Қазақстан уран өндіруді 10%-ға қысқартады

Бүгін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев уран нарығын қалпына келтірудің ұзаққа созылуына байланысты Қазақстанда 2017 жылға жоспарланған уран өндірісі шамамен 10%-ға қысқаратынын мәлімдеді.
Егемен Қазақстан
10.01.2017 6159
2

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қысқару 2017 жылдың жоспарлы өндірісіндегі 2 000 тоннадан астам уранды (5 миллион фунттан астам U3O8) қамтиды. Тұтастай алғанда, ол жалпы әлемдік уран өндірудің 3%-на тең (UxC Consulting 2015 жылғы дерегіне негізделген).

Қазақстанда уран өндіруді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес және тәуелді кәсіпорындары шетелдік серіктестермен бірлесе жүргізеді. Әрбір кеніш пен бірлескен кәсіпорын үшін өндірістің нақты көлемі басқарушы органдардың тиісті шешімдерімен анықталып, бекітілген. Түрлі өндіруші кәсіпорындардағы қысқаратын өнім көлемі бір-бірінен айырмашылық етеді, алайда компаниялар тобы бойынша жиынтық көрсеткіш 10%-дан аспайды. Мұндай шешімдер уран нарығының қазіргі кездегі молығуына негізделіп қабылданды. Сондай-ақ, өндіріс деңгейіне жасалған түзетулер әр кәсіпорын өзі реттеп отыратын жер қойнауынан пайдалану келісімінің ережелеріне де толық сәйкес келеді.

«Талай жылдардан бері жалғасып келе жатқандай, ядролық энергетиканың болашағына  сенім арта түскенімен, жақын арада уран нарығы тек молыға түсетіні шындық," - дейді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның бірлескен кәсіпорындардағы серіктестеріне нарықтағы осындай проблемалар жағдайында жауапты шешім қабылдауына тура келді. Қазақстандық стратегиялық ресурстардың қазіргідей нарық молыққан жағдайда арзан пайдаланылғанша, жер қойнауында тағы біраз уақыт жата тұрғаны акционерлеріміз бен стейкхолдеріміз үшін де жақсырақ. Уран болашақта нарықта қолайлы жағдай туындағанда өткізілетін болады», - деп атап көрсетті.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ осынау қысқартуларды есептегеннің өзінде уран өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы болып, бүкіл әлемде ядролық энегетиканың өсуін қолдауды жалғастыра береді. Аталмыш стратегиялық шешім компанияның клиентері алдындағы келісімшарттарын орындауына ешқандай әсер етпейді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

«Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» атты тарихи-танымдық экскурсиялар сериясы басталды

21.11.2018

ҰБТ-ға өзгерістер енгізіліп жатыр

21.11.2018

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

21.11.2018

Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

21.11.2018

Түркістанның ежелгі беделін қайта көтеру – бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады

21.11.2018

Мархабат Байғұт: Әлемдік әдемі әңгіме

21.11.2018

Түркі киносын әлемге танымал етудің жайы талқыланды

21.11.2018

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы өндіріс нысандарын аралады

21.11.2018

«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті

21.11.2018

Голландиялық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларға тартымды екенін айтты

21.11.2018

Нұрболат Ахметжанов: Көне тарих көмескі тартпасын

21.11.2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу