"Хат қоржын" (30.03.2017)

Егемен Қазақстан
30.03.2017 3347
2

Оқырман сұрау салады

Көгiлдiр отынның бағасы аспандап тұр

Жамбыл облысының Шу ауданында ауыл-аймақты газдандыру мәселесi бүгiнде халықты қиын жағдайда қалдырып отыр. Мәселен, «ҚазТрансГаз Аймақ» мердiгерлерi тарапынан Шу қаласы мен Көкқайнар, Белбасар, Еңбекшi, Жаңа жол, Қонаев, Бiрлiк, Көктөбе ауылдарына газ құбырларын жүргiзу үшiн әр үйден 300-350 мың теңге аралығында ақша алынды. Ал «Париев» ЖШС мердiгерi 20 мыңнан аса тұрғыны бар Төле би ауылының әр үйiнен пешсiз, өлшеуiш құралдарынсыз 570 мың теңгеден талап етуде. Ол ол ма, Төле би ауылынан он шақырым қашықтықтағы Абай ауылы тұрғындарынан бiр миллион теңгеден талап еткен.

Осындай тұрақсыз, қарапайым халықтың қалтасы көтермейтiн бағаның кесiрiнен Төле би, Абай ауылымен қоса тағы он шақты елдi мекен әлi күнге газбен қамтамасыз етiлмей отыр. Ал газ құбырларын жүргiзу жұмыстары кезiнде баға 420 мың теңгеге көтерiлдi. Кейiн 2016 жылдың басынан 570 мың теңгеге бiр-ақ шарықтап кеттi. Мұн­дай соманы қарапайым халық мүлдем төлей алмайды. Аудан әкiм­дiгiнiң халыққа алдын ала ескертпей, «Париев» ЖШС-мен хаттама жасас­қаны күмән туғызады. Сол себептi ауданаралық прокуратура осы мәселенi қолға алып, бiр шара қолданады деген үмiттемiз.

Жамбыл облысы тұрғындарының атынан

Мәкен УАҚТЕГI

Төле би ауылы,

Шу ауданы

 

...үлгі тұтады

Қарияларға қамқорлық жасайық

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында Маңғыстау аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты бастауыш партия ұйымының мүшелері Шетпедегі тыл және еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып әлеуметтік қолдау танытуда. Алғашқы болып партия белсенділері шетпелік тыл және еңбек ардагері Тұрсын Жылқыбекованың шаңырағында болды. Жастар алдымен 90 жасқа жақындаған ардагермен сұхбат жүргізіп, бүгінгі тұрмыс жағдайымен танысты. Омырауындағы ордендері мен медальдары – қарияның тылдағы еңбектерінің куәсі. Айта кетейік, ауданда қазір 169 тыл ардагері бар. Ал аудан орталығы Шетпеде 30-дан астам ардагер тірлік етеді. Барлығы «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасының шапағатын көрмек. Шара аясында жастар тыл және еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, есік алдын тазалап, қол көмегін созды.

Алдаш ШОҢАЙ

Маңғыстау облысы,

Маңғыстау ауданы

 

...үміт артады

Кезегім жылжитын түрі жоқ...

«Үй болмай, күй болмайды» деп дұрыс айтылған. Көптен бері күйім болмай жүрген жандардың бірімін. Тұрғын үй кезегіне бұдан жеті жыл бұрын тұрған болатынмын. Алайда кезегім алға қарай жылжымай тұр. Бұған дейін жағдайымды Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне барып айтқанмын. Бірақ одан ешқандай нәтиже шықпады.

Таяуда өтінішімді Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлутаң Шынтасоваға білдірдім. Ол мені «Тұрғын үй құрылыс жинақ Банкі» АҚ директорының орынбасары Талғат Өтебаевқа жіберді. Бұл азамат маған кезекте тұрғандарға депозит тегін ашылатынын айтты. Осыған орай алдағы сәуір айында өтетін конкурсқа қатысуым керек екен. Оның айтуынша кезегім бойынша үй алуға болады екен. Орынбасардың әңгімесінен түсінгенім, бұл конкурстың талаптары өте жоғары секілді. Ол депозит бойынша балл есептеледі деген мәселелерді айтты. Қысқасы, қазіргі күні де мұның өзі тумаған сиырдың сары уызына ұқсап кетпесе екен деп алаңдай беремін.

Ақмаржан ШОРАЕВА,

Қарғалы селолық округіне қарасты перзентхана акушері

Ақтөбе

 

...ой бөліседі

Бала оқытқаннан доп қуған жақсы...

Дүниеде мыңдаған мамандықтардың iшiндегi ең қиыны да, құрметтiсi де, мәртебелесі де – ұстаз мамандығы. Ал ұстаздық етуден жалықпай, сан ұрпаққа жүрек жылуы мен мейiрiм шуағын төккен ұстаздың бүгiнгi таңдағы хал-ахуалы қандай дәрежеде? Қазiр ұстаздар қауымы бұрынғыдай емес, айлық еңбекақысын уақытында алады. Оған да шүкiр. Бiрақ алып отырған жалақысы бiр отбасын асырауға жете ме? Бүгiнгi таңда басында несиесi жоқ мұғалiм кемде-кем.

Ендi қараңыз, футболшылардың жағдайы ұстаздардыкiнен әлдеқайда керемет екен. Мен бұл жерде оларға қызғанышпен қарап отырған жоқпын. Өзiм спорт жанкүйерi болғандықтан, әрине, елiмiзде спорттың түр-түрiнiң дамуына қуанамын. Олардың еңбектерiнiң де өз ерекшелiгi бар. Дегенмен, елiмiзде ұстаздардың құны спортшыларға қарағанда өте төмен бағаланатыны менi қуанта қоймайды. Футбол командасының бiр ойыншысына 2016 жылғы мәлiмет бойынша ай сайын 9 миллион теңге жалақы төленiпті. Бұл дегенiмiз – бiраз мұғалiмнiң айлығы ғой. Ұзын сөздiң қысқасы, ұлағатты ұстаз бен футбол ойыншысының еңбекақыларындағы айырмашылық – жер мен көктей.

Осы жайттарды ескере отырып, жас ұрпақтың болашағына алаңдап, самай шашы ағарғанға дейiн балаларға бiлiмi мен тәрбиесiн берiп, аянбай еңбек етiп келе жатқан ұлағатты ұстаздың мәртебесi неге өте төмен?! Алдағы уақытта бұл мәселеге тиiстi дәрежеде көңiл бөлiнсе өте орынды болар едi. Әйтеуiр елдiң, ұрпақтың болашағы үшiн еңбек етiп жүрген ұстаздар қауымының да жағдайы жақсарады деген үмiттемiн.

Қайрат ОМАРОВ,

ұстаз

Шымкент

 

...қауіп етеді

Ойына келген бағаны қоятыны несі?!

Кеңестiк кезеңде «алыпсатар» деген ұғым жұрттың зәресiн алушы едi. Қазiр бұл сөз жиi қолданылмаса да, қаптаған дүкендердегi тауар бағалары осы алыпсатарлықты еске түсiрiп жатқандай. Оған мысал ретiнде мына бiр жағдайды айта кетейiн. Жақында бiр супер­мар­кеттен өзiм жақсы көретiн «Жокей Арабика Триумф» деген кофенiң ең кiшкентай ыдыстағысын сатып алдым. Кофенiң бұл түрi Алматы дүкендерiнде сирек болады, бағасы – 590 теңге. Тағы бiрде сүт алмақ болып, «SMALL» (Розыбакиев пен Мыңбаев көше­лерi­нiң қиылысындағы) супермаркетiне бардым. Жаңағы 590 тең­ге­лiк «Жокей Арабика Триумф» деген кофем бұл жерде 990 теңге екен. Ойпыр-ай! Бұл не болғаны сонда?! Супермаркеттiң шеке­сiн­дегi «Бiзде өте төмен баға!» деген жазуы өтiрiк болғаны ма?! Бұл дүкендегi тауар­лардың бағасы ең төмен емес, ең қымбат қой! Со­дан ойлана келе, бұл дегенiмiз бұрынғы алыпсатарлықтың бүгiнгi түрi екен ғой деп топ­шыладым. «Алыпсатар» деген ұғым ашық қол­даныл­маса да, дүкен­дер ойына келген бағаны қойып, оның есесiн қай­тарып жатыр екен.

Құттыбек ҚЫБЫРАЙҰЛЫ

Алматы

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу