Ирак Президентімен кездесті

Таяуда Қазақстанның Иордан Хашемиттік Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Ирактағы елші қызметін қоса атқарушы Азамат Бердібай Ирак Республикасының президенті Фуад Масуммен кездесіп, күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде әңгімелесті, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
24.03.2017 1355
2

Кездесу барысында қазақ­стандық елші Ирак басшы­сына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың 10-11 қыркүйек күндері Астана қаласында өтетін Ислам Ын­ты­­мақтастығы Ұйымының Ғы­лым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне ша­қыру хатын табыс етті. А.Бер­ді­бай аталған саммит ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер ара­­сындағы ғылым және инно­­ва­ция жөніндегі қатынас­тар­ды нығайтуға жаңа сер­пін бере­тінін, сондай-ақ, ислам әлеміндегі халықтың әлеу­меттік жағдайын жақсарту, эконо­микалық даму мақ­сатын­да ғылым мен тех­нология­лар­дың рөлін ны­ғайтуға бағыт­талған жоба­лар­ды іске асыруға үлес қоса­тынын жеткізді.

Кездесу аясында тараптар екі ел арасындағы қарым-қа­ты­настардың даму көк­жиек­­терін талқылап, күн тәр­тібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бо­йын­ша пікір алмасты. А.Бер­дібай Ирак Президентін Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшін­ші жаң­ғыруы: жаһандық бә­секеге қабілеттілік» атты Жол­дауы­ның негізгі басым­дықтарымен таныстырды.

Кездесудің қорытынды­сында Ф.Масум Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың саммитке шақыруына орай өз алғысын білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлес қоса­тындығын атап өтті. Соны­мен бірге, ол Елбасының пара­сатты сыртқы саяси баста­ма­ларына және қоғам инсти­туттарын дамыту мақса­тында жүргізіп отырған реформа­ларына жоғары баға берді.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу