Мұғалім беделін қайтсек көтереміз?

«Адам – керуен, өмір – жол, Ешкімге жат із емес. Жолмен көшкен керуеннің, алды-арты біз емес», − деп жыр сұңқары С.Сейфуллин айтқандай, осы керуен жолымен келе жатқан адамға ата-анадан кейінгі қымбат адам – мұғалім.
Егемен Қазақстан
03.04.2017 5138
2

Үйдің тірегі мөлдір бұлақтай ата-ана болса, сол бұлақтың жағасындағы құрағы − ұл мен қыз. Құрақтай құлпырған балаға нәр беретін «Мектептің жаны – мұғалім» (А.Байтұрсынұлы). Осындағы жан сөзіне үңіліңізші? Үңіліп қана қоймай, тереңіне үңіле ой жіберіңізші. Сонда мұғалімнің кім екенін танып, білеріміз айдай ақиқат. Қазір мұғалім беделін қалай көтереміз деген мәселе аз айтылып жүрген жоқ. Бұл мәселенің кейбірін Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Мақсат – уақытпен үндесе алға басу» (17.03.2017) атты мақаласында қозғады. Министрдің баспасөз мәслихатында мұғалімдер айлығының аз екенін мойындағаны және бар.

Шынында, мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқара алмай отырмыз. Оның үстіне тек­серушілердің де тыным бер­мейтіні рас. Ал сол қа­ғаз­бастылықтан құтылудың бір жолы электронды журнал делінді. Бірақ еліміздегі бар­лық мектеп компьютер­мен және интернетпен толық қам­тамасыз етілмегені мә­лім. Иә, санда бар, сапа кем­шін. Біз мұғалімдермен сөй­лес­кенімізде электронды журнал­ды да, қағаз журналды да тол­­тырып жүргенін айтады. Элек­­тронды журналды көбіне мек­тептердегі информатика пәнінің мұғалімі арқылы ат­қаратын көрінеді. Яғни, мүм­кін­­дік бар. Мұғалімдер ин­фор­м­атика бөлмесінде электронды жур­налдарын пайдаланады. Элек­тронды журналдың рас еке­нін дәйектеу үшін оның қа­ғаз­дағы нұсқасын шығарып алуың қажет. Интернетке де, қағазға да қаржы қажет екені өзінен өзі түсінікті. Бұл да мұғалімдердің аз ақшасына салмақ салмай қоймайды. 

Кешегі дәуірде мұға­лім­дердің беделі биік болатын. Өйткені, бай мен кедей, ауқатты мен әлсіз деген жоқ еді. Қазір көп жағдайда мұ­ғалімдердің төменшіктей бере­тіні айлықтары мардымсыз. Ең жоғары айлық 100 мың тең­геден асса, жаңа қадам бас­қандардікі 40 мыңнан жо­ғары. Түрлі себептерге орай, төмені де жоқ емес. Оны төлеудің сан түрлі жолы қарастырылған. Яғни, санат қағидасы алға оз­ған. Мұндай жағдайда мұ­ғалім «мықтылар» алдында кү­мілжімей қайтсін. Ендеше, мұ­ғалім беделін көте­рудің бір жолы – оларға жан-жақты жағ­дай жасап барып талапты күшейту болмақ. Ауылды жер­дегі мұғалімдердің кө­бі­нің пән сағаты санаулы. Өйт­кені, маман бар, бала аз. Сол ауылыңызда да керемет ұстаздар еңбек етіп жүр. Бі­рақ, қызметі тиісті орындар­дан бағалана бермейтіні өкі­ніш­ті. Қала мектептеріндегі ұс­таздар «Ы.Алтынсарин» ме­далі, «Білім беру ісінің құр­метті қызметкері» іспетті награ­далар алып жатса, ауыл мұ­ғалімдеріне бұл да бұйыра бер­мейді. Оның да өзіндік сы­ры болуы керек.

Тағы бір түйткіл, мұға­лім­­дердің күнделікті сабағын қалай беретінінен, білім-бі­лі­гінен, озық үлгісінен бұрын оның оқушылары әртүрлі кон­кур­­стар мен олимпиадаларда қандай орын алғандығына мән беріліп жатады. Білім жарыс­тары көп жағдайда «жасан­ды» жол­д­армен кететінін, нағыз бі­лімділердің ысырылып қа­ла­­тынын ескере бермейміз. Ал, 100 пайыз үлгерім беру – бұл­жымас қағидаға айналды. Үлгермейтін оқушысы бар мұғалім мен мектеп көзге түр­­ткі болады. Осының өзі де мұ­ғалім беделіне нұқсан кел­тіруде. Баланың бәрі бірдей ал­ғыр болмаса теңестіріп қол­дан баға қойып, сыныптан сыныпқа көпе-көрінеу көшірудің соңы білім сапасы төмен деген әңгімеге алып келеді. Жалпы, «Оқи алмайтын оқушы жоқ, оқыта алмайтын мұғалім бар», деген сөз туралы да болашақта ойлану керек секілді. Әрине, бес қол бірдей емес. Мұғалімдердің арасында да кемшіліктердің кетіп жататыны рас. Біз ондай оқиға бола қалса, іліп алып кетпей, жұртқа топырақ шашпай, себеп салдарын зерделесек, ақ пен қара анықталар еді. Бір баласына ие бола алмай жүрген кейбір ата-аналар 30 балаға білім беріп, тәрбие үйретіп жатқан мұғалімге дүрсе қоя беретіні бар. Егер әр бала 1-ші сыныптан бастап қабілетіне қарай бағаланса, ондай ата-аналар өктем болудан аяқ тартар еді. Білім мен білік салтанат құрар еді.

Қалай десек те, тәуелсіз елдің ертеңгі тұтқа ұстар ұрпа­ғы­ның бітім-болмысының бү­тін болуы үшін қызмет етіп жүр­ген ұстаздар қауымына де­ген көзқарасты түбегейлі өз­гертуіміз керек. Бұл ең алдымен, тиісті мекемелерді, ең бастысы, ата-аналарды ойландыруы керек. Мұғалімнің мәртебесі заңмен қорғалады дейміз. Бірақ сол заң оларды шын қорғай алып отыр ма деген сұрақ та алдан шығады. Бұл ой­ды қозғауымыздың астарында, мұғалім өз құқығын қорғ­ай­мын десе, ондай мүм­кіндік бар ма деген күдік жа­тыр. «Бұл қалай?» деген адам төбе көр­сетсе, әкімшілік түрлі айла-шар­ғыға барып жатады. Оны ай­тасыз, мұғалім осы күндері жиі өтетін барлық іс-шараларға көбінде тегін күш ретінде тартылатынын несін жасырамыз. Оған да қарсылық білдіруге «құ­қысы» жоқ. Сондықтан да, тыныш жүріп жан бағайық де­ген­ге ден қойған. Мұндай бой­күй­ездіктен қалай құтылуға бо­лады? Ұрпақ тағдырын ше­ше­тін мұғалімдер құқығын қор­ғайтын арнайы заң қа­был­дасақ, ұтылмас едік. Онсыз мұ­ғалімдер туралы түйткіл оңай шешілмейді.

Біз шет елдердің тәжі­ри­бе­сіне жиі жүгініп жатамыз. Ір­ге­міздегі Қытай мемлекеті ұс­таз беделінсіз білімнің болмайтынын алға тартып отыр. Әлеуметтік жағдайы әл­сіз мұғалім сапалы білім бере ал­майтынын ескеріп, оларға ерекше қамқорлық көрсету, яғ­ни ақшасын еселеп көбейтуді ұсынуда. Мұғалімнің әр жақсы ісі бағасыз қалмауы керек екен. Тіп­ті, олардың дәптер тек­се­ретінін, сынып жетекшісі ре­тінде ата-аналармен жұмыс жасайтынын, оқушылардың үйіне баратынын ескеріп, оған да қаржы қарастыруды қол­ға ала бастаған көрінеді. Ба­ла­лардың заманға қарай ерте есей­етініне, ақпараттарды аз уа­қытта меңгеріп алатынына бай­ланысты он екі жылдық оқу­ға да күмән келтіре бас­тап­ты.

Бүгінгі таңда ұстаздар қау­ым­ының беделін биіктетіп, абыройын асыра алмасақ − азат елдің ұрпағы отаншыл болып қалыптасуы екіталай. Отан деген сөздің қасиетін – балаға ұғын­дыратын да, бойына дарытатын да мұғалім. Олай болса, сөзден іске көшетін уақыт әлдеқашан жетті.

Сүлеймен Мәмет,

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген 

Ерлан Омаров,

«Егемен Қазақстан»






СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Ұстаздар (03.04.2017 15:39:29)

Мұғалімнің әлеуметтік жағдайы туралы дұрыс жазылған. Құқығын қорғауға қақысы болмай қалатыны өтірік емес. Өйткені, әлгіндей қарсы дау айтатын болсаңыз, басшыңызға жоғарыдан "звандайды".Мемлекетінің қамқорлығын көрмесе ұстаз Отаншыл болуға қалай үйретеді дегенге қосыламыз. Біз Ресейдің стандартынан Қазақстан стандартына көшкесін ғана мұндағы жоғарыда мақалада айтылған жайларға қанық болып жатырмыз. Қазақстан мұғалімінің жалақысы да төмен екен.Әдіс бірлестік жетекшісіне, түрлі кеңес хатшысы болғаны, қоғамдық жұмыстары үшін пайыздар төленетін. Квартал сайынғы премияны қоспағанда қағаз-қалам алуға да Ресей стандартында ақша бөлінді.Неге өркениетті еліміз мұғалімдерінің әл-акуқатын жақсартпасқа? Тексерулер жайы. "Жоғарыдан тексереді" деп қана қағаз жинап қою жұмысы ешқандай мұғалімді қызықтырмаса керек. 3 жылдан кейін сабақтан қалуды журналмен тексереді бақылау департаменті дегенді есітіп, таң болдық. Ол неге және кім үшін керек?Оқығысы келмеген бала үшін мұғалімді тұрғызып қойып, жауап алу да бар екен.Мұғалімнің жаманы жоқ, оқығысы келмейтін бала бар, өйткені бәрі ақшаға сатулы екенін көріп жүр. Мұғалімге шара көру оңай, ата-ананы да бір сәт жауапты қылуды ойластырған жөн.

Пікір қосу