Инвестиция тарту мәселесі талқыланды

Астана қаласында «Қазақстан қор нарығына халықаралық капиталды тарту» атты конференция өтті. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, америкалық «BNY Mellon» банкі, «FTI Consulting» және «Kinstellar» компаниялары ұйымдастырған шараға отандық, әлемдік деңгейдегі қаржы ұйымдары мен институттардың өкілдері қатысты.
Егемен Қазақстан
14.04.2017 3998
2

Жиынды ашып, сөз сөйлеген Астана қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов «Астана» ХҚО үшін ағылшындық жалпы құқық оның барынша икемділігі үшін таңдап алынғанын айтты. «Әлемдік тәжірибе ең үлкен, табысты жаһандық және өңірлік қаржы орталықтарының барлығының 85 пайызы ағылшындық жалпы құқықтың заңгерлік мазмұн моделінде жұмыс істейтіндігін көрсетті. Ағылшындық құқық немесе құрлықтық заңнама үздік деп дауласуға да болады. Дегенмен, біз қаржылық модельдер, қаржылық реттеу негізінен ағылшындық жал­пы құқыққа бағдарланғандығын көріп отырмыз. Мұ­ның ең қарапайым негіздемесі ағылшындық жалпы құқықтық үлгі боларлық және шындығында ол барын­ша икемді», деді ол. Қайрат Келімбетовтің сөзіне қарағанда, ағылшындық жалпы құқық нарық талаптарына тез арада бейімделе алады. Бұл мемлекетке нарық құлдырағанда немесе керісінше мемлекеттік рет­теу сәтсіздікке ұшырағанда қажет. 

Отырыста «Астана» ХҚО-ның ел экономика­сы­на қаржы тартуға негізделген стратегиялық ба­ғыт­тары, капитал нарығы, активтерді басқару, же­ке тұл­­ғалардың әл-ауқатын жақсарту, ислам қар­жы­лан­дыр­уы және озық қаржылық технология жөнінде ке­ңі­нен әңгіме болды. Сондай-ақ, «Financial Times» ба­сы­лымының дамушы нарықтар бойынша редакто­ры Джеймс Кинждің жекешелендіру стратегиясы та­қы­ры­бындағы баяндамасы тыңдалды.

Басқосу барысында инвестиция мен қор нарығын дамыту саласындағы белгілі сарапшылар мен аналитиктер ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, шетелдік инвесторларға жаңа қор биржасының алаңқайы – «Astana International Exchang» биржасы туралы мәліметтер ұсынылды. Қор биржасы ағымдағы жылы күзде іске қосылмақ. Онда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның ең тартымды компанияларының акциялары орналастырылады.


Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2019

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлек «Болашақ» арқылы шетелдерде оқи алады

18.01.2019

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды

18.01.2019

Ақтөбе облысының шаруалары былтыр 228 млрд теңгенің өнімін өндірді

18.01.2019

Полиция департаменті айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

18.01.2019

Елордалық аурухана тұңғыш рет неврологиялық асқынуды азайтатын құрылғыны қолданды 

18.01.2019

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан үйден 6 адамды шығарды

18.01.2019

Колумбиядағы жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болған

18.01.2019

Тимур Қожаоғлы: «Егемен Қазақстан» – Еуропа құрлығындағы маңдайалды басылым

18.01.2019

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» рейстері тоқтатылды

18.01.2019

Геннадий Головкин ұлды болды

18.01.2019

Солтүстік Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасты

18.01.2019

Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

18.01.2019

Петропавлда ресейлік бас киімдер көрмесі ашылды

18.01.2019

Ақтөбеде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету меморандумына қол қойылды

18.01.2019

Алматыда газбен жүретін жаңа автобустар іске қосылады

18.01.2019

СДУ-да IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды

18.01.2019

Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды

18.01.2019

Елбасы кітапханасының Ақтөбеде өткен көшпелі көрмесін 120 мыңнан аса адам тамашалады

18.01.2019

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

18.01.2019

Әліпби де, еміле-ереже де сараптаудан өте түсуі керек - Әлімхан Жүнісбек

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу