Кәсіпкердің сауаты базарда ашылады

Оңтүстікте бір кездері облыс­тық соттың төрағасы болып Тілектес Бәрпібаев деген азамат жұмыс істеді. Ашуы алдында болғанымен, арты кең, ру­ханиятқа жақын азамат жур­налистермен баспасөз мәс­лихатын өткізіп тұрады. Сон­дай емен-жарқын жүздесудің бірінде өзге өңірден келген сот төрағасынан: «Сізді Шымкентте өз салаңызда қандай жағдайлар таңғалдырады?» деп сұрағанбыз.
Егемен Қазақстан
27.01.2017 5292
2

«Шымкенттің азаматтары өте ашық, кішіпейіл. Бірақ, өз құқық­тарын біле тұрып білгісі келмейтін сияқты көрінеді. Қан­дай да бір жағдаймен сотқа шақырылса, сыйақы беріп кеткісі келіп тұрады. Өзіне ешқандай жаза көрілмейтіндігін де ескер­мейді», деген.

Расы сол. Баяғы патшалық кезеңдегі соттың езгісі өтіп кеткен бе, бәрі болмаса да сот алдына барған азаматтардың көбі ешқандай қылмысқа тартылуға негіз жоқтығын байыптап жатпай, «шәй ішіңіз» деп қалтасына қолын салып, сол жерден аулақ­тағанша жаны шығып кете жаздайды. Судья алса қуанады, алмаса сотқа тартылардай ұнжыр­ғасы түсіп кетеді.

Бұл бұрынғы жағдай дегені­мізбен, Қылмыстық кодекстің баптарын тереңдетіп оқып, пара­ғын сапырып отыратындар әлі де аз. Оны өзіміз де жұмыс бары­сынан байқаймыз. Тілші­лер қосынына да болмайтын нәрседен қарадай үркіп, араша сұрап телефон шалып жатады. Зерделеп көрсең, түк те емес, жазаға тартылатындай негіз жоқ.

Кәсіпкерлік саласында да солай. Әр ауданда кеңес беретін, бизнес-жоба ұсынатын Кәсіпкерлік мектептері жұмыс жасап тұрса да, «анау анандай деп айттыға» көбірек сенетіндер әлі де байқалады. Сондықтан, облыстағы Кәсіпкерлер палатасы «өзің кел» деп отыра бермейтін жаңа жобаны іске қосты. Палата мамандары базардағы сатушылар мен шағын кәсіпкерлерге сұраған сұрақтарына жауап береді.

Ол үшін қаладағы ірі сауда орындары – «Самал» және «Айна» базарларынан кеңес беретін кабинеттер ашылды. Бұл кабинеттерде заңгерлер және есепшілер, салықтық заң­нама қызметкерлері азаматтар қызықтырған сауалдарға жауап береді. Бұл – мәжбүрліктен туындаған жоба. Өйткені, шағын кәсіп иелері салық төлеу, өз жұмыстарының есеп-қисабын жасауда түрлі қиындықтарға душар болып жатады. Жаңа қабылданған құжаттардың нормаларын білмегендіктен, жоқ жерден әкімшілік жазаға тартылып жататындары және бар.

Кәсіпкерлер палатасы осының бәрін ой елегінен өткізіп, респуб­лика бойынша ең алғашқы жобаны іске асыруға кірісіп кетті. Болашақта бұл бастаманы кеден саласының қызметкерлері толтырады.

Облыс прокуратурасын­да өткен бір жиынға қатысқа­нымызда, жаңадан ашылған фирмалардың ай айналмай жатып тез жабылатындығы туралы дабыл көтерілген еді. Енді бизнес өкілдері сәт сайын алдарынан шыға беретін кедергілерден құтылады. Ал кәсіпкер сауатының ашылғаны өз шаруашылығын оңтайлы жүргізуіне мүмкіндік береді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті

21.11.2018

Нұрболат Ахметжанов: Көне тарих көмескі тартпасын

21.11.2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

21.11.2018

Жапония мен Грузия дзюдошылардың қарқыны күшті

21.11.2018

Дархан Кәлетаев: Ұлы даланың ұлағаты

21.11.2018

Португалияда Дәрежан Өмірбаев фильмдерінің рестроспективасы өтіп жатыр

21.11.2018

Шымкентте дәрігерлер тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсетті

21.11.2018

Израильдегі халықаралық турнирде Маңғыстаулық гимнасшылар 8 медаль иеленді

21.11.2018

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақ ер адамды қағып кетті

21.11.2018

«Туған жерге тағзым» жобасы Түркістаннан басталды

21.11.2018

Елбасы: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға мүмкіндігіміз бар

21.11.2018

Алмасбек Әбсадық: Мазмұны терең ой-толғам

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу