Іскерлік байланыстар жалғасады

Облысқа губернатор Виктор Назаров бастаған Омбы облысының ресми делегациясы келіп қайтты. Екі облыстың арасындағы шекара ұзындығы 265 шақырым. Біздің өңір көршілес облыстың сенімді сауда серіктесі, сауда айналымы жылына шамамен 100 млн долларға жетеді. Екі қала бауырлас қалалар деп аталады. Алдағы сәуір айында Омбыда Павлодар облысының күндері өтпекші.
Егемен Қазақстан
27.03.2017 1536
2

Жалпы, бұл бірінші кездесу емес. Бұған дейін де омбылықтар келіп кетсе, біздің облыс өкілдері де ол жақта болып қайтқан-ды. Екі өңіраралық кездесу, «Қазақстан-Сібір» ха­лық­аралық көрмесі, Қазақстан мен Ресейдің шек­аралас аймақтарының форумы болып өткен-ді. Барыс-келіс барысындағы тақырып сол бір-ақ мәселе − шекаралас аймақтардың ин­вес­т­ициялық және экономикалық даму жол­дары арқылы, бірлесе жұмыс жасау. Бұл мәсе­лені Елбасы Н.Назарбаев та жиі айтып келеді. 

Облыс орталығындағы Достық үйінде арнайы кездесуге жиналған тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге салалардағы байланыстарды ны­ғайту туралы Омбы облысы мен біздің өңір ара­сында 2017-2020 жылдар аралығындағы өзара қарым-қатынас бағдарламасына қол қойылды. Бұған дейін де екі облыс кәсіп­керлері Омбыда құны 150 миллион АҚШ дол­лары тұратын логистикалық технопарк орталығын құру туралы келісімге де келген-ді. Сондықтан, басты мәселе осы бартехнопарк сияқты жобалардың жол ортада қалып қоймай, орындалуы маңызды деген сөз ғой.

Губернаторды таңғалдырығысы келді ме, облыстық әкімдік алдымен Железин ауда­нындағы асыл тұқымды мал өсіретін «Пахарь» ЖШС-нің агроқалашығын көрсетуге алып келді. Расында да, таңғаларлықтай кең далада орналасқан шет елдегідей барлық жағдай жасалған заманауи-өркениетті өнді­рістік қалашықта бірнеше кешен, көкөніс қоймасы бар, осы жақында ғана серіктестік шет ел­ден тағы да 1200 бас асыл тұқымды мал сатып алыпты. Омбы өңірінің де ауыл шаруа­шы­лығының алға басып дамуы заманауи технологиялардың арқасында екені айтылды.

Омбыға біздің облыстан кабель бұйым­дары, көмір, ет-сүт, көкөніс өнімдері жет­кізіледі. Экономикалық әлеуетімізді арттыру­мен қатар, мәдениет, білім, ғылым және спорт салаларындағы байланыс­тар жалға­сып, тәжірибе алмасулар жасалды. Екібастұзда өсіріле бастаған раушан гүлдерінің 400 мың түбі Ресейге экспортталды. Ал электр энергиясының Ресейге қайтадан тасымалдана бастағаны жайлы Болат Бақауов облыс тұрғындармен кездесуінде айтқан болатын, яғни біраз кедергіге тап болған экспорт тасы­малы жанданып, стансалар енді бұрынғыдай жұ­мыс жасауы тиіс. Сонымен бірге, «Бога­тырь-Көмір» кенішінде былтыр көмір өндірісі 1,6 пайызға артыпты.

О­мбы облысында 100-ден аса Қазақстан-Ресей бірлескен компаниялары жұмыс жасауда. Өңірдегі «Рубиком», «Смак», «Кэмми», «Foodmaster» ЖШС өнімдерін Омбы облысының сауда орындарына жеткізді. Көмір, алюминий және глиноземге де сұраныс бар. Былтыр біздің аймақтан 150 мың тонна жүк Омбы облысына жеткізілді. Бұл − екі облыс кәсіпкерлері үшін өнімді тасымалдауға, сауда-экономикалық байланысты нығайтуға және кең ауқымды нарыққа жол табуға оңтайлы жағдай туғызып отыр деген сөз.

Сонымен қатар, басқосуда жыл сайын айтыла беретін, бірақ, орындала қоймайтын басты логистикалық екі мәселе − өзен жолы байланысын, әуе қатынасын қалпына келтіру мәселелері сөз болды. Жылда айтыла беретін бұл мәселелер, біздіңше, тек екі елдің Үкімет деңгейінде нақтылауын күтіп тұрған сияқты. Омбы губернаторы Виктор Назаров та су жолының қажеттілігін айтты, бұл, әрине, белгілі жағдай, бірақ, Ертіс өзенінің арнасы тазартылмаған, сондықтан бұл жобаның жүзеге асу-аспауы әзірше белгісіз. Омбыға дейінгі өзен арнасын тазалау біздің облыстан басталуы керектігін айтып жүр. Әуе жолы жобасы да біраз сызбаларды қажет етеді. Сон­дықтан, өзен мен әуе жолы қалпына кел­генше жолаушылар облыс орталығынан Омбыға күн сайын автобуспен жолға шығу­да. Тіпті, жолаушыларды өзен арқылы тасы­мал­дайтын «су такси қызметі» жүрмек. Омбы­дан жаңа кемелер сатып алынбақшы. Бұл инвестициялық жобаны қала әкімдігі іске асырмақ. Жазда Ертіс өзенінде саяхат та жасай алады. Әрине, кеме сатып алынғанша да біраз уақыт өтетіні анық. Бұл мәселелердің барлығы да бір күнгі кездесу барысында жүзеге асы­рыла қалатын шаруалар емес екені де түсінікті. Шекаралық өңірлер байланысы аса маңызды жобалар қатарында болғандықтан, жоба-жоспарларды нақтылау қажет.

«Биыл біздің кәсіпорындар Ресей нары­ғына құны 618 миллион доллар тұратын өнім­дер шығарса, облысымызға 500 миллион доллар тұратын ресейлік өнімдер жеткізілді, − деді облыс әкімі Болат Бақауов.− Екіжақты іскерлік және мәдени байланыс, шағын және орта бизнес саласы, жаңа өнеркәсіптік өнімдер туралы ақпарат алмасу, инновациялық жұ­мыстар және инвестициялық жобаларға қатыс­ты әріптестік жалғасады».

Ресей делегациясы Назарбаев зияткерлік мектебінде, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де, «Нефтехим ЛТД», «Казэнергокабель» АҚ-та болды. Соңында делегация «Павлодар» арнайы экономикалық аймағына барды.

Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

16.11.2018

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу