Коллекторлық қызмет: шетелдер тәжірибесі қандай?

Бүгінгі мәліметтер бойынша 5 миллион отандасымыз несие алған. Соның ішінде бір миллиондай адам 90 күннен астам уақыт бойы 306 миллиард теңгенің қарызын төлемеген. Дегенмен, банктер несиеге берген ақшаны қалай да қайтаруға тырысады. Ал қарызды төлей алмасаңыз, бұл іспен коллекторлар айналысады. 5 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісіне «Коллекторлық қызмет туралы» Заң жобасы ұсынылды.

Егемен Қазақстан
17.10.2016 5297
2

  Коллекторлар не істей алады?

Олар үш сатымен жұмыс істейді:

  • soft collection: алдымен қарыз алушыға телефон арқылы хабарласады, СМС хабарлама немесе поштаға хат жібереді. Несиені төлемеу себебін анықтап, мәселені шешу жолдарын ұсынады.
  • hard collection. Егер қарыз алушы телефонын көтермесе, коллекторлық агенттік қызметкері оның үйіне, жұмыс орнына барады.
  • legal collection. Жоғарыдағы екі амал көмектеспесе, сотқа өтініш жазады, шағым түсіреді. Өз еркімен борышкердің мүлкі бар-жоғын анықтай бастайды.

  Заң жобасын жасау барысында біздің мамандар АҚШ пен Ұлыбритания тәжірибесіне сүйеніпті. Ол елдерде бұл қызмет қалай реттеледі?

Ұлыбритания тәжірибесі

Guardian газетінің мәліметіне сенсек, 2016 жылы әрбір екінші ағылшын отбасы ипотеканы есептемегенде 10 мың фунт, яғни 14 мың доллар берешек екен. Бұл елде қарыз көлемі жыл сайын 10 пайызға өсіп жатыр. Яғни, коллекторлары жұмыссыз жатқан жоқ.  Негізі, мемлекет қарызды өтей алмаған жағдайда бөліп төлеу немесе басқа да жеңілдік алуды ұсынады екен. Себебі іс коллекторларға өтсе, қарыз мөлшері артатын көрінеді.

Байқасаңыз, бұл елдің коллекторлары да күн сайын телефон шалады, жұмыс орнына барады. Жылжымайтын мүлік немесе басқа да бұйымдарды қарыздың төлемі ретінде ала алмайды. Ірі банктермен жұмыс істегісі келетін агенттіктерге лицензия алу міндет емес. Сhannel 5 Ұлыбритания телеарнасында «Can’t pay? We’ll take it away», яғни, «Төлей алмасаң, тартып аламыз» деген арнайы бағдарлама бар. Онда қарызын өтемегендерге қандай шаралар қолданылып жатқандығы көрсетіледі. Яғни, коллекторлар тек банктермен ғана емес, жеке тұлғалармен де жұмыс істей алады.

Еуропаның басқа елдерінде қалай?

Еуропа елдерінде коллекторлық агенттіктер лицензия алған соң ғана жұмыс істей алады. Өздерінің қызметтері туралы мемлекеттік орындарға есеп береді. Еуропа шенеуніктері мұндай қызмет арқылы салық пен тендер қарыздарын, басқа да айыппұлдарды қайтара алады. Ал Германияда коллекторлық агенттіктердің Ассоциациясы бар. Жаңадан құрылғандары осы жерден тіркеуден өтуге міндетті.  

АҚШ-та ше?

АҚШ-та коллекторлардың қызметі қаржы кеңесшісіне көбірек ұқсайды. Олардың саны 7 мыңға жетеді. Коллекторлық қызметті реттейтін 19 тараудан тұратын заң 1977  жылы қабылданған. Бұл заңдағы ерекше атап өтуге болатын баптары:

  • заң бойынша коллекторлар қоқан-лоқы көрсетіп, үздіксіз телефон шала алмайды. Психологиялық қысым көрсетуге тыйым салынған;
  • жұмыс орнына хабарласу қарыз алушының беделіне нұқсан келтірсе, борышкердің бір ғана өтініші бойынша қызметіне қоңырау шалуды тоқтатады;
  • коллекторлық агенттікке төлем барлық қарыз мөлшерінің 20 пайызынан аспайды. (Біздің заңда да осындай шектеу болса жақсы болар еді)

Ресейдегі коллекторлық қызмет

 Қарызды қайтартатын қызмет туралы заң Ресейде биыл ғана қабылданды. Осы уақытқа дейін олардық жұмысы 2014 жылы қабылданған «Тұтынушылық несие туралы» заңмен реттелетін еді. Ресейде енді заң бойынша коллекторлар:

  • сотпен қорқыта алмайды;
  • психологиялық қысым көрсетіп, мүлкіне зақым келтіруіне болмайды;
  • телефон шалу аптасына екі реттен көп болмау керек. Әрі тек күндізгі уақытта ғана хабарласа алады.
  • коллектор қарыз алушымен аптасына бір рет қана кездесе алады.
  • қарыз алушы коллектормен қарым-қатынас орнатудан бас тарта алады. Банк мұндай жағдайда борышкерді сотқа береді;
  • бизнесті дамытуға алынған несиелермен коллекторлар жұмыс істей алмайды.

Қазір біздің нарықта 205 коллекторлық ұйым бар. Олардың 59-ы 17 банкпен өзара қарым-қатынас орнатыпты. Коллекторлық қызмет заңмен реттелмегенімен бізде бұрын да болған. Әлі де жұмысын жалғастыра береді.

Гүлнұр Қуанышбекқызы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

Алаштанушы Амантай Шәріп «Ақ жолға» келді

20.09.2018

АҚШ-тағы «Флоренс» дауылынан зардап шегушілер саны артты

20.09.2018

«Хат қоржын» (20.09.2018)

20.09.2018

Еурокомиссия Амазонға қатысты антимонополиялық тексерулерін бастауы мүмкін

20.09.2018

Әлеуметтік мәртебесі рәсімделеді

20.09.2018

Көкірек көзіміз қайтсек ашылады?

20.09.2018

Оралда бұқаралық домбыра тартудан рекорд жасалды

20.09.2018

Ұлттық ұлан командирлері біліктілігін шыңдады

20.09.2018

Қызылордада «Үздік анықтаушы» анықталды

20.09.2018

Балуандар Бухаресте бақ сынайды

20.09.2018

Кенияда жаттығып жүрген қазақ қызы

20.09.2018

Ақын Сараның 165 жылдығына арналған айтыс өтті

20.09.2018

Кинематографияға қатысты құжат мақұлданды

20.09.2018

Қостанай университетінде ғалым Тобыл Дәулетбаев аудиториясы ашылды

20.09.2018

Қуатты қорғаныс көліктеріне сұраныс бар

20.09.2018

Жолақыны SMS немесе QR-кодтар арқылы төлеудің нәтижелері

20.09.2018

Интернеттегі шабуылдар үдеп барады

20.09.2018

Қостанайда математикалық білім беруге арналған «дөңгелек үстел» өтті

20.09.2018

Интеграция мәселелері талқыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу