Ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ТМД ел­дерінің үкімет басшылары кеңесі және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстарына қатысу үшін Қазанға барып, Татарстан Президенті Рустам Минни­ха­новпен кездесті, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
29.05.2017 2434
2

Екі тараптың президенттері Н.Назарбаев пен В.Путин былтыр Астанада өткен Ресей мен Қазақстанның XIII Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.
Осы күні Бақытжан Сағынтаев Қа­зан қаласында өткен ТМД елдерінің үкі­­мет басшылары кеңесінің кезекті оты­рысына қатысты. Онда Достастық эко­номикасының түрлі салаларындағы ын­тымақтастық мәселелері қаралды. 
Шағын форматта өткен отырыста үкіметтер басшылары инновациялар, атом энергиясы, көлік қауіпсіздігі, геодезия, радионавигация, контрафактілік өнімдерді шығаруға қарсы іс-қимыл, сонымен қатар зияткерлік меншікті қорғау салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылады. 
Қатысушылар кең форматта жал­ғас­қан кеңес жұмысында қазақ­стан­дық материалтану токамагы база­сын­да­ғы тәжірибелік кешенді бірлесіп пай­далану туралы келісімді, сонымен қа­тар 2017-2019 жылдарға арналған ха­лық­аралық та­сымалдар кезінде ТМД-ға мү­ше мем­ле­кеттердің аумағында Көлік қау­іп­сіз­ді­гі стратегиясын іске асыру ж­ө­нін­дегі бі­рінші кезектегі шаралар жоспарын талқылады.
ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің қорытындысы бойынша бір­қатар құжаттарға, атап айтқанда, Мемлекетаралық инновациялық ынты­мақ­тастық бағдарламасын іске асыру бой­ынша 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар кешені туралы құжатқа, Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайда­ла­ну саласындағы нормативтік-құ­қық­тық және нормативтік-техникалық рет­­теу, сәйкестікті бағалау, стандарттау, аккре­дит­теу және метрологиялық қам­та­ма­сыз ету бойынша тәсілдерді үй­лес­тіру тур­алы келісімге қол қойылды. 
Бұдан өзге, Контрафактілік өнім өн­ді­руге және таратуға қарсы іс-қи­мыл саласындағы ынтымақтастық ту­ра­лы келісімге, зияткерлік меншікті құ­қық­тық қорғау және сақтау саласында ын­ты­­мақтастық орнату және Зияткерлік мен­­шікті құқықтық қорғау және сақтау мә­­селелері жөніндегі мемлекетаралық ке­­ңес құру туралы келісімге өзгерістер ен­­гізу туралы хаттамаға қол қойылды. 
Сондай-ақ, ТМД елдерінің Мем­ле­ке­т­аралық радиациялық бағдарламасы жә­не ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі ТМД Эко­но­микалық соты туралы шешімін іс­­ке асы­руға қатысты құжаттарға қол қо­-
й­ыл­ды.
Сондай-ақ, үкіметтер басшылары ЕАЭО нарығындағы шығарып тас­тау мен шектеулерді жою, ЕАЭО мем­ле­кеттерінде сыртқы экономикалық қыз­мет­ті реттеу жүйесінде «бір терезе» те­ті­гін дамыту мен цифрлы күн тәртібін іс­ке асыру барысын және экономикалық ын­тымақтастықтың өзге де мәселелерін тал­қылады.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша АӨК саласындағы ынтымақтастық туралы, ЕАЭО мемлекеттерінде сырт­қы экономикалық қызметті реттеу жүйе­сін­дегі «бір терезе» тетігін дамыту тура­лы құжаттарға қол қойылды. ЕЭК-пен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнер­кə­сіптік тауарларға қатысты айрықша суб­сидияларды ерікті келісу тəртібі ту­ралы келісімге қол қойылды.
Отырыс аясында Ресей Феде­ра­ция­сы Үкіметінің Төрағасы Д.Медведев, Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Премьер-министрі С.Жээнбеков, Беларусь Рес­пуб­ликасының Премьер-министрі А.Ко­бяков, Армения Республикасының Пре­мь­ер-министрі К.Карапетян сөз сөйледі.
Қол қойылған өкімге сәйкес, Еура­зия­лық үкіметаралық кеңестің келесі оты­рысы Астанада тамыз айында өткі­зі­ле­тін болды. 
Бақытжан Сағынтаев Қазанға сапары барысында ІТ-парк пен Иннополис жоғары технологиялар қаласының жаңа ғы­лыми инновациялық әзірлемелерімен та­нысты. Бақытжан Сағынтаев ІТ-паркті ара­лау барысында бизнес-инкубатор жұ­мысымен және «Глонасс+112» мо­ни­торинг орталығының жұмысымен де та­нысты, сонымен қатар оған стартап жо­балардың тұсаукесері ұсынылды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу