Мәжіліс депутаттары марапатталды

Кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Тәуелсіздік күніне байланысты мемлекеттік наградалар берілген бір топ Мәжіліс депутаты мен аппарат қызметкерлеріне палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин марапаттарын тапсырды.
Егемен Қазақстан
14.12.2016 5337
2

Марапатталғандар алдында сөйлеген сөзінде Төраға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының маңызы туралы айтты. Осы жылдарда қол жеткізген табыстарымыздың бәрі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты және барша қазақстандықтар Елбасының төңірегіне топтаса түскендіктен, болашаққа сеніммен қарайды. Әлемдік тарихтың көзімен қарағанда, 25 жыл деген көзді ашып-жұмғанша өте шығатын өте қысқа мерзім, бірақ осы кезеңде бізде атқарылған істер ғасырларға татиды. Бұл 25 жыл алға ұмтылған біздің халқымыздың жеңістері мен табыстарынан құралған. Біздің табысымыздың ең басты факторы Мемлекет басшысының болашағымызды көре білген, ұлтымызды жоғары мақсаттар жолына жұмылдыра білген көшбасшылық дарыны болып табылады. Бұл туралы ел Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясында айқын көрсетіліп, анық жазылған, деді Н.Нығматулин.

Одан әрі марапаттарды тапсыру шарасы басталды. Мемлекеттік және қоғамдық істерге сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі мен этнос­тар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтқаны үшін Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исімбаева мен депутат Жанат Жарасов «Парасат» орденімен, депутат Ахмет Мурадов ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. «Құрмет» орденімен депутаттар Меруерт Қазбекованың, Евгений Козловтың, Айгүл Нұркинаның, Тұрғын Сыздықовтың, сондай-ақ, Мәжіліс аппараты жетекшісінің орынбасары Дастан Махаев пен бөлім меңгерушісі Аманбек Рамазановтың еңбектері аталып өтті.

Депутаттар Наталья Жұмаділдаева, Магеррам Магеррамов, Бақтияр Мәкен, Ирина Унжакова, сондай-ақ, палата аппараты бөлім меңгерушілерінің орынбасарлары Айман Төкиева мен Мұратбек Әмірбеков және бас консультанттар Зәмеш Кеңесқызы мен Ольга Абрамова марапатталды. «Шапағат» медалін депутат Жанат Омарбекова алды. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Мәжіліс депутаты Наринэ Микаелян мен аппарат секторының меңгерушісі Наталья Лотованың еңбектері «Ерен еңбегі үшін» медалімен аталып өтті.

Сонымен қатар, Мәжіліс депу­таттары тұтастай Президенттің Жар­лығымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығы» мерей­той­лық медалі­мен марапатталды. Бір­қатар мә­жі­лісмендер мен аппарат қыз­меткерлері ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ҰҚШҰ Пар­ламенттік Ассамблеясының наградаларын алды.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу