Киіздің өнерде де өрісі кең

Дизайнерлер, қолөнершілер, суретшілер киізден керемет өнер туындыларын да жасайды. Наурыз мерекесі күндері Қостанай қаласындағы Көркемсурет галереясында ашылған «Киіз әлемі» көрмесі киіздің өнердегі өлшеусіз мүмкіндігін көрсеткендей еді.
Егемен Қазақстан
28.03.2017 1646
2

– Киіз адамдардың тұрмыста қолдануына экологиялық ең таза материал болса, өнер адамдары үшін де өте қолайлы, қалай исең солай келе беретін материал. Оны қазіргі жаңа технологиялармен әрлей түскенде қайталанбас сұлулық береді, – дейді суретші, мүсінші Баян Баталова. Мамандар киіздің Қазақстан брендінің бірі, елімізде жақсы дамып келе жатқан этнотуризмнің де маңызды бөлігі екенін айтып отыр. Киізден жасалған бұйымдар көрерменін тартпай қоймайды. Шебердің аты – шебер, қостанайлық ісмер Наталья Шарова киізден мон­шаққа дейін жасайды. 

– Киізден жасалған моншақты Мәскеу қаласындағы бір көрмеден көріп, оның ерекшелігі, әдемілігі мені қатты қызықтырды. Оны өзім жасай бастадым. Соңғы жылдары киіз басумен, одан бұйым жасау­мен айналысып келемін. Өзіме киізден көйлек тігіп алдым. Қа­зір 9 жасар қызым екеуміз киіз басудың қыр-сырын меңгеріп алғанбыз. Киізден бұйым жасап шығару соншалықты оңай жұмыс емес. Мысалы, көйлектің сәнін, жарасымын ойлап табуға көп уақыт кетуі мүмкін. Ал киізден өзің ойлаған көйлекті бір аптаның ішінде бітіруге болады, – дейді Наталья Шарова.

«Киіз әлемі» көрмесін ұйым­дас­тыруға облысқа белгілі сурет­ші Светлана Шалунова бас­тама көтерген еді. 

– Мен соңғы кезде кескіндеме жанрынан сәл бұрылып, киізге бой ұрып жүрмін. Негізі мені қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен тұрмыс салты ерекше қызық­тырады. Киіз қандай ғажап дүние десеңізші! Кез келген суретші киізбен жұмыс істеген шығармасы арқылы айтар ойын жеткізе алады деп ойлаймын. Қазір Қостанайда да киізбен жұмыс істейтін суретшілер, қолөнершілер қатары өсіп келеді. Мен олардың басын қо­суға шақырдым, – дейді Светлана Ивановна.

Көрмеге суретшілер Светлана Шалунова, Светлана Бурцева, қолөнершілер Ирина мен Наталья Ильчибаевалар, Елена Корякина, Арлан Аңқауов және Динара Қыпшақбаеваның шығармалары қойылды. Олардың айтуынша, киізден кілемнен бастап, киімге, аяқ киімге, қуыршақ пен гүлге дейін жасауға болады.


Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу