Мәдениет мәйегі

Біздің әңгімеміз жеке адамның мәдениеті, кісілік келбеті, халқы­мыз­дың дәстүрлі әдебі, жалпы адам­гершілік құндылықтар орайын­да өрбімек. Сонымен, мәдениет емес, мә­­дениеттілік туралы сөз қозға­мақпыз.
Егемен Қазақстан
06.06.2017 471
2

Олай болса, мәдениетті адам деп кімді айтамыз? Мәдениеттілік деге­німіздің өзі не? Ол неден, қандай қасиет­терден, іс-әрекеттерден көрініс табады? Былай қарағанда, бәрі түсінікті сияқ­ты. Мәдениетті адам дегеніміз сы­пайы, сырбаз, әдепті кісі. Ешкім де өзін мәдениетсізбін деп екібастан айтпаса керек. Бірақ солардың бәрі айнала толы мәдениетсіздікті, дөкірлікті, тро­туарлардағы аяқ басқан сайын қап­тап жатқан түкірікті, көшелерде мәши­нелерінен жүгіріп сала боқтасып, төбе­лесіп жатқан есірікті, қоғамдық көлік пен қызмет көрсету мекемелеріндегі жан ауыртар шайпау сөздерді жырдай қылып айтады.

Жан-жақты мәдениеттілік – рухани толымды, кемел адамның көркем бейнесі, келісті белгісі. Сол кемелдік пен келістілікке бүгінгі қоғамның, замандас­тарымыздың жетпей жатқандығы да мәлім. Белгілі жазушы ағамыздың баз-базында мәтел қылып айтып отыратын: «Кейбіреулер мені жуас деп ойлайтын көрінеді. Мен жуас емеспін, мен – мәдениеттімін» дейтін тәмсіл сөзі еске түседі. Ойлап қарасақ, осындай түсінбестік жайт жалғыз сол кісінің ғана басында ма екен? «Жуас түйе жүн­деуге жақсы» деп ішкі мәдениеті жоғары, бір қарағанда, момындау көрі­нетін ағайынның басына секіруге дайын тұратын әдет-мінездер де айналамызда жетіп артылмай ма? Оның есесіне, тағы да жоғарыдағы ағамыздың сөзімен айтқанда, «қырық қатынға бет бақтырмастай ұрсысып, бетбақтықпен жеңіп шығатын», қуыс кеуде болса да қоразданып жүретін кейбір ер-сымақтарды ер, өжет, батыл санап, көкке батпырауықтай көтеріп жіберетініміз де рас қой. Мұның өзі біздің әлі де болса кей реттерде адам бойындағы шынайы мә­дениеттілікті, қалтқысыз кісілікті тану мә­дениетіміздің төмендігін көрсетсе керек.

Көбіне-көп ішкі мәдениеттен жұр­дай адамның парықсыздығын – пара­саттылық, өрескелдігін – батылдық, сайқымазағын – қалжың, жарамсақтығын – мейірімділік, педанттығын – білім­паздық, қыл аяғында, өзінің үсті-басын күтпейтін салғырт-салақтығын – қарапайымдылық деп қабылдауға бейім тұратынымыз өтірік пе? Ал бұл аталғандардың жай ғана тәрбие­сіз­дік, біздің қазақ көп айтатын кәдім­гі көргенсіздік екенін ескере бермей­тін сияқтымыз. Сондай шектен шық­қандарды мақтамен бауыздап тойтарып, орнына қойып отыратын қазақы тәр­биедегі ақсақалдар мен ағалар, апа­лар мен жеңгелер институттарын сағы­нарымыз, олардың аса қажеттілігі осындайда.

Ана бір жылы. Бір ректордың қабылдау бөлмесінде тұрғанбыз. Белгілі азамат әй-шәй жоқ, еденге былш еткізіп түкіріп салды да, түк болмағандай әңгімесін әрі қарай жалғастыра берді. Оқыста ыңғайсызданып қалдық. Хатшы қыз қатты ренжіп: «Аға, сіздің мұныңыз не?» деп келе жатыр еді, «ағасы» тас-талқан ашуланып: «Әй сен қыз неғылған көргенсіз неме едің, әкеңдей үлкен адамның бетінен алып?!» деп хатшының өзін сүтке тиген күшіктей қылды. Не істейміз? «Бетті бастық, қатты састық, тұра қаштық жалма-жан...» Осындай ит мінездер ішкі мәдениеттің ең төмен сатысын көрсете тұрса да, көпшіліктен, қоғамнан тиісті бағасын алмай жатқаны анық. Сол бір келеңсіз жай есіме түсіп кеткенде әлі күнге дейін үнсіз жағамды ұстаумен жүремін.

«Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас» дегендей, дөкір-дөрелік, тұрпайылық, шайпау мінез, келу­шілерге тіл тигізудің неше түрі әсіресе адамдардың ісі түсетін мекеме­лерде орын алып жатқанын аңғарамыз. Мұндай жерлердегі кеудемсоқ қызмет­керлер мәдениеттілік деген мәнсіз сөзге, жұқалап айтқанда, пысқырмайды екен. «Бастығыңа баяндайық осы қылығыңды» десе, ондай доқтан да ықпайды, айылын жимайды: «Қайда барсаң онда бар!» деп беттері бүлк етпей безереді де отырады. Әлде, айлықтарының төмендігінің өшін халықтан ала ма екен? Қалай болғанда да, қай жердегі де мәдениеті жоғары, азды-көпті кісілігі бар, парасатты адам бұлай етпес еді деп ойлаймыз.

Жақында бір әріптесіміз денсаулығын тексертіп қаралуға астаналық бір емха­наға барды. Тексерілгені құрысын, сау басына сақина тілеп, ауруына ауру жамап қайтты. Әуелі дәрігер өзі бос отырса да әрнені сылтауратып, кіргізбейді. Әлден уақытта шығып, біздің жігітті көріп: «Аа, сен әлі отырсың ба? Жарайды, кірші!» дейді бұлданып. Одан мейірбикесі: «Қайда істейсіз?» деп сұраса, дәрігер әйел тағы тұлданып баж ете қалады: «Да где он может работать? Он же инвалид!» Қабылдауда отырған сап-сау адамның сол арада қысымы көтеріліп, қиналып қалады. Әрине, құдайым мұндай оспадар дәрігерден сақтасын!

Мәдениеттілік – адамгершілік айнасы, адамның тұлғалық асыл қасиеттерінің көрінісі. Бұл этикеттен, әдеп, ибадан, көр­ген­діліктен, толып жатқан басқа да із­гілікті қасиеттерден байқалмақ. Олай болса, Елбасы айтқандай, «...ке­же­гесі кері тартып тұратын, аяқтан ша­латын әдеттерді де ұлттық сананың ая­сында сүрлеп қоймай», Рухани жаң­ғыруымыздың әліппесін мәдениет мәйегі – мәдениеттілік пен кісілікті асқақ­татудан бастайық.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу