Қазақы қасиетінің қайнары – ұлттық киім

Егемен Қазақстан
16.01.2010 2111

– Біз ұлттық мәдени орталық болғанмен, өзгелермен салыстырғанда жағдайымыз мәз емес, – дейді Айман апай, – қазақтың қол­өнері ешкімге керек болмай қала ма деп алаң­дай­мын. Кәдімгі алаша тоқу, түскиіз жасауды ұрпаққа мұра ретінде қалдыру үшін бұл өнерді үйрету керек. Осы мақсатта семинар тренингтер де өткіздік. Келушілердің саны да өте көп болды. Айман апай екеуміз жертөлеге қарай түсіп келе жатырмыз. Бұл қала орталығындағы үш қабатты үйдің жертөлесі. Есік алдында желтоқ­сан қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың тастан қашалған мүсіні тұр. Мүсіннің алдынан үнемі ал­қызыл гүлдер үзілмейді. Елі үшін өмірін қиған ұлына халқының да құрметі ерекше екендігін осыдан-ақ байқауға болады. Жертөле­дегі ұзын дәліздің бойымен жүріп, түпкі бөлме­нің есігін аштық. Мұнда қалалық “Айша бибі” қазақ ұлттық мәдени орталы­ғы­ның мұражайы орна­лас­қан екен. Мұражай ішін­де қазақ халқы­ның өміріне қатысты дүние­нің бәрі бар. Бір бұрышта киіз үй тұр. Оның ішінде жинал­ған жүк, әдемі түскиіздер, қолдан тоқылған алаша­лар. – Біз ұлттық мәдени орталық болғанмен, өзгелермен салыстырғанда жағдайымыз мәз емес, – дейді Айман апай, – қазақтың қол­өнері ешкімге керек болмай қала ма деп алаң­дай­мын. Кәдімгі алаша тоқу, түскиіз жасауды ұрпаққа мұра ретінде қалдыру үшін бұл өнерді үйрету керек. Осы мақсатта семинар тренингтер де өткіздік. Келушілердің саны да өте көп болды. Елімізде тұңғыш рет қазақ халқының қол­дан­балы қолөнеріне қолдау көрсету және дамы­ту мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнография, табиғи ландшафт қорық-мұра­жайында арнайы орталық құрылған еді. Бұл орта­лық­тың құрылуына мұрындық болған “Шеврон” компаниясының “Алтын жүрек” тен­дерін атал­мыш мұражай ұтып алған. Меце­нат компанияға жоба ұсынушы “Айша бибі” қазақ мәдени ұлттық орталығының төрайымы Айман Боқбасарова болатын. Бұл кісі қазақ хал­қы­ның қолөнерін ел арасына кеңінен таратумен қатар, қаладағы мүге­дек балалар интернатына да барып, денсаулығы кем балаларға болашақ­тарына бір кәсіп болсын деп осы қолөнерді үйретумен айналысады. Айман апай көрмеден текемет алып көр­сетті. Қазір ел арасында мұндай текеметтер үл­кен сұранысқа ие бола бастапты. Оның бір дәле­лі, жақында ғана оралмандарға арналған арнайы мекеменің ашылу салтанатында “Айша бибі” ұлттық мәдени орталығының мүшелері дайын­даған қолөнер туындыларының бірден сатылып кетуі. Айман апайдың айтуынша, текемет үшін кәдімгі жүн түтіп, оны сабай білуің қажет. Ең бастысы, шикізат, жүн керек. Егер жүн молынан болса оны түрлі-түсті ғып бояп, кептіріп, алаша тоқып, бөстек жасауға да болады. Осы жерде айта кетер бір мәселе, қазір кез-келген қазақ ауылдары малдың етін, сүтін саудалағанмен тері мен жүнді өткізе алмай зар болып отыр. Ендеше, бұл жерде салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілік тікелей экономика­мен байла­ныс­тылығын ұмытпау керек. Жаңағы айтылған тері мен жүн пробле­масы ауылдарда өз шеші­мін тапса, ұлттық өнерді дамыту мәселесі демеу­шілер мен меценаттарға қарап отырмасы анық. Мәселен, Семейде жүн алатын “Роза” ЖШС бар. Бірақ ол Шығыс өңірінің бүкіл ауыл­д­арын қамти алмайды. Бірақ, оның жүн­нен шығаратын киіз, туырлық, пима сияқты өнімдері үлкен сұранысқа ие. Айман апайдың айтуынша, орталықтағы бірден-бір қолөнер шебері Нағима Омарғалиева екен. Ол кісі еңбек ардагері, шебер-тоқымашы, тігінші. Ал­­маты­да Мәдениет және ақпарат министр­лігінің қолдауымен, “Шеврон” компания­сы­ның де­меу­шілігімен өткен “Қазақстандағы халықтық қолөнер түр­лерінің жаңғыруы мен дамуы” атты бағдарлама барысына сертификатқа ие болған екен. – Біздің апаларымыз, әжелеріміз тоқыма­шы­лықпен жазда айналысқан, – дейді Айман апай мұражайдың ішін аралата жүріп, – ол кісілер көмекшілерін далаға немесе аулаға шығарып, үшбұрышты ағаш құралмен, үш түсті жүннен иірілген жіптермен тоқымашы­лық­тарын бастай­тын. Қыста жіп иіріп, көктемде оларды әр алуан түске бояған. Жіп үзіліп кет­пес үшін ширатқан, ширатылған жіп тоқуға өте қолайлы болады. Міне, көшпелі қазақ тауар сапасына қалай мән берген. Ұлттық киім – ұлт бейнесі. Ұлттық киімді мешіттерде имам, молда киіп отырады. Неке қию сарайының алдынан кейде басына сәукеле киген қалыңдықты көресің. Бұған да тәуба дейсің. Сол қалыңдық­тың басындағы сәукеленің ғажап­тығында шек жоқ. Қай халықтың да ұлттық киімі той киімі ретінде күні бүгінге дейін жалғасып келе жатыр. Бірақ қазір ұлттық үлгі тұралап қалды. Елдің бәрі батысқа еліктеп кетті. Кеңестік кезде әйелдер жартылай “шешінген” еді. Енді орамалдарын мүлде тастады. Ұзын бұрымдар қиылды. Шалбар киеді. Бірде Семейдегі тарихи өлкетану мұражайында болған едік. Мұражай қызмет­керлері қазақтың ежелгі ұлттық киімі деп ер адамның шапаны мен кебісті көрсетті. Кебіс оң мен сол аяғы бірдей, баяғыда солай тігілген ғой. Шапанды көріп, бұл қазақтыкі емес өзбектікі не тәжіктікі деп біраз дау айттық. Өйткені, сол халықтардың қазіргі киім үлгісіне ұқсайды екен. Мұражайдағылардың айтуынша, бұл семейлік бір қазақтың арғы атасыныкі екен. Бізді таңғал­дырғаны, шапан­ның сақталғандығы және ешбір ою-өрнексіз болуы. Кезінде Шәкәрім қа­жы жаңадан қазақы оюдың түрін өрнектеп жаса­ған екен. Яғни, ұлттық өрнек, киім барлы­ғы да заманы­на сай дамып отырған. Бүгінде дүкендерде ұлттық киімдер сатылып жатады. Бірақ көбіне тойға, айтысқа, концерттік бағ­дар­­ла­маларға арналған киімдер. Бағасы удай қымбат. Айман апай қалмақтармен соғыста елін, жерін қорғаған Бекжан батырдың 300 жылды­ғы­на орай Семейде қазақ қолөнер шеберлігіне байланысты халықаралық деңгейдегі көрме-жәрмеңке өткізгендіктерін айтып, соның жай-күйін баяндады. Оған Ресей мен Қазақстанның әр түкпірінен оң саусағынан өнер тамған шебер­лер жиналған екен. Қолөнер шеберлері әлі де болса бар, тек солардың қатарын сейілтіп алмай ұлттық мұраны келер ұрпаққа жеткізе білу басты мақсат, дейді ол. Өзінің ұлттық қа­сие­тін, өнерін, мәдениетін, тілі мен дінін сезін­бей өскен жас ұрпақта ешқандай да патриоттық тәрбие бола қоймасы анық. Сид­ней олимпиа­дасынан күміс медаль алып, олжалы оралған Ислам Байра­муковтың бір әңгімесі есімізге түсіп отыр. “Менің қарсы­ласым да күшті екен. Бірақ Дәулет ағаның “сен еліңді, жеріңді, Қазақ­станды ойла!” деген сөзін есіме алғанда бірден өз-өзіме келіп жеңіске қол жеткіздім”, – дейді ол. “Айша бибі” қалалық қа­зақ-ұлттық мәде­ни орталығын аралау бары­сын­да қиын­дық­тарына қарамастан ұлттық дәстүрді насихаттап отырған Айман Боқ­басароваға деген құрмет сезіміміз оянды. Осын­дай адамдар көп болса ғой дедік. 

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, Семей қаласы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Жұмада Астана, Алматы мен Шымкент айырбас қосынында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді

22.02.2019

Оралдық оқушылар Гонконг университетінің грантына ие болды

22.02.2019

Мұқтаж отбасылар баспаналы болуда

22.02.2019

Жұма күні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын болуы мүмкін

22.02.2019

Мүгедек жандар үшін құнды құрылғы

22.02.2019

Қазақстанның футболшылары Молдованы ұтты

22.02.2019

Жекешелендірілген балабақшаларды неге қайтармайды?

22.02.2019

Конькиден әлем чемпионаты басталады

22.02.2019

Жамбыл өңіріндегі жақсы бастама

22.02.2019

Бағдарламаның жемісі айқын аңғарылады

22.02.2019

Туған жерге туыңды тік!

22.02.2019

Жолдау жүгін елмен бірге көтеріп жүр

22.02.2019

Қазақстанның баскетболшылары Австралиядан ұтылды

22.02.2019

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

22.02.2019

СҚО-да әлемдегi iрi қалайы кен орны ашылады

22.02.2019

Шалқар-Имантау демалыс аймағын жаңғыртуға  1 млрд теңге жұмсалады

22.02.2019

Павлодарда облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 90 жылдық мерейтойы  өтті

22.02.2019

Ауылы аралас, қойы қоралас ағайын...

22.02.2019

Солтүстiк Қазақстаннан көшiп кеткен тұрғындардың саны 15% азайды

22.02.2019

АҚШ-тың келесі президенті кім болады?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу