Мәңгілік қарызды өтеу

Мәскеудегі Орта­­лық әде­­биетшілер үйін­де ре­сей­ліктер 12 сәуір күні Ев­гений Евтушенко­мен қош­та­сады. Ғазиз жүрек­тің түп­кірінен шыққан шы­ғар­­малары оның мына өмір­де бол­ғанын айғақтап, тол­қиды. Оқыр­мандары да со­ған қосылып кү­ңіренеді. Қай­ғы басылған сәт­тен оның шығармашылық әле­­мі қайта жарқырап, адам­зат ал­дындағы мәң­гі­лік қа­рызын өтеу үшін ғұ­мы­рын жалғастыра бермек.

Егемен Қазақстан
06.04.2017 3909
2

Ақындарды түсіну үшін бір кітабын ғана оқу аз­дық етер еді. Тіпті бүкіл шы­ғар­машылығымен таныс болсаң да, етене дидарласып, тәмам сырын ұғудың өзі ақылыңа едәуір салмақ салады. Адам жанының қатпар-қыртысы қаншалықты мол болса, бір сөзді екі-үш қайтара айтқан сайын әр естігеніңде неше түрлі тү­сінуіңе тура ке­ле­тіндей.  Бұл сөз­дің шексіз қасиеті ме, әлде ақын жа­ны­ның құбылмалы күйі ме, ол араны анық ажырату қиын. Бір қалыпта тұрмайтын көз­қа­растың, дүниетанымның, білімнің күшімен бір ауыз сөзге жастығыңда сыйдыра ал­маған көп мағынаға егде тарт­қан жасыңда ие болып жат­саң да – шүкіршілік. Ал Евгений Евтушенко сияқты жиырма жасында Отанына танылып, отызында әлемге атышулы болған ақынның сырын үйреншікті әдіс­пен ашам деу қате болар еді. Ақында сыр көп, сырлас та аз емес. Жазушы, сцена­ри­ст, режиссер, актер, пуб­ли­­цист. Мемуар да жазды. С.Волковқа ар­найы хат жазып, сексен жыл­дық ғұмырын қо­ры­тын­ды­лай­тын үш бөлімді үлкен сұх­бат бе­руінің өзі айтар сөздің, ай­тыл­­ма­ған сырдың ұшан қиырын көр­­сет­пей ме?! Оған дейін де қан­­ша сұхбат, кездесу, кеш өт­ті. Сек­сен бес жылдық ме­рей­тойын­да гастрольдік сапар аясында  Қазақстан­ға да келуге ниет еткен ақын­ның арманы орындалмады. 

Ақын тағдырын оның қа­ла­мынан туған бүтін шығар­ма­лары мен аузынан шыққан әр сөзді ұғынып барып түсіне ала­сың. «Ақын да бір бала ғой ай­ға ұмтылған» деген Мағжан сө­зінің арманшыл романтикасын ғана түсініп жүргенімізді ен­ді ұққандаймыз. Тіпті тура ма­ғынасында да ақын – бала. Күллі оқырман соның сөзін сөйлеп, жырын тыңдап, алдында құрақ ұшқанын қалайды. Ақын қар­тай­са да, ақындық қар­таймайды.

Ақындыққа құштар әкенің, өнер­лі ананың тәрбиесін көрген Евтушенко жас күнінде-ақ өзін ақын сезінді. Сегіз томдық өлеңдер жинағының алғашқы томында 1937, 1938, 1939 жыл­­­­дардың мерзімі жазыл­ған өлең­­­­дері айғақтайтын албырт ақын­­ның өмір жолының өзі көп ешкімге ұқсамаған, көп еш­­­­кімге бұйырмаған оқшау. «Мая­­ковскийге еліктейді» деп сынағандарды елеген жоқ. Атақты «Поэма ал­дын­да­ғы дұға» өлеңінде өзінің сүй­ік-

ті ақындарынан бір қа­си­ет үйренуге тырысқанын бай­қатады. Әсіресе Пушкинді жақ­сы көреді. Орыс поэзиясында қалыптасқан, әсіресе Есенин мен Маяковскийден кейін сәнге ай­налуға шақ қалған «еркелік» өз арнасынан еш ауытқымай қа­пысыз иесін тапты. Жылымық ке­зеңнің оңтайлы сәтін пайдала­нып, еврей халқының жаппай ре­п­рессияға ұшырағанын жырға қос­ты. Сол үшін биліктегілерден алыстады. Бірақ, көпке жақын болды. Оған дейін Сталинге неше мәрте өлең арнаған ақын енді сая-

си өлеңдерін көбейте бас­та­ды. «Бабий яр» поэмасы үшін Нобель сыйлығына ұсы­нылды. Содан бергі жарты ға­сыр­ға жуық уақыт ең беделді сый­лықтың негізгі үміткері са­на­лып келді. «Ақын  рауандап атқан таңның, манаурап батқан күн­нің ға­жай­ыптығын емес, оның гимнін жазу керек» деп жаз­ды Меже­лай­тис. Куба, Чили, Аме­ри­каға барған сапарларында ақын ондағы саяси ахуал-

дан бұрын сондағы халықтың көңіл-күйін жазуға тырысты. Ақын мына дүниедегі бар ізгілік алдында мәңгілік қарыздар деп түсінді. Ең алдымен өскен өлкеге, ата-анаға, әдебиеттегі ұстаздарға. Тіп­ті, жауына да. Дүниеуи қа­рым-қатыныстың әсерімен пен­де­лік­ке бой алдыратын кездерде, алдағы таңдаудың сәтті я сәт­сіз болуына ықпал ететін адам факторының өзінен сабақ алу­ға құлшынатын болмыстың өзін жоғалтпауы үшін, я ішкі ме­ні­не сәйкес атмосфера жа­сау үшін ыңғайлы кезең ту­дыр­ған уа­қытқа да қарыздар. Ақын бә­рі үшін жазу керек. Тіп­ті, өзі­мен келіспейтіндер үшін де. Олар­ға жақсылықты, із­гілікті ұқ­тыру үшін. Осының бә­ріне ақын міндетті деп тү­сін­ді. «Мен – Кубамын», «Сантьягодағы кептер» поэмаларын жазуының бір төркіні осындай ақындық кредоларда жатқандай.

Арғы атасы энергиясы мол, қажуды білмейтін жан бо­­лыпты. Беринг бұғазы ар­қы­лы Аляскаға, одан әрі Аме­рикаға өтер алдында туннель салу идеясы ойына келіп, патшаға өз жобасын жіберіпті. Бірақ ол кезде мақұлдана қоймаған көрінеді. Енді араға үш ұрпақ салып, Евтушенко да өзінше Америка мен Ресей­дің арасына «туннель» жал­ғапты. Ол – ақын даңғылы. Евту­шен­коны шетелге кеткені үшін қанша жазғырса да ол орыс поэзиясының сырттағы ең жарқын өкілі саналды. Публиканы ұнатқан, әркез сән­ді киім киюді әдет еткен, кешке киер көйлегіне дейін өз ойымен тіктірген ақын­ның ерекше болмысы қалай болған күнде де берісі орыс өлеңіне, арысы әлемдік әде­биетке қызмет қылды. Аза­мат­тық ұстанымдары үшін мың­даған хат алып, соның бәріне қалам күшімен жауап қат­қан ақынның қазасы «алпысыншы жылғылар» дейтін үлкен толқынның, бір дәуірдің аяқталар тұсы болыпты.

Ақырғы деміне дейін өлең болып, ажал келгенше кү­ресуден шаршамаған ақын­­­ның соңғы аманаты да поэ­тикаға ие болыпты. Жас кү­нінде бірге өлең оқыған Пас­тер­нактың жанын­да жатуды мақсат етіпті. Пе­ре­дел­ки­но да енді поэзия деп аталатын қасиетті әлемнің қастерлі бұ­рышына айнала түседі.

 

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

Атырау жылу электр орталығында апатты жағдай болды

20.01.2019

ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

20.01.2019

Солтүстік Қазақстанда көпсалалы аурухана салынады

20.01.2019

Қазақстандық балалар фильмі халықаралық кинофестивальде жүлде алды

20.01.2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу