Ірімшік

Созақ ауданындағы Қара­таудың етегін жайлаған ауылдарда ірімшікті күнделікті шай дастарқанына қойып, тұтынып отырғанын талай көрдік. Қызылдың құмын жайлаған тұрғындардың ішінен де бұл дәмді ұмытпай дайындап жүретіндері бар. Әсіресе, кезінде мал баққан шаңырақтарда ірімшік үзіл­мейді.
Егемен Қазақстан
18.03.2017 3229
2

Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауылында тұра­тын Жаңагүл Молда­назарова жеңгеміз отағасы Қалдыбек ағамызбен кезінде өкіметтің отар-отар қойын баққан еңбек адамдарының қатарынан саналады. Құмнан көшіп келіп, ауылда тұрса да Жаңагүл жеңгей жылда көктемде ірім­шік жасауға кіріседі. Оның дайындаған тағамын кейбір мекеме басшыларының өзі аттай қалап, үйінен алып кетіп жататынын естідік. Жасыратыны жоқ, ірімшіктің қалай дайындалатынын көрейікші деп асай-мүсейімізді арқалап, ол кісінің үйіне арнайы барған болатынбыз. Қазанға толтырып сүт құйып, астына енді от жағып жатқанының үстінен түстік.
− Сендерге таңсық көрін­генімен, малшы қауым үшін таңсық емес. Кезінде он сиырға дейін сауып, қазан-қазан сүт қай­натар едік. Мұндай ірім­шікті күнде дайындайтынбыз. Ол күндер қазір қайда, бәрі де өткен күндерде қалды, – дейді Жаңагүл жеңгеміз.
Ірімшік істеу тәсілі қара­пайым ғана екен. Бұл жерде ең бастысы, сүтті ұйытатын ұйытқыда екенін айтуымыз керек. Оған мәндірді пайдаланады. Мәндір дегеніміз − жаңа туған қозының ұлтабары. Яғни, уызға әбден тойған қозыны соя­ды да, уызға толған ұлтабарын бөлек алады. Осы ұлтабарды немесе мәндірді кемі бір айға дейін пайдалануға болады. Жаңагүл жеңгейдің айтуынша, мәндірдің ішінде уыз мол болған сайын маңызды бола түседі екен.
Біраздан соң сүттің беті суланып, сары суы шыға бастады. Бұл дегеніміз сүттің ұйи бастауы екен. Мәндір өзінің міндетін атқарды, енді сүт қатты қызып кетпей тұрғанда алып қою керек. Осыларды түсіндірген Жаңагүл жеңгей қолындағы ұйытқыны ішінде сүті бар кішкентай ыдысқа салып қойды. Мәндір осы ыдыстың ішінде аса қат­ты салқын да емес, ыстық та емес, орташа темпе­ратурада сақталып тұра береді. Келесі ірімшік пісірген кезде дәл осылай тағы пайдалануға болады.
Қазанға құйылған бір шелек сүттің бетіндегі сары сулары молайып, жайымен бүл­кілдеп қайнай бастады. Мұндайда астындағы отты бір­келкі жағып отыру керек. Қатты күшейтіп жіберсе түбі күйіп кетеді.
Қазандағы сары су бірте-бірте тартылып, түбінде қой­малжың болған ірімшігі көріне бас­таған. Жаңагүл жеңгей дайын болған ірімшікті сүзіп алып, ыдысқа салды. Сап-сары болып тұрған қоймалжың көп өтпей-ақ қатайып, суы тартылып шыға келді. Суыған соң ірімшіктен ауыз тидік. Қант қоспай-ақ тәп-тәтті, ерекше дәмі бар ұлттық тағамға сүйсінбеске амалың жоқ. Еш­қандай химиялық қоспасыз осындай дәмдерді дайындай білген ата-әжелеріміз неткен шебер болған десеңші!
− Қазанның түбінде қалған сұйығы тура кәдімгі ирис кәм­пит сияқты қоюланып қалады. Оны алып балаларға беремін. Мынау ірімшікті кептіріп алып, қысқа дейін сақтай беруге болады. Қиын ештеңесі жоқ, тек құнт болса болды. Жұрт­тың көбі мұны машақат санайды. Сүт жоқ дейді. Сүт болса қозының мәндірі жоқ дейді. Мүмкін ол да рас шығар, қазір шелек-шелек сүт сауып отыратын үйлер де азайды ғой. Бірақ, біздер атам заманнан келе жатқан өзіміздің ұлттық дәстүрімізді, кенеуі мол ас-ауқатымызды ұмытпауымыз керек, – дейді Жаңагүл Мұратбекқызы.
Жаңагүл жеңгемізге алғыс айтып, қоштасып кеттік. Қа­зақ­­тың қымыз-қымы­ра­нын, қазы-қартасын өзге жұрт та мойындап жатыр. Өз құнды­лығымызды өзіміз бағаламаған соң базбір ұлттың пысықтары мәселен, қымызға патент алып, меншіктеп алға­нын естідік те. Енді бір күндері ірімшікті дәл осылай өзге біреу патенттеп алмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Қазіргі аға буын өкілдері осы тағамның түрін білгенімен, ертең олардан кейінгі ұрпақ таза ұмытуы әбден-ақ мүмкін-ау. Ендеше, қам жасайық, ағайын!

Әділ ӘБДІРАМАНОВ

Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара қаласы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз?

16.11.2018

Тариф көтерілді, сервис деңгейі ше?

15.11.2018

Асхат Маемиров Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

15.11.2018

Бекзат жаттыққан спортзал

15.11.2018

А. Майтиев тариф қалыптастырудың ашықтығын арттыру шаралары туралы айтып берді

15.11.2018

Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

15.11.2018

Бас прокуратурада бизнес саласындағы проблемалық сұрақтар талқыланды

15.11.2018

Қазақстан мен Швеция ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын анықтады

15.11.2018

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті

15.11.2018

Алматыда композитор Әсет Бейсеуовты еске алу кеші өтті

15.11.2018

Президент Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевты қабылдады

15.11.2018

Жезқазған мен Сәтбаевтың арасында ірі супермаркет салынады

15.11.2018

Елбасы Словакия Республикасының Премьер-Министрі П. Пеллегринимен кездесті

15.11.2018

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұтфолла Шәкеновты еске алу кеші өтті

15.11.2018

Алматыда Құрманғазының 200 жылдығына арналған дәстүрлі музыка фестивалі аяқталды

15.11.2018

Асқар Шәкіров ұлттық құқық қорғау мекемесімен өзара іс-қимылын оң сипаттады

15.11.2018

Алматыда «Серікбол Қондыбай. Рух жауынгері»  атты деректі фильмнің көрсетілімі болды

15.11.2018

Алматы полициясы: ірі сатып алушының үйінен ұрланған заттар иелеріне қайтарылды

15.11.2018

ШҚО-да атқа мінген ауыл әкімі қасқырдан құтқарып қалды

15.11.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу