Киелі жерлер терең зерттелуде

Әрбір елде халықтың өзіне тән киелі орындары бар. Ағылшындар басты храмы – Кентерберий ғибадатханасын мақтан тұтса, немістер Кельндегі рим-католик готикалық соборын, француздар Нотр-Дам-де Париді ұлық етеді. Қазақ елінде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Атап айтсақ, ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Сайрам, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені. Осындай қасиетті орындарымызды әлем халқына танытумен қатар еліміздің болашағы жас ұрпаққа тереңірек таныстыру маңызды.
Егемен Қазақстан
20.07.2017 26067
2

Оңтүстік Қазақстан облы­сындағы ежелгі, тарихи, киелі орындарымен танысу елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихы арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетініміз­ді шетелдік туристерге, студенттерге дәріптеудің де берері мол. Бұл орайда арнайы саяхат ұйым­дастырудың ұлттық салт-дәс­түрімізді, әдет-ғұрпымызды құр­меттеуге тәрбиелеуде алар орны ерекше. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама­лық мақаласында  еліміз бен жеріміз­ді, тарихи мол мұраларымызды сақтап қана қоймай, келешек ұрпақ кәдесіне жарату, сонымен бірге бүкіл әлемге таныту мақсатында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу қажеттігін ұсынғаны мәлім. Осы тарапта атқарылып жатқан «Қазақстанның киелі жерлерінің, географиясы» жобасы елімізді танытуға тың серпіліс берері дау­сыз. Осы арада айта кетелік, бағ­дар­ламалық мақала шеңберінде жер­гілікті атқарушы органдарға тап­сырылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен қоғамдық сананы жаң­ғырту бағдарламасын іске асыру аясында өңірлік комиссия құрылып, олардың жанынан жұмыс топтары жасақталған болатын. Аталған жоба аясында облыстағы қасиетті, киелі жерлердің тізімі анықталып, олардың өңірлік картасы дайындалды. Қазіргі таңда облысымызда тарихи-мәдени маңызы бар 1281 ескерткіш есепке алынған. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне 2003 жылы Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» сәулеттік ескерткіші енгізілген. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы тарапынан атал­ған тізімге енгізуге ұсынылған 23 ескерткіштің ішінен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 8 ескерткіш бар. Олар: Жуантөбе, Қараспантөбе, Күлтөбе, Сидақ, Сауран ежелгі елді мекендері, Бөріжар қорымы, Отырар оазисінің ескерткіштері, Түркістан қалашығы. 

Иә жоғарыда айтып өткені­міздей, Оңтүстік Қазақстанда киелі жерлер көп. Қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенесі осы аймақта орналасқан. Арыстан баб кесенесі жанында емдік қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. Мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке ретінде санайды. Ал Сайрам ауылындағы Қарашаш ана кесенесі – ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Кесене Қожа Ахмет Ясауи­дің анасына арнап салынған. Тарихи деректерге жүгінсек, Ясауидің анасы Қарашаштың шын есімі – Айша бибі. Өте білімді әйел болған. Медресе ашып, қыз-келіншектерді жинаған, оларға ілім-білім берген, Құранды араб тілінен түркі тіліне аударған. Жалпы, ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамыды. Қарашаш барлық науқастар мен мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге тырыс­ты. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді, адамдар санасында ол аналықтың биік арманына айналды. Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың мұндай типі кейінгі  орта ғасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ық­палымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынды. Сондай-ақ, Сайрамда Ибраһим ата кесенесі бар. Сайрам ауылының шетінде биік төбеде орналасқан. Ибраһим ата – Қожа Ахмет Ясауидің әкесі, діни көсем әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған. XI ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ал Түркістан қаласындағы  1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIX ғасырдың соңына қарай тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастағаны мәлім. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Ясауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы тамыздың 28-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды. 

Иә, тізе берсек тереңірек таныстырар киелі орындар көп. Дегенмен, бүгінде мамандар Оңтүстікте қанша киелі, қасиетті орын бар деген сауалға нақты жауап іздеуде. Себебі, өңірдің әр ауданында аңыз болып тараған әулие-әмбиелер жатқан жерлер мен ескерткіш, кесенелер көп. Жоғарыда айтқанымыздай, «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасын жасау үшін сарапшылар тобы іске кіріскен. Біздің өңірден осы жобаның негізіне 20 киелі орынның тізімін нақтылап, ұсыну қажет. Осы орайда, жуырда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жиналған азаматтар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Арнайы құрылған жұмыс тобы бұған дейін облыста «Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығына 100 орынның тізімін берген екен. Жергілікті өлкетанушылар мен жазушы, ғалымдар мұны азсынып отыр. Сондай-ақ, жергілікті өлкетанушылар өңірдің қасиетті орындарын нақтылап, тізімді іріктеуге 1-1,5 ай уақыт аздық етеді дейді. Оның үстіне археологиялық, кешенді тарихи ескерткіштерден бөлек киелі орындарды анықтауда алдымен экспедиция жұмыс істегені пайдалы деп есептейді. 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Абылай ханның қара жолы - солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол

23.09.2018

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының атауын латын қарпіне көшіру ұсынылды

23.09.2018

Фильмдер қашан түрлі-түске бояла бастады?

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу