Қиын бала қайдан шығады?

Баланы өмірге бейімдеуде, мінез-құлқы мен өзіндік көз­қарасын, азамат­тық ұстанымын қалыптастыруда ата-ананың, ортаның, мектептің орны бөлек, рөлі өлшеусіз.
Егемен Қазақстан
18.01.2017 8026
2

«Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» демек­ші, тәлім-тәрбиедегі үй­лесім­ділік ошақ­тың үш тағаны секілді осы одақтың ара­сындағы тығыз қарым-қатынасқа көп байланысты екенін тәжірибе анық байқатып жүр. Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп текке айтпаған. Кез келген балғынның өмір сүруге құштарлығы, күнде­лік­ті іс-әрекеті, әдептілігі, былайша айтқанда, қоғамдық ортада дамуы алдымен отбасыдан бастау алатынын ескерсек, кейбір ата-аналардың қит етсе «мек­теп қайда қарап отыр?» деп кінәлай жөнелуі, «қиын бала» тағдырын өзінен ысырып тастауы міндеті мен боры­шын жете сезінбегендіктен туған қате ұғым дер едім. Жасөспірімге сапалы білім беріп, қоғамның, ұлты­мыздың саналы азаматы ретінде қанаттандырып ұшыру мек­тептің де басты талабы екенін жоққа шығармаймыз. Десек те, ата-атаның үйдегі іс-әрекеті бала­ның көз алдында өтетінін, демек тәлім-тәрбиедегі алтын қазық туған ұясы екенін ұмытпаған ләзім. Сондықтан, «баланың басты ұс­тазы – ата-ана» деген пайымды жа­ды­­мыз­дан шығармағанымыз жөн.

Жасыратыны жоқ, «Не кием, не ішем демеді. Қатарынан кем қылмадық. Соңғы кездері айтқанды тыңдамайтын, жөн сөзге көнбейтін, қыңыр мінез шығаратын болды. Үйден гөрі түздегі жүрісі көп. Сабақ үлгерімі де, тәртібі де нашарлап кетті», деп таусыла сөйлеп, көмек сұрай келетін ата-аналар аз емес. Солардың бірімен әңгімелесу барысында мұндай жағдайда не істеу қажеттігі жайлы ұғынықты ақыл-кеңестер берілді. Десе де, бір жайт мені психолог ретінде қатты ойлантты. Ол тәрбие ешқандай үзілісті, дамыл­сыз күндерді білмейді деген тәм­сілді отағасының да, отанасының да қапер­ден шығарып алғаны еді.

Әл-Фараби бабамыздың «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген пайымы осын­дай­да ойға оралады. Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады. Шимай­ды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі. Бала тәрбиесі сол сияқ­ты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Демек, ата-ананың ұстанған өмір сүру салтын – еңбекқорлығын, мәдениеттілігін, адамгершілігін, ақыл-ойын, сана-сезімін – бәрін бала өзінің бойына табиғи қал­пын­да қабылдайды, сіңіреді деген сөз. Оның болашағына бір отбасының пер­зенті емес, ұлыс пен ұлттың алтын дің­гегі ретінде қарай білсек, жан-жақты же­тіл­ген, ақыл-парасаты биік, өй-өрісі кең аза­мат ретінде өсірудің еш қиындығы жоқ.

Әрине, өзегін жарып шыққан сәбиі үшін ата-аналардың алаң­дауы орынды. Бала өз өміріндегі күрделі де жауапты кезеңнің бір бөлігін мектеп қабырғасында өткі­зетіндіктен, тұлғалық ерек­ше­ліктерін анықтап қалып­тас­тыруда, кездесетін қиын­дық­тарды бірлесіп еңсеруде педаго­гикалық ұжымға ерекше жауапкершілік жүктелетіні айтпаса да түсінікті.

Бірде кәмелет жасқа толма­ған жеткін­шектердің ісі жөнін­дегі ауданаралық мамандандырыл­ған соттың сұрауымен бірнеше оқушымен психологиялық тест жүргізу барысында олар үшін әке басты тұлға саналатыны, ал ана­лары туралы айтқысы келмейтіні, отбасылық жанжал, ұрыс сал­дарынан үрейге, қорқыныш­қа бой алдырғандары, мінездерінің тұйықталып, бірте-бірте «қиын балаға» айналып бара жатқан­дары анықталды. Осы орайда, ерек­ше ескертерім, баланы тәртіпке саламын деген желеумен оның жеке пікірімен санаспау, басып тастау, орынды өтініштеріне құлақ аспау, сәл-пәл «қисықтығы» үшін жазалау еш­қандай жақсы­лық­қа апармайды. Керісінше, екі тараптың ерегесін күшей­те түсері анық. Мұндай жайттар кей жас­өспірімнің ашық наразылығын тудырса, кейбірі мүлдем жуасып, мойсұнып, барлық сырын ішке бүгіп қала­ды. Неше түрлі дөрекі жат қылық­­тар көр­се­те­­тін­дер, өзі­не-өзі қол жұм­сай­­тын­дар осын­дай санат­тағылардан шығады.

Оқушының қабілеті мен дарынын дамы­туға неғұрлым ертерек көңіл бөлін­се, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Сол себепті мектеп басшылығы әр тұлғаның шығармашылық қабілетімен қоса, оны әлеуметтік ортаға бейімдеу жағын негізгі мақсат санайды. Бұл орай­да, ұлттық үлгі-өнегелерге де жүгі­ніп отырамыз. Бала тәрбиесіне уақы­ты мен мұршасының жетпей, «жұмыс­бас­тылықты» желеу ету – әншейін сылтау ғана. Ұл-қызының материалдық қажетін өтеумен «іс біттіге» санайтындар да жоқ емес. «Баланы бес жасқа дейін патшадай сыйла, он бес жасқа дейін құлыңдай жұм­са, одан кейін құрбыңдай сырлас» деген халық даналығы астарында қан­ша­ма мән-мағына жатыр десеңізші.

Анар ҚАСЕНОВА,

қазақ мектеп-гимназиясының психологы

 ПЕТРОПАВЛ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу