Мемлекеттік қызмет мәселелері жетілдіріледі

Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның кезекті жалпы отырысы болып, онда күн тәртібіне сәйкес үш мәселе қаралды.
Егемен Қазақстан
17.11.2016 4527
2

Солардың ішінде кейбір заңна­малық актілерге мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы көбірек талқыланып, баяндама жасаған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровқа депутаттар бірнеше сұрақ қойды.

Заң жобасының өзі Елбасының үстіміздегі жылғы 14 маусымда және Ұлттық комиссияның 15 сәуірде берген тапсырмаларының негізінде дайындалған. Ол азаматтардың мемлекеттік қызметке түсу тәртібін жетілдіріп, құқық қорғау және мемлекеттік қызмет стандарттарын жақындатады. Қ.Қожамжаровтың айтуына қарағанда, заң жобасы қоғамда кеңінен талқыланған.

Сонымен түзетулер қандай деген сұраққа жауап беретін болсақ, онда біріншіден, мемлекеттік қыз­меттің бос орындарын толықтыру қайта қаралады. Қазіргі кезде ол үш кезеңнен тұратын конкурс арқы­лы жүзеге асырылады. Оған 16-дан 52 күнге дейін уақыт кетіп, мемле­кеттік қызмет орны көп мерзімге бос тұрады. Осының өзі кадр тапшылығына әкелуде, деді шешен. Әсіресе, ауылдық және аудандық деңгейлерде кадр жетіспеушілігі айқын байқалуда екен. Заң жобасы осындай олқылықтарды болдырмас үшін ішкі және жалпы конкурстарды біріктіруді көздеп отыр. Сөйтіп, бос орындарды тезірек толықтыруға қол жеткізіледі, сонымен қатар меритократия қағидаттары сақталатын болады, деді Қ.Қожамжаров.

Сондай-ақ, «А» корпусы қыз­мет­керлерін «В» корпусы лауа­зымдарына тағайындау тәртібі же­ңілдетіледі. Қазір «А» корпусының қызметкерлерін төменгі орындарға тағайындау тек кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен ғана жүзеге асырылса, енді заң жобасы осы құқықты агенттікке беруді ұсынған.

Үшінші басты өзгеріс құқық қорғау қызметіне үміткер тұлғаларға арналыпты. Заң жобасы олардың заңдарды білу және жеке басының қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өту мерзімін ауыс­тыруды көздеген. Қолданыстағы заңға сәйкес мұндай талап келесі жылдың бірінші қаңтарынан бас­тап енгізілетіндігі белгіленген. Алайда, Мемлекет басшысы бұл жүйені биылдан бастап енгізу жөнінде тапсырма беріпті. Міне, осы және басқа да өзгерістер туралы баяндаған Қ.Қожамжаровқа бірінші сұрақты депутат Амангелді Дәуренбаев қойды. Ол құқық қорғау органдарының бос лауазымдарына үміткер болатын тұлғаларды тестілеу үшін агенттікте тиісті база бар ма және бұл іс бюджеттен қосымша қаражат талап етпей ме деп сұрады. Оның сұрағына жауап бере келіп Қ.Қожамжаров құқық қорғау органдарындағы бос орындарға жылына 37 мыңдай үміткер келіп, тестілеуден өтетінін және агенттіктің базасы осы істі атқаруға жеткілікті екенін жеткізді.

Депутат Павел Казанцев меритократия қағидатының сақталуына енгізілетін өзгерістер кедергі келтір­мей ме деп сұрады. Оған Қ.Қожам­жаров конкурстық процедураларды оңтайландыру меритократия қағидаттарының сақталуына кедергі келтірмейтіндігін көлденең тартты.

Депутат Серік Сейдуманов басшылық лауазымдарға тағайын­далған тұлғалардың командасымен келу мәселесі халық арасында наразылық тудыратынын еске сала келіп, карьералық модельге ауыс­қаннан бері мемлекеттік басшы қызметкерлердің командасымен орын ауыстыруы азайды ма деп сұрады. Оған Қ.Қожамжаров конкурс­сыз тағайындаулардың 25 есе азай­ғанын айта келіп, осының арқа­сында бірінші басшылар арасында командасымен ауысып жүру ісі азайып келе жатқаны байқа­латынын жеткізді.

Заң жобасы жөнінде қосымша баяндаманы Халықаралық істер, қор­ғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов жасады. Шағын талқылаудан кейін заң жобасы толықтай мақұлданды.

Осы күні ТМД-ға қатысушы мемле­кеттердің төтенше оқиғалар­дың алдын алу және жою саласын­дағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялайтын заң жобасы да мақұлданды. Заң жобасы туралы баяндаманы Ішкі істер министрі Қ.Қасымов жасады.

Ал кейбір заңнамалық актілерге экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге уақыт белгіленді.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

«Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» атты тарихи-танымдық экскурсиялар сериясы басталды

21.11.2018

ҰБТ-ға өзгерістер енгізіліп жатыр

21.11.2018

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

21.11.2018

Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

21.11.2018

Түркістанның ежелгі беделін қайта көтеру – бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады

21.11.2018

Мархабат Байғұт: Әлемдік әдемі әңгіме

21.11.2018

Түркі киносын әлемге танымал етудің жайы талқыланды

21.11.2018

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы өндіріс нысандарын аралады

21.11.2018

«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті

21.11.2018

Голландиялық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларға тартымды екенін айтты

21.11.2018

Нұрболат Ахметжанов: Көне тарих көмескі тартпасын

21.11.2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу