Құбылмалы әлемге қазақстандық көзқарас

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы Қытайға ресми сапармен барды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
07.12.2016 3971
2

Сапар Қытайдың халық­ара­лық мәселелер институты­нан басталып, ҚХР ғылы­ми қоғамдастығының өкіл­дері­мен кездесу болды. Қ.Тоқаев «Құбылмалы әлем: Қазақстан­ның көзқарасы» деген тақырыпта сөз сөйледі. Қ.Тоқаевтың же­тек­ші қытай ғалымдары мен саясат­танушылары алдында қазақ жә­не қытай тілдерінде сөйлеген сөзі зор ықылас туғызды әрі қа­зір­гі замандағы халықаралық ахуал­ға терең талдау ретінде қабыл­данды.

Ең алдымен, Қытайдың ха­лық­аралық мәселелер институ­тын 60 жылдық мерейтойымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. 2011 жылғы Қытай сапарынан соң арада бес жыл өткеннен кейін сіздермен қайта жүздесу мен үшін үлкен мәртебе, деп бас­тады өзінің сөзін Қ.Тоқаев. Бүгін мен біздің мемлекетіміз үшін тарихи дата – Қазақстан Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы қарсаң­ында сіздермен әлемдік даму­дың негізгі үрдістері туралы пі­кіріммен бөліссем деймін. Бұл орайда, алғашқы жылда­ры егемен ел ретінде қалып­тасу мүмкіндіктеріне көпте­ген саясаткерлер күмәнмен қара­ған тәуелсіз Қазақстанның елеулі же­тіс­тіктеріне, сондай-ақ әлем­дік ахуалдың өткен кезеңдердегі даму эволюциясына тоқталу аса маңызды.

Ширек ғасыр ішінде әлем ай­тар­лықтай өзгерді. Мем­лекеттер мен халықтар да елеулі өзгерістерге ұшы­рау үс­тінде, деп жалғады сөзін Қа­зақстан Парламенті Сенаты­ның Төрағасы. 1990, 2000-жыл­дардың басындағы бірполярлы Pax Americana кезеңінің орнына келген мүлдем жаңа, көпполярлы әлемнің белгілері орныға түсуде. Әлемдік трансформацияның бұл кезеңінде алуан түрлі геосая­си және геоэкономикалық өзге­ріс­термен қатар, жаһандық дамудың тұрақтылығын әлсірететін жаңа құбылыстар орын алды.

25 жыл бұрын «қырғи-қабақ соғыс» аяқталысымен халықаралық қатынаста «мамыражай дәуір» туады деген қиял пайда болды. Алайда, ол үміт ақталмады.

Тіпті, биполярлы бақталастықтан асып түспесе, кем түспейтін қатаң тайталас пайда болды. Бірақ, бұрын ол тайталас екі түрлі саяси жүйе мен идеологиялық блоктардың текетіресінен болса, қазірде бұл жетекші мем­лекеттердің ұлттық-стратегиялық мүд­делерінің алауыздығынан орын алуда. Оның үстіне, өз мүдделерін қарулы күшпен қорғау жағдайлары өршіп тұрған уақытта әскери қақтығыстардың орын алу қаупі зор.

Бүгінде көріп отырғанымыздай, қақ­ты­ғыстардың көбеюі мен олардың ауқымының күрт өсуі экономиканың күйреуіне, ха­лық­тың өмір сүру деңгейінің нашарлауына және жаппай көші-қон сияқты тамыры терең қатерлерге душар етуде. Біріккен Ұлт­тар Ұйымының зерттеулері бойынша, Таяу Шығыс елдерінің 2011-2015 жылдар ішін­де «араб көктемінен» шеккен зардабы 614 мил­лиард долларға жеткен. Әлемдегі бос­қындардың саны 65 миллион адамнан асады.

Заңсыз көші-қон тасқыны әлемдік сая­саттағы ахуалға елеулі ықпал ететін жаңа факторға айналды. Еуропаның Таяу Шы­ғыстан ағылған босқындар мәселесін шеше алмауы ұлтшылдықтың күшеюіне алып келді. Осының салдарынан Еуропалық одақ ішінде үлкен қарама-қайшылықтар пайда болып, Ұлыбританияның Одақ құрамынан шығуына тура келді.

Бұл ретте, әлемдік саяси және эко­но­ми­калық жүйеде орын алған елеулі өзгерістер Еуропалық одақтың құрылуы мен соңғы ширек ғасыр ішінде қарқынды даму жолына түскен Қытайдың арқасында мүмкін болғанын мойындауымыз қажет. Еуразия құрлығының екі шетінде жаһандық әлемнің жаңа екі полюсі пайда болды, олардың өзара байланыстары құрлықаралық экономикалық дамудың бас­ты қозғаушы күшіне айналып отыр. Бұл орайда, әлемнің екінші экономикасына айналған Қытай өте белсенді және жемісті рөл атқарып келеді.

Өзінің сөзінде Қ.Тоқаев атап көрсет­кендей, осыдан 25 жыл бұрын БРИКС, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, АСЕАН сияқты аймақтық ұйымдардың әлемдік саясатта атқаратын ауқымды рөлі тура­лы ойлаудың өзі қиын болатын. Ал бүгін­де аталған аймақтық құрылымдардың ұс­танымдарымен санаспауға болмайды. Көпполярлылық қазіргі әлемнің маңызды шартына айналды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық қатынастардағы орнына келсек, әмбебап күн тәртібімен ерекшеленетін бұл ұйымның маңызы күн санап өсуде, алдағы уақытта Үндіс­тан, Пәкістан, Иран және басқа да мемле­кет­тердің ұйым құрамына кіруі – соның дәлелі.

1992 жылы Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен шақырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) бүгінде біздің ұлан-ғайыр құрлығымыз үшін қауіпсіздік жөніндегі үнқатысудың ұтымды алаңы болып табылады. АӨСШК-ге Қытайдың төр­ағалық етуі және осы құрылымның 4-саммитінің Шанхайда табысты өткізілуі Кеңестің халықаралық аренадағы беделін айтарлықтай арттырды. Енді Кеңесті халық­аралық ұйымға айналдыру жөнінде бірле­сіп шешім қабылдау қажет. Бірақ, бұл өзара келісімді талап ететін ұзақ мерзімді жұмыс екенін біз жақсы түсінеміз.

25 жыл бұрын халықаралық терро­ризмнің қарқыны қазіргідей емес, тек бас көтеріп жатқан кез болатын. Ал бүгін бұл – жаһандық қауіпсіздікке төнген ең үлкен қатер болып табылады. Терроризмнің тамырына балта шабуға болатыны анық, ол үшін баршамыз күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет, бірақ, өкінішке қарай, Сирияның ахуалынан көріп отырғанымыздай, оған әзірге қол жеткізу мүмкін болмай отыр. Адамзатқа төнген осы зұлымдыққа қар­сы күллі мемлекеттердің күш-жігерін бірік­тіру мақсатында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы мін­берінен Жаһандық антитеррористік желі құру туралы бастама көтерді.

Осыдан 25 жыл бұрын Сирия, Ливия, Йемен, тіпті, Ирак салыстырмалы түрде та­бысты мемлекеттер қатарында болатын. Қазір олар халықаралық шиеленіс ошақ­тарына айналып, әлемдік күн тәртібінің алдыңғы қатарына шықты. Осы ахуалда Ресейдің геосаяси рөлі арта түсті, ол өз әскерлерін Сирияға кіргізу арқылы Таяу Шығыстағы стратегиялық бастаманы өз қолына алды. Өзінің осы аймақтағы ық­палын Иран да күшейте түсті.

Қ.Тоқаев жиналғандар назарын Ре­сей­мен текетіреске түскен Украинадағы 2014 жылы орын алған оқиғаларға сенудің өзі қиын болғаны шындық екеніне аудар­ды. 1990-жылдардың басында белгілі ға­лым С.Хантингтонның «Өркениеттер қақ­тығысы» зерттеуін сынға алу сән болған еді. Алайда, ақиқатын айту керек, бір­қа­тар көрсеткіштер бойынша бұл теория шындыққа айналды. Дау-жанжалдар мен келіспеушіліктер негізгі діндер арасында ғана емес, бір конфессия ішінде: шиит­тер мен сүнниттер, православиеліктер мен католиктер арасында орын алуда. Бұл жағ­дайда Қазақстан Президентінің 2003 жылы ұсынған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру туралы бастамасының аса өзекті екені сөзсіз. Барлық дін лидерлері жаһанға төнген сын-қатерлерді түбегейлі жою үшін белгілі сая­саткерлермен, мемлекет басшыларымен, үкімет басшыларымен және халықаралық ұйым басшыларымен бірге бір үстелдің басына жиналып, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

2015 жылы маусым айында өткен V Съезд форумды жетекші діни және саяси лидерлер диалогының деңгейіне көтерді. Съезд жұмысына тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун, Иордания королі Абдалла ІІ, Фин­ляндия Президенті Саули Ниинистё және басқа да беделді саясаткерлер қатыс­ты. Форумға қатысушылар V Съездің қоры­­тынды құжатында «тұрақтылық пен қауіп­сіздікті қамтамасыз ету, жанжалдардың алдын алу және оларды реттеу» мақсатында діни лидерлердің саяси қайраткерлермен, халықаралық ұйымдармен және азаматтық қоғаммен диалогына қолдау көрсету жө­нінде міндеттеме қабылдады. Құжатта «экс­тремизм мен терроризмге қарсы күрес діндерге және сол дінді ұстанушыларға қарсы соғысқа ұласып кетпеуі қажет» деген сал­мақты ескерту бар. Осылайша, съезд қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне бірлесе төтеп берудің жолдарын іздестіретін лайық­ты үнқатысу алаңына айналды.

Қазақстан Парламенті Сенаты Төра­ғасының пікірінше, ядролық қарусыздану және оны таратпау мәселесінің маңызы да айрықша. Қазақстан Президенті ядролық қатерді азайту мәселесін жүйелі түрде ілгерілетуде. Парасатты және сындарлы саясаткер ретінде Қазақстан Президенті қазіргі заманда толық ядролық қарусыздануға қол жеткізудің қиын екенін жақсы түсінеді, бірақ жаппай қырып-жоятын қаруды, ең алдымен, ядролық қаруды таратуға жол бермеу үшін аянбас­тан бар күш-жігерімізді жұмсау қажет екеніне ерекше назар аударады. Мұндай қару ДАИШ, «Боко Харам», «Шығыс Түркістан», «Аш-Шабаб», «Әл-Қаида» немесе «Талибан» қозғалысы сияқты халықаралық терроршылардың қолына түссе, не болатынын көз алдымызға елес­тет­удің өзі қиын. Онда әлемдік жойқын апат болатыны сөзсіз. Біз Солтүстік Корея­ның саясатына алаңдаушылық білдіреміз. Олардың тоқтамайтын ядролық қару-жарақ сынақтары халықаралық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы келесі кезек­те әңгіме ауанын Орталық Азия өңіріне қарай бұрды. Құрлық ішіндегі стратегиялық орны ерекше Орталық Азияның қазіргі халықаралық қатынастардағы рөлі кү­шеюде, деді осы орайда Қ.Тоқаев. Ай­мақтағы ахуалдың тұрақты болуы айна­ладағы бірқатар мемлекеттердің, тіпті ядролық қаруға ие төрт мемлекеттің қауіп­сіздігін қамтамасыз етеді. Сондықтан әлем­дік алпауыт мемлекеттер Орталық Азияға айрықша назар аударуы тиіс, әсі­ресе бұл Ауғанстан түйткілін шешу шеңберінде аса өзекті. 90-жылдардың басында «Талибан» қозғалысының қауіп-қатерін, тіпті, дүние жүзінің басты астаналары жете бағалаған жоқ. Соның салдарынан Ауғанстан бүкіл әлемге қауіп төндіретін тұрақсыздық көзі болып отыр. Мем­лекеттіліктің ойран болуы, терроризм, есірткі өндірісі мен тоқтаусыз соғыстан қашқан босқындар мәселесі күрмеуі қиын түйінге айналып қана қоймай, шиеленісе түскен. Таза судың тапшылығы, есірткі тасымалы, адам саудасы, шекарааралық өзендер мәселелерін шешу Орталық Азиядағы барлық мемлекеттердің бірлескен күш-жігерін талап етеді.

Ширек ғасыр ішінде бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстан да бар, үш қаржы дағ­дарысын бастан өткерді. Мұндай тол­қулар енді тұрақты түрде болып тұра­тыны анық. Бұл келешекте әлемдік эконо­миканың тұрақтылығын айтарлықтай шайқалтуы мүмкін. Сондықтан, экономикада қордаланған түйткілдерді саясатты араластырмай, мүлдем жаңа инновациялық жолдармен шешу қажет болады.

АҚШ-тағы президенттік сайлау биылғы күздің басты саяси оқиғасына айналды, дей келіп, Қ.Тоқаев Д.Трамптың жеңісі ұлтшылдықтың мемлекеттің ішкі саясатында басымдыққа ие болған жаңа құбылыс ретінде халықаралық қатынастар алаңына шығып отырғанын көрсететінін көлденең тартты. Басқаша айтқанда, АҚШ-та болып жатқан оқиғалар әлемдік саясатқа және бірқатар елдердің ішкі ахуалына зор ықпал ететіні сөзсіз екеніне екпін түсірді.

Ғылыми-техникалық дамудың нәти­желері ширек ғасыр ішінде адамзаттың өміріне түбегейлі өзгерістер енгізді. Бұл тұрмыстық өмірге ғана емес, қауіп­сіздік саласына да қатысты. Жоғары техно­логиялардың дамуы мен оларды заңсыз пайдалануға байланысты орын алып отыр­ған киберқауіп қазіргі құбылмалы заманда біздің зор алаңдаушылығымызды тудырып отырғаны шындық. Өткен ғасыр­дың соңында байланыс құралдары мен әлеу­меттік желілердің қаншалықты кең тарай­тынын елестетудің өзі қиын болатын. «Араб көктемінен» кейін «интернет-төң­керіс (революция)» ұғымы пайда болды. Саяси қолданысқа «кибертыңшылық» және «киберлаңкестік» деген жаңа сөздер қосылды.

Бүгінде біз ғылыми-техникалық даму­дың сапалық жағынан жаңа дәуірінің алдында тұрмыз. Алдағы онжылдықтардың ішінде әлем түбегейлі өзгереді. Ең алдыңғы шепке дамыған мемлекеттердің санаулы бөлігі ғана шығады, олар технологиялық тұрғыдан мықты қозғаушы күш болатыны анық. Олардың ізімен ғылыми-техни­калық жетістіктерді көшіріп, меңгеруге қабі­летті орта деңгейде дамыған елдер жүр­мек. Бірақ, мемлекеттердің басым бөлігі даму даңғылынан тыс қалып, әлемдік қауіп­сіздікке елеулі қатер төндіруі мүмкін. Ғы­лыми-техникалық ілгерілеу жұмыс­сыздықтың өсуіне алып келеді: жұмыс­сыздық деңгейі қазіргі 200 миллионнан 1 мил­лиардқа дейін өседі, бұл да әлемнің табыс­ты және қауіпсіз дамуы жолында үлкен қиындықтар тудыратыны даусыз, деді Қазақстан Парламенті Сенатының Төр­ағасы.

Қ.Тоқаев Қазақстан Оңтүстік Қытай теңі­зінде болып жатқан оқиғаларға үлкен алаңдаушылық білдіретінін де айтты. Біз жерге қатысты барлық даулар бейбіт жолмен, серіктестік пен сындарлы келіссөздер арқылы шешілуі тиіс деп принципті түрде есептейміз. Жерге қатысты даулар кез кел­ген мемлекет үшін аса маңызды шетін мәсе­ле екені белгілі, сондықтан осындай дау­ларды реттеу кезінде халықаралық ұйым­дар тиісті және әділ шешім қабылдап, барлық мүдделі тараптардың пікірін еске­руі қажет. Бұл – Гаага аралық сотының үкі­міне де қатысты жағдай. Аймақтан тыс тұрған мемлекеттер осындай жағдайларға араласуына хақысы жоқ деп сенеміз.

Біз халықаралық қауіпсіздікті қамта­масыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымы ана­ғұрлым белсенді рөл атқаратынына зор үміт артамыз. Әмбебап және баламасы жоқ ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы адамзатқа төнген қауіп-қатерлерді әртараптандыруға ерекше назар аударуы қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымында жасалатын реформалар оның тиімділігі мен беделін көтеруі тиіс. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымын қолдайды және оның қыз­метіне жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын.

Қазақстан алдағы екі жылда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұ­рақты емес мүшесі болады, бұл бізге «Ұлт­тар шаңырағының» негізгі органында өз күн тәртібімізді ұсынуға мүмкіндік береді. Қазақстан негізгі көкейтесті мәселелер, оның ішінде Сирия мен Украина және өзге де түйіндер бойынша дауыс беретін болады. Серіктестеріміздің қолдауымен барша адамзатқа ортақ игілік пен гүлдену жолында әлемді өзара терең түсіністік пен ынтымақтастыққа жақындату мүмкін болады деп сенеміз.

Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылады. Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйы­мындағы рөлі айтарлықтай күшейді. Сіздердің елдеріңіз дүние жүзінің ең «қауіпті ошақтарына» өз бітімгерлерін жіберіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметіне елеулі қаржылай қолдау көрсе­тіп келеді. Қытай әлем мойындаған эконо­микалық алып держава ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті түйіндері бойын­ша салмақты шешім ұсынатын негізгі мем­лекеттердің бірі болып табылады. Сон­дықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіп­сіздік Кеңесінде біз Қытаймен өзара белсенді іс-қимыл жасаймыз деп сенеміз, деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Қ.Тоқаев бір айдан соң (3 қаңтарда) Қазақ­стан мен Қытай арасындағы диплома­тиялық байланыстардың 25 жылдығы атап өтілетінін айтты. Біздің халықтарымыздың арасындағы қарым-қатынастардың жаңа парағы дәл сол кезеңде ашылды. Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың табысты дамуына біздің мемлекеттеріміздің діни экстремизм, сепаратизм және терроризмге қатысты ортақ көзқарастары зор ықпал етті. Қытаймен достық қатынастар орнатқан кезеңнен бастап, бүгінгі күнге дейін Қазақстан «бір Қытай» позициясын берік ұстанып келеді.

Әрине, өзара табысты іс-қимылдардың дамуы, ең алдымен, Мемлекет басшы­лары­ның арасындағы сенімді үнқатысудың ар­қасы екені сөзсіз. 2002 жылы 23 желтоқсанда Бейжіңде Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен сол кездегі Қытай Төрағасы Цзян Цзэ­минь қол қойған Ізгі көршілестік, достық және ынтымақтастық туралы шарттың маңызы ерекше. 2005 жылы 4 шілдеде Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытайдың сол кездегі Төрағасы Ху Цзиньтао Стратегиялық әріптестік орнату және оны дамыту жөніндегі бірлескен декларацияға қол қойған еді.

Қазақстан басшысы мен Қытай Төр­ағасы Си Цзиньпин арасында өзара жылы шырайлы қарым-қатынастар орнады. Бү­гінгі таңда екі ел көшбасшыларының қам­қор­лығымен біздің елдеріміз жаңа ауқым­ды жобаларды жүзеге асыруда. Бұл жобалар Қазақстан-Қытай екіжақты қарым-қатынастарының аясынан шығып, құрлықаралық байланыстардың салмақты факторына айналды.

2013 жылы Астанаға сапары кезінде Си Цзиньпиннің бастамасымен ұсынылған Жібек жолы экономикалық белдеуі жобасының Еуразия кеңістігіндегі сауда-экономикалық қатынастар үшін маңызы зор. Қазақстан осы алып жобаны ұлттық стра­тегиялармен және Еуразиялық эконо­микалық одақтың ынтымақтастық бағдар­ламаларымен байланыстыра отырып, өз аумағында жүйелі түрде жүзеге асыруды көздейді, деді Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы.

Қ.Тоқаев, сондай-ақ өткен жылдан бері біздің елімізде «Нұрлы жол» инфра­құ­рылымдық даму бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын, осы бағ­дарламаның шеңберінде 2020 жылға дейін Қазақстанда сәулелік принцип бойынша Астананы еліміздің басқа аймақтарымен байланыстыратын заманауи көліктік-логистикалық инфрақұрылым жасалатынын айтты. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автокөлік дәлі­зінің қазақстандық бөлігі аяқталып келе жатқанын жеткізді.

Біздің стратегиялық басымдық беретін бағытымыз – Қазақстанды индустриялық-ин­новациялық жағынан дамыту болып табылады, ол «Бір белдеу, бір жол» мақ­саттарымен үндес. Біз үшін заманауи ғылыми-өнеркәсіптік технологиялар сала­сындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Қытаймен ынтамақтастық аса маңызды. Алдағы бес жылдың ішінде 26 миллиард доллардан астам соманы құрайтын 51 бірлескен жобаны іске асыру туралы келісім біздің елдеріміздің арасындағы өзара мүдделестіктің жарқын үлгісі болып табылады, деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Қ.Тоқаев сөзінің соңында Қазақстан-Қытай серіктестігін нығайтуда ғылыми және мәдени байланыстардың орны ерекше екенін атап көрсетті. Екі ел халықтарының өзара қызығушылықтарының өсіп келе жатқанын ескере отырып, жастар арасында достық байланыстар орнатуды назардан тыс қалдырмау қажет. Студенттер және аспиранттармен алмасу үдерісінің кеңеюі қуантады. Қытайда он бір мыңға жуық қазақстандық студент білім алуда, әрі олардың саны жыл сайын өсіп келеді. Бұл залда студенттеріміз отыр. Олар біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастыққа қызмет етеді деп сенемін.

Тұтастай алғанда, Қытай Қазақстан үшін маңызды серіктес болып табылады. Біз сіздердің елдеріңізбен арадағы ын­ты­мақтастықты жоғары бағалаймыз және стратегиялық серіктестікті нығайту үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

Біздің елдеріміздің «негізгі орта­лық­тары» арасындағы өзара іс-қимылдарды нығайтып, бірлескен конференциялар
өткі­зу тәжірибесін дамыта беру қажет. Екі елдің арасындағы ізгі көршілестік қаты­нас­­тарды одан әрі жетілдіруге арналған сіздердің ой-пікірлеріңіз бен ұсыным­дарыңыз мем­лекеттеріміздің тиісті ведомст­во­ларының практикалық жұмысы үшін өте тиімді болады деп сенемін, деді Сенат Төрағасы сөзі­нің қорытындысында.

Қазақстан сенаторлары сапарының бағдарламасында Қытай Коммунистік партиясының, Халық өкілдері Бүкілқытай жиналысының басшыларымен келіссөздер жүргізу, ірі сауда-экономикалық және қар­жы орталығы – Шэньчжэнге бару жоспары бар.

Қазақстан делегациясының құрамына сенаторлар Ақан Бижанов, Серік Жақсы­беков, Қайрат Ищанов, Ерболат Мұқаев, Төлеубек Мұқашев және Владимир Ред­кокашин еніп отыр.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.09.2018

СДУ әлемге танылған бүркітші Айшолпанға білім грантын ұсынды

26.09.2018

Мырзашөлде «Ақ керуен-2018» салтанатты іс-шарасы өтті

26.09.2018

Мемлекеттік қызметшінің жалақысы жаңаша төленеді

26.09.2018

Ақтөбелік аграршылар 500 мың тоннадан астам бидай жинауды жоспарлап отыр

26.09.2018

Бақыт Сұлтанов 7 жасар баланы құтқарған астаналықты марапаттады

26.09.2018

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтпаева тұрғындарды қабылдады

26.09.2018

Michael Kors Versace сән үйін сатып алады

26.09.2018

Ақтөбе облысында тұрақтандыру қорын құруға 309 млн теңге бөлінді

26.09.2018

Мұхамеджан Тынышбаев пен Тұрар Рысқұловтың ескерткіші ашылды

26.09.2018

Атырау облысының әкімі халықтан түскен шағымдарға уақтылы жауап беруді тапсырды

26.09.2018

Бүгін WSB-ның финалы өтеді

26.09.2018

Аса ауыр салмақтағы дзюдошыларымыз жеңілді

26.09.2018

Astana Media Week: Қазақстан телеарналары шетелдік экрандарда

26.09.2018

Қазақстанның тумасы суперчемпион атағы үшін айқасады

26.09.2018

Бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты Үндістанда өтетін болды

26.09.2018

«Астана Опера» сахнасында «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалі ашылады

26.09.2018

Қостанайда төртінші Цифрлы ХҚО ашылды

26.09.2018

Семей ядролық сынақ полигонының жағдайы ғылыми басқосуда талқыланды

26.09.2018

Конуэй қалашығы су астында қалып отыр

26.09.2018

Қазақстанда неміс технологияларын қолдануды жоспарлап отыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

Jańa mamandyq jaıy

«Erinbe. Eńbek et, mal tap» degen sózdi Abaıdan keıin ata-analarymyz jıi aıtatyn. Alaıda áleýmettanýshylar eńbek etý men tabysty bolýdyń mazmuny men shynaıylyǵy ózgerdi degendi alǵa tartady. Al eńbektiń formýlasy jumys isteý, kásip ashyp, tabys tabý ekeni belgili. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу