Міз бақпау мін бе?

Адам баласы болған соң қоғамның үніне орай өз пікіріңді ашық әрі дер ке­з­інде білдіріп отырмасаң, онда не­сі­не жер басып жүресің дейсің ғой бая­ғы. Сол сияқты кейде көшеде, кө­ліктерде, жалпы қоғамдық орындарда неше түрлі түйткілдермен бетпе-бет ұшырасып қалып жататынымыз рас. 
Егемен Қазақстан
22.05.2017 172

Мұндайда кейбір жандар бұқ­пан­тай­лап, сырт айналып өте шықса, мұнан да сорақысы, қайғылы жағдайларды бей­небаянға міз бақпай түсіріп тұра бе­ретін тасжүрек жандар пайда болды. Оқу­шының мұғалімді келемеждеп, қол жұмсауын, болмаса күштінің әлсізге әлімжеттілігін кластың бір бұрышында түк болмағандай телефонына жазып отыр­ған жеткіншектің бейнесі мен эмо­ц­иясыз жүзін бір сәт көз алдыңызға кел­тірсеңіз жаныңыз түршікпей ме? Өзі­не-өзі қол жұмсағандарды, бір-бірін аяу­сыздықпен соққыға жыққандарды... тас­паға басу тек тасбауыр, жүрегінде мей­ірім оты сөніп қалған адамдардың ғана қолынан келеді деп ойлаймыз. 
Кейде қазақтың әп-әдемі қыздары өза­­ра қырылысып, бір-бірін көгала қой­дай етіп сабап, тепкінің астына жы­ғып жатқаны түсірілген бейнебаяндарды еріксіз ашып қарауыңа тура келеді. Мұ­ны бір қызық көргендіктен, болмаса жанжалды жақтағандықтан емес, осы жолға олардың түсу себебін, қар­­ша­дай қыздардың мұншалық сойқан қа­ты­гез­дікке ұрыну сырын білу үшін, әрине. Он­дайлар тап осы бүгін пайда бола қал­мағаны мәлім. Ал енді сол сұм­дық кө­рі­ністерді басынан аяғына дейін жай­ба­ра­қат ұялы телефонына басып, бейнебаян­ды фейсбукке, ютубке емін-еркін салып отырған адамның әбес әрекеті үрей ұшы­р­­май ма? Осындай жағдайларға тап бол­ғанда, өзгенің басындағы трагедияға міз бақпас кейіп қайдан жұққан дерт өзі де­г­ен сұрақтың көмекейге кептеліп тұ­ра­тыны рас. 
«Қазіргі таңда кең етек жайған мұн­дай жөнсіздіктердің бәрі өт­пелі, ха­лықтың қалыбы қайтадан түзе­ле­ді» деген үміт отын кеудемізге жаққаны­мызбен, әлеуметтік желідегі жан­түр­шігерлік бейнебаяндар үдемесе, ке­міп отырған жоқ. Жақында бір же­лі қолданушының қоғамдағы түр­лі түйткілдерге, қазақылықпен қа­быс­пай­тын жат әрекеттерге, көңілге кірбің үйі­рер жайттар мен басқа біреудің ба­­сындағы қуаныш пен қайғыға се­лт ет­пеушілікті ұстамдылыққа, сабыр­лы­лыққа жатқызғаны жаға ұстатты. Бұрындары адамдардың ішкі көңіл-күйі, эмоциясы сыртына, жүзіне шы­ғып тұратын сияқты еді. Бүгінде көп кі­сінің не қуанып, не ренжіп тұрғанын біл­мейсіз. Яғни эмоциялар жоғалған. Мы­салы, өткенде әлеуметтік желіде бір әріптесіміз Димаштың өнеріне разы болған қытайлардың қуанғандағы түр­лері мен соған орай білдірген риз­а­­шы­лықтары туралы тамаша ойла­ры­мен бөлісті. Әсем әнді жандарымен қабылдаған шіркіндердің сондағы көз­деріне егіліп жас алғанын көргенде мы­на жақта отырған біздер қарадай ел­жіредік-ау. Жандары қандай нәзік еді! Неткен әсершіл, сезімтал халық еді! Дим­ашымыз сахнада халық әні «Дай­ди­дауды» шырқап жатыр. Ал музы­ка әуен­імен қосылып ырғалған қалың нөпір да­лада жел тербеген құрақтай әсе­рленіп шайқалды... 
Қазір ешнәрсеге таңданудың қажеті жоқ деп ауызекі айта салғанымызбен, жұрттың әнді тыңдау сәтіндегі тамсаныстары бар бейнебаяндарды көру арқылы біздің де олардың аппақ пейіліне құрмет сезіміміздің арта түскені рас. Испан, итальян, түрік, ағылшын, француз, корей тілін түсінбесек те Димаштың дау­ысына сүйсініп әсерленген әлгі ел­дердің кәсіби мамандарының ой-пі­кір­лерін, таңданыстарын қуаныш нұры жү­гірген жүздерінен, эмоцияларынан аңғардық. Бұлақтай сыңғырлаған ай­шықты үнге құлақ түрмейтін жер жа­һанда бірде-бір жан болмайтынына, олар кісінің түріне, нәсіліне қарап бөл­мейтініне, қай кезде де жұлдыздар жа­рығы ортақ болып қала беретіндігіне ал­ғаш Қытайдағы осы ән байқауы ар­қы­лы көз жеткізгеніміз өз алдына бөлек әң­гіме, әрине. Міне, сол ғаламат дау­сымен ғаламды тамсандырған, әсем әні­мен әлемге шуақ шашқан қазақ ба­ла­сының өнері туралы сүйсіністерін әлем жұртшылығының әлеуметтік же­лі арқылы жұмыла таратып жатқаны көкейде көптен бері жүрген осы бір ойды ортаға салуымызға түрткі болған еді. Димаштай табиғи таза дауыс иесіне жаһан біткен жанарын сүзіп, назарын тіккеніне қарап, эстрададағы шынайы талантқа жалғыз қазақ жұртшылығы ғана емес, жер бетіндегі бүкіл адамзат ба­ласының кеудесі қаталап шөліркеп-ақ қалғанын аңғардық. Осылардың ма­ха­ббатына үңіле келе, ал өзімізде сол талантты ұлымыздың даусына біз дәл мы­налардай қол соғып, табына алған бо­лар ма едік деген ойдың қылаң беріп қал­ғаны тағы бар. Тіпті, кей концерттерде өнерпаздарымызға дұрыстап қо­шемет көрсетуге шорқақтығымыз-ай осы. Әннің ішіне еніп кете қоймасақ та, соңында өнер иесіне жаппай қол соқ­сақ қайтеді. Залдың әр тұсынан те­ре­зе­ні ұрған жаңбырдай сырт-бұрт дауыс ес­ті­леді әйтеуір. Бет қимылсыз, көңіл сүлесоқ. 
...Жә, бұл мәселе жайында кейін тағы реті келгенде қозғай жатармыз, ал біздің бү­гінгі ортаға салып отырғанымыз адам­дардың эмоциясы туралы әңгіме еді ғой. «Мен қауіп еткеннен айтамын» деп Мұ­рат Мөңкеұлы бабамыз айтпақшы, бұған себеп жоқ емес. Жүрегіміздің айнасы – жүзімізге не болған осы? 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2018

Елбасы Михаил Бочарниковті «Достық» орденімен марапаттады

24.01.2018

Қазақстан құрамасы Пенчанг олимпиадасына аттанды

24.01.2018

Халықаралық клирингтік жүйені дамытуға арналған меморандумға қол қойды - Қаржы министрлігі

24.01.2018

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Түркістанға іс-сапармен келді

24.01.2018

Өскеменде имамдар тұрғындарды үйіне тегін жеткізіп салып жатыр

24.01.2018

Голландия соты Ұлттық қор активтеріне қойылған шектеудің күшін жойды

24.01.2018

Астаналық нәрестелерге жиі қойылатын есімдер анықталды

24.01.2018

Александр Суханов Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды

24.01.2018

Еркін Тұқымов Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

24.01.2018

Қожықовтың тұңғыш туындысы

24.01.2018

Әбілахат Еспаевтың балалар музыкасына қосқан үлесі зор

24.01.2018

10 жыл ішінде 6,5­ тонна есірткі құралдары мен пси­хотроптық заттар тәркіленді

24.01.2018

Алматы облысында пәтер тонау мен ұялы телефон ұрлау фактілері азаймай тұр

24.01.2018

Тәрбие сағаты: Информатиканы терең меңгеру – игілік 

24.01.2018

Қазақ ғалымының геометрияға енгізген жаңалығын білеміз бе?

24.01.2018

Жемқорлықпен күрес жемісін  береді 

24.01.2018

Қаздауысты Қазыбек бидің үкімі

24.01.2018

Жамбылдық кішкентай математик Ирандағы жа­рыс­қа қа­тысады

24.01.2018

Түйткіл: «Креще­ние­ні» православие қау­ымынан артық атап өте бас­тағандаймыз

24.01.2018

Жазылған жайдың жалғасы: Ольгинкадағы ағайындардың алаңдауына негіз жоқ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жемқорлықпен күрес жемісін  береді 

Еліміздің қай саласында болмасын қолға алынған бір­қатар тың бастамалар өз нәти­же­сін беретін кезеңге жетті. Әсіре­се құқық қорғау саласында көп­теген игі өзгерістер мен нәтижелі жұмыстарға қол жеткізіледі деп күтілуде.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Бір автобус бұйырмағаны-ай!..

Қазір бұрынғыдай емес, алыс-жақындағы ауыл-аудандардың жай-күйін әлеуметтік желіден көріп-біліп отыратын болдық. Әсіресе табиғат тосын мінез таныт­қан тұста шалғайдағы өзекті мәс­еле­лер еміс-еміс естіліп қалып жата­ды.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Сынның да сұрауы бар

Кейде өмірдің мәнін тым ерте жас­тан түсініп қою да адамға қиындық туғызады. Сондықтан кім-кімнің де өз жасына лайық ой толғап, өмір сүргені қандай ғанибет еді. Конфуций «Кеңес пен толғам» ғақлиясында «Ұстаз айтыпты:

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Донор әке – дүбәра ұрпақ

Біз қазір ұлт болу, мәңгілік ел болу жолында келеміз. Бұл бабалар бағыттаған, бүгінгілер ақ-адал жалғасақ деген ұлы ниеттен туындап отыр. Әлемдік қарбаласта өз бет-бейнемізбен салған сара жолымыз даңғылға айналу үстінде. Ең бастысы, осы жолда ұлттық үрдісімізбен жүрсек, жұтылу мен тұтылудан алыс боларымыз ақиқат.

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Бапкерлер легионы

Жыл сайын Қазақстан премьер-лига клубтарының қыруар қаржы жұмсап шетелдерден сатып алатын легионерлерін санамалап, олардың көрсеткен нәтижелерін саралап жүретін әдетім бар. Футбол деген үлкен сиқырға арбалып қалған кез келген адамға таныс құбылыс. Өткенде ғана маусым бойына 4 ойын өткізіп, 10 ай бойы жалақы алып келген сербиялық футболшы туралы жаздым. Біздің клубтардың бармақ басты, көз қысты әрекеттері мұнымен де шектелмесе керек. Командаларымыздың тағы бір әдеті – жыл сайын бапкер ауыстыру. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу