ҚЫЗЫЛҚОҒАДАҒЫ АЛАУ

Егемен Қазақстан
12.01.2010 2128
Атырауда Қызылқоға деген аудан бар. Облыс орталығынан 400 шақырымдай  қашықта орналасқан ауданның Сағыз бен Мұқыр ауылдарынан басқа­ларына не пойыз бармайды, не тікелей салынған автокөлік жолы жоқ. Аудан орталығы –Миялы ауылына бет алған жүргіншілер  Мақат не, Индер аудандары арқылы қиялай жүретін жолмен жетеді. Қалай айтқанда да, Қызылқоғаға жетудің  машақа­тын көлікпен барған адам ғана біледі. Ойқы-шойқы жолы өз алдына, бұл аудан тұрғындары табиғи газдың қызығына қол жеткізуді армандағалы қашан. Бұрнағы жылы ауданға табиғи газ желісін тарту мәселесі қозғалып, облыс әкімі Б. Рысқалиевтың айтуынша, бұл мақсатқа бюджеттен 31 миллиард теңге жарату  қарастырылыпты. Осынау қомақты қаржы бөлінген жоба шеңберіндегі табиғи газ желі­сімен жететін “көгілдір отынның” алғашқы алауы жақында Қаракөл ауылында жағылды. Осы салта­натта облыс әкімі Б. Рысқалиев қызылқоғалықтарды көптен күткен қуанышымен құттықтап, былай деді: –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы жолдауларында халықтың тұрмысын жақсарту мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Міне, Елбасының осы тапсырмасын орындау мақсатын­дағы жүйелі жұмысымыздың бір парасы ретінде Қызылқоға ауданына табиғи газ желісін тартуды қолға алдық. Жақын күндері табиғи газ алауы 16 елді мекенде жағылып, аудан жұртшылығы “көгілдір отынды” пайдалана бастайды. Сонымен бірге, 114 шақырымдық Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз бағытындағы жолды күрделі жөндеуден өткізуге 16 мил­лиард теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл бағыттағы жолды жөндеудің бастапқы жұмыс­тары басталды. Осы жұмыс­тардың барлығы Елбасының қамқор­лығымен қолға алы­нуда. Қаракөл– бір кездегі ірі кеңшардың, енді Жамбыл окру­гінің орталығы. Қазір мұнда 321 отбасында 2000-дай адам тұра­ды. Округ әкімі Қанат Хай­рул­линнің ай­туын­ша, ауылда  жас­­тар жағы көп тұрақ­та­майды. Себебі сан алуан. Алдымен, ауыл­да көңілге қо­нымды жалақы төлейтін жұмыс беруші жоқ. Ша­руа қожа­лықтары бол­ған­мен, олар­дың жалақы­сына жастар жағы қа­нағаттанбайды. Ауылдағы тезек теріп, қи жағу секілді күнделікті күйбең тірлікті қиынсынатынға ұқсайтын жастар өңір орталығында  тұрақтап қалуды қолайлы көреді. Ауылға көмір жеткізілмегелі 10 жыл­дан асып барады. Көмірді жеткізген­нің өзінде 1 тоннасына 15 000 теңгеден кем төлемейді тұрғындар.  Көмір бағасы осылай шарықтағанда мал қиының құны да арзан емес. Мәселен, 1 тіркеме қиды 7 000 тең­геден сатып алуға тура ке­леді. Қыс айларында бір от­басына кем дегенде 3 тір­кемелік қи қажет көрі­неді. Оны алу үшін 21 000 теңге шығындау қажет. Енді Қаракөл ауылындағы байырғы тұрғындар осы қиындықтан біржолата құтылды. Себебі, ауылға табиғи газ желісі жетті. Ауылға дейін құбыр бойын қуалай келген “көгілдір отынның”  алғашқы алауын өңір басшысы жағып, алғашқы тұтынушы Аманғали Мамашевтың отбасындағы қуанышпен  бөлісті. Алыс ауылға газ желісінің жеткені бір отбасының емес, Қызылқоға ауданының барлық тұрғындарын қуантқаны жасырын емес. Ауыл, аудан тұрғында­рының қай-қайсысымен тілдессек те, айтары біреу – табиғи газ енді қиындықтан құтқарады. Жастардың ауылда тұрақтауына ықпал етеді. Ал ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Жәдігер Қуанышев соңғы 60 жылда ауданда мұндай ірі жоба қолға алынбағанын айтады. –Бұл аудан тұрғындарының елдің келешегіне сенімін нығайтты. Әсіресе, әлемді шырмаған қаржы дағдарысының Қазақстанға әсер етпегенінің дәлелі бұл. Әйтпесе, бір ауданды толықтай газдандыру жұмысына 31 миллиард теңге қаржы бөлінер ме еді?! Мемлекеттің, ұлттық экономикамыздың өркенде­генінің дәлелі бұл. Адамға ауа мен су қаншалықты қажет болса, Қызылқоға ауданы тұрғындарының тұрмысына  табиғи газ соншалықты қажет еді. Көп жылғы арманымыз орындалып, үлкен шаттыққа кенелдік. Бұл бір жағынан табиғи байлықты халық игілігіне жарату болса, екіншіден, 60 жыл бойы қиындыққа төзген жергілікті халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға жасалған игі қадам. Бұл –еліміздегі жасампаз істердің жемісі, –дейді  ауданның құрметті азаматы. Қызылқоға ауданының әкімі Берікқали Сәрсенғалиевтің айтуынша, бұл Елбасының ауылдарды еңселендіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жасалған кешенді бағдарлама шеңберінде атқарылған аудандағы ең ірі жоба саналмақ. Аудан аумағында 198 шақырымдық табиғи газ желісі тартылған. Бұл желімен ауданның 16 елді мекеніне табиғи газ жеткізілді.  Ауыз су мәселесі де шешімін тапты. Жөндеу жұмыстары бастау алған жол үш жыл­дан соң ауданның өңір орталығымен қатынасты жақ­сартады. Осының бәрі ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға, халықтың Елбасының, мемлекет­тің саясатына, елдің келешегіне сенімін нығайта түсті. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,  Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы. КЕДЕНДІК ОДАҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРҒА КЕҢ ЖОЛ АШАДЫ Облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы  Өмірзақ Бейісбековпен әңгіме – Өмірзақ Көбегенұлы, сұхбат тақыры­бына орай  келер болсақ, әрине, бұл құры­лым­ның Ресеймен шекаралас орналасқан біздің облыс үшін  де маңызды екені белгілі. Дегенмен  осындай ауқымды бастаманың өзіндік себептері де  бар болар?.. – Жалпы, бұл Кедендік одақтың құры­луы  әуелден ТМД, ЕурАэЭҚ сияқты экономикалық және саяси қауымдастықтар негізінде асықпай, біртіндеп  барып, дамып, жетілгені белгілі. Себептері дегенде де оның өзі беп-белгілі емес пе, айталық, мынау жүріп жатқан дағдарыс уақыты, алыс-берістің, барыс-келістің қажеттілігі, Бүкіләлемдік сауда ұйымына өту сияқты маңызды мәселелер бар. Мұндай жүйе Достастық елдері арасын­дағы  бірыңғай экономикалық кеңістіктің ашылуына жол ашады, өнім өндірушілерге, кәсіпкерлерге, халыққа пайдасы тиеді  деген сөз. Еліміздің кеден саласының ха­лық­аралық талаптарға сай жаңа белестерге өтуіне де бірден-бір жол болып табылады. Сондықтан да, Кедендік одаққа енуіміздің өзі әп деген­нен-ақ бірден жолға түспей, кезең-кезеңмен  жүргізіледі. Бұл да болса, жаңа құрылымның тәй-тәй басып жүріп кетуі үшін араға айлар, жылдар салатын уақыт керек болғанын көрсетеді. Яғни, бірінші кезеңі биылғы бірінші қаңтардан бастап бірегей кедендік тариф жүйесі іске қосылды. Бұл дегеніміз, баж салықтары­ның бағалары бірдей болады деген сөз. Ал екінші кезең биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап әрі қарай жалғасады, яғни, Кеден кодексі күшіне енеді, сөйтіп, атқарылуға тиісті барлық талаптар жүйесі толық жолға түседі. Одан әрі қарай, Еуроодақ сияқты, осы үш елдің басын қосқан Кеден одағы арқылы экономикалық одақтың да өріс алуы мүмкін. Бұл аймақтағы елдердің еркін сауда жасауына, тауар алмасуларына мүмкін­дік туғызады. Жаңа жүйе бір жыл жұмыс жасағаннан кейін барып оған баға берілетіні белгілі. Уақыт көрсетер. Жаңа басталған құрылым біздің елдеріміз үшін тиімді. – Өзіңіз басқарып отырған кедендік бақылау департаменті үшін 2009 жыл қалай өтті? Кедендік одақтың құрылуын қызметкерлеріңіз қалай қабылдауда? –Жаңа сөз басында айтып өткеніңіз­дей, біздің облыстың Ертіс, Железинка, Успенка, Шарбақты аудандары көршілес Ресей елімен шекаралас орналасқан. Кеден бекеттері аудандардың байырғы атаулары­на лайықта­лып ел мен жердің елдігін, еге­мендігіне сай Үрлітөбе, Найза, Қосақ, Ама­н­келді, Шарбақ­ты деп аталды. Осы жерлерде қазіргі заманға сай жабдықталған жаңа кеден бекеттері салынды. Жалпы, осы күнге дейін біздің кедендік бақылау департаментіне қарасты 4 басқарма, 9 бөлім жұмыс істеп келді. Соны­мен қатар, 13 кеден бекетіміз бар. Бұлардың жетеуі шекаралық кеден бекеттері болса, қалған­дары ішкі кеден бекеттері ретінде облыс орталығында, Ақсу және  Екібастұз қалала­рында орналас­қан. Еліміз егемендігін алған 90-шы жылда­ры кедендік құрылымдар да жаңадан ашыла бастады. Сол кезде біздің облыстағы кеден­дік құрылымда 3-ақ кеден­ші болса, қазір жалпы саны 330-дай  адам жұмыс жасайды. Өткен жылдардың дең­гейін­де алып қарай­тын болсақ,  2008 жылы облыс кеденшілері еліміз­дің бюджетіне 23 млрд. 518 мың теңге кіріс түсірді. Депар­та­менттің контрабандаға қарсы күрес бас­қар­масы сол кездерде 39 килодан астам есірт­кі заттарын тәркіледі. Сонымен қатар, эконо­микалық контрабан­дамен күрес барысында 52 қылмыстық іс, 483 әкімшілік іс қозғалды. Ал енді, салыс­тырмалы түрде айтар болсақ,  өткен жылы да жаман болған жоқ. Облыс­тың сыртқы сауда айналымы 4,8 млрд. АҚШ долларын құраса, бюджетке 47,7 млрд. теңге аударыл­ды. Қаржы министрлігі Кедендік ба­қылау комитетінің бастамасымен Елбасы­ның жыл сайынғы жолдауларын іске асыру және кеден қызметіндегі іс-шаралар мен жаңа­шыл бағыттарды халыққа түсіндіру мақса­тында, кеден қызметіндегі өзгерістерді жеткізу үшін еліміз бойынша “Кеден келбеті айқын” атты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесіп журналистер акциясын өткізу де дағ­дыға айналды.  Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өздеріне қажетті мәліметтер ала алды. “Екібастұз” кеденінің басты нысаны “Богатырь Көмір” жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Өткен жылы кеден бекетінің сыртқы сауда айналымының көрсеткіші 410,89 миллион долларды құраған. Яғни, экспорт тасымалы Ресейге және Қырғызстанға көбірек тиесілі болып шықты. Ал, мамандардың айтуларын­ша, көмір экспортының азаюына дағда­рыстың көп әсері тиіпті. – Кедендік одақ құрылуына байланысты департаментте  қандай өзгерістер болуда? Кезінде қыруар қаражатқа салынған кеден бекеттері талан-таражға түспей ме? –Бұл мәселеге, Кедендік одақтың құры­луына, әрине, біздің  барлық қызметкерлер де түсіністікпен қарауда. Мемлекетаралық саяси-экономикалық жағдай орын алған соң, бұл жерде әрине, өзгеріссіз болмай қоймайды. Әзірше, мүлде кеден бекеттері алынып тасталынады деуге де болмайды. Ол жерлерде 5-6 кеденші болады. Бірақ, 5-6 кеденшіге бола, зәулім салынған кеден бекеттерін ұстап тұру да өзімізге тиімсіз. Бұлар алдағы уақыттың жұмысы. Ал, енді ресімдеу, тексеру жүйелері жойылғанымен, бақылау тәртібі сақталады. Жоғарыда өзіңіз айтқандай, кезінде қыруар қаражатқа сол кеден бекеттерін салдық. Енді оларды айдалаға қалдырып тастап кетпейміз ғой. Бұлар мүмкін, ауданның ба, облыстың ба, шекаралық қызметтердің бе, біреулерінің құзырына өткізілер деген ойымыз бар. Қысқартулар да болады. Кемінде кеден қызметкерлерінің саны 30-пайызға дейін азаяды деп отырмыз. Бұл жерде адам фак­торы, жұмыссыздық деген орын алмайды. Қазір енді бұл мәселе Үкіметте де қаралып жатыр. Яғни, осы солтүстік кеден бекет­тері­нен босаған тәжірибелі кеден қызмет­кер­лері оңтүстіктегі кеден бекеттеріне жұ­мыс­қа баруы мүмкін. Олар  пәтермен, жа­тақ­ханалармен қамтамасыз етілген уақытта, әрине, біздің кеден қызметкерлері ел шетін қырағылықпен қорғаудан бас тартпайды. Мәселен, осы жылдар ішінде біздің кинологиялық қызмет жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Оларды сақтап қалуға болады. Біздің “Үрлітөбе” кеден бекетінің қызмет­кері Талғат Құлболды қызметтік иісшіл итті пайдаланып, “Опель” автокөлігіне тексеріс жүргізді. Автокөліктен полиэтилен пакеттер табылды. Олардан 30 килоға жуық есірткі заты  апиын және 5 килодан астам  героин тәркілен­ді. Аса ірі мөлшерде есірткі затын тәркілегені үшін кинолог-маман Талғат Құлболды “Ерлігі үшін” медалімен марапат­талды.  Сондай-ақ, кинолог-маман Ерік Өлме­секов өзінің “Оскар” атты итімен жарысқа қатысып, жүлделі 1-ші орынға ие болды. Биыл Астанада  Дүниежүзі­лік кеден ұйымының аумақтық оқу орталығы ашылды. Осы салтанатты жиынның алғашқы ән-шашуын біздің кеденшілер жасап берді. Бұл іс-шараның ашылу және жабылу  салтанатына бар өнерлерін салды. Олар кеден қызметінде, еңбекте жауапкершіліктері мол, ал өнерде “сегіз қырлы, бір сырлы” жандар екеніне көз жеткізді. –Кедендік одақ Ресей, Беларусь елдері үшін тиімді, азық-түлік бағалары өсіп кете ме деген  сөздер де естіліп қалады. –Бұл енді белгілі жай. Жалпы, өзі жаңа нәрсе алғаш басталған­да халыққа онша түсі­нік­ті бола бермейді  ғой. Әртүрлі сөздердің де болатыны содан.   Кедендік одаққа жол ашылды. Енді біздер – жергілікті кеденші­лер үшін  де жұмыс  тоқтамайды, жалғаса бере­ді, алда атқарылар жұмыстар көп. Соның бастысы кеденнен өтетін тауарлар­дың бас­тапқы бағасының қымбаттамауын назарға алу болып отыр. Бұл үшін облыстық әкімдік тарапынан кеденмен бірлескен арнайы ко­миссия да құрылып қа­луы мүмкін. Яғни, баға саясатын бақылауда ұстаймыз. Қазіргі күн­дері біздің ел, оның ішінде біздің облыс Ре­сейден әке­лінетін азық-түлік өнім­дерін көп экспорт­тайды. Өткен жылы, облысқа 600 миллион теңгенің кө­лемінде  азық-түлік, тамақ өнім­дері әкелін­ген. Ал, қазіргі жағ­дайда бұрын­­­ғыдан да көп шетелдік өнімдер ағыны бас­талады. Кеден­дік одаққа енбей тұрып-ақ, бүкіл тұтынатын заттарымыз, азық-түлік  сол жақтан келіп тұрды. Екіншіден, азық-түліктен басқа, ай­та­лық, облыс импортының 72 пайызға жуығы Ресейдің үлесінде десек, бұның  60 пайызға жуығы мұнай екені белгілі. Қал­ған 10-12 пайыздайын металл құрастыру бұйымдары, қара металл түрлері және органикалық химия өнімдері құрайды. Енді қазір біздің өндірушілер мен сол жақтың өндірушілері арасында әрине бәсеке туады. Егер біздің ел, біздің тауар өндіру­шілер Ре­сейдің рыногына шикізат өнімдерін көптеп шығаратын болса, біз бұдан мол пайда көзін таба аламыз. Ал, белорустарға ке­летін болсақ, оларда колхоздар әлі сақтал­ған. Азық-түліктері арзан. Біздің өндіру­шілерге де, әсіресе, ауыл шаруашылығы бойынша өз өнімдерін өндіріп, өткізуге, өндіруге талпынатын кез жетті. –Кеденшілердің құқық бұзулары туралы да әртүрлі әңгімелер аз емес... –Бұл жайды да жоққа шығара алмай­мыз. Бір биеден ала да туады, құла да туады демек­ші, осы жайында мен ылғи жігіттерге жиі-жиі айтып жүремін. Қазақпыз, иманды жұрттың ұл-қыздарымыз, таза болайық, атқарған қызметімізге адал болайық деп. Үлкендер айтады ғой жақсы атты болайық деп. Мен өзім Қарағандының Жаңаарқа ау­данында туып-өстім. Марқұм Ақселеу ағам­ның кітап­тарын, жазған шежірелерін оқып жүрмін. Бәрі бірдей оқып, түсінсе дейсің. Мысалы, сыбай­лас жемқорлыққа қарсы  қызмет желісі бойын­ша өткен жылы облыс­та лауазымды тұл­ға­ларға қатысты 29 қыз­меттік тергеу мен тек­серіс өткізілсе, соның ішінде тәртіптік жауап­­кершілікке біздің 43 қызметкер тартылды. Екі қызметкерге қылмыстық іс қозғалды. Біздің тарапымыз­дан кеденші деген жақсы атты таза сақтап қалайық деген мақсатта департаменттің жеке құрамымен 76 рет әңгімелесу мен  жина­лыс­тар өткізілді. Кеденшінің бәрі бірдей жаман деуге болмас, олардың арасында өз ісін адал атқарып жүрген жігіттер аз емес. Депар­тамент  қызметкерлерінің  қырағылығы арқасында 72 қылмыстық іс қозғалды, олар­дың ішінен сотқа 30 қылмыстық іс  жібе­рілді. Қозғалған қылмыстық істер  бойынша  1,9 млрд. теңге  сомасына  көлік құралдары, ва­лю­та және тауарлар тәркіленді, 326 млн.теңге шығынның орны толтырылды. Кеден шекарасы арқылы  есірткі заттарын  заңсыз тасымалдаудың 25 дерегі анықталды. Нәти­жесінде, заңсыз айналымнан 78 кг. есірткі заттары  тәркіленді. Кеденшілер енді жаңа құрылымдық жүйе бойынша іске кіріседі. Өзгерістерге толы бұл құрылымның біздің жұмысымызға да бірталай жаңа өзгерістер, жаңаша жұмыс жасауға   үлкен мүмкіндіктер тудырады деп ойлаймыз. –Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы. ӨҢІР ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨРЛЕУ ҮСТІНДЕ Еліміздің шалғай жатқан облыстарының бірі – Маңғыстау облысы. Шетте жатса да шаруасын ыңғайлап, барыс жылын жинақы қарсы алып отырған облыстың ауыл шаруашылығында оң үдерістер байқалуда. Елбасымыз жыл сайынғы жол­дауларында еліміздің агроөнеркә­сібінің дамуына ерекше маңыз беріп, оны дұрыс жолға қойып, дамыту ісін назардан тыс қалдыр­майды. Өйткені ауыл шаруашы­лы­ғы ел экономика­сының ішкі негізгі қазықтарының бірі болып есеп­теледі. Сондықтан саланы қазіргі заман талабына сай дамыту, озық технологияны енгізу, қаржы тарту, мал тұқымдарын асыл­дандыру мә­селелері өз көкей­кестілігін күшей­тіп отыр. Нәтижесін­де ел ауыл шаруашылығы, агроөнер­кәсіп кешенінің дамуы ілгерілеп, алыс өңірлерде де, индустрия­ландыру үдерісі белгілі бір дәрежеде өз жемісін беруде. Бұл үрдіс шөлейтті аймақ саналатын Маңғыстау өңірінде де қалыптасып отыр. 362 әулие жатқан киелі өңірдің ауыл шаруашылығы саласында со­­ны ізденістер мен жетістіктер, алға басушылық бар екенін жоға­рыда айтып өттік. Енді сөзге сүйенбей, деректермен сөйлесек. Аймақтың агроөнеркәсібінің негізгі көзі мал шаруашылығы екені белгілі. 2009 жылы өңірдегі мал басын артты­руда бірқатар табыстарға қол жет­кен. Төрт түлік малдың қай-қай­сының да басы өскені байқалып отыр, дейді бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашы­лығы басқармасы­ның бастығы Тү­менбай Қалжанов. Алдыңғы жылмен салыстырғанда об­лыстағы қой-ешкі басы – 587 000, жылқы ­– 41 000, түйе – 42 500, мүйізді ірі қара 10 400 басқа жетіп отыр. Сондай-ақ ет өндіру 2,3 пайызға(тірідей салмақта – 10 100), сүт 1,6 (6700 тн.) пайыз­ға, жүн 4 пайызға (751 тн.) артқан. Облыстың мал шаруашылығын дамытуда бірінші кезекте мал тұқы­мын асылдандыра отырып, олар­дың жергілікті тұқымдық және өнім­ділік сапасын арттыруға, қара­көл қойы, түйенің қазақы бактриан тұқымын және адай жылқысын жетілдіруге бағыт ұсталады. Қазіргі күні Маң­ғыстау облысында 10 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар. Атап айтсақ, адай тұқымды жылқы өсіретін – 5, қазақ бактрианы ­– 2, қара қаракөл қойын өсіретін 3 ша­руашылық өз жұмыстарын дөңге­летуде. Онда еліміздің ғылыми орталықтарының жетекші ғалымда­рын тарта отырып, адай тұқымды жылқылардан дара тұқым шығару бағытында жұмыстар жалғасты­рылуда. Өңірдің мал өсіру тари­хында тұңғыш рет мемлекеттік комиссия адай жылқысының 3 түр-тұрпатын мақұлдады. Бұл жылқы­ларды 2010-2011 жылдары респуб­ликалық, халықаралық сынақтан өткізу жоспарлануда. Мал шаруа­шылығына республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттен барлығы 60,5 млн.теңге бөлініп, қаржылық қолдау көрсетілу үстінде. Оған қоса өнімнің өзіндік құнын арзандатып, табиғи пішен дайындау шығында­рын ішінара жабу мақсатында жер­гілікті бюджеттен 30,0 млн.теңге субсидия бөлініпті. Бөлінген қаржының уақытылы, тиімді әрі мақсатты бағытта жұмсалуы оның игерілуіне оң әсерін тигізген. Мал шаруашылы­ғын дамытуда да бірқатар міндеттер тұр. Мысалы, қаракөл қойын құй­рықты еділбай тұқымына айналдыру қолға алыну үстінде. Мал бордақылау алаңда­рын қолданысқа енгізу жос­пар­лануда. Ол үшін алдымен құрама жем жасайтын цехтар ашылмақ. Алғашқы цехты “Маңғыстау аг­росервис” МКК үстіміздегі жыл­дың қараша айына дейін іске қоспақ. Басты мақсат – ауылша­руашылық тауарларын өндіруші­лерге тауарлы лизингтік несие беру. Құрама жем мал бордақылауды қолға алған кәсіп­керлерге беріл­мек. Егер жоспарлар ойдағыдай жүзеге асса 2012 жылға дейін об­лыс халқына қажетті азық-түліктің 50 пайызы өз ішкі өніммен қам­тамасыз етілетін болады деген сөз. Осыған дейін газетімізде Маңғыс­тау облысының әкімдігі ет өнімдері сатылатын жерде арнайы орындар ашқандығы жөнінде хабар­лаған болатынбыз. Бұл өнімдерді сату орындарына жеткізуді де жеңіл­детеді. Бұл жөнінде Ауыл шаруа­шылығы министрі Ақылбек Кү­ріш­­баев облыстардағы мал сою орын­дарының санэпидстанса талаптарына орай ұйымдастыру мәселесіне орай Премьер-Минис­трдің қатысуымен өткен селек­торлық кеңесте жоғары бағалаған болатын. Өңірдің өсімдік шаруашылығы да жақсы жолға қойылуда. Көк­өніс-бақша салу көлемі ұлғайып 1200 гектарға жеткен. Ол 2008 жылғы көлемнен 14 пайызға артық. Ылғал сақтай отыра тамшылата суа­ру әдісі қолданылатын егіс кө­лемі де 130 гектарға жеткен. Облыстың табиғат ерекшеліктерін ескерсек, бұл жоғары жетістік екені даусыз. Негізгі өнім өндіруші “КаспийАгроКомпани” ЖШС өз өндірісін жаңғыртып, тамшылата суару әдісіне көшіп, жылына 1200 тонна өнім алуға қол жеткізбек ниетте. Аталмыш ЖШС Ақтау қала­сында орналасқан 4 гектар жы­лыжай көлемін 2 гектарға ұлғай­туды көздеп отыр. Бұл өз кезегінде қысқы уақытта халықты көкөніс және жеміспен көбірек қам­тамасыз етуге мүмкіндік бер­­мек. Бау-бақша салмайтын өңір үшін бұл өте тиімді болып отыр. Облыстағы астық кешенін салу мәселесі де өз шешімін тапқан секілді. Қазақстан Астық одағының қолдауымен, “ҚазАгро” ұлттық холдингі және Азық-түлік корпора­циясымен бірлесе отырып, Бейнеу селосында ірі астық өңдеу өндірісі іске қосылмақ. Құны 6,7 млрд. тұратын, қуаттылығы жылына 1,5 млн.тонна жүк айналымын қам­тамасыз ететін астық термина­лының құрылысы басталып кетті. Кешен 2010 жылдың 1-жарты­жылдығында, маусым айында қолданысқа беріледі. Онда 16 гектар аумақта 100 мың тонналық астық қоймасы, жылына 90 мың тонна ұн және 30 мың тонна жем өндіретін цех жұмыс істейтін болады. 2010 жылы жобаның екінші кезеңінде нан және макарон өнімдерін шығаратын зауыттар салынады. Бұл ірі жоба облыста ұн бағасының арзандауына және батыс өңірді астықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Бүгінгі күні облыс орталығында әрбір сенбі-жексенбі күні азық-түлік жәрмеңкесі тұрақты өтіп тұрады. Жәрмеңкедегі азық-түлік өнімдерінің бәсі базар бағасынан 15-30 пайызға төмен. Негізгі азық-түлік түрлерінің бағасын тұрақтан­дырып, қымбат­татпауға жол бермеу мақсатында “Бе­рекет” МКК жұ­мыс жасап ке­леді. Соның арқа­сында облыс тұр­ғындарының тұтынуындағы негізгі азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп отыр. “Берекет” МКК өңірге әкелінетін өнімдерді жеткізіп тұру жөніндегі қолданыстағы меморан­дум­дардың мерзімін одан әрі ұзарт­қан. Бұған кәсіпорын базасының құрылуы септігін тигізуде. Қуатты әрі заманауи жабдықталған, құны 192,0 млн.теңге тұратын аумағы 500 текше метр жеміс-көкөніс қоймасы кәсіпорынға өнімді сапалы әрі ұзақ сақтауға мүмкіндік береді. Оған қоса, МКК көрші облыстар мен жақын шетелдерден азық-түлік тауарларын сатып алу мәселесімен айналысып келеді. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 470 млн. теңге бөлініпті. Еліміздің байтақ даласының бір қиырында орналасқан облыстың ауыл шаруашылығы ізденіс пен ілгерілеу, жаңа технологияны өнді­ріс­ке енгізу нәтижесінде өрлеу үстін­де. Өңір тек мұнай мен газдан тү­сетін табысқа алақан жайып отырған жоқ, қайта Маңғыстаудың мұнайсыз да шаруаға мұқият екендігін уақыт өткен сайын дәлелдей түсуде. КӘСІПКЕРЛІККЕ ӨРІС КЕҢ Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылатындығын атап көрсете келіп, осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.  Жолдауда “Қазақстан -2030” Стратегиясының алғашқы он жылының табысты аяқталғаны нақты мысалдармен атап көрсетілді. Оның мысалын Семей қаласының да өмірінен, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік саласынан көруге болады. Соған орай, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Серікбек БАҚТАЖАРОВТАН  аталған саланың өткені мен бүгіні туралы айтып беруін өтінген едік. – Кезінде оңтайландыру саясатымен елімізде көршілес бірқатар облыстар біріктірілгенде, қайсыбір қалалардың алғашқы бетте қиналып қалғаны рас.  Сондай қиындықтан Семей де сырт қалмаған болар. Солай дей тұрғанмен, басқалармен салыс­тырғанда ежелгі қаланың еңсесі соншалықты түсе қоймаған. Өз басым оның себебі мынада ма деймін. Біріншіден, соның бәрі ең алдымен адамдардың рухы мен жігеріне байланысты. Яғни, семейліктер Елбасының бұл орайдағы ұстанған бағытын дұрыс түсінген. Мемлекет басшысы да Семейге жыл сайын атбасын тірей отырып, ұлылардың табанының ізі қалған  қалаға қамқорлық танытудан танған емес. Семейдің сол шақта жадап-жүдеп кетпеуінің басты бір себебі осы болса, екіншіден, тоғыз жолдың тора­бындағы бұл қалаға нарық жат емес-ті. Соны жете пайымдаған жергілікті билік пен жекелеген кәсіпкерлер мұнда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл аударды десем, артық айтқандық болмас. Сөйтіп, қаламызда базар да, басқасы да жаңбырдан кейінгі саңырау­құлақтай қаптап шыға келді. –  Олай болса, дағдарыс сал­дарлары  сезілген өткен жылы қа­ладағы шағын және орта кәсіп­керлік субъектілері қандай көрсет­кіштерге қол жеткізе алды? – Өткен жылдың аяғына дейін біздегі шағын кәсіпкерлік кәсіп­орындарының саны 1852-ге жетті. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 20 пайызға жуық артық. Жыл ішінде екі мыңға жуық жұмыс орны ашылды. “Семейпластком”, “Әсер”, “Ин­тел­кабель” сынды үш кәсіпорын халықаралық сапа стандартына енгізілді. Оның сыртында тағы үш кәсіпорын халықаралық сапа стандартына енуден үміт күтіп отыр. “Самұрық-Қазына” және “Даму” қорлары арқылы 141 жобаға 3597,7 миллион теңге мөлшерінде несие бөлінді. 10 шағын кәсіпкерлік субъектілері облыстық “Алтын сапа- 2009” конкурс-көрмесіне қатысып, соның ішінде бесеуі жеңімпаз атанды. Жеке кәсіпкерлік субъектілері мұның сыртында республикалық көрме-жәрмең­келерге жиі қатысып келеді. 2009 жылы импорт алмастыру­шы өнімдер шығаратын екі зауыт ашылды. Мұны да жыл табысы десек артық айтқандық болмас. Айталық, “Беларусь” тракторын жинақтап шығара бастаған кәсіпорынның қатарға қосылуына байланысты – 85, ал пенепо­лиуретан шығаратын “Алфом” кәсіпорнының пайдалануға берілуіне орай жаңадан 115 жұмыс орны ашылды. Мұның сыртында елу адамға дейін жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар әлсін-әлі ашылып жатыр.  Ал биылғы жылы әлемдік стандартқа сай жаңа кәсіпорындар, соның ішінде диірмен және кабель өндірісінің құрылысы басталмақ. – Семей еліміздегі көне қалалардың бірінен саналады. Соған орай туризмді дамыту барысында атқарылып жатқан шараларға тоқталсақ.... – Бүгінде қала халқының  саны 300 мыңның үстінде. Соның отыз мыңы кәсіпкерлік саласында жүр. Қалада туризмді дамыту мақсатымен қонақ үйлер көптеп салына бастады. Соның айға­ғындай, қазірде мұндағы қонақ үй саны жиырмаға жуықтап қалды. Осыдан бірер жыл бұрын төрт жұлдызды “Номад” қонақ үйі пайдалануға берілді. Семей, сондай-ақ дәмхана, мейрамханалардан да кенде емес, олардың жалпы саны үш жүзден асып кетті. Ондағы ұлттық, азиялық және еуропалық ас мәзірі жұртшылық көңілінен шығуда. Сондықтан қала қонақтарын тамақтандыруда ешқандай мәселе жоқ десе де болады. Соңғы жылдары мұндағы туристік фирмалар өз жұмысын ширата түсіп келеді. Ертіс бойы, қарағайлы орман арасындағы “Строитель” және “Боровлянка” шипажай демалыс орындарына шеттен қонақтар жиі келе бастады. Сондай-ақ қонақтар тарапынан қазақ поэзиясының Меккесі – Жидебайға, емдік қасиеті ерекше Алакөл, іргедегі Шүлбі су қоймасына барып қайтуға тілек көбейе түсіп келеді. – Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында өңірлік даму реформаларынсыз біз жедел әртараптандыруға қол жеткізе алмаймыз деп айтты. Мемлекет басшысының осы талабына орай  қандай іс-шаралар жүзеге асырылмақ? – Иә, Елбасымыз екінші онжылдықтың соңында шағын және орта бизнестің ІЖӨ -дегі үлесі 40 пайызға дейін көтерілуі тиіс екендігін де атап көрсеткені баршамызға мәлім. Өңірлерде шағын кәсіпкерлік дамыса, еліміз де гүлденіп, көркейе түспек. Соған біз де өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Осы орайда, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қала және облыс басшылығының ұдайы назарында екендігін айта кетсем деймін. Өткен жылы соған орай 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қала әкімінің қаулысымен бекітілді. Ал осыдан төрт жыл бұрын кәсіпкерлік мәселесі жөнінде сарапшылық кеңес құрылған болатын. Өткен жылы осы кеңестің бес отырысы өткізілді. Енді міне, биылғы жылы облыс тарапынан  Семей қала­сындағы кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік тосқауылдарды жою жөнінде жұмыс тобының жоспары әзірленіп отыр. Мұның сыртында оқыту семинарлары мен ақпарат­тық-көрмелік іс-шаралар жиі өткізіле бастады. Ал келер айда біздің бөлімнің шағын және орта бизнес субъектілерімен жұмысы қалалық мәслихат сессиясының кезекті отырысында қаралмақ. Бір сөзбен айтқанда, осы саланы дамыту жергілікті әкімдіктің де, депутаттардың да ұдайы на­зарында. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен, Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей. ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-САЙТТАРЫ Қазақстан Республикасының Үкіметі          www.government.kz Ішкі істер министрлігі       www.mvd.kz Қорғаныс министрлігі      www.mod.kz Қоршаған ортаны қорғау министрлігі         www.nature.kz Білім және ғылым министрлігі       www.edu.gov.kz Сыртқы істер министрлігі               www.mfa.kz Денсаулық сақтау министрлігі      www.darі.kz Көлік және коммуникация министрлігі      www.mtk.gov.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі               www.enbek.kz Қаржы министрлігі           www.mf.mіnfіn.kz Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі              www.mіnplan.kz Әділет министрлігі             www.mіnjust.kz Төтенше жағдайлар министрлігі   www.emer.kz Мәдениет және ақпарат министрлігі            www.sana.gov.kz Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі           www.memr.gov.kz Ауыл шаруашылығы министрлігі                www.mіnagrі.kz Индустрия және сауда министрлігі              www.mіt.kz Туризм және спорт министрлігі    www.mts.gov.kz Жер ресурстарын басқару агенттігі             www.auzr.kz Байланыс және ақпараттандыру агенттігі   ww.alc.gov.kz Статистика агенттігі    www.stat.kz Көші-қон және демография агенттігі    www.demomіgratіon.kz
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Қазақстанның футболшылары 6-топта өнер көрсетеді

12.12.2018

Сабина Бақатова Минскіде күміс медаль алды

12.12.2018

Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері марапатталды

12.12.2018

Маңғыстауда биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді

12.12.2018

Ақтауда «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі және «Адалдық дүкені» ашылды

12.12.2018

Time журналы Жамаль Хашогги мен журналистерді «Жыл адамы» деп таныды

12.12.2018

Орал-Тасқала-РФ шекарасы бағытындағы күре жол пайдалануға берілді

12.12.2018

«Қамқоршысы жоқ қарт адамдарға көмек беру» акциясы ұйымдастырылды

12.12.2018

Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толды

12.12.2018

Франциядағы теракт кезінде 4 адам мерт болды

12.12.2018

«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті

12.12.2018

Ұлттық ұлан өнерпаздары мерекелік концерт өткізді

12.12.2018

Алексей Ут­киннің жеке көр­­месі көрерменге жол тарт­ты

12.12.2018

Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді

12.12.2018

Атырауда ұн тартатын диірмен іске қосылды

12.12.2018

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады

12.12.2018

Қостанайда Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы аталып өтті

12.12.2018

Қарапайым түсінік

12.12.2018

Ағысқа қарсы жүзген жазушы

12.12.2018

Қазақстан тарихы – әлемдік деңгейдегі тарих

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу