Маусымаралық трансфер қызып тұр

Футболда жанкүйер қауымды елең еткізетін жаңалықтардың бірі трансфер нарығы десек, артық айтқанымыз емес шығар. Қысқы және жазғы трансферлік үзіліс кезінде жүлдеден үмітті командалар құрамдарын екшеп, күшейтіп алуға тырысады.
Егемен Қазақстан
24.01.2017 7307

Бұл үрдіс біздің футболда да бар. Қытай секілді әлемнің атақты жұлдыздарын шақырмасақ та, Еуропада жүрген ортаңқол ойын­шы­лар Қазақстанға да келіп жатады. 

Каньяс, Твумаси, Гоу, Исаэль, Максимович сияқты футбол­шылардың арқасында «Астана», «Қайрат» еурокубоктарда сәтті өнер көрсетіп жүр. Отандық коман­далар биылғы жылы да қалта­мыз көтеретін ойыншылармен толығуды бастап кетті.

«Астана» сапынан команда капитаны Таңат Нөсербаев кетті. Соңғы 6 жыл бойы елорда клубында өнер көрсеткен футболшының келісімшарты аяқталған. Еркін агент ретінде өзінің бұрынғы командасы «Ордабасыға» ауысты. Нөсербаев «Астана» сапында Қазақ­стан чемпионаты мен кубок додасы аясында 171 ойын өткізіп, 51 гол соқты, 24 рет нәтижелі пас берді. Еурокубок додаларында 24 ойынға қатысып, 3 мәрте мергендік танытқан. «Астана» сапында Чемпиондар лигасында да, Еуропа лигасында да ойнады.

Сол Нөсербаевты жоқтатпай-ды-а­­у, тіпті асып түсетін шығар деп Стойлов бапкер оның орнына Албания құрамасының шабуылшысы Аздрен Гани Лулакуды аттай қалап алдырды. Бұл футболшы соңғы екі маусымда Ру­мынияның «Газ-Метан» клубы сапында өнер көрсеткен. Румы­ния чемпионатының ең үздік сұрмергені. Лулаку 20 ойында 16 гол соққан. Шабуыл өтінде және қапталдағы жартылай қорғаушы  болып та ойнай алады.

Сондай-ақ, «Ертістен» ауысып келген Роман Мұртазаев та «Астананың» шабуылын күшей­теді деген сенім бар. Ал өткен жылы өзін көрсете алмаған 28 жаста­ғы Македония футболшысы Агим Ибраими трансферге қойыл­ды.

«Ақтөбе» командасы биыл қайта жаңарып жатыр. Клуб директоры, бапкері барлығы да ауысты. Бұрынғы футболшылардың көбісі кеткен. Украиналық маман Игорь Рахаев қазірдің өзінде үш бірдей легионерді шақырып үлгерді. Олардың арасында 2005 жылы Аргентинаның жастар құрамасы сапында әлем чемпионатында жеңіске жеткен Хуан Мануэль Торрес бар. Жанкүйерлер Чако деп атап кеткен футболшы әлем біріншілігінде бүгінде дүние жүзіне танымал жұлдыздар Лионель Месси, Серхио Агуэро, Пабло Сабалетамен бірге ойнаған екен.

Рахаев бапкерге Латын Амери­ка­сының футболшылары қатты ұнайтын тәрізді. Бразилиялық екі легионерді де қатарға қосты. Олардың бірі Диас Моррейра Кассиано «Интернасьонал» командасына тиесілі болатын. Соңғы маусымды Бразилияның Б сериясындағы «Гойяс» клубында өткізген. Бұл футболшыны «Ақтөбе» жалға алды. Бірақ қос тараптың келісімі бойын­ша «Ақтөбе» клубы жалға беру ақысын төлемейді екен. Екін­шісінің есімі – Эванилдо Боргес Барбоса Жуниор немесе жай ғана Жуниньо. Қорғаныстың сол қапталында өнер көрсетеді. Transfermarkt 1,5 миллион еуроға бағалап отыр. Дегенмен Жуниньо еркін агент ретінде тегін ауысты.

Бұрын Еуропаның ТОП-клубтарының қосалқы құра­мында отырса да жарнамасы жер жарып тұратын футболшылар болады. Мысалы, «Ертіске» Франциядан Франк Джа Джедже деген шабуылшы келді. 30 жастағы футболшы Кот-д’Ивуар мемлекетінің астанасында дүниеге келген. Бірақ бала кезінен Францияда тұрады. ПСЖ клубының түлегі. Париж командасының сапында 4 ресми ойын өткізген. Сондай-ақ, «Брест», «Гренобль», «Страсбур», «Ванн», «Арль-Авиьон», «Ницца» клубтарында өнер көрсеткен. Францияның жасөспірімдер құрамасы сапында 2005 жылы Еуропа чемпионы атаныпты. Сол кезде Уго Льорис, Йоан Кабай, Абу Диаби, Йоанн Гуркюфф секілді болашақ жұлдыздармен бірге ойнаған. Футболшының жарнамасы тәп-тәуір. Ал ойынын уақыт көрсетер. «Ертіс» биыл Еуро­па лигасының іріктеу кезеңіне қатысатынын еске сала кетейік.

Бір командадан екіншісіне ауы­сып жатқан отандық ойыншылар да жетерлік. Тоқтар Жаңғылышбай «Тобылдың», Хайруллин «Аты­раудың», Досмағамбетов «Оқжет­пестің» жейдесін киді.

Иә, маусымаралық трансфер қызып-ақ тұр. Бұл үдерістің жаңа маусымға дейін жалғасатынын еске алсақ, сіз бен біздің футбол нарығындағы әлі талай жаңалыққа куә болатынымыз айдан анық.

Бек ТӨЛЕУОВ

АСТАНА

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу