Көрмеде Токамак жобасы іске қосылды

Курчатовтық ғалымдар Елбасының бейбіт атомды дамыту тапсырмасына орай ядролық энергетика саласындағы жаңалықтарды ғылыми ортаға дендеп енгізуде. "Токамак" термоядролық материалтану реакторының ЭКСПО-2017 көрмесінде тұсауы кесілді.
Егемен Қазақстан
12.06.2017 11261
2

Және көрменің бас­ты экспонатының бірі болып отыр. Ұлттық Ядролық Орта­лық­тың бас директоры Эрлан Батырбековтың айтуынша, қазақстандық «Токамакқа» бүгінде әлем­дегі ядролық ғылы­ми қауымдастық мүшелері ерекше қызығушылық танытуда. Материалтану реакторының негізі-термоядролық реакция, бұл ғылыми тілде-тер­моядролық синтез, яғни миллиондаған градус температурада жүзеге асатын ядролық бірігу реакциясы деп аталады. Ғалымдар бұл реакторды жасау үшін 2003 жылдан бастап, 14 жыл бойы еңбек етіп келеді екен. Яғни Астанаға келуші туристердің басты назары осы «Токамакта» болмақ. 
– Бүгінде бүкіл – әлем ғалым­дары жаңа энергияның көзін ойлап табуға барлық күш-жі­гер­лерін жұмсап жатыр, – деді Эрлан Батырбеков. – өйткені, жер бетінде көміртекті отын мен уранның қоры шектеулі. Сондықтан да энергиямен қамтамасыз етудің нақты бір көзі-термоядролық синтез, бұл дегеніміз энергияның таусылмас қайнар көзі. «Токамакты» тіпті жердегі жасанды бір күн көзі десек те әбден лайық.
«Токамактың» ресейлік, жа­пондық ғалымдармен де бірлесе жасап отырған бөлім­дері бар. Сонау 2003 жылдан бастап біздің ғалым­дар «Қазақстандық тер­мо­ядролық материалтану реакторы Токамак құру және іске асыруға ғылыми-техникалық қолдау (Токамак КТМ)» атты ҚР бағдарламасы Президент Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен жүзеге асырып келеді. 
2010 жылдың 5 қыркүй­е­-
гінде Токамак КТМ-ның алғашқы қанатқақты жобасы іске қосыл­ды. Онда қуаты 25кА болып табылатын «алғашқы плазма» алынды. Ал 2012 жылы мамыр айында ТМД елдерінің АТОМ-ТМД комиссиясы бо­лашақ термоядролық реа­ктор­лардың вакумды камера және ішкі камералық бөліктерін іске қосуға болатындығын нақ­тылады. Алыс-жақын ше­т ел­дердегі халықаралық тер­моя­дролық қоғамдастықтың қазақ­стандық Токамак КТМ-ға қызығушылығы арта тү­суде. Бұған дәлел әлемдегі ең ірі ғылыми орталықтар­мен бекітілген меморандумдар атап айтқанда: Ресей­дің Курчатов инс­титуты, INEA (Италия), «СIЕМАТ (Испания), JAEA (Япония) және тағы басқа елдер. Алдағы уақытта Токамак КТМ-ды қолданушылардың ха­лық­аралық коалициясын құру жө­нінде де ұсыныстар түсіп жатыр екен. Коалицияның алғашқысы болып жоғарыда атап өткендей, көш басын Ресей Федерациясы бас­тап отыр. Себебі, «Токамак» адамзат игілігі үшін қолға алын­ған жоба, бейбіт атомды насихаттау барысында маңызы зор.
– 2016 жылы біз Токамак КТМ жобасының құрылысын жүзеге асыруда біршама жетіс­тікке қол жеткіздік, – деді Эрлан Ғаділетұлы, –оған бюджеттен бөлінген қаражат осы жобаның сәтімен аяқталуына мүмкіндік берді. Жобаның аяқталу мерзімі, іске қосылуы Астанадағы ЭКСПО көрмесінде бастау алып отырғаны біз үшін үлкен мәр­тебе. 
 
Раушан Нұғманбекова, журналист

Курчатов

 Суретті түсірген автор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу