Менің тәрбие сағатым

Өзімнің әжелік үлгімді, үлкендік жолымды көрсетейін деп, «Менің тәрбие сағатым» деп өзекжарды ойларымды жаза бастадым.
Егемен Қазақстан
02.08.2017 6343
2

Осыдан үш жыл бұрын әлеу­меттік желіге алғаш тіркелген кез­де ондағы жүгенсіздікті, әдеп­сіздікті, ойына келгенін жаза салатын жауапсыздықты көріп шошынып едім. «Өзі ұялмаған кісінің бетін шиедей қылады» дегенді қазақ тегін айтпаған ғой. Өркөкірек, тілемсек, анайы­лық­тан алдына жан салмайтын жастарды көріп жаным жараланып қалады. Бетпақтыққа бет бұрған бұл қоғамды түзетудің бір емі – біз секілді өмір көрген үлкен адам өз өнегесімен кейінгі ұрпаққа тәрбие беруі керек деп ойладым. Өзімнің әжелік үлгімді, үлкендік жолымды көрсетейін деп, «Менің тәрбие сағатым» деп өзекжарды ойларымды жаза бастадым. Бұл жазбамның ішінде «Ұл қандай болуы керек?», «Қыз қан­дай болуы керек?», «Ене мен ке­лін арасындағы қарым-қаты­нас қандай болуы керек?» деген бөлімдері бар. Қазіргі жастар көбінесе әлеуметтік желіде отырады. Олардың барлығы кітап оқи бермейді. Сондықтан да ойларымды қысқа-нұсқа жазып, әлеу­меттік желіде маған тіркелген дос-тарыммен бөлісіп отырамын. Қа­зір желі­дегі дос саны 5 мың­ға же­тіпті. Ойларымды ұна­тып, пікір білдіріп жататын жан­дар көп. Тіпті оралдық Нәдір Құ­рым­баев деген жас кәсіпкер ха­бар­ласып, желідегі ойларымды жинақтап, 50 беттік жинақ етіп, 100 данамен шығарып та берді. Мен біреуге ақыл айтудан аулақпын, Абай атамыз айтқандай, «өз сөзім өзімдікі»...
* * *
Тағдыр – маңдайға жазыл­ған майдан. Бақыт – басар баспал­да­ғыңды биіктету, сүйікті болу мен сүйікті ету, бір жігіт үшін ата-анаңды қиып кету, аттаған алтын босағаңа сыйып кету, сыйып кету үшін күймеске күйіп кету, тамыр жайып өну, көнбеске көну, қырық шырақ жанып, сөну, бағыну мен сағыну, уайымдау, уайымдату мен өзіңді мойындату. Бұл жолдан бізге дейінгілер өткен, төзімділері ғана мұратына жеткен, бізден кейінгілер де өтеді, Майданда үлескер емес күрескер болыңыздар, қыздарым!
* * *
«Ұяң ұя бұзбас» деуші еді ақ әжем. Мар­­құм анам да «Ұяты тө­гі­ліп тұр екен» – деп біреу­лерге баға беріп отыратын. Бойы­мыздан ұяңдық пен ұят таба алмай қалып жатамыз. Неге? «Тоқ адам тоқ­пақпен ойнайды» – деген осы ма? Қарқыл, шаңқыл, ана­йы­лық, оспадарлық көшеде шеру­леп жүр. «Ілтипатсыз ірге сө­гер, ықылассыз ырыс төгер», «Кө­ше­де көргенділік танытпаған үйін­де де үйлесімдік таппайды», «Мін­детсіген індетшіл болар», «Көшенің көзі көп, кешенің сөзі көп». «Есердің ескертуі есік ішінде, естінің ескертуі бесік ішінде». Ойланайықшы...
* * *
Әке – төр, ана – бесік, ұл – қуат, қыз – шуақ. Ұлың қуатты, қызың шуақ­ты болса, төрің қуатты да шуақты болады. Ұлдың қуаты әл кетіп, қартайғанда, қыздың шуағы жүзіңнен әр тайғанда керек. «Жетілгенше алдыңа, жетілгесін артыңа қара», – деп отырушы еді әжем. Ұлт тірегі – ұлдарым, тәрбие тіні – қыз­дарым, жетілгесін артқа қарайлап жүрмі­сіңдер? Қамшының сабындай қыс­қа ғұмырдың жастығы өтеді, қарт­тығы жетеді, дүние – кезек.
* * *
Пікір – әр адамның өз көзқара­сының жемісі. Айтылған ой-пікірді салқынқандылықпен қабыл­дау – мәдениеттілік, қол­дау не қарсы пікір айту – аза­мат­тық. Тіксіну, күпсіну, сал­ғыласу, тұқырту, тілдеу – сөйлеу мәдениетін білмеу. Парасат­ты, пайымды пікірден ақиқат гүл ашар, пайымсыз пікір парық­сыздыққа ұласар. Түртіп сөйлеме, сананы сілкіп сөйле.
* * *
Ұлтын сүймейтін ұлдан, құ­лақ кесті құл артық. Тілдің кие­сі – елдің иесі. Тілдің Туын құ­лат­­паған ел – ұрпағын жылат­паған ел. Жұрттың тілін жат­та, ұлт­­тың тілін сақта. Қара сөзі жоқ­тың, қара көзі жоғалар. Ана тіл – қаныңның тамшысы, намы­сыңның қамшысы. Тілін ұмытқан тегін де ұмытар.

Анамның айтқандары
Кие адамның басында емес, ша­шында, шашты кез келген жерге тастамаңдар, шаштарыңды жаймай, жинап жүріңдер.
Кие адамның санасында емес, ті­лінде, тілегің тілінсе де тілің тілінбесін, бүлінбесін.
Кие адамның өмірінде емес, өнерін­де, адал адамды аруақ қол­дайды.
Кие адамның бойында емес, боса­ғасында, босаға берік болсын.
Кие сәнде емес, дәмде, дәм тау­сылмасын.
Кие елде емес, Жерде, жауға ұлтарақ берме...
* * *
Салғыласу – менменшілдік. Мәнді сөз марқа шығар, сал­ғы­лас­қанның арты ашылар. Шын сөздің тоңы – ырыс, салғы­ласудың соңы – ұрыс. Тіке сөз – тікенек. Қасарысқанның қаны қараяр. Батпан сөзді байқап айт, мақтан сөзді қаймағын шайқап айт. Салғыласқанда сый болмас.
* * *
«Еркек – бас, әйел – мойын», – де­ген­ді қалай түсінеміз? Менің ойымша:
Ердің беделі баспен, әйел­дің беделі аспен көтерілер. Ой­сыз бас – мықты мойынның ойын­шығы. Миы мықтының – сыйы мықты, Басы жоқтың қасы көп. Ақылсыздың аяғы басына бағын­бас. Қорытылмаған ой қоламта болар.
* * *
Бейімделу. Қайғыра білме­сең де, қаймыға біл. Жұбата біл­меген жылата береді. Садақа­да сұң­қылдама, қуанышта ыңқыл­дама. Садақаның шелпегінде шер бар, тойдың телпегінде тер бар. Шерлі жерде шешенсіме. Қайғы-өзен сенікі, қайық – халықтікі, қайықтаспасаң, айыптаспа. Кек­тескенмен беттеспе.

Енелерге құлаққағыс 
Бір күні үйге бір-бір сөмке ақша арқалаған екі адам түстік ішуге келді. Сәлемдесіп алып, шай әзірлеп зыр жүгіріп жүрмін, енем қасыма келіп: Ана ұзын бойлы бала саған қайын аға болады, «Саралжын» совхозының кассирі, осы рудың үлкені «Желатаның» немересі, «Құсатаның» баласы, атын атауға болмайды, өзің қалай атайтыныңды ойлан, – деді. Мен шай құйып отырмын, біреу есік қақты, шықсам жаңағы қайын ағамды іздеп келген екен, ішке кіріп, «Кассир аға», Сізді біреу сұрайды, – дедім, бетім оттай жа­нып кетсе керек, енем орнынан атып тұрып, бетімнен сүйіп, бәрі дұрыс, – деп сыбырлай салды. Содан бастап, танысқан қайын ағаларым мен қайныларыма ат қойып алдым. Кейбіреуін менен бұрын түскен абысындарым қойған атпен атап кеттім. Өзімнен кейінгілерге енем мен анамнан алған сабағымды беріп келемін.
* * *
Сыйлы болғың келсе, сыйым­ды бол. Келінге сыймаған енені ел сыйламас. Келінге көп сөз емес, көп көмек керек. Дым бер­ме­сең де дем бер. Білгеніңді үй­рет, күмәніңді күйрет. Мен бі­лем деп сызданба, ұлыңды қыз­ғанба. Ұлдың қадірі шал кеткенде білінер, қыздың қадірі хал кеткенде білінер, келіннің қадірі әл кеткенде білінер. Ене – емен есік, келін – тұтқа. Тұтқамыз тұрақты болсын!

Сырласу. Қызым, саған айтам...
Сенім мен сезім болмай адам­ның бақытты болуы қиын. Ең бірін­ші өзіңе, екі көзіңе, айтқан сөзіңе сенімді бол. Естігеніңді біреу­ге айта салуды әдетке ай­­нал­­дырма. Өсектің соңы – өкініш. «Аузы адалдың – асы адал», – дегенді бабалар тегін айтпаған. Күйеуіңмен жарысып, тайталасып сөйлеу – әдепсіздікке жатады. Ақылдасуды бойыңа, айтылған ақылды ойыңа сіңіре біл. Келін – келешек ана, сәбиге берілер сана екенін ұмытпа. Менің әжем: «Ұрысқақ қатынның қызы ұқыпты болмайды», «Ұрыс ұя бұзады», – дегендерді қайталап отырушы еді. Әже әдебімен кейінгілерге сабақ болсын, әркім керегін алса деген оймен сыр шертемін. Сезіміңді сарала. Ұнату мен сүюді шатастырып алмағайсың. Көпті ұнатасың, көпке ұнайсың, бірді сүйесің. Шын сезім ғана сынға төзе алады, бақытқа бас-тайды, бақыт – қанағат, қанағатшыл жан мәнді де, сәнді өмір сүре алады...

Бұзылу 
Ұл бұзылса, жұртқа сын, қыз бұзылса, ұлтқа сын. Ер бұзылса, серт кетер, әйел бұзылса, дертті етер. Заң бұзылса, лаң болар, Ел бұзылса, жер болар, көңіл толы шер болар. Бас бұзылса, тіс кетер, ас бұзылса, іш кетер. Жас бұзылса, істі етер, бармағыңды тістетер. Ұлт бұзылса, салт кетер. Салты жоқтың – халқы жоқ.

Шолпан ҚЫДЫРНИЯЗОВА,
ақын, 
Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,
«Құрмет» орденінің иегері 

Орал

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу