МЕН, ҚОНЫСБЕК ЖӘНЕ КЕЙІПКЕР

Егемен Қазақстан
12.01.2010 1956
Тәкен Әлімқұловты таксиге отырғызып жіберген бір ғана сәт әлі көз алдымнан кетпейді. Тәкен десе көкірегі күмбірлеп ала жөне­летін ағайын күрделі дүниелердің күрмеуін қайталап оқып іздеуге бар. Қаймана біреу сол Тәкен аға туралы “пай-пайлап” әңгіме айта бастаса, бір ғана кездесуге бола “мен де танимын” деген кісіше марқайып қаламын. Қызық, сол Тәкен ағамыз күнде қасымда жүрген досым Қонысбек Ботпай­дың алғашқы әңгімелеріне бір ауыз жылы пікір жазыпты. Ал Қарауылбек Қазиев тіпті көрген адамым емес. Бірақ, Орал­хан Бөкей мен Бексұлтан Нұржеке­ұлын қалай көрсем, ол кісіні де солай бағалайтын едім. Біздің жас күнімізде Қарауылбек Қазиевтің аты дүркіреп шығып, жазғандарын тамсана оқып жүрдік. Ол кәдімгі сөзбен сурет салатын, оқиғаны көз алдыңа көзбен көргендей етіп елестетіп отырып жазатын хас шебердің бірі еді. Сол Қарауылбек ағамыз күнде қасымда жүрген досым Қонысбек Ботпайдың алғаш­қы әңгімесінің жарық көруіне себепкер болыпты. Айтпақшы, қаламгер Бекболат Әдетов жайында Жазушылар одағына елу жол пікір беруім керек болып, сонда жоқ жерден қыс­тырып: “Тіл тазалығы үшін білімін сарқа күрескен екі адам болса, бірі – Сейілбек Қышқашұлы...” деп жазыппын. Өзім басқаратын бір газетте Сейілбек Қышқашұлының тіл жайындағы ұзақ мақаласын екі-үш нөмірге қатар басып, жур­налистерге “үлгіге алыңдар” деп, көзсіз сенген адамым еді ол кісі. Менің Қонысбек досым өзім “әй бір жазсам” деп қырық жыл күй таңдап жүргенімде, Сейілбек аға туралы да көлемді бір эссені сүйкеп тастапты. “Алты аласы, бес бересісі жоқ” Сейілбек ағамыздың адалы­нан жаралған болмысын жазбай танып, көңілімнің босағаны сонда. Қонысбек содан тоқтамай қаламын сілтей берсе, Қарауылбек ағасының өкшесін басқан көп-көрім сыршыл, көзайым лирик жазушы болғандай екен. “Біздің нағыз өнімді еңбек етіп, танылатын кезіміз, өміріміздің отыз бен қырық бес жас аралығын алдамшы тірлік жеп қойды”, – деп соған өзі де өкінеді. Қатарласа жарық көрген “Суық күз”, “Егіз қауашақ” кітап­тарын оқып отырып, біз де қосыла кеттік оның өкінішіне. Өз басым екі кітапты екі түнде тоқтамай бір деммен оқып шықтым десем де болады. Елуге толмаса бұл қолжаз­ба­лары да кітапқа айналмай, тарт­па­да еренсіз, елеусіз қала берер ме еді, кім білсін. Сонымен, ол елу жас­­қа толып, екеуміз дәп сол күні таң азаннан жұтынып жолға шықтық. Алдымыздан абалап жел, аңқылдап аста-төк таза ауа, жарқ етіп таңғы кіршіксіз сұлу табиғат шыға келді. Ата-анасының құша­ғына асыға кірген баладай алып-ұшып, арсалаңдап ала жөнелдік. “Ауылға да жетіп бармай, жолай бір жерге түнейікші” деп қоямыз тағы. Жол серігі ой, оның көкірегі тола арман, елден бұрын тұратын Ауданбек есік алдына шықса, өмірі тасымайтын Жыланды арнасынан асып-тасып кетіпті. “Етегі далиып, талай шарбақты жұлып, талай үйдің дәл алдына дейін өршеленіп, өңмеңдеп барып қалыпты”. Содан ауыл абың-күбің, ұлан-асыр тойдан бетер. Бір күн бармай-ақ қойса болмайтындай, оқушы балалар арғы беттегі мектептеріне ұмтылыс­қан. “Жұрт “әне құлайды, міне құлайды” деп қыпылықтасып тұр­ған­да құнан әлденеге сүрініп кеп кетті. Екі жағада тұрғандар тағы да гу етіп ала жөнелді. Жоқ, Кемпір­байдың торы жорғасы мықты-ақ екен, аман-есен арғы бетке сүйре­тіліп шыға бергенде, дегбірі қалмай күтіп тұрған мұндағылар екі бала­ның аяғын жерге тигізбей көтеріп әкетті”. Қонысбектің “Жылан­дының көпірі” әңгімесін­дегі қызық содан кейін тіпті құдды кино көріп отырғаныңдай еселей түседі. “Атқа екеу-үшеуден мінгескендер Жылан­дыға әр-әр тұстан ұмтыла бастады. Өзен үсті айқай-шу, ырду-дырдуға толды да кетті. Кім кімге айғайлап жатыр, не үшін айғайлап жатыр, айырып болмайтын аласапыран.” Сөйтіп, өмірі тасымайтын Жылан­ды екі күн тасыды, үш күн тасыды өткел бермей, енді мәңгі таситын­дай көрініп. Мектептен қымбат, мектептен қасиетті ештеңе жоқ, көктемгі егіс жұмыстары да қалып барады, енді не істеу керек? Үлкен­дер жағы ақылдаса келіп, әлем шығын шығарып, әжептәуір үлкен көпірді салды да тастады. Қас қылғандай Жыланды содан қайтып тасымай қойды, жылда күтеді, жылда тасымайды. “Бірақ қайрақ­ты­лықтар сол бір көктемді әлі күнге ұмыта қоймапты. Олар шілде­нің шыжыған күнінде жолмен тіп-тіке келе жатады да, тартылып қалған өзен жағасына төне бере ептеп аялдайды. Аялдайды да, бұрылып барып анадай жердегі көпірге таянады. Сосын тап бір ақылары кеткен кісіше аяқтарын нығарлай басып, оның үстінен шалқайып өте шығады... Соңғы кездері көпір шиқылдауды шыға­рыпты... Қайрақтылықтар келер көктемді асыға күтіп жүр. “Ай-хай, ең құрығанда бір рет тасыр ма еді, шіркін...” Иә-ә, түпкі айтайын дегені көпір де, Жыландының тасуы да емес, көкейдегі, көкірек­тегі әлдебір арман. Соны сіз де сезініп, бүйрегіңіз бүлк ете қалады. Көкіректегі арманын жеңіл юмор­мен жасырып-жабулайды және. Ол юмордың артында монтақан қара бала сығалап қарап тұрады байқа­саң. Осыны жеткізіп айтам деп отырып, әңгіме желісін қайта­лап әңгімелеп кеткенімді мен де бай­қамаппын, оқырман да байқамас, сірә. Жақсы әңгіменің жетегіне түсіп, “Егіз қауашақ” кітабындағы “Жыландының көпірін” жылы әсермен көкейге осылай тоқып шықтым. Менің қасымдағы мынау Қонысбек досымның көкірегінде сол арман қайта қоздап, оның туған жері Қошқаратаға қарай тартып келеміз. Бірақ, елу жылдық жолда өтпек, жолда түнемекпіз. Ол өзі өзінің кейіпкерлеріне қатты ұқсайды. Алданып қалады, алданып қалғысы келеді, алданып қалғанын түсінбегенсиді. Жұрт көзіме мақтап қоя ма деп ыңғай­сыз­данып, дала безіп келе жатқаны мынау. Әй-әй, Қонысбек, сен бәрібір құтыла алмайсың, құтыла алмайсың ғой. Адамдармен араға дуал орнатуға болмайтынын кеш түсініп, оны да өзің құлатасың бір күні. Ауылға мұғалім боп келген жас маман мазамды алар деп, мінезі “біртүрлі” көршісімен екі араға дуал орната бастайды “Дуал” деген әңгімесінде. Соғыс зардабы­нан есі ауып қалған бейкүнә Талысбайдың жан дүниесін бірте-бірте ұғынып, дуалды ақыры өзі құлатып тастайды Қонысбектің кейіпкері. “Дуал құласа жер кеңиді. Жер деген жетеді ғой”. Қазір сол бір замандағыдай ізгі ниетті әңгімелер жазылмайтын болды. Адамдардың жаны-тәні жалаңашта­нып, жадағайланып барады. Оқырман қатарының сиреп бара жат­қаны да содан ба деймін, қазақы болмысымызбен, қазақы табиғатымызбен, мұңлылау дүние­танымымызбен біте қайнасып, астасып жатқан ізгі ниеттілік, “е, алдыңнан жарылқасын”, “жолың болсын”, “жамандық көрме” дейтін тілеуқорлық жаңа кейіпкерлердің бойынан көп көріне бермейді. Біздің әдебиет адамдардың таза­­лығы туралы жазатын сол жақсы дәстүрін жоғалта бастады. Қонысбек Ботпайдың маған “Қайыс сөмке”, “Құзар сынағы”, “Егіз қауашақ”, “Бақташы мен бозторғай” атты әңгімелері де жоғарыдағыдай сыр-сипатымен ұнады. Сондағы кейіпкерлер бастан кешкен кіршіксіз тап-таза бір өмірді мен де бастан кешкен­деймін. Әсілі адам өзінің лас тірлігі болса, оны сағынбайды, сағыныш­тың өзі тазалықтың белгісі, жолың­да көлбеген сағымдай бұлдырайды, жете берсең жоқ. Бізде әдебиетті “батыс өңірдің қолтаңбасы”, “шығыс тұсымыздың қолтаңбасы”, “оңтүстіктің қолтаңбасы” деп бөле-жарып жатпайды. Әйтпесе, ондай ерекшелік жоқ емес, бар. Мәсе­лен, Қалихан Ысқақ, Оралхан Бөкей, Әлібек Асқаров, Дидахмет Әшімхановтарда кейбір ішкі иірім, тілдік оралым үндесе кетіп жата­ды. Сол сияқты, Шерағаң мен Қала­ғаңдарды айтпағанда, Қа­рауыл­бек Қазиев, Мархабат Байғұт, Нұрғали Ораздар бірсы­дырғы жатық сыршылдығы­мен ерекше­ленеді. Қонысбек Ботпай да әңгімені аса күрделендірмейді, өмір суреттерін қаз-қалпы баяндайды. Өз әрекетін өзі сырт бақылап, “меннің” ішіне дендеп ене түседі. “Меннің” ішіне дендеп енген соң, сыр ашылады, ал сыр қашан да оқырманды шүйгініне үйіріп, қызық оқылады. Оңтүстіктің жігіттері сыршыл жазады. Және бұлар шетінен тәмсілшіл келеді. Тіл орамын да қиындатпайды, түсінікке жеңіл келеді. “Егіз қауашақтағы” “Таза бұлақ” сол тәмсілдік сипатта жа­зыл­ған жұп-жұмыр әңгіме. “Жау алса, Әліқұлды ұйқыдан алатын шығар” деп басталады бұл әңгіме. Қулығына құрық бойламайтын мал доғдыры мен “диірменге салсаң бітеу түсетін” оның көмекшісі үшеуі таза бұлақ­тың басында адам­шылық сипат­тарын сынға салады. Әліқұлдың мұңлы махаббаты, басы құралмаған оралымсыз тіршілігі, қанша алданса да басына тимейтін аңқаулығы ақыры өзімен өзін тағы да жападан-жалғыз қалдырады. “Аяғын сүйрете басып бұлаққа кел­ді де, жиекке жата қалып тұманың көзіне басын бір салып алды. Мұздай су бастан өтіп, табанға жеткендей... Тұңғиықтан бүлк-бүлк шыққан бұлақ суы әлдеқайда бет түзеп, сылаңдап бара­ды. Қылау жұқпаған шыны тәрізді мөп-мөлдір. Су түбінде жыбырлап жүрген құрт-құмырсқа­лардың бар әрекеті алақанда тұрғандай бадырайып көрінеді”. Маңдайдан салып қалып, естен тандырарлық­тай тосын шешім. Қым-қуыт тіршілік байқатпайды, мән бергізбейді, әйтпесе, бар әрекетің алақанда тұр. Ойланып қаласың. Айтпақшы, осы кітаптағы “Шыбық қамшы” тап бүгінгі күнге арналып жазылғандай екен. Сынай­мын десең, айналаңда сынайтын мәселе көп, бірақ оныңа ешкім шұрқ етпейді. Ақыры өзің жеккөрінішті боласың да қоясың. Жас маманның әркімді бір сынап, сөзі өтпей, өзі қор болып, ақыры намысқа шыдамай, мұғалімдікті тастап, қойшы болып кеткен әрекеті нанымды суреттеледі. Шынында да әрбір жас маман “шыбық қамшылығына” салып, оған орта көне қалып, бастаманың бәрі баянды болып кетіп жатса, біз баяғыда гүлденіп кетпес пе едік. Бірақ, автордың айтайын дегені ол емес, айтайын дегені адамның жігері, оның адамшылықты сақтауда қаншалықты қымбат қасиет екені. “Жылағысы келді. Бір уақытта атының басын кілт бұрып, тебініп қалып, тасырлатып шаба жөнелді. Айдарынан жел есті. Өмірінде бірінші рет құйғытып шабуы. Жабырқау көңілі бірден көтеріліп, жадырап сала берді. Ән айтқысы келді. Ерленіп алған. Танауы делдиіп, жау қуып келе жатқан батырға ұқсайды. Шыбық қамшысын олай-бұлай сермеп, қиқулап ұзақ шапты. Шыбық қамшы өзінің сенімді серігі секілді”. Әңгіме осылай аяқталады. Ай­дары­мыздан жел есіп келе жатқан біздің де сенімді серігіміз сол шы­бық қамшы секілді. Өзімізді өзіміз қамшылап, құр мақтау, бос дабы­радан қашқандай болып келеміз. Ол елу жылдығын, дәл елу жасқа толған күнін жолда өткізбек, жолға түнемекпіз. Сонда біздің де көкіре­гіміз бір тазарып қалатын секілді... Аңсарына сусай кіріскен Қо­ныс­бектің өзі де енді тоқтамайтын сияқты. Баспаға жол тартқан үшінші әңгімелер жинағы міне, “Ала қарға” деп аталыпты. Ми­нистрліктің тапсырысымен шығып жатқан бұл кітапта “Төлеген”, “Аңсау”, “Көктем лебі” тәрізді жаңа әңгімелерінің басы қосы­лып­ты. Көкірегі таза, дүниетанымы бүлінбеген, жеңіл юморы бар, сыршыл да арманшыл кейіпкер­лермен қайта қауышуға мен де асықтым. Жол таусылар емес, біз жолға түнемекпіз. Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу