Наурыз – сенім мен достықтың, ел тұрақтылығының нышаны

Мемлекет басшысы Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, отандастарымызды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.
Егемен Қазақстан
23.03.2017 1989
2

Қазақстандықтар бұл мерекені әркез туыстарымен және достарымен бірге қарсы алуды дәстүрге айналдырғанын атап өткен Қазақстан Президенті мыңжылдық тарихы бар Наурыз елдің ең жақсы көретін және асыға күтетін мейрамы екенін, ол адамның ұлты мен діни ұстанымына қарамай тойланып келе жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Наурыз сенімнің, достық пен бауырластықтың, ел тұрақтылығының нышаны екеніне назар аударды.


– Биыл біз Наурызды ерекше көңіл-күймен қарсы алып отырмыз. Қазақстан елеулі жаңару бағытына бет бұрды. Мен таяуда ғана Үшінші жаңғыру бағдарламасын жарияладым. Оның аясында саяси және экономикалық жүйені реформалау көзделген. Біз Конституцияға мемлекеттік басқаруды жетілдіре түсетін маңызды түзетулер де енгіздік. Ендігі жерде тәуелсіздігіміздің кепілдіктері нығайтылып, бірлік пен татулық бекем бола түседі. Бұл болашаққа сеніммен қарауға, қазіргі әлемнің дамуы жолындағы сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді. Қазақстандағы барлық өзгерістердің бір ғана мақсаты бар. Ол – әр үйде, әр отбасында, әр шаңырақта молшылық пен тұрақтылықтың болуы. Әр азамат өз елі үшін алаңсыз еңбек етіп, балаларын өсіріп, жаңа күнді қуанышпен қарсы алатындай болуға тиіс. Бұған еңбек ету арқылы қол жеткізіледі, оған мемлекет мүмкіндік беріп отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде бүкіл әлем бойынша жаңару нышанын танытып, адамдардың өзара ынтымағын және табиғатпен тұтастығын көрсететін көктемгі күн мен түннің теңелер шағының айрықша маңыздылығына тоқталды.

– Бұл күндер халықты қуанышқа бөлейді. Мереке күндері жұрт бір-біріне қонаққа барып, бұрынғы өкпе-реніштерін кешіріседі, бір-біріне игілік пен бақ-береке тілейді. Наурыз мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгілік құндылықтарды еске салып тұрады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы күндері Қазақстанның барлық өңірлеріндегі қалың бұқара Ұлыстың Ұлы күнін ерекше тойлап жатыр. Бұл күн бабаларымыздың бағзы замандардан бері ұлықтап өтіп, бізге қалдырған аманаты. Күн мен түннің теңескен тұсындағы береке-бірліктің, ынтымақ пен ізгі­ліктің жолы болсын деген игі тілегі. Сондықтан да айтулы күн жақсылық пен келісімнің, жаңару мен жаңа күн­нің символы. Ендеше, күннің ұзарып, түннің қысқарған шағы мамыражай күннің шұғыласын шашқан шуақты сәулесі көктем көрі­ніс­терінің басы болып саналады.

– Наурызда әр өңірдің халқы, ауыл-аймақтың тұрғындары жиналып, бұлақтардың көзін ашып, жасыл желек отырғызып, болашаққа көз тігеді. Наурыз-көже жасап, ағайын-туыс бір-бірімен қатынасып, дәм татып, өткен-кеткенді еске алады. Өкпелі жандар бір-бірінен кешірім сұрап көрісіп, қауышып, бір-біріне сүйіспеншілігін білдіреді. Сондықтан да бұл рухани үндесу мен адамдардың ақжарма тілектерінің мейрамы саналады. Осындай ғажайып шақта аспаннан алтын нұр төгіліп, жерге алтын дән себілетінін білесіздер. Ел-жұрттың көңілінде жаңа үміт пайда болып, ертеңгі күнге сенім нығаяды. Сол себептен халқымыз Наурызды Ұлыстың Ұлы күні деп атаған. Ақиқатында, біздің жаңа жылымыз Шығыс халықтарында, соның ішінде қазақта да, дәл осы күн болып саналуы қажет. Мыңжылдықтардан бері жалғасын тауып, өзгермей келе жатқан бұл заңдылық биыл да сол дағдысынан жаңылған жоқ. Атаулы мереке ұлт пен дінді талғамайтын ортақ мейрам. Бұл біздің мызғымас бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды айшықтай түседі. Жаратылыс атаулы жаңғыратын осындай керемет күнде жақсы тілекте болайық, ағайын, – деді Н.Назарбаев.

Жер-дүние жаңаратын көктем мерекесінде табиғат құлпырып, тіршілік түлеп, төңірек түрлене бастайды. Өткен жылдың аяғындағы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесінің соңын ала жеткен Әз-Наурыз еліміздегі айтулы мереке, үлкен той болып саналатындығын айтқан Мемлекет басшысы ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-байтақ даламызды мекен еткен ұлтымыздың өткенін ұлықтап, ертеңін екшей түсті.

– Біз ата-бабаларымыздың қағи­даларын орындай отырып, бірлік пенен берекеден жаңылмаған халықпыз. Соның арқасында тәуелсіздігіміздің туын тіктеп, өткен жылы жетістіктерімізді бір түгендеп алдық. Ғасырға татитын 25 жылдың ішінде, күрес пен қуанышқа толы жылдарда халқымыздың еңсесін көтеріп, қазақтың абыройын асқақтата түстік. Киелі тәуелсіздігіміз бен одан бас­тау алатын барша құндылық­тары­мызды бекемдей білдік. Олай болса, елдігіміз таразыға салынған осынау заманда береке-бірлігімізді ешуақытта жоғалтпайық, бірге ұстайық. Байтақ Қазақстанымыз жаңа биіктерге көтерілуі үшін және Үшінші жаңғыруды орындауымыз үшін барлығымыз бір адамдай жұмыс істейік әрі осы жолда бір-бірімізге тілеулес болайық.

Қымбатты бауырлар, қадірлі қазақ­стан­дықтар. Ұлыстың Ұлы күні бар­шамызға бақ-береке әкелсін. Еліміздің ендігі жиырма бес жылдығын бүгінгіден де табысты, қарқынды дамумен қарсы аламыз деген үміттемін. Әрине, ол үшін халқымыздың айрандай ұюы мен отансүйгіштігі қажет. Сонда ғана біз ата-бабаларымыздың асқақ арманы мен аманатын орындап, олардың төккен тері мен анамыздың ақ сүтін адал ақтайтын боламыз. Еліміздің әрбір шаңырағы қуаныш, шаттыққа кенеліп, Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Әз-Наурыз құтты болсын! – деген Н.Назарбаев күллі Қазақстан халқын мерекемен құттықтап, ел-жұртқа жүрекжарды лебізін білдірді.

Осылайша, елордалықтар мен қала қонақтары қатысқан салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасын тапты. Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Астана қаласы мектептерінің өнерпаз оқушылары және отандық эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалаған Мемлекет басшысы жұртшылықты Наурыз мейрамымен тағы да құттықтап, бақыт пен жақсылық тілеп, өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

Сондай-ақ, Наурыз мерекесі қар­саңындағы негізгі мерекелік іс-шара­лардың бірі «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда өтті. Астана қаласы әкімдігінің ұйым­дастыруымен өткен ауқымды шараға қаладағы бірқатар мекемелер қатысты.

Наурыз мерекесі осы алаңда үш күн бойы тойланбақ. Сол үшін дайындық та ерте басталды. Астана қалалық әкімдігі мен ұлттық компаниялардың атсалысуымен 20 шақты ақшаңқан киіз үй тігілді.

Алаңдағы этноауылдың наурыз нақыштары қала тұрғындары мен қонақ­тарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлағандай. Айнала тігілген киіз үйлердің сән-салтанаты, жасау-жаб­дығы, қазақтың дастарқаны, қолөнер­ші­лердің бұйымдары қойылған көрмелер, қызылды-жасылды киінген қыз-жігіттер бірден көзге түседі. Анадай жерде палуандар күресіп жатса, алтыбақанда тербелген, қыз қуудың қызығына түс­кен, сондай-ақ, арқан тартыста білек күштерін сынаған, гірдің тасын көтерген жастар да өздерінше мерекеге сән бергендей. Әрбір киіз үйлердің ішінде өткен «Бата беру», «Тұсаукесер», «Бесікке салу», «Ат қою» сынды ұлттық жөн-жоралғылардан да Наурыз мейрамының көтеріңкі лебі еседі.

Қазақы салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, отансүйгіштікті, сондай-ақ, адамға тән ізгілікті насихаттайтын, көктемнің құлпырған шағында тойланатын Наурыз мерекесін елордалық жұртшылық та асыға күтеді. Биыл да дәл солай болды. «Хан Шатырдың» маңындағы алаңға халық көп жиылды. Келген кісілердің алдынан бауырсақ алып шығып, киіз үйлердегі наурыз көжеге шақырып жүрген ибалы қыз-келіншектер береке мен молшылықтың жаршысындай жара­сымды көрінеді. Мұнда өтіп жат­қан Наурыз мерекесін тамашалауға «Сары­арқа» велотрегіндегі гала-кон­церт аяқталған соң ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та келді. Ол палуан­дардың күресін, қолөнершілердің тері­ден, жүннен, металдардан, басқа да түрлі нәр­се­лерден жасаған бұйымдарын, әртістер­дің өнерін көріп, халықпен емен-жарқын әңгімелесіп, жұртшылықты Нау­рыз мере­кесімен құттықтады.

Алаңда ән айтылып, би биленді, күй тартылып, жыр оқылды. Театрлан­ды­рылған көріністер қойылды. Кон­церттік бағдарламада Астанадағы Қ.Қуа­нышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы мемле­кеттік академиялық орыс драма театры, Жастар театры, Астана қала­сы әкім­­дігінің Қуыршақ театры, Ас­та­на қаласы мемлекеттік филар­мо­ния­сы, елордалық «Наурыз», «Бәй­терек», «Шал­қыма», «Жұл­дыз» би ансам­бль­дерінің, «Қорқыт» фольк­лор­лық ұжы­мы­ның, басқа да бірқатар ұжымдардың өнер­лері көрер­менге ұсынылды.

Сондай-ақ, тазы иттер мен төбеттердің жарысы да жиылған жұртшылықтың назарын аударды. Жалпы алғанда, «Хан Шатыр» маңындағы бұл алаңда Наурыз мейрамы барлық сән-салтанатымен атап өтілуде. Айта кетейік, Наурыз мейрамы тек «Хан Шатыр» маңындағы алаңда ғана емес, «Қазақ елі» монументінің, Астана концерт залы маңындағы алаңдарда, сондай-ақ, Жастар театры­ның, «Қазақстан» спорт кеше­нінің территориясында да тойланды. Жал­пы халықтық серуен бүгін де сән-салтанатымен жалғасатын болады. «Хан Шатыр» маңындағы этноауыл ел­ор­далық тұрғындар мен қонақтарды қарсы алып, мерекелік концерттік бағ­дар­ламалар тарту етуде.


Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан»


Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.11.2018

Арқалықта қуатты, заманауи ет комбинаты жұмысын бастады

22.11.2018

Жеке куәлікті саусақ таңбасы алмастыратын болады

22.11.2018

Президенттік олимпиададан олжалы оралды

22.11.2018

Жамбыл облысында жылқы ұралағандар ұсталды

22.11.2018

Дамир Исмағұловтың қарсыласы анықталды

22.11.2018

Алматының ірі жылу магистралінде апат болды

22.11.2018

Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

22.11.2018

Мәнерлеп сырғанаушылар Загреб пен Таллинде сайысқа түседі

22.11.2018

Елбасы мақаласы шетелдік БАҚ назарында

22.11.2018

Тарихи сана тұғыры – ұлттық болмыс

22.11.2018

Шымкенттіктерге арнайы медициналық көмек көрсетті

22.11.2018

Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

22.11.2018

«Digital Urpaq» Пионерлер сарайы өз жұмысын бас­тады

22.11.2018

Қалдықтар да кәдеге жарайды

22.11.2018

Зиялы қауым өкілдері «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы не дейді?

22.11.2018

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

22.11.2018

Дулат Исабеков: Қазақ баспасөзінің көшбасшысы – «Егеменге» жазылыңыз!

22.11.2018

Астана Операда «Күміс ғасыр балеттері» көрсетіледі

22.11.2018

«Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» көрмеcі ашылды

22.11.2018

Балалар Барнаулға неге барады?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

Elbasy Nursultan Nazarbaev bıylǵy jylǵy halyqqa Joldaýynda úkimet múshelerine qaratyp, «Bizde árqıly baǵdarlamalar qabyldanyp jatyr. Indýstrıalyq baǵdarlama, ınfraqurylymdyq baǵdarlama, sondaı-aq, áleýmettik máselelerdi qamtyǵan kóptegen baǵdarlama bar.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу