеу науқаны басталды

19.09.2018

Роботтар Қызылорда да құрастырылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу