Қазақстандық саясаттанушылар не дейді?

Егемен Қазақстан
27.01.2017 5207
2

Андрей Чеботаев

Андрей ЧЕБОТАРЕВ,

«Альтернатива» талдау орта­лы­ғының директоры:

– Қазір нақты болжамдар жа­сау­ға ертерек. Өйт­кені, конституциялық заңнамалық акті­лердің қалай өзгеретінін білмейміз. Пре­зидент Үндеуінде Парламенттің рөлін күшейту үшін заңнамаларға өзгерістер енгізілетінін айтты. Бұл Францияның моделін еске түсіреді. Кезінде осындай модель көп талқылауға түскен еді. Үкімет пен Парламент салыстырмалы түрде тәуелсіз болады. Дегенмен, барлығы өзгерістер мен толықтырулар енгізу мазмұнына байланысты болмақ.

 

marat-shibutov

Марат ШИБҰТОВ,

саясаттанушы:

– Суперпрези­дент­тіктен прези­дент­тік билік жүйе­сіне ауысып жатырмыз. Көпшілік осылай болғанын қалап отыр. Енді Парламенттің өкілеттігі едәуір кеңейеді, ал Үкімет анағұрлым дербес болады. Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асырылады. Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкі­метке және басқа да атқарушы органдарға бер­ген жөн деп ойлаймын. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкім­діктер толықтай жауап беретін болады.

Екіншіден, күрделі мәселе – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде жүргізу керек. Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлі күшейеді. Парламент сайлауында жеңіске жеткен партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады. Бұл Министрлер Кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады. Тиісінше, биліктің заң шығарушы тармағы атқарушы билікке бақылауды күшейтеді.

 

Мухтар Тайжан

Мұхтар ТАЙЖАН,

Б.Тайжан атындағы қордың президенті:

– Еліміз Пар­ламент пен Үкі­меттің рөлін арттыру арқылы демо­кра­тиялық жолға түсті. Мұны қуана құптауымыз керек. Президент өкілеттігін Парламентпен және Үкіметпен бөлісуі өте дұрыс деп есептеймін. Мұндай тәжірибе әлемде кең таралған. Үкімет Парламент алдында жауап беруі қажет. Ал сайлаудың кем дегенде жартысы мажоритарлық жүйе, қалғаны пропорционалды жүйе бойынша құрылғаны жөн.

 

 

марат башимов

Марат БӘШІМОВ,

саясаттанушы:

– Біз Үкімет Парламентке есеп беруге міндетті модельге келе жатырмыз. Парламенттік басымдық Үкіметті қалыптастырады. Еліміз қалыптаса бастаған кезде аса күрделі кезең болатын. Соған байланысты Президент өз өкілеттігін пайдалана отырып, заң күші бар жарлықтар шығарды. Енді Елбасымыз биліктің барлық тармақтарының келісілген қызметін қамтамасыз етуді өзіне қалдырып отыр.

Бұдан шығатын қорытынды, Президентке жыл сайын Жолдау жасау, сыртқы саясат және басқа өкілеттіктер қалдырылады. Үкіметке жаңа құрылымдар мен бағдарламалар әзірлеу және оларды бекіту жүктелмек. Ал Үкімет Парламент алдында жауап беруге міндетті болады. Мұның барлығы саяси және мемлекеттік басқару жүйелерінің тұрақтылық қорын құруға негізделген.

Жазып алған

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Шымкентте дәрігерлер тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсетті

21.11.2018

Израильдегі халықаралық турнирде Маңғыстаулық гимнасшылар 8 медаль иеленді

21.11.2018

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақ ер адамды қағып кетті

21.11.2018

«Туған жерге тағзым» жобасы Түркістаннан басталды

21.11.2018

Елбасы: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға мүмкіндігіміз бар

21.11.2018

Алмасбек Әбсадық: Мазмұны терең ой-толғам

21.11.2018

Ертең бокстан шешуші сайыстар басталады

21.11.2018

Маңғыстауда 171 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

21.11.2018

Б.Көшімбаев: Рухани жаңғырудың қайта түлеген жалғасы көңілімізді демдеп отыр

21.11.2018

Кәсіпкер мен әкімдік арасындағы дау «Атамекеннің» араласуымен шешілді

21.11.2018

Қарағандыда алты көшенің атауы өзгереді

21.11.2018

Ауылдарға көгілдір отын келіп жатыр

21.11.2018

Қызылордада полицейлер қан тапсырды

21.11.2018

Қазақстан құрамасы бесінші себетте

21.11.2018

Жаңақорған ауданында 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді

21.11.2018

Павлодарда Тұңғыш Президент күні  27 жаңа нысан пайдалануға беріледі

21.11.2018

Н.Назарбаев: «Ұлы даланың ұлы есімдері» энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек

21.11.2018

Таэквондошылар Әбу-Дабиге аттанды

21.11.2018

Елбасы: Деректі-қойылымдық фильмдердің, көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу қажет

21.11.2018

Польшалық заңгерлер Алматыға келді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу