Қаламсыз ғалам жоқ

Егемен Қазақстан
28.12.2010 354
Тот счастлив, кто прошел среди мучений, Среди тревог и страсти жизни шумной, Подобно розе, что цветет безумно,

И легче по вводам бегущей тени.

Анна АХМАТОВА

Қаламсыз өмір – қараңғы. Қараңғы ғана емес, қаламсыз ғалам да жоқ. Тыңдар құлаққа алғашында ерсілеу естілер бұл ойда түн түнегін түріп шығар, күліп шығар күндей шындық бар. Олай дейтініміз, адамзат тағдыры қаруға емес, ең алдымен қаламға тәуелді. Қаламнан үлкен қару жоқ. Небір суық, сұмдық қа­ру­лар­дың да қай қарауылға кезелерін де қалам, құнарлы қаламнан шыққан қуатты сөз шешкен. Адамзат қоғамының қандай болмағы да қаламға байланысты. «Қаламмен бір жол жаз­­баған күн өлгенмен тең» деп ұрым жұрты те­гін айтты дейсің бе?! Бізге сенбесеңіз, ұлы­ларға құлақ түріңіз. Лион Фейхтвангер бүй депті: «Көркем әдебиет жас баланы мемлекет қайраткеріне дейін тәрбиелейді», «Фео­­да­лизмді өлтірген зеңбірек, адамзат қо­ға­мын қалам өлтіреді» депті Наполеон. «Адам­заттың өмірінен әдебиетті алып тас­та­саң, сықырлаған қару мен сыңғырлаған тиын ға­на қалады» (Андрей Битов). Карл Біріншінің басы шабылар алдында түр­меде Шекспир шығармаларын оқып жа­туы да тегін емес. Оның терең сырын тағы да қалам құдіретінен іздеу керек. Қа­ла­мы­ның құдіретін – сөздің қасиет-киесін бір кісідей білетін Александр Сергеевич Пушкин Ре­сейді ғана емес, күллі Еуропаны тіреп тұр­ған Николай патшаның өзіне: Бог с ним, Никому Отчета не давать, Себе лишь самому Служить и угождать, – деп ең қуатты қару – қаламмен түйремеді ме? Осыншалық қуаты күшті, соншалық қа­дір-қасиеті бар киелі қаламды өз өмірінің ай­нымас серігі еткен жанкешті замандас, тағ­дыр­лас, қаламдас ағаларымыздың бірі Әнуар Тұр­лыбекұлы Әлімжанов еді. Бүгінде сексен жасқа толған мерейтойын халқы өзінсіз тойлап жатқан Әнуар жазу­шы­ның, әсіресе прозашының өмір өлшемімен қа­рағанда тым аз жасады. Пайғамбар жасы де­лінетін алпыс үшке келіп, ақыл-ой мен парасат биігіне көтерілген қарымды қа­лам­гер­дің берері әлі көп еді. Жазушы үшін алпыс үш тым аз жас. Борхестің айтқаны бар: «Бү­кіл дүние кітапқа кі­ру үшін жаратылған» деп. Өзінің жазушылық жолын жауынгер жанр жолжазба мен очерк, көсемсөз жазудан бастаған Әлімжанов «Достар кездескенде», «Мәң­гілік тамырлар», «Ақ дос, сары дос, қа­ра дос» атты алғашқы шығар­ма­ла­рында өзі көрген өмірдің өз көріністерін сол Борхес айт­қан «кітапқа кіру» дейтін көзқа­рас­пен са­бақ­тастыра жазғанын байқау қиын емес. Осынау деректі де керекті еңбектер кейін «Керуен күнге бет алды», «Көгілдір таулар», «Қа­рас­ұңқар көпірі» атты повесть, «Ма­хам­бет­тің же­бесі», «Ұстаздың оралуы», «Жау­шы» атты романдарға ұласты. Ал, «Адамдар сүрлеуінде» ол шеберліктің жаңа бір биігіне шығып еді. Бұдан кейінгі еңбектерінің көр­кемдік деңгейі бұдан да жоғары болатын кезде, тәжірибесі мен таланты кемеліне келіп, на­ғыз толысқан ша­ғын­да қазақ көркем ойы­ның көрнекті өкілі дос, туыс­ты ғана емес, оқу­шы қауымды да өкін­діріп, өксітіп, пә­ни­ден бақиға аттанып кетті. Мұхаметжан Қаратаев бастап, Сағат Әшім­баев қостаған әдебиет сыншылары бастап, прозашы Ахат Жақсыбаев жалғас­тыра жан-жақты саралаған Әлімжанов шы­ғар­ма­шы­лығын талдау аса қажет бола қоймас. Әйтсе де, сөз құдіретін ерте түсін­ген жа­зу­шы­ның шы­ғармашылық ерекшелігі жайлы Әзағаң Нұр­шайықовтың сөзімен айтсам: «Әнуар орыс тіліндегі қазақ проза­сының негізін салушы деп есептемеймін. Ал, орыс тіліндегі қазақ поэзиясының негізін салушы кім? Ол – Олжас Сүлейменов. Бұл екеуін мен жиыр­масыншы ғасырдың Шоқаны деп танимын. Екі Шоқан – егіз Шоқан деп білемін. Екеуінің де ең­бек­терін өлмейтін ұлттық қа­зынамыз деп есептеймін». Осы сөздерде шығар күндей шындық бар. Өткен ғасырдың екінші жартысында бұл екеуі қалам­гер­лі­гі­мен де, қайраткер­лігімен де одақтық қана емес, әлемдік аренада қатар қанат қағып, би­ік­ке самғады. Биліктің биік баспалдағымен ке­­дергісіз өрлеу, жоғарғы деңгейдегі қоғам­дық қыз­меттерді атқару, шет елдерді ар­ман­сыз аралау жағынан да сол кезде бұл екеуінен ешкім озған жоқ. Қос қыранның қатар ұшып, қазақ атын әлемдік деңгейде ас­қақ­тат­қаны­на халық қаншалық сүйсінсе, күншілер сон­шалық күйінді. Таланттың жауы – қыз­ғаныш. Моцартқа Сальеридің қолымен у бер­ген де, жүрегі ақ, жаны пәк, жазықсыз Дездемонаны өз қолымен өлті­ріп, өзегін өрт, жан дүниесін дерт шалған Отеллоны өкінтіп, өк­сіткен де сол жауыз. Қызғаныш атты қы­зыл ит аспандағы ай мен күндей жарасып, жан-жағына үнсіз сәуле шашқан Олжас пен Әнуарды да қапысыз қапты. Ресейдің ақындары қашанда, Бірге туған оғыменен Дантестің, – деп Евгений Евтушенко тап басып, тауып айтқандай, сол қызғаныштың қызыл қаншы­ғы өзге емес, ең алдымен қазақтың өзімен бір­ге туып, бірге жасасып келеді. Сол қыз­ға­ныш дейтін өсімтал, өлермен қаншық қап­па­ған қай жақсың бар, айтшы кәне қазағым, аз болды ма содан тартқан азабың?! Сұңқарлардың достығын көре алмай­тын сұқ­сырлар Әнуар мен Олжастың арасына әлсін-әлсін қара мысық жүгіртіп, екеуін ауық-ауық қырғи қабақ етсе де оларды бір-бірінен мүлдем ажырата алма­ды. Екеуі пікір таластыра жүріп, бір-біріне жақсылық жасаудан танған емес. Олжас «Қазақфильмде» бас редактор болып жүр­ген­де Әнуарды кино­сту­дия­ға жұмысқа қабылдады. Кейін Әнуар Жа­зу­шылар одағына бірінші хатшы болып сайланғанда Олжасқа сыртқы байланыстар жөніндегі хатшылық жұмысын ұсынып, екеуі тізе қосып ел үшін көп іс тындырды. Қа­лау­бек Тұрсынқұлов одақ хатшылығынан кет­кенде Олжас ол орынға сол кезде жұ­мыс­сыз қалған Әнуарды алды. Аса көрнекті осы екі тұлғамен достық қарым-қатынаста бол­ған менің анық білетінім, бұлар бір-бірімен дауласса да ешқашан жауласқан жоқ. Өзінің ба­йырғы досын өкпеге қиса да, жа­ман­шы­лық­қа қимаған Олжас Әнуар қайтыс бол­ған­да қатты қайғырды, оның үйіне барып от­ба­сы­мен бірге болды, жетісін, қырқын бірге атқарысты. Мерейтой – той тойлау ғана емес, ой тол­ғау, арттағы мен алдағыға көз жіберіп, өткен­нен сабақ алу ғой. Сол себепті де мен Әнуар мен Олжас арасындағы түсінбеуші­лікті еске ал­ғанда айтулы аймаңдай тұлға­ларымызға көлеңке түсіру үшін емес, өткеннен сабақ ал­сақ екен, кейбір қабыр­ғалы қалам­дас­та­ры­мыз­ды күні бүгінге дейін етектен тартып жүрген түсініспеушілік түп-тамырымен жо­йыл­са екен деген тәтті тілек, ой-арманмен айтып отырмын. Сұң­қар­лар араға ши жүгірт­кен сұқсырларды қуатты қанатымен қағып тас­тап, таланттар тату болып, жақсылар жа­расып жүрсе – әдебиетіміз үшін абырой, хал­қымыз үшін мереке, мерей емес пе?! Әнуардың бойында еңбекті бағалай білетін әділдік бар еді. Соның бір мысалы өткен ғасырдың жетпіс екінші жылында мені Қа­зақ­стан жазушыларының атынан әзірбайжан жа­зушыларының кезекті съезіне жіберді. Ол тұста мұндай үлкен жиындарға атақты аға­ла­ры­мыз ғана баратын. Сол үрдісті бұзған Әнекеңе: «Туысқан халықтың ұлы жиынына барып, бүкіл қазақ қаламгерлерінің атынан сөз сөйлеуге мен әлі дайын емеспін, біртүрлі жү­рексініп тұрмын» дегенімде, ол «Бакуге ба­ратын жазушы таппай тұрғаным жоқ. Екі түрлі себеппен таңдау саған түсті. Біріншіден – сен қоғамдық жұмыстарға белсене қа­ты­насып, көп іс тындырып жүрсің. Бұл сенің сол сатусыз еңбегіңе айтқан алғысым. Екіншіден – осы бастан шетке шығып, топ жарып үйрене бер. Ертең біз шау тартып, шал бол­ған­да орнымызды басатын жастарды қазір баулымасақ қашан баулыймыз?» деді. Соны­мен сол сапарда атағы аспандап тұрған талай тар­лан жазушымен танысып, көрнекті мемлекет қайраткері Гейдар Алиевтің де на­за­рына іліктім. Ең бастысы, атағына ақылы сай аға­ларымнан өмірлік азық болар тәлім-тәр­бие алдым. Әдебиетіміздің алтын ғасыры болған өт­кен ғасырдың жетпіс үшінші жылы Ал­маты­да Азия мен Африка жазушыларының бесінші конференциясы болды. Қазақстан қалам­гер­лерінің жұлдызды сәті болған сол жемісті де жеңісті алтын күзде Жазушылар одағы­ның алдында әлемдік ұлы жиынға өз өкіл­де­рін жіберген екі жүзден астам елдің туы желбіреп тұрды. Сол конференцияға қатынасқан маған Әнуар сол жолы да біраз абыройлы да жауапты жұмыстар тапсырды. Конферен­ция­ға қатысушыларды қарсы ал­ған, ұзатып сал­ған ағаларыма ілесе, оларға қызмет көр­сете Алматы қонақ үйіне орна­ласқан штаб пен одақ арасына зыр жүгіріп жүріп ұйым­дас­ты­ру жұмыстары­ның үлкен мектебінен өттім. Әлемге әйгілі жазушы­лармен танысып, сол ғұ­ламалардан көп нәрсе үйрендім. Ол бір одақтың жұлдызы жарқырай жа­нып, жазушылардың дүркіреп тұрған кезі еді ғой. Келесі 1974 жылы Қазақстанда Кеңес әде­биетінің күндері өтті. Соған бай­ла­нысты Әнуар мені Мәскеу мен Ленинградқа ісса­пар­ға жіберіп, тағы да үлкен жауапты міндет жүк­теді. Ай маңдай­лы айтулы екі үлкен қалада екі апта болған мен сол сапар Николай Тихонов, Константин Симонов, Всеволод Рождественский бастаған ақылман­дар­мен кездесіп, оларды Қазақстан Жазушылар ода­ғының атынан Кеңес әдебиетінің күн­де­ріне шақырдым және бәрінен дерлік күн­дер­ге байланысты құттықтаулар мен мақалалар жаз­дырып алдым. Мәскеу мен Ленинградтан мен әкелген материалдар негізінде орыс тілінде әдеби мерекеге арналған көлемді газет шық­ты. Сол сапардағы көп кездесулердің бірі – әлемге әйгілі ақын, аса көрнекті қоғам жә­не мемлекет қайраткері Николай Тихоновпен кездесу ерекше есте қалды. Асқан па­ра­сатты адам мені Кремльге жа­қын орналасқан пәтерінде қабылдады. Би­ліктің биік баспал­да­ғындағы үкімет адам­дары тұратын сол көп қабатты үйге рұқсат қағазымен кіріп, қажетті пәтердің қоңы­рауын басқанымда есікті Николай Семенович өзі ашты. Ұлы адамдар кішіпейіл болады ғой, мені ежелгі танысындай жылы шыраймен қарсы алып, жассынбай, жат­сынбай бауырына тарта байсалды әңгіме айтты. Өмірімде жеке адамның бай кі­тап­ха­насын сол жолы осы үйден көрдім. Көп бөл­мелі пәтердің үш бөлмесі тола еденнен тө­бе­ге дейін кітап екен. Келген шаруамның мән-жа­йын білгеннен кейін «Қазақстанға бар­ғым-ақ келеді, қоғамдық жұмыстардан қол бо­саса баруға тырысамын. Ал, Кеңес әде­бие­тінің Қазақстандағы күндеріне орай шы­ға­тын газетке өзімнің жүрекжарды сө­зім­ді жа­зып беремін. Оны екі-үш күннен кейін Мар­ков­тың қабылдау бөлмесінен аласың» деді Тихонов. Арада үш күн өткенде сол қымбат қолжазбаға да қол жетті. Бұл да Әнуар Әлім­жановтың мені кезекті бір өмір мектебінен өт­кізген кезі еді. Жақсыдан шарапат деген осы емес пе?! Әнуардың шапағаты тиген жалғыз мен емес, әрине. Осыдан он жеті жыл бұрын: Ағам бар еді мір тілді, Жағам жыртылды. Жас парлап тұрған жүрекпен, Жұбатам қалай жұртымды, – деп қайғыр­ған ақиық ақын Сәкен Иманасовпен бірге өзегімізді өрт, жүрегімізді дерт шалған біз бү­гін Әнуар Әлімжановты Марфуға Айтқо­жи­на жырлағандай: Есілсе жібек самал дала кеште, Ел-жұртың сағынышпен алады еске. Әнеке-ау! Тірі болсаң жүрер едің Жаңа ғасыр басында Жаңа көште, – деп сағынышпен еске ала­мыз. Әдебиет дәуірдің күре тамырын ұстап, уақыттың серті мен дертін дәл анық­тайтын, әр­түрлі қауіп-қатерлердің алдын алатын құ­ді­ретті күш. Әлемдегі көптеген катаклизм­дер­дің бір және негізгі себебі, адамзаттың әде­биет­тен алыстап кетуі десек, артық ай­тып, ағат кетпеспіз. Жарық дүние атты жалғанға қайтіп орал­май­тын өлгендердің екінші өмірі соңында қал­ған ізімен өлшенеді. Соңына салмақты еңбек, өшпейтін із қалдырған, адамзатқа ауадай қажет әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі – Әнуар Әлімжанов өмірлі шығармалары­мен халықпен бірге жасай береді. Қасиетті кі­таптарда: «Қу дүниені күйттеген пенде – құл, рухқа шомылған адам – патша» депті. Адамды рухқа шомылдыратын құдіреттің бірі, бірі ғана емес бірегейі Алланың құдыреті – сөз. Мемлекеттік тарихы бес мың, халқы бір миллиардтан асатын ханзу жұртының ұлы ойшылы Конфуций бүй депті: «Дегдар адам үш нәрседен қаймығады: көктің құдіре­тінен, ұлылардың болмысынан, даналардың сөзінен». Осының бәрі қаламның ұшынан қанат қаққан құдайдай құдіретті, құрандай киелі, ұрандай қасиетті, табиғаттай мәңгі айналып өтетін, садағаң кетейін азбас-тозбас асыл сөзде!.. Ол сөздер кітап бетінде қаттаулы, жадымызда жаттаулы. Олай болса, қаламсыз өмір – қараңғы. Оны айтасыз, қаламсыз – ғалам да жоқ. Асыл сөз – әдебиет жоғалған күні – әлем де жоғалады. Адамзат не әдебиеттің қадіріне жетеді, не асыл сөзді аяламай – өзінің түбіне жетеді... Құдіреті күшті, мейірім-шапағаты, рахымы мол Алла Тағала адамзатты әлемдік апаттан сақтасын. Сәбит ДОСАНОВ, жазушы, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

22.03.2019

«Ақжайық» футбол клубы елордаға Нұр-Сұлтан есімін беруді қолдайды

22.03.2019

Шүменов Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

22.03.2019

Игита Қазақстанның ең үздік қақпашысы атанды

22.03.2019

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева көңіл айту жеделхатын жолдады

22.03.2019

Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде әлемдік рекорд орнатылды

22.03.2019

Талдықорған тұрғындары 5 000 литр көже ішіп, 1 тонна бауырсақ жеді

22.03.2019

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа 10 жыл

22.03.2019

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда мұнай, жанармай шығару өскен

22.03.2019

Президент Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Бауыржан Тортаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

22.03.2019

Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу