Мәжіліс тарихи шешімдер қабылдады

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен палатаның осы сессиядағы соңғы жалпы отырысы өтті. Онда үш заң жобасы талқыланды. Ал депутаттар құжаттарды қарауға кіріспес бұрын Мәжіліс Төрағасы VI шақырылымның екінші сессиясының жұмысын қорытындылады.
Егемен Қазақстан
29.06.2017 2911
2

Н.Нығматулин екінші сес­сия­ның биылғы жылы атқарған жұмыстары жөнінде баяндады. 

«Біз бүгін екінші сессия бойынша Мәжілістің соңғы жалпы отырысын өткізіп отырмыз. Бұл сес­сия Мәжіліс тарихындағы ең ма­ңызды кезеңдердің бірі бол­ды деп айта аламыз. Себебі, осы уақытта біздің Қазақстаны­мыз­дың Тәуелсіздігіне 25 жыл толды. Осыған байланыс­ты депутаттардың белсене қа­ты­суымен Қазақстан Тәуел­сіздігінің 25 жылды­ғына арналған тарихи Декларация қабылданды. Сонымен бірге, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы­мен ірі конституциялық реформа жүргізілді, оны сапалы заңмен қамта­масыз ету үшін де­­пу­тат­тар үлкен жұмыстар ат­қар­­ды. Нәтижесінде, елі­міздің Консти­ту­ция­сына, басқа да көпте­ген маңызды заңдарға өзге­ріс­тер енгізілді», деді Нұр­лан За­йроллаұлы. 

Сондай-ақ, ол Пар­ламенттегі тағы бір үлкен өзгерістің бірі ретінде Мәжіліс жұмысының ашық­­тығын атап өтті. «Сес­сия ашыл­ғаннан кейін жалпы отырыс­тар мен Үкімет сағаттары он­лайн режімде бүкіл рес­публикаға көр­сетілді. Бұл Мәжіліс жұмысын бұ­­рын­ғыдан да ашық ете түсті. Сонымен қатар, бізде өткен шараларға мем­ле­кеттік органдар­мен бірге, қоғамдық ұйым мүше­­лері, Мәжіліске кірмеген пар­тия­лар қатысып, олармен бірлесе жұмыс атқардық», деді Н.Нығматулин.

Күн тәртібінде бекі­тіл­ген та­қы­рыпқа сай, ең алдымен, «Еура­зия­лық экономикалық одақ­қа мүше мемлекеттер ара­сындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл жөнінде арнайы баяндама жасаған Ішкі істер министрінің бі­рінші орынбасары Ма­рат Демеуов құжат қыз­меттік және азаматтық қа­руды өткізу мен оның ішкі транзитіне байла­ныс­­ты қатынастарды, сон­дай-ақ, құзыретті органдар арасында осындай өткізу мен ішкі транзитті мемлекеттік бақылауға бай­ланыс­ты мәселелер бо­йынша өзара іс-қимыл жасауды реттейтіндігін жеткізді.

Ал аталған заң жобасын тал­қылау барысында депутаттар тарапынан сұрақ қойылып, оған нақ­ты жауаптар берілді. Ішкі істер министрі бірінші орын­басарының айтуын­ша, өткен жылдың соңын­да қабылданған «Терро­ризмге қарсы күрес тура­лы» Заң талабына сәй­кес, ел азаматтары қару-жа­рақтың төрт түрін алып, сақтауға құқылы көрінеді. «Оның екеуі тегіс ұңғылы болса, екеуі ойық ұңғылы. Ал ұлттық заңнамамызға сәйкес, аң ату мақсатымен елге келетін шетел азаматтары шекарадан екі мылтықтан артық алып кіре алмайды және қару-жарақ түрлерін тасымалдау бір ғана құжатпен тиісті талаптарға сай жүзеге асырылады. Сон­дай-ақ, қару алуға өтініш беру тәртібі мен сату не­месе тасымалдау мәсе­лелерінде элек­тронды құжат айналымы негі­­зін­де кедергісіз рәсім­деу мүм­к­ін­діктері де қарас­ты­рылған», деді М.Де­меуов.

Жалпы, отырыста заң жобасын толық қолдай­тын­дығын білдіріп, өзге де әріптестерін қол­дауға шақырған депутат Сергей Симонов министрдің орын­басарынан бүгінгі таңда ел ішіндегі тіркел­ген және шет мемлекет­тер арасында ауыс-түйіс­те жүрген қару-жарақ­тың статистикалық дерек­терін сұраған бола­тын. М.Демеуовтің жауабы­нан осы күндері Қазақстанда 250 мыңға жуық қару ұстайтын азамат тір­келгені және олардың қолын­дағы қару-жарақ саны 283 мыңды шамалай­тыны белгілі болды. Ал са­тып алу, сату шар­тына сәйкес, айна­лым­­дағы қару-жарақ саны орта есеппен 70 мың­ға жуық­тайды екен. Мұ­ның ішінде аңшылық кезінде пайдаланылатындары 1 800-дің шамасында көрінеді.

Отырыс аясында атал­ған заң жобасына қатысты қосымша баян­дама жа­саған Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қа­биболла Жақыпов келісім құжаты Мәжіліс ко­ми­теттерінде жан-жақты тал­қыланғанын және оң бағаға ие болғанын айтып, оны ратификациялауды ұсынды. Содан соң Мәжіліс Төрағасының дауысқа салуы нәти­же­сінде заң жобасы бірау­ыз­дан мақұлданды.

Депутаттар, сон­дай-ақ «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ликасының кей­бір заңнамалық акті­лері­не жергілікті өзін-өзі бас­қаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша Парламент Мәжілісі мен Сенаты арасындағы келісім комиссиясының ұсы­ныс­тары туралы» мәселені қарады. Бұл заң жобасы жөнінде сөз алған Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов комиссия отырысында аталған заң жобасының 2-ба­бының 2 және 4-тар­мақ­тары қаралып, олар бо­йынша бірлескен редакция бірауыздан қа­был­данғанын мәлім­деді. Өз кезегінде депу­тат­тар салыстырмалы кес­теде көрсетілген келі­сім комиссия­сының ұсы­ныс­тарын таразылап, дауысқа салу арқылы заң жобасын бірауыздан мақұлдады. 

Сондай-ақ, Мәжілістің Заң­нама және сот-құ­қықтық реформа ко­митетінің мүшесі Қанат Му­синнің таныстыруы­мен «Қа­зақстан Респуб­ли­касының кейбір заңна­малық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нор­маларына сәйкес кел­тіру мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу тура­лы» заң жобасына Пар­ламент Сенаты енгіз­ген өзгерістер мен толық­ты­ру­лар жөніндегі құжат та бірауыздан мақұлданды.
Айта кетейік, VI ша­қы­ры­лым­ның екінші сессиясында Мә­жі­лістің 38 жалпы отырысы өтіп, онда 226 мәселе қаралған. Осы кезең аясында пала­та 84 заң жобасын талқы­лап, мақұл­дан­ған және Сенатқа жолдаған. Сон­дай-ақ, 16 Үкімет сағаты, екі Пар­ламенттік тыңдау, 25 дөңге­лек үстел, Мә­жіліс комитет­терінің 17 көш­пелі отырысы және 4 халықаралық ғылыми-тә­жі­рибелік конференция ұйым­дастырылған.

Нұрлыбек Досыбай,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу