Мүдделер тоғысы табысқа жетелейді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай астанасы Бейжіңде «Белдеу және жол» халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
Егемен Қазақстан
15.05.2017 2384
2

Жалпы, осы жылдың ең ау­қымды халықаралық шара­ларының бірі саналатын форум Қы­тайдың «Белдеу және жол» бастамасының аясында ұйым­дастырылды. Шараға Қазақстан Президентімен қатар, Ресей, Түркия, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Аргентина, Чили, Индонезия, Вьетнам, Филиппин, Лаос, Чехия, Швейцария, Ке­ния мем­лекеттерінің басшы­лары, сондай-ақ Мьянма елі­нің мемлекеттік хатшысы, Пәкіс­тан, Венгрия, Греция, Испа­ния, Италия, Кам­боджа, Малай­зия, Моңғолия, Поль­ша, Сербия, Фиджа, Шри-Ланка және Эфио­пия елдерінің прем­ьер-министр­лері, барлығы 29 мемлекеттің басшылығы, оған қоса БҰҰ-ның Бас хатшысы, Дүниежүзілік банктің президенті және Халықаралық валюта қорының басқарушы-директоры қатысуда. Осылайша, кешелі бергі төрткүл дүние назары Қытай астанасы Бейжіңде болып отыр.
Иә, Қытай Халық Рес­публи­касының төрағасы Си Цзиньпин осыдан үш жарым жыл бұрын «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп жасау туралы бастамасын дәл біздің елде, нақтысын айтсақ, «Назарбаев Уни­верситетінде» жаһан жұр­тына жариялаған болатын. Ал сол жылдың қазан айында «ХХІ ғасырдың теңіз Жібек жолы» идеясын Индонезияда ұсын­ды. Бұл бастамалар әлемнің түк­пір-түкпірінде қызу талқы­ланып, халықаралық пікірталас алаңдарының өзекті тақырыбына айналды. Тіпті, бірнеше айдың аясында-ақ Си Цзиньпиннің «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасының тұжы­рым­дамасы дайындалып, қамту ауқымын қалыптастырып үлгерді. Ақырында, бүкіл Орталық Азия құрлығындағы ауқымды екі тармақтағы инфрақұрылымдық жобалар 2014 жылы «Белдеу және жол» деп аталған Қытай бастамасында тоғысты. Содан бері бұл идеяның иірімінде талай келісімдерге қол қойылды, инвестициялық игіліктерді игерді, қаншама халықаралық жобалар қаржылық қолдау тапты. 

Орталық Азия елдерінің ортақ өркендеу жолындағы ынтымақтастық байланыстар бекемделіп, межелі мақсаттарды көз­деген мүдделер тоғысы айқын­дала бастады. Бұл пайымды кеше ауқымды шараның ашылу салтанатында сөйлеген құттықтау сөзінде Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин де нақтылай түсті. 
ҚХР төрағасы жиынға 100-ге жуық елдің өкілі қатысып отырғанын өзіндік мақтаныш сезіммен атап өтіп, «Жібек жолы» жобасының жетегінде жеткен жетістіктерді жіпке тізгендей жіктеп берді. «Жібек жолы» қай замандарда да өз жемісін бергенін жеткізе отырып, қазіргі таңда басты игілік ынтымақтастық иірімдерінде ғана жатқанын айтты. Ортақ мүдделерді тоғыстырған бірегей жобалармен ғана биіктерді бағындырып, қай-қайсымыз да бірліктен ғана береке табарымызды тілге тиек етті. Осы мүддені үндейтін өзінің «Белдеу және жол» бастамасының алғашқы дәнегі Қазақстан елінде бүршік жарғанын тағы бір қайталап, қазіргі таңда мұны жүздеген елдің қолдап отырғанын айрықша атап өтті. 
ҚХР төрағасы «Белдеу және жол» бастамасына Қытай тарапынан қомақты қаржы бөлініп жатқанын, болашақта та біраз жобаларды қолдауға ниетті екендігін алға тартты. Еске салсақ, 2014 жылғы жел­тоқ­санда «Белдеу және жол» стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларды қаржылай қамтамасыз ету мақсатында арнайы «Жібек жолы қоры» құрылған болатын. Осы уақытқа дейін оның капитал сомасы 40 млрд долларды құрады.
«Қытай бастаманы жүзеге асыру үшін «Жібек жолы қоры­на» қосымша 100 млрд юань құя­ды. Біз қаржы институттарын 300 млрд юань шамасын­да бағаланған операциялар­ды юаньмен жүргізуге шақы­рамыз. «Қытай даму банкі» және «Қытай ЭКСИМ банкі» сәй­кесінше 200 млрд юань және 130 млрд юань мөлшерінде инфрақұрылымдарды, өнеркәсіп қуатын және қаржыландыруды қолдаудың арнайы несиелеу тізбегін құрады», деді Си Цзинь­пин. Сондай-ақ, ол дамушы елдерге гуманитарлық көмек ретінде шамамен 11 млрд доллардан асатын қаражат бөлу жос­парланып отырғанын атап өтті. 
«Алдағы үш жылда Қытай ауқымды жоба көлемін іске қосу және халықтардың жақсы өмірін қамтамасыз ету үшін «Белдеу және жол» бастамасына қатысатын халықаралық ұйымдарға және дамушы елдерге 60 млрд юань (8,8 млрд доллар) көмек көрсетеді. Қытай Жібек жолы бойындағы елдерге 2 млрд юань (шамамен 294 млн доллар) азық-түлік көмегін, «Оңтүстік-Оңтүстік» желісі бойынша ынтымақтастық үшін көмек қорына 1 млрд доллар қосымша қаржы бөледі», деді ҚХР төрағасы. 
Си Цзиньпин сондай-ақ, осы форум барысында Қытай 30-дан астам елмен іскерлік және сауда қатынастары келісіміне қол қоятынын, бірқатар елдермен еркін сауда туралы келісім бойынша кеңес жүргізуге кірісетінін мәлімдеді. 
Қытай басшылығы форум жұмысының тиісті деңгейде өтуіне ерекше мән беруде. Өйткені, осы шара қорытындысы бойынша «Белдеу және жол» бастамаларын іске асырудың бастапқы қорытындылары шығарылып, сондай-ақ оны одан әрі дамытудың жаңа шаралары қарастырылып, қабылданады.
Шындығында, Қытай бүгінде аймақтың негізгі экономикалық күшіне айналып отырғаны анық. Аталған форуммен де ҚХР өзінің «әлем сахнасындағы» рөлі артып келе жатқанына жаһан жұртының назарын тағы бір аудартты.
Қытай билігі «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасын қалыптастыруда бүгінге дейін екі аспектіге басымдық берді. Оның негізгісі, бастамада «экономикалық» деген анықтаманың айрықша көрсетілуі. Ал екінші жағынан қытайлықтар әуел бастан бастаманы ежелгі «Жібек жолымен» байланыстырды. Мұндағы мақсат, бастама аясындағы жобаларға «Жібек жолы» бойындағы елдерді барынша қамту болатын. Ал бәріміз білетіндей, байырғы «Жібек жолы» ғасырлар бойы бүкіл Еуразия елдерінің арасын жалғап, бүкіл байланыстың негізгі желісіне айналған. 
Әрине, қамтыған халық­ара­лық ауқымы аса ауқымды деп бағаланған форумда Батыс ел­дерінің басшылары аз болғанын жоққа шығара алмаймыз. Алайда, мұның бір себебін бірқатар саясаттанушылар форумның Франция, Германия сияқты батыс елдеріндегі сайлауалды науқанға дөп келуімен түсіндіруге болатынын жазған екен. Дегенмен, шараға Халықаралық валюта қо­рының, сондай-ақ, Дүние­жүзілік банктің, БҰҰ-ның бас­шы­ларының белсенді атсалысқаны оның әлемдік деңгейдегі дәрежесін дәріптей түсетіндей. 
Қытай Орталық Азиямен ынтымақтастығын толықтай «Белдеу және жол» бастамасымен жүйелейді. «Белдеу және жол» жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері қазіргі таңда ҚХР-дың Орталық Азияға арналған стратегиясында жүзеге асып жатқаны белгілі. Ендеше, Қытай экспортына талай тармақ ашылып отырғанына қарамастан, Орталық Азияның Бастысқа шығар дәліз екендігіне басымдық беру бағыты босаңсыған емес. Бұл Орталық Азия елдері Қытай бастамасын жүзеге асырудың негізгі бағыты болып қала беретінін айғақтайды. Мәселен, Қазақстанды Қытай экономикалық тұрғыда маңызды серіктес санайды. Ал Қазақстан Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасын «Нұрлы жол» бағдарламасымен байланыстырады. Себебі, Орталық Азия арқылы өтетін инфрақұрылымдық жобалар негізінде «Нұрлы жолды» жетілдіруге мүмкіндік мол. Осылайша, «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасына қатыса отырып, Қазақстан өз ұлттық мүддесін көздейді. 
Сонымен, форумның алғашқы күнгі «Пленарлық сессия» және «Жоғары деңгейдегі диалог» бөлімдерінде саясат, көлік, сау­да, қаржы және халықтардың өзара байланысы мәселелері бас­ты тақырыпқа айналды. Атап айтқанда, инфрақұрылымдық байланыс, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіптік инвестициялар, энергетика жә­не ре­сурстар, қаржылық қолдау, гу­манитарлық айырбас, қор­шаған ортаны қорғау, теңіздегі өзара ынтымақтастық және тағы да басқа маңызды мәселе­лер талқыланды. Ал бүгін форум аясында Мемлекеттер басшы­ларының дөңгелек үстелі өтеді деп жоспарланған. 

Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан» –
Бейжіңнен 

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу