Наурызды Қарағанды қалай қарсы алды?

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасына қатысқан 108 жас отбасы пәтерге ие болды.
Егемен Қазақстан
22.03.2017 1736
2

Тауық жылы Арқаның алтын табалдырығын  сүйінші сұрап, сауын айта сауықпен аттады. Қазыналы Қарағанды Ұлыстың ұлы күніне орталық саябақта қырық шатыр тігіп, Қыдырдың салқар көшін саумалкөлде күтті. Күні кешеге дейін Арқа атырабы Наурыз мейрамын шаһардың басты көшелерінің бірі – Бұқар жырау даңғылының бойына тойлайтын. Соның салдарынан облыс орталығында көлік кептелісі туындап, келеңсіздік демейік, белгілі бір деңгейде қолайсыздық орын алып жататын. 

Әдеттегіден бөлек, кеншілер астанасындағы биылғы мерекелік шаралар жаңа алаңда – орталық саябақта өтті. Онда үлкен сахна орнатылып, халықтың жаппай серуені де сол аймақта жөңкілді. Жалпы, Арқа жұртшылығы ұлық мерекені ұлттық деңгейде мерекелеуге әбден дағдыланған. Мәселен, биыл қарағандылық талғампаз тұрғындар көшпелілердің көне мейрамын қаһарлы қыс пен нәурізек көктемнің мәңгілік тартысын бейнелейтін мюзикл арқылы тамашалады. 

Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуге облыстық бюджеттен, яғни мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан 8 млн теңге бөлінген. Аталмыш іс-шараны ұйымдастыруға Алматы мен Астанадан арнайы мамандар шақырылып, көрініске 600-ден астам адам қатысты. Оның ішінде, мектеп оқушылары мен жас әртістер, барлық қарағандылық шығармашылық ұжымдар, театр өнерпаздары да бар.  Өзіміздің жергілікті өнерпаздар мен этно-мəдени орталықтардың өкілдері де бар өнерлерін ортаға салып, тойшыл әлеуметтің көңілін күймен, жүрегін жырмен жаулады. 

– Дәстүр бойынша Наурыз кеңінен тойланады. Театрландырылған қойылым мюзикл стилінде өтті. Бұл Көктемнің келуі мен дүниенің жаралуы, қазақ елінің құрылуы туралы ертегі. Су, ауа, от – бәрі қосылды, – дейді алматылық бұқаралық қойылымдардың жиынтық қоюшы-режиссері Аспет Жилкина. Билердің хореограф-режиссері де Алматыдан шақырылыпты. Мың бұралған бишілерді мюзиклға дайындаған Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетінің хореография кафедрасының профессоры Алмат Құрмажанов екен.

Көпшілікке жауынгер-интернационалистер көшесінің бойында және каскадтық сатыда түрлі ұйымдардың 33 киіз үйі, 27 сауда шатыршалары, жекелеген үстелдері орнатылып, онда бауырсақ пен палау әзірленіп, арнайы құрылған шатырларда қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Мысалы, биылғы Наурыз мерекесінде ғаламтор желісі арқылы электронды аллеяда экскурсия жүргізілетін киіз үйлер мен «шеберлер қалашығына» деген қызығушылық зор болды. Олардың ішінде облыстық өлкетану музейінің қызметкерлерімен арнайы киіз үйлерде экскурсиялар жүргізіп, мамандар қала тұрғындарына қазақ халқының салт-дәстүрлері, ата-бабаларымыздың өмір сүру салты туралы әңгімелеп жатты.  Бір сөзбен айтқанда, этно-мәдени қалыпта жасанған әр үйдің қыраны керіліп, құмайы ерініп, тұлпары кермеде, сұңқары бөлмеде бөлек отырды. Бәрі табиғи. Мерекенің мейілінше қызған мезгілінде облыс тұрғындарын аймақ басшысы Ерлан Қошанов құттықтады. 

– Наурыз – жаңару, жаңғыру мерекесі. Осынау ұлы мейрам қарсаңында мемлекетіміз де дамудың жаңа дәуіріне қадам басып отыр. Ел өмірінде орын алып отырған саяси реформалар, өзгерістер наурыз нышандарымен үйлесім тауып келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты бізді биік мақсаттарға жетелейді. Жаңа күнде қарағандылықтардың ауызбіршілігі мен еңбекқорлығын атап айтқым келеді. Наурыз мерамы асқақ армандар мен жаңа үміттердің мерекесі, – деді. Биыл ұйымдастырушылар қойылым барысындағы арнайы эффектілерге ерекше көңіл бөліп, нақышы бөлек Наурызды қызылды-жасылды гүлге көмкерді. Қарағандылықтар үшін биылғы жаңалықтардың бірі  – түрлі-түсті түтінді отшашу болды. Ал, өзеннің жағасында ұлттық спорт түрлерінен өтіп жатқан түрлі сайыстар – ол өз алдына жеке әңгіме... 

Сондай-ақ, сүйіншілі жағдайдың бірі – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша «Өңірлерді дамыту 2020» Бағдарламасына қатысқан жас отбасыларға Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. 108 пәтердің жаңа иелері атаулы мерекеде қоныс тойын тойлады. Әр шаршы метрі 90 мың теңге тұратын баспаналардың 72-сі бір бөлмелі, 36-сы екі бөлмелі. 

Не керек, көші көлікті, қосы көрікті Қызыр ата Сарыарқаның сахи дала, арап қырына осылай жетті. Жәрмеңкенің қызғаны күннің ызбарын елең қылар емес. Мерекелік көңіл-күй мейманасы тасыған ынтымақты елге шаттық шуағын қоса сыйға берген сыңайлы. Бала мәз, дала жаз. 

Мирас Аcан, «Егемен Қазақстан»

Қарағанды

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу