Қазынамыз қаржыға толды

Егемен Қазақстан
11.01.2017 121
3

sungat-aga-22016 жылдың 11 айының қоры­тындысын Үкімет өткен жылдың 20 желтоқсаны күні қарағаны белгілі. 12 айдың, яғни жылдың толық қорытындысы әлі шығарыла қойған жоқ. Сондықтан біз төменде өткен жылдың 11 айы қорытындысы негізінде әңгіме қозғай отырып,  мына бір жайға ерекше тоқталғанды жөн көрдік. Өйткені, бұл өзі соған тұрарлық мәселе. Сол Үкімет отырысында мемле­кеттік бюджеттің орындалуы туралы баяндама жасаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2016 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджеттің орындалуы, әсіресе, кірістер өсімі күткендегіден әлдеқайда жоғары болғандығын, соның нәтижесінде 11 айдың өзінде-ақ мемлекеттік бюджетке 2015 жылдың жылдық көлемінің деңгейінде кірістер түскендігін мәлімдеді. «Мемлекеттік бюджетке 5,8 трлн теңге сомасында кірістер (транс­ферттерді қоспағанда) түсті. Мем­лекеттік бюджет бойынша асыра орындау сомасы 396 млрд теңгені, республикалық бюджет бойынша 255 млрд теңгені және жергілікті бюджет бойынша 141 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 11 айында өткен жылдың дәл осы кезеңіне қарағанда, мемлекеттік бюджеттің кірістері 31,8 пайызға (1 398 млрд тең­геге), республикалық бюджеттің кіріс­тері 41,1 пайызға (1 195 млрд теңгеге) және жергілікті бюджеттің кірістері 13,6 пайызға (203 млрд теңгеге) өсті. Тұтастай алғанда, мемлекеттік бюджеттің кірістері 107,3 пайызға, республикалық бюджеттікі 106,6 пайызға және жергілікті бюджеттікі 109,1 пайызға орындалды. Жылдың қорытындысы бойынша шамамен 250-300 млрд теңгеге салық түсімдерін айтарлықтай асыра орындау күтілуде. Мұның өзі бізге Ұлттық қордан кепiлдендірiлген трансфертті тартпауға мүмкіндік береді», деді министр. Әрине, бұл – қуанышты жағдай. Ел қазынасының қаржыға толы болғанына не жетсін! Соның ішінде, бір жылдың жоспары бір айы кем 11 айдың өзінде орындалып жатса! Әлемді дағдарыс кернеп отырған шақта, әлемнің көп­теген елдері қаржыға зәру болып, бюд­жет тапшылығының орнын қалай толты­рамыз деп бастарын қатырып отырған шақта, қазынамыз қаржыға толып қана қоймай, асып төгіліп жатса мұны еліміздің берекесі демей не дейміз. Экономикалық дамудың ең бас­ты көрсеткіштерінің бірі – ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көрсеткіші екендігін жұрттың бәрі біледі. 2016 жылдың 11 айында оның өсім деңгейі 0,8 пайызды құрады. Жыл соңында ол 1 пайызға дейін жетеді, яғни ІЖӨ-нің орындалуы 101 пайызды құрайды деген жақсы үмітіміз бар. Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында бұл 1 пайыздық өсімінің өзі осал көрсеткіш емес. Өйткені, біздің басты экономикалық одақтасымыз Ресей өткен жылды минуспен қорытындыламақ. Бірақ соған қарамастан, Ресей үкіметі мен экономикалық сарапшылары мұның өзін жақсылықтың нышанына балап отыр. «Біз экономикалық құлдырауды тоқтата алдық, дағдарыстың түпкі шегінен өттік, енді тек алға басуларды ғана күтеміз. Бірақ бюджетіміз әлі де күрделі қалпында қалып отырғандықтан сайлау алдындағы уәдемізді орындау оңайға түспейді», деп мәлімдеді жуырда Ресейдің жоғары шенді шенеуніктерінің бірі. Ал Қазақстанда экономикалық өсім 1 пайызға жоғарылады дегеннің өзінде қазынаға қаржының құйылуы жоспарланғаннан 8-9 пайызға дейін артып отыр. Мұның өзі халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға мол мүмкіндіктер береді. Биылғы жыл­дың өзінде зейнетақылар мен әлеу­меттік жәрдемақылар көлемі екі рет өсірілмек. Бұл – біздің қазіргі жағ­да­йымызда «арық айтып, семіз шы­ғу­дың» бір көрінісі болса керек. Қазынада қаржы неге ІЖӨ өсімінен оза шауып көбейіп отыр? Оның себебін экономикалық сарапшылар бере жатар. Үкімет те түсіндіретін болар. Ал біздің ойымызша, бұл – жуықта іске қосылған Қашаған кен орнының ал­ғашқы дүмпуі және теңге бағамын еркін айналымға жіберу шарасының сәтті жүзеге асуы, Қазақстанның эко­номикалық дағдарыс кезеңін еңсер­гендігінің үлкен бір белгісі. Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

19.11.2018

Бітіруші түлектер мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасады

19.11.2018

Павлодар облысында кәсіпкер әйелдер 113 жоба жүзеге асырған

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

19.11.2018

«Ко­рей хал­қының дәс­түрлі маскалары» көр­ме­сі ашы­лды

19.11.2018

Қасқырдан құтқарып қалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу