ҚАЗАҚ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ҚҰЛАГЕРІ

Егемен Қазақстан
11.01.2010 2014
Сәулет көкжиегін жіті сезініп, кең шола білетін саңлақ сәулетші Қалдыбай Монтахаевтың соңғы жылдардағы жобалары бірінші кезекте еліміздің жаңа елордасы – Астана қаласының аумағын кең кө­лемде жобалауға келіп ұштасып жатты. Сөз – кірпіш, жақсы сөйлем – композиция (үйлесімділік). Ал жеке оқиға (эпизод) – “ғимарат”, кітап тараулары – “көшелер”, роман – “қала” деп айтсақ, сәулет өнерінің әсем айшықтары мен мақсат-мұратын біршама көз алдымызға келтіруге болады. Ауызекі сөзді, жеке сөздерді әркім біледі. Ал кезінде жүйесін тауып айтылған шын асыл сөз, сын­дарлы сөйлем жүздеген, мың­да­ған жылдар халықтың жадында қалып, талай ұрпақты тебірентері хақ. Таңдамалы сәулет өнерінің туындылары да саралы ой қоз­ғай­тын осы маржан сөздердей, көр­ген­де ет-жүрегіңді баурап әкететіндей, деміңді ішіңе тартып көз алмай қа­рап қалатындай болуы тиіс. Еңселі ғимараттардың есіңді алар әсемдігі оның адам баласына тигізер пайдасымен сабақтасуы керек. Сазгерлер өз өнер шығарма­ла­рын тудыруда 7-ақ нота қолданады. Саз өнері көгінде Бах, Шопен, Штраус, Чайковский, Құрманғазы, Нұрғиса, Шәмші сынды ұлы тұлғалар туған. Сәулет өнерінде ертеден келе жат­қан 1-ақ бастама нота бар. Ол – кірпіш (кірпіш модулі). Біздің жыл санауымызға дейінгі І ға­сыр­дың екінші жартысында өмір сүріп, гректік және римдік сәулет өне­рінің тәжірибелерін жинақтаған “Сәулет өнері туралы он кітап” атты әлемге әйгілі трактат жазып кеткен римдік сәулетші әрі ин­же­нер Витрувий сонау антикалық дәуірде-ақ жақсы сәулет туынды­сы­ның үш критерийін анықтаған. Олар: 1. Пайда. 2. Беріктік. 3. Әсемдік. Сәулетші өткенді еске алып, бүгінгіні жіті бағдарлай отырып, осы өнердің келешектегі Витрувий айтқан үш сынды биігін сезе алса ғана оның туындысы – архитек­тура, олай болмаса, онда ол – халтура. Мұның өлшемі – уақыт. Жақсы объекті – жүз жылдық, мың жылдық. Нашар объекті – бір күндік, бір жылдық. Бұл биік талғам-талапты сергек сезініп, оны өмірде жүзеге асыра білген маман ғана кәсіби сәулетші ретінде мойындалады. Қалдыбай Монтахаев – Орталық Азияда КСРО халық сәулетшісі атағын ал­ған жалғыз маман. Онымен үзең­гі­лес жүріп, кеңестік сәулет өнері са­ласында күш-жігерлерін шыңда­ған ірі сәулетшілер өздерінен кейін қосылған Қалдыбайдың дарынды­лы­ғын мойындады. Ал сол кәсіби сәулетшілердің ішінен өткен ға­сырдың жетпісінші жылдарының бас кезінде жоғарғы оқу орнын бітіре салысымен, талай тай жары­сында оза шауып жүріп, әрқашан бәйгелі болып көзге түскен жас сәулетші Қалдыбай Монтахаев 80-90-жылдары сәулетшілер (қалалық, республикалық, мемлекетаралық және т.б.) арасындағы додаларда талай әйгілі мамандардан қара үзіп, алға шығып, қазақ сәулет өнерінің құлагері атанды. Осы орайда сәулет академигі Тоқтар Ералиевтің “Бү­гінде “ХХ ғасыр соңындағы қазақ­стандық сәулет өнері” дегенде, ойымызға Монтахаев келеді” дегені кездейсоқ емес. Қалдыбай туралы Халықаралық Сәулетшілер одағы­ның президенті Василис Сгутас “Сіз және сіздің қазіргі заманғы сәулет өнерінің дамуына қосқан орасан үлесіңіздің арқасында бү­гінде Қазақстанның сәулетшілерін бүкіл әлем біледі” десе, сәулет өне­рінің белгілі академигі И.Н. Вос­кре­сенский “Қалдыбай Жұмаға­ли­ұлы, сіз сөзсіз кәсіби еңбектері мен қызметтері ХХ ғасыр сәулет өнері­нің тарихына кіретін сәулет өнері таланттарының бірі болып табы­ласыз” деп бағалаған. Ол Алтайдың арғы жағында – Алтай өлкесі, Құлынды ауданын­дағы Қаракөл ауылында 1950 жылы 15 қаң­тарда туып, мектепті алтын ме­даль­мен бітіріп, өмірге жолдама алды. Қ.Монтахаев сәулетші ретінде өзінің қызметін 1972 жылы Қазақ политехникалық институтын бітір­ген соң “Алматыгипрогор” Мем­ле­кеттік жобалау институтына жібе­ріл­геннен кейін бастады. Ол мұнда қатардағы сәулетшіден институт­тың бас сәулетшісіне дейінгі жолдан өтті. “Қолы – сиқыр, жолы өнеге сәулетші” деп ақын жырлағандай, Қалдыбайдың қай жобасын алсақ та, әрқайсысы өзінше бір ерекше мәнер. Жаңадан салынғандары да, қалпына келтірілгендері де қорша­ған орта­сының сәнін келтіріп, ажарын аша түседі. Солардың бірі – Алматыдағы Республика алаңы құрылысын жобалау оның шы­ғармашылық ғұмырының негізгі кезеңіне айналды. Бұл жобаны 1980 жылы жүзеге асырған соң оған “Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі” атағы берілді. Респуб­лика алаңының сәулеттік-көркем­дік сапасы үшін 1982 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен мара­патталды. Монтахаевтың авторлық қор­жы­нында қомақты қор бар десек те болады: бас жоспарлар, тұрғын аудандар, әкімшілік, еліміздің оң­түстік және солтүстік астаналары­ның қоғамдық ғимараттары мен барлық басқарма ғимараттары, мек­тептер, мұражайлар, қонақ үй­лері, Алматы қаласындағы халық­аралық жолаушылар терминалы, сондай-ақ монументалды ескерт­кіш­тер, кіші сәулет пішіндері және т.б. Солардың жарқын мысалы ретінде 1995 жылы Қ.Ж.Мон­та­хаев­тың жетекшілігіндегі авторлар тобының жобасымен тұрғызылған ел Президенті Резиденциясының жобасы алаң жарасымдылығының бір үйлесіммен толықтырылуын атап өтуге болады. 1996 жылы авторлар тобы Ақмо­ла бас жоспары тұжырым­да­масына арналған республикалық конкурста жеңімпаз атанды. Сәулет көкжиегін жіті сезініп, кең шола білетін саңлақ сәулетші Қалдыбай Монтахаевтың соңғы жылдардағы жобалары бірінші кезекте еліміздің жаңа елордасы – Астана қаласының аумағын кең кө­лемде жобалауға келіп ұштасып жатты. Астана қаласының жаңа орта­лы­ғын дамытудың бас жоспары эскиз-идеяларының халықаралық кон­курсында “Ақ Орда” жобалау-құрылыс компаниясы (бас сәулет­шісі – Қ.Монтахаев) ұсынысы екінші орынды жеңіп алды. Оның Астанада жүзеге асырылған соңғы жобалары мыналар: Орталық алаң жүйесі – Президент Резиденциясы, Министрлер кабинетінің бұрынғы әкімшілік ғимараты, Парламент, Сыртқы істер министрлігі, Кон­гресс-холл ғимараттары, сондай-ақ Республика даңғылы, “Самал” тұрғын ауданы, Есіл өзені жаға­лауының, аэропорт ғимараттары­ның құрылыстары. Осы орайда Ресей Сәулетшілер ода­ғының президенті Юрий Пе­трович Гне­довскийдің мына пікірін келтірудің жөні бар: “Қ.Ж.Мон­тахаевтың Астана қаласының Бас жоспары­ның тұжырымдамасына жариялан­ған республикалық кон­курстағы жеңісінен басталған Қазақстанның жаңа астанасының құрылысындағы табыстары шүбә келтірмейді. Қазақстанның жаңа астанасының жаңа ірі объектілері сәулетші шешімін табатын міндет­терге лайық қазіргі заманғы қар­қы­нымен, мәнерлі келбетімен ерек­ше­ленеді. Қалдыбай Жұмағалиұлы­ның маңызды, соның ішінде үк­і­мет­тік объектілердің авторы болуы тегін емес”. Өнерден өз өрісін тапқан қа­рымды да алымды сәулетші еңбегі де өзіне лайықты бағасын тапты. Қ.Ж.Монтахаев – Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті. 1991 жылы оған сәулет өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін “КСРО Халық сәулетшісі”, 1993 жылы Шығыс Сәулет академиясының толық мүшесі атағы, ал 1997 жылы сәулет өнеріндегі айрықша сіңірген еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және шығармашылық деңгейі, жаңа елорда – Астана қаласының жобалау мен құрылыс ісіне бел­сенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының жоғарғы на­гра­дасы – “Құрмет” орденімен мара­патталып, сол жылы оған Сәулет өнері халықаралық академиясының академигі атағы берілді. 1999 жылы Шығыс елдері сәулет өнері халықаралық академиясының вице-президенті болып сайланды. 2000 жылы Қазақстан Республикасының “Алтын адам” – “Человек года” атағын алды. Қалдыбай Монтахаевтың “Па­ра­сат” журналының ұйымдас­ты­руы­мен дөңгелек үстел басында өткен сұхбатында (оған Қазақ­стан­ның тарихи және мәдениет ескерт­кіштерін қорғау қоғамының төр­ағасы Шота Уәлиханов және мен де қатысқанбыз) айтылған бір сөзі бар: “Ұлттық сәулет өнерін қалып­тастыру үшін ... ел тағдырын, ұлт намысын ойлайтын маман керек”. Тағы бір сөзінде: “...студенттерге кәсіби бағдар, білікті білім берумен қатар, этика, эстетика, мәдениет пәндерін терең оқыту керек. Мұндай таным-талғамы жоқ маман ешқашан сәулетті, ұлттық болмыс­қа сай келетін ғимараттарды жо­балай алмайды” деген. Сәулетші, құрылысшы мамандарға қойып отырған бұл талаптары өз бойынан табылатын. Ұлттық сәулет өнерін қалыптастыру оның ұстанымы болатын. Елден жырақ туып-өссе де, өзінің қазақ халқының ұлы екенін жадынан шығармай, қазақи ар-намысты бетке ұстаған азамат еді. Халқымыздың ұлттық бай­лы­ғын, мағыналы нақыштарын сәулет өнерінде қазіргі заман талаптарына лайықтап, жігін жатқызып, тігісін білдірмей шебер қолдана білуді жоғары эстетикалық талғам деп білді. Леонардо да Винчидің “Бұлақтан сусындай алатын адам құмырадан су ішпеуі тиіс” (“Кто может идти к источнику, не должен идти к кувшину”) деген сөзі бар. Ал Қалдыбай “...батыстық үлгілерге еліктеп, дайын жобаларды көшіре салу сияқты дерт күшті қазір” деп қынжылған. Сұлулыққа жаны құмар, айналасын әдемі­лікпен өрнектеген адамдардың ой­лары да бір жерден шығып жатқандай. “Қала құрылысы – үнемі жаңа­рып тұратын іс-қимыл организмі” деп таныған Қалдыбай Қазақ­станның, соның ішінде Алматы қаласының осы күнге дейін қол­да­нылып келген бас жоспарларының бәрінің ескіргендігін қайта-қайта айтып жүретін. Көзі қарақты азамат қалалардың осыдан бірнеше он­даған жылдар бұрын жасалған бас жоспарының қазіргі тірлік ағы­нына, құрылыс салу жылдам­ды­ғы­на үйлесе алмай жатқанын айта­тын. Халық мәдениетінің, бақуат­ты­лығының жанашыры Қалдыбай Монтахаевтың ойлары терең, жоспарлары көп еді... Жаратқанның берген дарынын өзінің өмірлік жолы етіп таңдап, сол жолды жалғыз аяқ сүрлеу қылып қалдырмай, жарық, сара жолға айналдыра білген осы бір жаны жайсаң, тума талант Қал­дыбайдың арамызда жоқтығы – орны толмас өкініш. “Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын ар­тында сөз қалдырған” деген Абай­дың сөзі жұбаныш қана де­месең, жүрегіңді жылатар сезім ғой. 50 жасқа толған туған күнін атап өтер алдында мен аға ретінде Қалдыбайға өзі туралы кітап шы­ғаруға ұсыныс жасадым. Олжас Сүлейменов айтқандай, ол “60 жастағы ақсақалдың жасайтынын 33 жасында” жасады. Сондықтан да мен оның еңбектерімен елді, жастарды толығырақ таныстыру керек екендігін айтқанмын. Інілік ізгілікпен ол кішіпейілдік танытып, алдында атақ-дәрежелері үлкен ағалары бар екендігін, ал өзі, өзінің еңбегі туралы кітаптардың әлі де жазылатынын алға тартты. Әйтсе де туған күніне арнап шағын кітапты шығардық. Өмірдің өкініші біткен бе, әлі де 60, 70 жылдықтарына шы­ғарамыз деген кітаптарымыз естелік болып шығады деп кім ойлаған?! Отын өшірмей, атын асқақтатып отырған жары Жібектің арқасында жақында кітабы шықты. Жасын өмірден үзік сыр шертетін осы естелік үшін Жібек келінімізге көптің айтар алғысы мол. Қалдыбай туралы айтылып жүрген естеліктердің көбінде оның үнемі асығып жүретін, жұмысын бітіргенше тағат таппайтын мінезі айтылады. Мүмкін өмірін қапы­лыс­та басып қалар аңшыдай аңдып жүрген өлімді сезді ме екен... Қалдыбай Монтахаев орыс же­рінде, өзінің туған ауылында жо­басын жасап, өз қаражатына мешіт салдырған. Мешіт, жол салдыру – ежелден қазақ арасында сауап іс болып саналады, ол адамдар Ал­ла­ның шапағатына бөленеді дейді. Жаратқан Қалдыбайдың маңдайын жарық қылып, жанына жәннаттан орын бергей! Қалдыбай ініміз туралы жазған, сіздерге ұсынып отырған осы ма­қалаға негіз болған бұдан бұрынғы мақаламды “Жаңа Үшмыңжылдық табалдырығы – ХХІ ғасырға қадам басқан жас талант сәулетші Қал­дыбай Монтахаевтың алар үлкен асулары әлі алда деп сенеміз” деп аяқтаппын. Енді біздің жадымызда оның алған асулары қалады, сол асулардан бастау алатын жас дарындарға үміт артамыз. Әбдісағит ТӘТІҒҰЛОВ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының және Халықаралық сәулет академиясының (Мәскеу) академигі.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу