ҚАҢТАРДАҒЫ АЯЗ БЕН ЖАҢБЫР

Егемен Қазақстан
06.01.2010 5796
Қысқы шілдеде Қостанайдың ауа райы құбылып берсін. Өңірде қыс биыл да кеш түс­кен. Қарды қостанайлықтар жел­тоқ­санның ортасы ауа көрді. Қар­мен бірге аяз келді, сынап баға­на­сы 40-қа дейін төмен түсіп кет­кен­де жұрт таби­ғат­тың тамаша құбы­лысын қызық­тады – таяқ тастам жер көрінбес ақ тұман тұрып ал­ған. Жылымық боп тұрып, алдар­қатып соққан аяз­ды күндер құр­бансыз да бол­ма­ды.  Аяз Жаңа жыл мейрамы күн­де­рі қайталап соқты, 25-30 градус аязға да ет үйренді. Облыс әкімі­нің тікелей бақылауда ұстауымен облыстың төтенше жағдайлар жө­ніндегі де­партаменті қызметкер­ле­рі, жол полицейлері тұрғындардың алысқа жолаушы жүрмеуін, ком­муналдық қызмет саласы жол­дардың тазалы­ғын қадағалады. Ауа райының суытуы  қалалар мен ауыл-аймақтағы жұртшы­лық­тың ала жаздай жасаған қысқа дай­ындығын сынай келгендей екен. Рудный қаласында  25 градус аяз болып тұрғанда  жылу тара­татын құбыр жарылып, тәулік бойы тұрғындарды да, коммунал­дық қызмет саласын да әбігерге салды.  Абырой болғанда, құбыр жо­лындағы ақау жөнделіп, үйлерге жылу беру қалыпты жағдайға жеткізілді. Ал Лисаков қаласы күзде жөнделген  қазандықтың рахатын аязды күндері көрді. Боран қалай соқса да құстың ұясындай жинақы қаладағы  жылу қазандықтары мен құбырлар арқылы әр үйге жеткен жылу шаңыраққа береке алып кірді. Ал Қостанай қаласы да қысқы шілденің аязын қалыпты қарсы алды. Жергілікті ауа райын болжаушылардың  бақыла­ға­нын­дай,  сынап бағанасы  25-30 градус аязды көрсетіп тұрды. Бірақ қалада тұрғындарды әбігерге салардай ешқандай қолайсыз жағдай орын алған жоқ. Пәтерлерде күнделікті  берілетін жылу азаймады. Жақсы жөндеу жұмыстары жүргізілген  жерлерде аяз құбырды қатыра ал­майды. Облыстың басқа аудан­да­ры мен елді мекендерінен дабыл­ды ақпарат түскен жоқ. Ал облыстың оңтүстігіндегі аудандарда қаңтардың  басындағы 17 градусқа жеткен аяздың соңы жылынып, жаңбырға айналды дегенге кім сенер! Торғай өңірінде қаңтардың  4-інен 5-іне қараған түні жаңбыр тынбай жауды, күндіз қар еріп, жер қарайып қалды. Қар жауса да, боран тұрса да, жаңбыр жауса да Арқалық қаласы бір­қалыпты қалпынан тайған жоқ. Өйткені, күзде қала мазутын артығымен тасып алып, жылу құбырын жамап-жасқап алған болатын. Іргеңді ерте қымтап алмасаң, Арқа қысының салған  әлегі қандай болатынын бұл қала бастан талай өткерген... Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай облысы.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

19.02.2019

Қарағандыда биыл қандай жолдар жөнделеді

19.02.2019

Елорда оқушылары инновацияға ден қояды

19.02.2019

Сенат комитетінде халықаралық құжаттар қаралды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу