«Мен жындымын» сатылып жатыр

Алматыдағы «Меломан» кітап дүкенінде жазушы Тұрысбек Сәукетаевтың «Мен – жындымын» кітабының тұсаукесері өтті.
Егемен Қазақстан
10.04.2017 3780
2

Бұл романның шығуына мұрындық болған былтырғы өткен «Алтын қалам» әдеби бәйгесі. «Мен – жындымын» романы 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан осы байқаудың 2016 жылғы жеңімпазы. Жеңімпаз ретінде көлемді роман таңдалған соң, байқауды ұйымдастырушылар ортақ антологиядан тыс, бұл шығарманы жеке кітап ретінде шығаруды жөн көріпті.  

Кітап жанрына «әжуа аралас мұңлы роман» деген анықтама беріліпті. Траги-комедиялық сарында жазылған шы­ғар­ма­ның бүкіл оқиғасы Тәуелсіздік жылда­рында өтеді. Бас кейіпкер Тауфих­тың бас­тан кешкендері мен санасында шар­пысқан ойлары, түрлі көңіл-күйдегі пси­хологиясы арқылы бағаланатын бү­гінгі қоғамның қалтарыс-бұлтарысы ро­ман сюжетін тартымды ете түсері сөзсіз.

Кітаптың формасы да сәтті таңдалған деу­ге болады. Өйткені, бір романның 42 бөлімге жіктелуі, оның әрқайсысына жеке тақырып берілуі романды тартымды ете түскендей. «Қазір баяғыдай қалың-қалың романдар оқылмайды» деп сылтау айтуға, өзін ақтап алуға шеберленіп алған қалың оқырманды қызықтырудың бір тәсілі осы шығар, бәлкім.

Тағы бір айта кетер жайт – бұл тұ­сау­ке­­сердің өзгелер­ден өзгерек болғаны. Олай бо­латыны, бұл шара басқа жерде емес, кі­тап дүкенінде өтті. Әдетте, тұсаукесерге ке­ліп, кітапты жазушының өз қолынан хан талапай үлестіріп әкететін қонақтар бұл сапар сиясы кеппеген романды кітап дү­кенінің кассасынан сатып алып жатты. Бо­лашақта кітап авторлары ескеретін бір жа­йт осы екен дестік. Мұны – қазақ жа­зу­шы­ларының нарыққа бейімделуінің басы деп бағалау керек.

Роман авторы Тұрысбек Сәукетаев жиналған жұртқа, ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп тұрып, өз кітабы жайлы:

– Қоғам туралы, өмір туралы, сіздер­дің әрқайсыларыңыз туралы ойым мен ықы­ласым, көзімнің жасы мен жүрегім­нің қаны осы шығарманың ішінде. Сон­дық­тан, сіздерге айтарымның бәрі қолда­ры­ңызда кетіп бара жатқан кітапта деп ойлаймын, – деді.

Романның шығуына демеушілік көр­сеткен «ZHERSU» инвестициялық-өн­дірістік корпорациясы мен «QazКom» банкі алдағы уақытта да «Алтын қалам» жобасына атсалысатын болады.

Алмас Нүсіп,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТы



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

20.09.2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

20.09.2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу