Мәселелердің бәрі маңызды

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төра­ға­лығымен өткен кешегі Үкімет отырысында негізінен үш мәселе қаралды.
Егемен Қазақстан
28.06.2017 2354
2

Жолын тапқанға туризм табыс көзі


Бірінші мәселе бойын­ша сөз алған Мәдениет жә­не спорт министрі Арыс­тан­бек Мұхамедиұлы Қазақстан­ның туристік саласын дамы­ту­дың 2023 жылға дейінгі тұжы­рым­­дамасы туралы баяндады. Оның айтуынша, Дүниежүзілік экономикалық форумның 2017 жылғы саяхат пен туризмнің бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі рей­тингінде Қазақстан 136 елдің арасында 81-орынға табан тіреп, 2015 жылмен салыс­тыр­ғанда 4 саты, ал 2011 жылғы көр­­сет­кіш­тен 12 саты алға бас­қан.
«Еліміздегі туризм сала­сы­ның көрсеткіштеріне тоқ­та­латын болсақ, 2016 жылы ішкі сая­хатта болғандар 9,6 млн адам­ды құрады, ал шет елдерден кел­ген туристер саны 6,5 млн адамға жетті. Шетелдіктердің 90 пайызы Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан секілді ТМД елдерінен келгендер. Қал­­ған 10 пайызы Қытай, Түр­кия мен Иран және өзге мем­ле­­кет­тердің азаматтары. Қа­зіргі кезде Статистика комите­тімен, «Маккензи» мен «Рефор­ма­тикс» компанияларымен, сонымен қатар, ЮНВТО және Дү­ниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесе туристерді тіркеудің әдістемесін өзгерту бойынша жұмыстарды жүргізудеміз», деді А. Мұхамедиұлы. 
Еліміз маңызды туристік әлеу­етке ие бола тұра, ол мүм­кін­діктер әлі де болса толық пай­да­ланылмай келеді. Жаңа тұжы­рымдамада осы мәселелер ес­керіліп отыр. Соның ішінде ай­мақтық туризм әр өңірдің ерек­шеліктеріне сәйкес 6 кластерге бө­лініп, дамытылмақ. Олардың жаңа­дан енгізілетін түрлері «Мәң­гілік Ел» жалпыұлттық идея­сы құндылықтарын наси­хат­тауға ықпал ететін болады. 
Сондай-ақ, жаңартылған тұ­жы­рымдама жобасында мә­дени-танымдық және этно­гра­фиялық туризм, оқиғалық, балалар мен жасөспірімдер туризмі, медициналық, кемпингтік, аң­шылық-трофейлік және спорт­тық туризм ескеріліп отыр.
Үкімет отырысына Дүние­жүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рифай да қатысып, өз ұсыныстарын ор­та­ға салды. Оның айтуынша, Қазақстанда туризм сала­сын дамыту үшін шетелдік ту­ристер үшін виза алуды жеңіл­дету, туристердің елге келіп кетуіне қолайлы жағ­дай­лар туғызу, Қазақстанның атын шығару үшін оның ерек­шелік­терін халықаралық дең­гейде насихаттау және туризм саласындағы мамандар дайындауды жетілдіру қажет.
«Қазір туризммен атын шы­ғарып отырған Дубайдың өзін­де кезінде ештеңе болмап еді. Бәрін де адамдардың ерік-жі­гері шешті. Ал Қазақстанның ту­рис­тік әлеуеті үлкен. Үлкен ерік-жігер болса, Қазақстан да бұл са­ланы мықтап дамыта алады», деді ол.

Транзиттік әлеуетімізді тиімді пайдаланайық


Күн тәртібінде қаралған екін­ші мәселе транзитті, логис­ти­каны және жол бойында көр­сетілетін қызметтерді дамыту жайында болды. Бұл мәселе бойынша Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндады.
«Қытайдың және Оңтүстік-Шы­ғыс Азия елдерінің Еуро­палық Одақпен сауда қатынас­тарының қарқынды дамуы Қа­зақ­станның транзиттік мүмкін­діктерін нығайтуға қолайлы алғы­шарттар туғызуда. Сон­дық­тан, көлік саласының өсіміне әсер ететін еліміздегі негізгі драйвер ретінде біз бірінші ке­зекте ҚХР-ЕО бағытындағы тран­зиттік әлеуетті дамыту мә­се­­лесін қарастырып отырмыз», деді министр.
Жеңіс Қасымбектің айтуын­ша, көліктік ұйымдардың тран­зиттік тасымалдан түсетін кі­ріс­тері 2016 жылы 267 млрд тең­гені, оның ішінде теміржол көлі­гінде 222,6 млрд теңгені, әуе көлігінде 44,3 млрд теңгені және автомобиль көлігінде 67 млн теңгені құрады.
2020 жылға қарай Мемлекет басшысының Жолдауына сәй­кес транзиттік тасымалдан тү­се­тін кіріс 1,3 трлн теңге, оның ішінде темір жол көлігінде 1,1 трлн теңге, әуе көлігінде 134 млрд теңге және автомобиль көлігінде 66 млрд теңгені құ­рай­тын болады.
Бұл ретте, сарапшылардың (Bos­ton Consulting Group) баға­лау­ын­ша, 2020 жылы транзит­тік тас­ы­малдың өсімінен еліміздің ІЖӨ-сіне 5,2 млрд АҚШ долла­ры мөлшерінде табыс кірмек.
Бүгінгі күннің өзінде Еуро­паға жүктер Қытайдан Қазақ­стан арқылы шамамен 12-15 күн­де жеткізіледі. Ал осы жүк­тер­дің Оңтүстік теңіз жолымен 45-60 күнде, Солтүстік теңіз жо­лымен 33-35 күнде және Транс­сібір магистралі бойынша 18-20 күнде жеткізілетіндігін ескерсек, Қазақстанның тран­зит­тік жүктерді тартуда қатаң ха­лықаралық бәсекеге түсе оты­рып, дәстүрлі халықаралық мар­шруттарға (Оңтүстік және Солтүстік теңіз жолдары, Транс­сібір магистралі) қарсы бәсекеге қабілетті құрлықтық маршрутты құра білгендігін қазірдің өзінде анық аңғаруға болады.
Соның нәтижесінде 2016 жылы ҚХР – ЕО – ҚХР бағы­тында контейнерлік тасымал­дардың көлемі 2015 жылмен салыс­тыр­ғанда 2 есе өссе, осы жылдың 5 айында осы бағыт­тағы тасымалдар 2016 жыл­дың сәйкес кезеңімен салыс­тыр­ғанда тағы да 2,2 есеге өсіп, 59 мың ЖФБ құрады. Өт­кен 5 айда ҚХР – ЕО – ҚХР бағытында контейнерлік пойыз­дардың саны 681 бірлік бол­ды, бұл 2016 жылғы сәйкес ке­зеңмен салыстырғанда 2 есе­ге көп. Жалпы 2016 жылы Қазақ­­стан Республикасының ау­мағы бойынша транзиттік қа­ты­наспен 245 мың контейнер тасымалданды, бұл 2015 жыл­дың сәйкес ке­зеңімен салыс­тырғанда 35,3 мың контейнерге немесе 14 пайызға көп. Ал осы 5 айда транзиттік кон­тейнерлік тасымалдардың кө­лемі 119 мың ЖФЭ құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыс­­тырғанда 1,5 есе өсті. 2020 жылға қарай жалпы көлем 2 млн контейнерді құрайды деп күтілуде.
Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек соңғы 7 жылда әуе көлігіндегі транзиттік жолаушылар ағы­ны 20 еседен астамға өсіп, 2010 жылғы 20 мың адамнан өткен жылы 478 мың адам­ға жеткендігін атап өтті. Қазақ­стан арқылы транзитпен өте­тін негізгі жолаушылар ағы­ны Қытайдан Еуропаға, Ре­сей және Түркияға, Еуропа мен Үндістан, Украина мен Өз­бекстан, Қырғызстан мен Оңтүс­тік Корея арасында кү­шейе түскендігі байқалды. 
Қазақстан арқылы авиат­ран­зит тартымдылығын арт­­тыру үшін Мемлекет басшы­сының «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы шеңберінде транзиттік әуе жолаушылар санын 2017 жылдың аяғына дейін 600 мыңға, ал 2020 жылға қарай 1,6 млн адамға дейін ұлғайту көз­деледі.
Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жобалық басқару шеңберінде қанатқақты режімде ЭКСПО-2017 өт­кі­зу кезінде қа­зақ­стандық авиакомпаниялармен Астана және Алматының әуе­жай­лары арқылы транзитпен өте­тін ҚХР азаматтарына 72 са­­ғаттық визасыз режім енгі­зіл­ген. 
«Сонымен қатар, қызмет көр­­сетілген транзиттік ұшу­лар­дың өскендігі байқалады. 2017 жыл­дың 5 айында ұшулар саны 48,5 мыңды құрады. Бұл өткен жыл­дың сәйкес кезеңінен 5,9 пайызға артық», деді министр.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин жүк контейнерлері тасымалының артуы Қазақстан үшін маңызды екендігін атап көрсетті. Оның айтуынша, Қытайдан басталатын жүк кон­тей­нерлерінің бұрын 10 пайызы ғана Қазақстан аумағы ар­қылы, қалған бөлігі басқа елдер арқылы өтіп келсе, енді 2020 жылға таман 80 пайызы біздің елдің аумағы арқылы өтеді деп күтілуде.
Отырыста осы қаралып отырған мәселенің жалғасы іс­петті «Инфрақұрылымдық жоба­ларды жүзеге асыру және темір жол көлігімен транзитті дамыту барысы» туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қа­нат Алпысбаев толығырақ баян­дап берді. Оның айтуынша, 2017 жылдың желтоқсан айын­да Құрық портында автокөлік өтке­лінің бірінші кезегі пайдалануға беріледі. Алматы – Шу темір жол желісінің бірінші кезегінің құ­рылысы аяқталды. Сөйтіп, оның мүмкіндігі 1,5 есе өсті.
«Жаңадан іске қосылған «Нұр­лы жол» вокзалы кешені ар­қылы тәулігіне 27 жүк пойызы өтеді. Ал Нұрсұлтан Назарбаев ха­лықаралық әуежайының жаңа терминалы пайдалануға беріл­гелі 195 халықаралық әуе рей­сіне, 48 мың жолаушыға қыз­мет көрсетілді», деді Қ.Алпыс­баев. 

Кодекске түзетулер үш бағытты қамтиды


Күн тәртібіндегі үшінші мәсе­ле бойынша Әділет ми­нистрі Марат Бекетаев Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізуді қарастыратын заң жобасын қарауға ұсынды. Ол үш бағытты қам­тиды. Соның біріншісі ізгі­лен­діру ісі осыған дейін жеке тұл­ғаларға қолданылса, енді заң­ды тұлғаларды қамту да көзде­леді. Сондай-ақ, санкцияларды жеңіл­дету шаралары да қарас­тырылған.
Екінші бағыт бойынша осы­­ған дейін рұқсаттама құ­жаты­ның әрекеті толық тоқ­та­ты­лып келсе, енді оны жеке қызмет түр­леріне қатыс­ты ішінара тоқтату да қарасты­рылатын болады.
Үшінші бағыт бойынша мемлекеттік органдар мен сот деңгейлерінің істерді қайта қа­рау рәсімдері ажыратылады және бөлек процестік құжат­тардың мәртебесі белгіленетін болады.
Үкімет отырысының соңы­нан журналистерге арнал­ған баспасөз мәслихаты ұйым­­да­с­тырылып, қаралған мәсе­лелердің мәні мен маңызы түсін­дірілді.

Сұңғат Әліпбай,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу