Медициналық қызметтің тың міндеттері

Кеше Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов елордадағы бірқатар емдеу мекемелерінде болып, № 5 қалалық емхананың базасында астаналық медицина активімен кездесті.
Егемен Қазақстан
27.03.2017 3063
2

Қаладағы «Медикер педиатрия» жекеменшік клинкасымен «Жедел медициналық жәрдем» стансаларының жұмыс­тары­мен танысқан министр үшінші нысанда пациенттермен де әңгі­мелесіп, одан дәрігер­лермен кездесіп, журналистер тарапы­нан қойылған сауалдарға да жауап берді.

Емделушілердің бірі ми­нистрдің алдында емханаларда сала­лық маманға барып қаралу­дың аса қиын екендігін алға тартты. Оған жауап берген бас дәрігер Алтыншаш Табыл­дина: «Пациенттің айтқан сөзі рас, салалық мамандарға учас­келік дәрігер жазып алады. Бұл мәселе біздің көптеген па­циенттерге ұнамайды, біз түсін­­діруге тырысқанымызбен, олар оны түсінгілері келмейді. Қолда ЭКГ болмаса, кардиолог маманға барудың қажеті қан­ша? Қажеті болмаса, онсыз да үлкен салмақ салынып отырған салалық маманға па­циент­терді жіберу қисынсыз», деді. Бас дәрігердің жауабын естіп, мәселеге мән берген министр, салалық мамандар тап­шы­лығынан осындай мәсе­лелер туындап отырғанына тоқтал­ды: «Әрине, бұл – өте үлкен мәсе­ле. Бүгінгі біздің басты мақ­сат­ы­мыз – жекеменшік медици­налық орталықтар мен тегін меди­циналық қызметтер жүйесін медициналық сақтандыру жүйе­сіне тарту. Бұл адамдардың сала­лық маманды таңдап, оны үш ай күтпестен емінен өтуіне мүмкіндік береді. Бүгінде мем­лекеттік медициналық мекеме­лерде кезек көп, маман­дар тапшы, тарифтер төмен, содан дәрігердің де жалақысы аз. Жекеменшік сектор болса өте қарқынды дамып жатыр, на­рықтық бағалар тартымды бол­ған соң дәрігерлер сол жақ­қа кетуде. Мысалы, бiз бiр дәрi­гер­­дiң консультациясына 1 мың теңге төлеймiз, ал жеке­мен­­­шік клиникада ол 5-6 мың тең­ге тұрады. Әрине, сондық­тан дәрі­герлердің барлығы жеке­мен­шiк клиникада отырғысы келедi. Бізге осы екі жүйені бірік­тіру керек», деп атап өтті Е.Біртанов.

Кездесуде министр биыл­ғы жылдың соңына дейін елор­­да­дағы емханалардың толы­ғымен электронды фор­матқа көшетінін айтты. Қағаз­бастылықтан мүл­дем бас тарт­қымыз келеді, сон­дық­тан да оны бір-екі жерде емес, рес­публика бойынша бір уақытта жүзеге асыру маңызды. «Ас­тана қаласының әкімі Әсет Исе­ке­шевпен келістік, олар өз ем­ханаларын дайындап қоя­­ды. Осылайша, елорданы 1 қаң­тарға дейін толығымен элек­трон­ды форматқа көшіруді көз­деп отырмыз. Себебі, медицина қызметкерлерінің не жазуы керек, не компьютермен басуы керек. Бұл бір жұмысты екі рет қайталап істемеу үшін қажет», деп атап көрсетті Е.Біртанов.

Кездесуде астаналық белді медициналық клиникалар­дың менеджерлері өздерін тол­ған­дырған бірқатар мәсе­лелерді министрдің қаперіне салып, жаңа жүйенің енуіне байланысты кейбір медициналық көмек көрсетудің тарифтеріне қатысты сауалдар қойды.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Бітіруші түлектер мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасады

19.11.2018

Павлодар облысында кәсіпкер әйелдер 113 жоба жүзеге асырған

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

19.11.2018

«Ко­рей хал­қының дәс­түрлі маскалары» көр­ме­сі ашы­лды

19.11.2018

Қасқырдан құтқарып қалды

19.11.2018

Алматыда инклюзивті білім берудің үздік оқытушылары анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда спорт кешеніне Батыр Баянның есімі берілді

19.11.2018

Батыс Қазақстанда жаңа портал жұмысын бастады

19.11.2018

Жолдау бәсекеге қабілеттілікті арттырады

19.11.2018

Қыс мезгіліне дайындықтың жай-жапсары қозғалды

19.11.2018

Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

19.11.2018

Жолдау-2018: Тұрмыс сапасына басымдық беріледі

19.11.2018

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын қолдады

19.11.2018

Қапан Тұрсынов: Өзіміз дәрігер бола тұра, бәрін жүрекпен қабылдаймыз

19.11.2018

Ауғанстанның арланы Рохулла Никпай

19.11.2018

Каспий конвенциясының маңызы уақыт өткен сайын арта береді

19.11.2018

Каспий конвенциясының маңызы уақыт өткен сайын арта береді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу