Наиль НҰРОВ: «Қонақтарға Алматының апортын ұсынамыз»

Екі күннен соң Алматыда «Қысқы Универсиада-2017» алауын жағады. Ақ ұлпаға жамылған Алатаудың бөк­тері – әсем қала Алматы ұлы дүбірдің бас­талуын асыға күтуде.
Егемен Қазақстан
26.01.2017 4107
2

Осыған орай газет тілшісі Универсиадаға дайын­дық және оны өткізу жөніндегі дирекция­ның жетекшісі Наиль НҰРОВПЕН әңгіме­лес­кен еді.

– Наил Фаридұлы, осыдан үш ай бұрынғы «Егеменнің» бетіндегі әңгімемізде Алматы­дағы негізгі спорт кешендері спорт жарысына 95 пайыз дайын деген деректі алға тар­тып едіңіз. Дәл бүгінгі қар­саң­дағы көңіл-күйіңіздің қандай екенін білгіміз келеді?

– Рахмет. Көңіл-күй ойдағы­дай. Кешегі түскен қар да, шым-шым қысқан аяз да масаттандырып қойды. Әрине, сайысқа түскелі тұрған кез келген спортшыға тән аздаған қобалжушылық бар. Онсыз болмайды ғой. Ол кезде дайындық 95 пайыз десем, бүгін 100 пайыз деп айта аламын. Спорт­шылардың нағыз жігерін жанып, өнерін көрсететін негізгі орын «Алматы Арена», сондай-ақ «Халық Арена», Атлеттер ауылы­ның, яғни спортшылар қалашы­ғының құрылыс жұмыстары өткен жылдың қыркүйек-қазан айларында-ақ толықтай аяқ­талып, пайдалануға берілген. Алма­тылықтар онда дүрілдеп өткен Қайрат Нұртастың ән кешін әлі де ұмытпаған шығар. Атақты бокс­шы Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы жекпе-жегі де сонда өтті. Өйткені, біз үлкен жарыс ал­дында судай жаңа салынған спорт сарайларымызды нағыз халық­тық шынайы дүбірмен сынап ал­ғанды жөн санадық. Сөйттік те, спорт сара­йы­ның есігін айқара ашып қой­дық, жас спортшылар жат­тықты, көрермендер сарайдың сән-са­л­­та­натымен танысып, мұз ай­ды­нында емін-еркін сырғанақ тепті.

Сонымен қатар, Атлеттер ауылы­ның әрбiр бөлмесi спортшы­ларға керектi мүлiк-жабдықтар­мен түгелдей толықтырылды. Бұл өзі нағыз біздіңше – ноу-хау! Олим­пиадалық ауылдың комму­никациялық қызметін тексеру үшін Алматыдағы жо­ғары оқу орындарының 3 мың­ға жуық студентiн сонда қоныс­тандырдық. Студенттер сол жерде жата-жастана жүріп, жылу жүйесi мен коммуникациялық желінің сапасын, жуынатын бөлме мен ас үйдiң қызмет аясын, тiптi үтiк­тiң дұрыс қызатындығына дейiн тексеруден өткiздi. Мұның бар­лы­ғы да ертең елімізге алғаш рет ат басын бұрып келетін шетел­дік сту­дент-жастардың жарыс­қа алаң­сыз күш салуына жағдай жасау дер едім. Көңілдерінде Қа­зақ­стан туралы жақсы пікірлер қалса екен деген мақсаттағы игі істер. Айтпақшы, қала­шықтың өз мэрі бар, хабар­дар шығар­сыз­дар, ол спорт жұлдызы – бокстан Олим­пиада чемпионы Серік Сәпиев.

– Сонымен, Универсиада ашылған күні Алма­ты­ға қанша елден қанша спорт­­­шы келетін болды? Бүгін­­гі таңда олар­дың саны мен мем­­лекет­тер­дің аты-жөні анық­талып қойған шығар?

– О баста күткеніміз 59 мем­лекет­тің спортшылары еді, дәл күні бүгінге бұл цифр 57 саны­мен тоқтап тұр. Осыншама мемле­кет­тен спортшылар келетіні туралы нақты құжат біздің қолымызда тұр. Универсиада тарихында бұл көрсеткіш рекорд саналып отыр­ғанын екінің бірі білер ме екен?! Бауырлас Түркия еліндегі әлем­дік осы жарысқа 52 мемлекет­тің спорт­шы жастары келген бола­тын. Өз ойым, Қазақстанда өте­­тін қысқы Универсиада осы тұр­ғыдан алып қарағанда, ең ал­ды­мен, баршаға тиімді әрі жайлы­лығымен ерекшеленейін деп тұр. Бұл жолы Алматыда барлығы 2 мыңнан астам спортшы бас қоса­ды. Олардың алғашқы легі ша­һа­рымызға келіп те қойды. Ту­ристер көп. Тағы бір айтарым, біздің Алматыға алғаш аяқ басқан меймандарға ұсынатын нан мен тұзымыз – Алматының апорты. Алматының алмасының бір рет дәмін татқан адам келесі жолы мұнда міндетті түрде айналып соққы­лары келері даусыз. Ал енді, алдын ала хабарлап қойғаны­мыздай – жарыстар сегіз алаңда, қысқы спорттың он екі түрінен өтеді. Атап айтсам: шайбалы хоккей, тау шаң­ғысы, шаңғы жарыс, биатлон, мәнер­леп сырға­нау, шорт-трек, кер­линг, сноу­борд, фристайл, трамп­лин­нен шаң­ғы­мен секіру, шаңғы және коньки спортынан бәсеке.

– Рет жағынан 28-ші рет өткізіліп тұр­ған әлемдік жарыс­тың өзге де ерек­шелік­тері тура­лы не айтар едіңіз?

– Бір басты ерекшелік – біз жарыс алауына қатысты шара­ны шектемедік. Универсиада­ның бір алауы бір жерде ғана жанбайды. Жарыс алауы елі­міздің барлық бұрышында тұта­тылады. Аймақтағы ең таң­даулы спортшыларымыз тасы­мал­даған Универсиада алауы Алматыға салтанатпен әкелінеді. Универсиада ашылатын күні жан-жақтан жеткізілген 16 алау Алматыда үлкен бір жалынға айналады. Мұның рухани тәрбиелік мәні – Қазақстан халқының бірлігі. Алматыда 29 қаңтар күні өтетін Алау эстафетасына 100 адам қатысып, 20 шақырымдық маршрутпен жүгіріп өтеді. Жал­пы, Универсиада алауы 22500 шақы­рым жол жүріп келіп, оның 200 шақырымында алау қолда болатынын да айтар едім.

– Халық көп қатысатын мұндай спорт­тық шаралар­дың қауіпсіздігі мен ал­ғашқы дәрігерлік көмек секілді өзге де та­лап­тар­дың алдыңғы лекте жүретіні бар…

– Оныңыз рас, бұл арада мен ең алдымен бүгінде біздің құлағымыз үйреніп, етіміз көндіге бастаған допинг жайына тоқталар едім. Бұл – бәріміздің ерекше назарда ұстайтын мәселеміз. Спорттық жарыс өтетін әрбір нысанда тиісті стансалар жұмыс істейді, ал «Олимпиадалық қала­шықта» – Атлеттер ауылында Уни­версиаданың командалық антидопингтік орталығы жұмыс істейді. Допингті бақылау тәр­­тібі Әлемдік антидопингтік кодекс­тің және Тестілеудің халық­ара­лық стандарттары талап­тары­на сай жүргізіледі. Сол сияқ­ты алдын ала арнайы жылу сезгіш қондырғыларды сатып алғанымыз туралы да айта кетейін. Олар Алматы мен Астананың халы­қ­аралық әуежайларында орна­лас­тырылды. «Ыстығы көтеріл­ген» меймандар болса, бірден байқаймыз. Бірден көмек көрсе­теміз. Спорт жарыстары өтетін бар­лық алаңдар мен сарайларда күшейтілген «Жедел жәрдем» бригадалары қалтқысыз қызмет күзетінде тұр. Ал Атлеттар қала­сында амбулаториялық-меди­цина­лық орталық бар. Мұның сыртында 2 санитарлық тік­­ұша­ғы­мыз кез келген сәтте көкке көтері­лу­­ге әзір.

Бір сөзбен айтқанда, «Уни­вер­­сиада-2017» қызығын бірге бөлісейік, асығыңыздар, ағайын­дар», дер едім. Билет сатып алы­ңыздар. Алматының дүние­жүзі­лік маңызы бар бұл жарысын бар­шаның есінде ұмытылмастай етіп қалуына ат салысайық!

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу