Нарықтық медицина негіздері дамиды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен бірге енетін өзгерістер барлық азаматтарды толғандырады. Жаңа жүйе болғандықтан үміт те, күмән да бар. Осы орайда Қазақстанның Еңбек Ері, Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы Серік АҚШОЛАҚОВҚА жолығып, бірқатар сауалдар қойған едік.
Егемен Қазақстан
21.05.2017 2726
2

– Серік Қуандықұлы, білікті нейрохирург, заманауи клиника жұмысын жолға қойған ұйымдастырушы ретінде шетелдік денсаулық сақтау саласынан хабарыңыз мол. Еңбек өнімділігі жоғары елдерде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бұрыннан бар. Бұл жаңа жүйе қазіргі отандық медицинаның жай-күйін одан әрі жақсарта ала ма? Шетелдік тәжірибелерде сізге қай елдің сақтандыру әдісі қолайлы көрінеді?

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Германия, Франция сынды көптеген елдерде бұрыннан жұмыс істеп келеді. Олар бұл жүйені тиімді пайдалануда. Дәрігерлік көмектің сапасы жақсы, пациенттердің емделу деңгейі және дәрігерлердің әлеуметтік жағдайлары жоғары. Пациенттер ағылып келіп жатқан клиникалардың жай-күйі қай жағынан қарасаңыз да өте жақсы. Дәрігерлер білігіне сай, қажеттілігіне орай жоғары жалақы алады. Әрі пациенттері де төлеген жарнасының қайда кеткенін біліп отырады. Оған олар осы сақтандыру жүйесі арқылы жетіп отыр. Өркениетті мемлекеттердің әрбір азаматының денсаулығы үшін қалтасынан ақша төлейтіні қалыпты жағдайға айналған. Моральдық-психологиялық, экономикалық тұрғыдан ешқандай оғаштығы жоқ дүние. Еліміз аталған елдердің тәжірибелерін негізге ала отырып, ұлттық медицинаның әрі қарай дамуында жаңа жүйені қажет деп тауып, заңмен бекітті.

Қазақстандықтар үшін МӘМС жүйесінің енуімен сапалы медициналық көмекке қолжетімділік артып, денсаулықты жақсарту, адам өмірін ұзарту, амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етуді кеңейту, бейресми төлемдердің деңгейін азайту көзделуде. Бұл жаман нәрсе ме? Ал мемлекет үшін күтілетін нәтиже не десек, оны да санамалай кетуге болар. Біріншіден, ешкімді алаламай-құлаламай медициналық көмекпен жан-жақты және жаппай қамту жүзеге асырылады, екіншіден, денсаулыққа қатысты медициналық мекемелер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі артады, үшіншіден, денсаулық сақтауда тұтыну көлемін теңдестіруге мүмкіндік беретін тұрақты қаржылық жүйе құрылады. Соның арқасында бюджетке түсер салмақ жеңілдеп, денсаулық сақтаудың нарықтық механизмдері жетілдіріледі. Оған қоса жеке денсаулық сақтауды және денсаулық сақтау индустриясын дамыту үшін ынталандыру (қосымша жұмыс орындары мен технологиялар), қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, қоғам алдында есеп беруге міндеттілік сынды маңызды мәселелер шешілмек. Осы жұмыстар орындалған жағдайда қазіргі отандық медицинаның жай-күйі одан әрі жақсара түседі деген ойдамыз.

– Бұрын Үкіметтен қаржыландырып келген қымбат операциялардың қолжетімділігі қандай болмақ? Бұрынғы квотамен жасалатын операциялар саны азайып қалмай ма?

– МӘМС жүйесінде ел азаматтары үшін кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде қарастырылған көмек қор есебінен жүзеге асырылатындықтан, операциялардың қолжетімділігі турасында сөз болмауы тиіс деп есептеймін. Қайта жоғары сапалы және жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету көлемі кемімей, ұлғаюы әбден мүмкін.

– Жаңа жүйе мүлтікісіз қызмет етуі үшін бастапқы көмек беретін медициналық мекемелер – емханалар, амбулаториялар мен озық клиникалар арасындағы байланыстар қалай жүргізілуі тиіс?

– Сақтандырудың бұл үлгісі бойынша шығындарды қысқартудың арқасында өндіріс көлемі мен кәсіпорынның табысын арттыруға қол жеткізіп, экономикалық пайда әкеледі деп күтілуде. Осы орайда сапасы жоғары бастапқы көмек алу, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, еліміздегі үздік клиникаларда тиімді емделу және қымбат бағалы операциялар жасату мүмкіндігінің болуы жұмыс істейтін әр азаматтың денсаулығын сақтауға, еңбекке жарамсыздық қағаздарының мерзімін қысқартуға, жұмыс берушілердің шығындарын азайтуға ықпал етсе деген мақсат тұрғаны айқын. Яғни, берік байланыстар орнауы тиіс. Сол себептен де емхана мамандарының біліктілігін арттырып, білімін жетілдіруде үздік клиникалар жанындағы емханалардың тәжірибелері ескерілуі тиіс деген ойдамын. Және емханалар жұмысына жоғары білікті консультанттар тарту қажет тәрізді. Шеберлік сабақтары, семинар-тренингтер өткізудің маңызы жоғары. Оқу мен тәжірибе астаспай біліктілік көтерілмейді.

– Шет елдердегі міндетті сақтандыруда дәрігерлердің қызметі мен құқығын сақтандыру жүйесі бар. Бұл бізге қажет пе?

– Соңғы 5-6 жыл ішінде елімізде дәрігерлер қызметіне қатысты сот процестерінің саны және адам өмірі мен денсаулығына келтірілген моральдық зиянға қатысты азаматтық-құқықтық арыздар біршама өсті. Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі «Медициналық міндеттемені міндетті сақтандыру» туралы заңды қарастыруда. Шынын айтқанда, ел азаматтарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтығаннан кейін дәрігерлер қызметін де сақтандыру медальдің екі жақ бетіндей қажет дүние тәрізді. Медицинаға жаңаша нарықтық қатынастар енуімен бірге оның бүгін болмаса ертең керек болатыны айқын.

– Өзіңіз жетекшілік жасайтын клиника жаңа жүйе бойынша жұмыс жасауға қаншалықты дайын?

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу әлемдік трендте жалпы бір қалыпқа келді. Өзінің денсаулығына қатысты халықтың ой-өрісін өзгерту өте қиын міндет, бұл тек денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінен ғана емес, мемлекеттен де тұрақты жұмысты талап етеді. Профилактикалық бағыт, азаматтардың денсаулығына жауапты көзқарас қалыптастыру бірінші орынға шығуы керек. Денсаулық сақтау жүйесінің алдында медициналық қызметтердің сапасын арттыру, медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен медицина ұйымдарының қормен жарақтандырылуын жақсарту, сапалы медициналық қызмет менеджментін енгізу туралы міндет тұр. Ал «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ барлық мәселелерді жан-жақты қарап, анықтады, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жұмыс істеуге дайын.

Әңгімелескен

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

23.02.2019

Мақсат - әр тұрғынға отыз шаршы метр баспана беру

23.02.2019

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

23.02.2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу