Көшпелі отырыс күрделі мәселелерді көтерді

Үстіміздегі жылдың 25-27 мамыры күндері Парламент Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері Батыс Қазақстан облысына арнайы келді. Комитеттің Нұртай Сабильянов бастаған бір топ мүшесі жұмыс сапарымен облыстың Теректі, Бөрлі аудандарындағы нысандармен танысып, Ақсай және Орал қаласындағы өндіріс мекемелерін аралап көрді. Орал қаласында өңір басшылығы мен жергілікті құрылыс компаниясы өкілдерінің қатысуымен комитеттің көшпелі отырысы өтті.
Егемен Қазақстан
30.05.2017 2274
2

Парламент депутаттары көш­пелі отырыс өткізбес бұрын бір­қатар өндіріс нысандарын аралап, об­лыстағы құрылыс, тұрғын­дар­­дың ауызсумен қамтылу жағ­­­дайымен танысты. Теректі ау­даны, Новопавлов ауылындағы су құ­бырын күрделі жөндеу бары­сын көріп, Ақсуат ауылдық округінде орна­ласқан «Теректі май комбинаты» ЖШС жұмысымен танысты және Долин ауылдық округіндегі «Ма­хо­рин» шаруа қо­жа­лығын арала­ған депутаттар одан әрі Бөрлі ауда­нының Бере­зов, Бестау елді мекен­дерінің тұр­ғындарымен жүздесіп, Ақ­сай қа­ласында салынған 100 пә­тер­лік тұрғын үй құрылысында болды.
– Батыс Қазақстан облысының екі ауданын аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың ба­рысымен таныстық. Өңір өркен­деп келеді, жақсы нәтижелер бар. Жалпы, Батыс Қазақстан облы­сының ауыл-аймақтарына орта­лық­тандырылған су тарту үшін 2015-2017 жылдары республикалық бюджеттен 8 млрд 93 млн теңге бөлінген екен. Биылдың өзінде ғана 5 млрд 637 млн теңге қаражат осы мақсатқа бөлінді. Алдағы жылы 1 млрд 650 млн теңге қарастыру ұсы­нысы түсіп отыр, оны біз, депутаттар, қолдаймыз. Дегенмен, Батыс Қазақстан облысы үшін өте өзекті екі мәселе бар: оның бірі – өңірдегі автожолдардың жай-күйі, екіншісі – тұрғындардың таза ауызсумен қамту көрсеткішінің төмендігі, – деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов.
Биыл Батыс Қазақстан облысында «Өңірлерді дамыту-2020» жəне «Нұрлы жол» бағдарламалары ауқымында 5 637 млн теңгеге 33 жоба жүзеге асырылады. Қазіргі ахуал мынадай: БҚО-дағы 443 елді мекеннің 164-і немесе 37 пайызы ғана таза ауызсумен қамтылған. 275 елді мекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған. Төрт ауыл ауызсуды сырттан тасымалдайды.
– Қазақстан Республикасы бойынша халықтың таза сумен қамтылу орташа көрсеткіші – 52% екендігін ескерсек, батыс­қазақ­стандықтардың жағдайы алаңда­тарлық күйде. Биыл жоспарланған жұмыстарды атқарғанның өзінде бұл көрсеткіш 40%-ға ғана көте­ріледі. Сон­дық­тан, бұл бағытта ат­қа­рылатын іс әлі көп, – деді Нұртай Салихұлы. 
Көшпелі отырыста талқы­лан­ған тағы бір мәселе – құрылыс сала­сын­дағы мәселелер болды. Пар­ла­мент депутаты Бақтияр Мəкен «100 нақты қадам» Ұлт жос­парының 46-49-қадамдары бойынша жасалып жатқан жұмыс­тардың барысын айтып берді. Инвестициялар және даму ви­це-министрі Р.Скляр сәулет-құ­рылыс қызметі және су­мен жаб­дықтау саласындағы бақы­лау және қадағалау жүйесін жетіл­дірудің өзекті мәселелері жөнінде баяндама жасады.
«Атамекен» Ұлттық кәсіп­кер­лер палатасы басқарма төраға­сы­ның орынбасары Е.Рама­занов «Құ­рылыс саласында уәкі­летті орган­дардың бизнеске қа­тысты бақы­лау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру прак­тикасының жеке­леген мәсе­лелері» атты арнайы баяндама жа­сады. Е.Рама­занов бір ай бұрын Мәжіліс депутаттарымен кездесу өтіп, біріккен әрекет жоспары тал­қыланғанын айтты. 
– Бүгінгі кездесуді жүйелі ұйым­­дастырып, конструктивті кеңес жасағаны үшін Батыс Қазақ­стан о­блысының басшылығына рах­мет айтамын. Сіздердің на­зар­ларыңызға құрылысшылар ал­дын­дағы кейбір түйінді мәселені салғым келеді. Бұл – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және тех­­никалық қадағалау орган­дары­ның әрекетіне қатысты. Өз­ге қа­дағалаушы мекемелердің тек­­серу жиілігі, тәртібі заңмен реттеліп, прокуратура органдарына тіркелетін болса, жоғарыдағы екі мекеме құрылыс нысандарын күн сайын шексіз тексере алады. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлікке кедергі жасауы мүмкін, сыбайлас жемқорлыққа себеп болуы мүм­кін. МСҚБ (ГАСК) тіпті тек құ­рылыс сапасын емес, қосымша өкілеттіктерді де мойнына жүктеп алған, нысандағы тазалық, құрылыс қоршауы, ондағы жарнамаға бай­ланысты да шағым жасаған оқи­ғалар кездесті. Сондықтан, бұл органдардың нақты міндетін бел­гілеп, әрбір тексеру фактісі тіркелуі тиіс, – деді ол өзінің сөзінде.
«ОЭККА» ЖШС бас директоры, Қазақстан Республикасы Ин­жи­ни­рингтік компаниялар ода­ғының өкілі Құндыз Нұров та жобалау және құрылыс сала­сындағы нормативтік базаны же­тіл­дірудің кейбір мәселелеріне тоқ­талып өтті. Ол осыдан 30 жыл бұрын Батыс Қазақстан өңірінде қыз­мет атқарғанын, сондықтан, осы екі күндік сапар жүрегіне жы­лы тигенін айтып, өңірде құры­лыс саласында көп жұмыс ат­қарылғанына ризашылық білдірді.
Отырыста Орал қаласының əкімі Нариман Төреғалиев 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама ая­сын­да 11,1 млрд теңгеге шаһарда 8 үй тұр­ғызылып, 1 152 пəтер пайда­ла­нуға берілетінін айтты. Өткен жы­лы облыс орталығында көпқа­бат­ты 11 үй тұрғызылып, 1 247 пә­тер ие­­леріне берілген. Осылайша, 4 мың­нан аса оралдық қоныс тойын тойлапты.
Бөрлі ауданының әкімі Ал­дияр Халелов өндірісті ауданда атқарылып жатқан жұмыс­тар­дың есебін беріп өтті. Өңірдегі бел­гілі құрылыс компаниясы «Болашақ-Т» ЖШС-нің атқа­рушы директоры Нұржан Саха­ров биыл 900 пәтерлік 5 үйдің құ­рылысы аяқталатынын айтты. «Отделстрой» ЖШС директоры Валентина Михно да өз ұжымында 11 ұлттың өкілі тату-тәтті қызмет етіп, талай жетістікке жеткенін мақтанышпен жеткізді. 
Көшпелі отырыста құрылыс саласына қатысты заңнамалық актілерді жетілдіру, соған байланысты əкімшілік кедергілердің туындауы, құрылыс сапасы төмендеп, мерзімінде тапсырылмауы жəне мемлекеттік портал арқылы құжат рəсімдеуге қатысты кездесетін мəселелерді Мəжіліс депутаттары кеңінен талқылады. 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

ОРАЛ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Жастар жылы жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

25.03.2019

Жеңіс Қасымбеков Ақмола облысының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді

25.03.2019

Қаламқас мұнай кен орнында ұңғыма жанып жатыр

25.03.2019

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтті

25.03.2019

Ұлтты өркениет көшіне қосқан кемеңгер - Шәбден Тілеумұрат

25.03.2019

Нұр-Сұлтан атауының берілуі өте орынды әрі лайықты шешім болғаны анық - Әнуарбек Мұхтарханов

25.03.2019

The Associated Press: Назарбаев тұрақтылық пен ұлтаралық бейбітшілікті қолдаған Қазақстанды құрды

25.03.2019

ECHO: «Ұлт көшбасшысы» мәртебесі оның құрметті тұлға екенін көрсетеді

25.03.2019

2019 жылдың қаңтар және ақпан айларында  Ұлттық қор түсімі 576,4 млрд теңгеге жетті

25.03.2019

Норвегияда апатқа ұшыраған кемеде екі қазақстандық бар болып шықты

25.03.2019

Филармония ұжымы қарияларды қуантты

25.03.2019

Елордада қайырымдылық «Astana Nauryz marathon» өтті

25.03.2019

Іріктеу кезеңін ірі жеңіспен бастады

25.03.2019

Кремльде қазақ әуені асқақтаған күн

25.03.2019

Ел мен елорданың бас сәулетшісі

25.03.2019

Нұрлы шаһар мемлекет мерейін асыра берсін

25.03.2019

Қажыр-қайратқа халықтың қайтарымы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу