Несіпбек Дәутайұлы: Көксегенім – көркем шындықтың жаңа өрісі

Қап-қараңғы көше. Ешқандай жарығы жоқ. Адам жүруге қорқады. Әр қалтарыста қолына қанжар ұстап, бір қарақшы тығылып тұрған сияқты. Осынау түнек басқан көшеге қарасаңыз, ойыңызға тек қорқынышты жәйттер оралады. Міне, адамның санасы да тура осындай… Адам баласының қатпар—қатпар миында небір сұмдық жатыр. Небір жарық түспеген, түнек басқан түкпірлерінде жаның шошитын құпиялар жатуы мүмкін. Сол тұңғиық тереңге білім, әдебиет, кітап қана мол жарық түсіре алады. Міне, біздің жазушы Несіпбек Дәутайұлымен азды—кемді әңгімеміз осы төңіректе өрбіді. Алдымен Ғ.Мұстафиннің 100 жылдығына байланысты үздік әңгімелерге арналған әдеби бәйгенің бас жеңімпазы, Ұлттық кітапхана өткізген «Ең үздік роман» байқауында «Құдірет пен қасірет» романы жүлдеге ие болған, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің бас жеңімпазы Несіпбек Дәутайұлынан балалық шағы туралы сұрадық.
Егемен Қазақстан
18.01.2017 6353
2

– Несіпбек аға, әдебиет әлеміне деген қызығу­шылы­ғы­ңыз бала кезіңіз­ден бастал­ғаны анық. Дегенмен де, жас жүректің қаламға қол созуы­на, тал­пынуына бір жәйттер себеп боп жатады ғой. Осы тура­лы әңгіме болған­да есі­ңіз­ге өткен күндерден не түсе­ді? Көз алды­ңыз­ға қандай көрі­ніс­тер келеді? Бала кезі­ңіз­­де не армандадыңыз, не қиял­дадыңыз?

– Соғыстан кейінгі ұрпақ тай үйретіп, тақпақ айтып өстік қой. Екінші класта оқып жүрген кезім. Фермадамыз. Қақаған қыстың кезінде бригадир Рахымбай деген ағамыздың аттан жығылып, аяғы сынды. Содан қайдан екенін кім білсін, екі қоржын бас қалың-қалың кітаптар ал­дыр­ған. Кеш батып, мал жайғап болған соң, бригадирдің шақыруы­мен бақташылар соның үйіне жиналады. Күндіз-түні аяғы серейіп жатқан адамға сірә, ермек керек. Қара қазанда соғымның еті (фермада соғым союға жағдайы бар тек осы үй) қайнап жатады. Ондық шамның жарығымен «Батырлар жырына» жабысып мен отырамын. Ал, оқы. Ет піскенше, оны жеп болып, тоқ басылғанша. Мойын талады, көзге ұйқы тығылады. Көктем шыққанша көрген күнім осы болды. Алайда, ол кітапқа құ­мар­­лықты оятты. Он төрт жа­сым­­нан қой бағып кеттім ғой. Әуел­де қойшының көмекшісі, одан жасым он жетіге толғанда, бір отар қойды жеке алып, бес жыл бойы Аңырақай даласы, Қордай асуындағы Ой жайлау, Кіндіктас, Қақпатас, Үйтас, Отар даласы, айта берсең аттары көп, бірі тау, бірі жайлау, бірі көктеу, бірі күзеу дегендей жер­лер­де қой соңында жүрдік. Авто­клуб келеді, 2 кітаптан артық бер­мейтін. Малшылардың үйінен кітап-журнал ұрлап әкету бар, «Жұлдыз» журналы қойын-қонышымнан түспейтін. Өрісіміз бір малшылар: «Әй, осы сен оқисың да жатасың, бізге де айтып берсеңші қызығын», – дейді ғой. Айтам, қыза-қыза келгенде, одан әрі үздіктіре тү­се­йін деп жанымнан қосып жібе­ретін де едім. Бүгінгі күніме сол себеп болды деп айту қиын. Бала кезімде тезірек өссем, әкесіз қалып, жадау күй кешкен үй-ішімізді ағайын-туған елейтінге, қатардан қалмауға жеткізуді көкседім. Сегізінші кластан кейін қой бағып кеткенім де сондықтан.

– Қашанда адам мен уақыт арба­сып жатады. Сіз өзіңізді алтын уақы­ты­ңызды тиімді пайдаланған жазушымын деп айта аласыз ба?

– Алтын уақытты жазушы­лыққа кең-молынан пайдалану қайдан болсын. Тағдырдың тәлейі деген бар. Әкеден 5 жасым­да қалдым. Жетім-жесір­дің көретін құқайы жетіп арты­ла­ды. Одан әрі қатарларым инс­ти­ту­тта оқып, Алматыда ал­шаң басып жүргенде, менің күнім тау мен тастың арасын­да, қой соңында өтті. Ес түзе­ліп, еңсе көтере бастағанда жігіт­тік­тің перілік, серілігі бар. Әдебие­тіңізге жасым 30-ға таяғанда келдім. Рас, жиырмаға жете қой­маған кезімде шығар, өлең ұй­қастары иектей бастаған. Суырып салатынмын. Сол-ақ екен қойлы ауылда, көп ұзамай ауылда ақын бала атанғанымды айт. Тіпті, айтысқа да қатыстым. Марқұм Тынышбай Рахимов екеуміз облыстық айтысқа бірге шыққанбыз. Онымыз көпке бармады. Енді өлең жазайын. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде «Сәт сапар» деген айдармен топтама­ларым жа­рық көрді. Одан Сағи Жиен­баевтың бастамасымен «Балауса» деген жас ақындардың жина­ғына ендік. Кейінірек сол жинаққа бірге енген жазушы Рақымжан Отарбаев айтады: «Аға, бізді Құдай сақтаған екен» – деп. «Неден?» деймін ғой. «Бұрын да қаптап жатқан, қазір де өріп жүрген өлеңшінің бірі болып кететін едік қой…»

Рас. Біз ақын емес, өлең құ­рас­тыра алатын ғана қабілеті­міз­дің барлығын сездік. Жан тебіренісін тудыратын құдірет­ті поэзияның құйрықты жұлдыздай құбы­лып туатын қасиетінсіз сан көбейтетін сан­дал­бай «ақын­дықты» дер кезінде жайына қалдырыппыз. Алтын уақы­тымызды рәсуа етпеген тұсымыз осы шығар.

– Жазушылардың барлығы дерлік кейіпкерлерін өз өмір­лерінен алады ғой, әйтеуір, өз төңірегінен табады… Сіздің шығармаларыңызда да солай ма?

– Кейіпкерді өмірден алу немесе шығармаңа кейіпкер іздеуді көркем шығармада басты мақсат тұту ескірген үрдіс. Осы тұрғыда «Көркем шығарманың бас кейіпкері – көркем шындық» деген бір мақалам бар. Әдебиет порталы арқылы кеңінен тарап, әжептеуір резонанс тудыр­ған. Таяуда түрік әдебиетшілері­нің аудар­ғанын естідім. Амангелді Кеңшілікұлы деген мықты сыншымыз телефон шалады: «Аға, осы мақаланы таяуда жаздыңыз ба?» деп. Мақала ертеректе жазылған еді. Он-бес жыл бұрын шығар. Менің айтқаным – өзіндік ұстанымым. Жазушы – жаратылыстың бар құбылыстары, жан дүниенің көзге көріне бермейтін, жарық сәулесі мен жабыңқы күйі, ала­құйын ағыстары, салған жер­ден самғап шыға келетін ерен қиялы мен құйылып тұра­тын қисындары бейнесінің порт­ретін сөзбен салатын суреткер. Көркем шындыққа осылай жақындайтын үрдісте болатын адамдар (кейіпкерлер) табиғи өрісімен не өсіп шығады, не өшіп тынады. Басқаша айтқанда, өз шығармамда нақты біреуді про­тотип етіп алған емеспін. Өзім туған Кенен ауылында кітаптарымды бірінен бірі алып оқитындардың: «Ары ақтара­мыз, бері ақтарамыз, ауылда­ғы­ларға ұқсайтын ешкімді тап­па­дық» дейтіндері сондықтан. Рас, өмірдегі елең еткізетін детальдар немесе жеке адамдардың болмы­сындағы елеулі мінез, әрекеттері болады, бірақ олар шығарманың өрісімен өңделіп кетеді.

– Қалай ойлайсыз, қазір­гі оқырман адамның көңіл-күй, сезімін әсірелеп сурет­теу­ден гөрі оқиғаның тез өрбіп, сәт сайын өзгеріс болып отыр­ғанын қалайтын сияқты...

Оқиғаның тез өрбіп, сәт сайын өзгеріс болып отыратын үрдісі шетел әде­биетінде етек алғалы қашан. Маған келіп түсіп жататын жас жазушылардың шығармаларынан соларға қат­­ты еліктеуді байқаймын. Дұ­рыс та шығар. Бірақ, емекси беру, елік­тей беру опа бер­мей­ді. Әде­­биет­­тегі ізденіс, экс­пери­­мент – өзін­­дік қолтаңба, өзгеше мә­нер. Екін­­шіден, әде­биет жан-дү­ние­­нің түрлі құбы­лыс­тарының құпиясын, әлеуметтік себептерін көркем зерттеуді ендігі жерде айна­лып өте берсе, моңғол мал­шы­сының өмірі туралы түсірілген бір кинода ағасы малшы інісіне соңғы жылдары қаланың кез келген дүкенінде сатыла бере­тін атауы анайылау қажетті бір затты алып беріп, келесі кез­дес­кенде: «Қалай екен?» – деп сұра­ғанда, ананың: «Керзі етік­ті шұл­ғаусыз киген сияқты екен» – деп берген жауабы­ның кері келмесін де. Шындықты айту керек. Тәуелсіздіктің 25 жылын­да өмірдің барлық саласы бо­йын­ша өзгерістермен өрлеп өстік десек, әдебиетте проза ман­ди алмады. Кейбіреулер оны Жазу­шылар Одағынан немесе оның аймақ­тарындағы филиал­дарынан көр­гісі келеді. Сонда немене, Одақ пен филиал­дар біреуге талант­ты шығар­­малар жазып беруі керек пе?.. Түп­теп келгенде, әркім өзі­не-өзі Одақ, филиал. Шын ақын, жазушының сенері – тек өзі.

Прозамыз манди алмады деген­де, талантты шығарма­лар­дың аздығын, оның орнына ойы­на келгенді оңды-солды кітап қылып жазатындардың қара­дай қаптап бара жатқанын, осы­лай бола берсе, әдебиетіміз халтур­щик­тердің қол­жаулығына айна­лып кетері әбден мүмкін екенін еске салып отырмын.

Бү­гін­гі әдебиетіміз меніңше, көркем зерттеудің жаңа өрістері­не зәру. Омалып отырған орның­нан оқыс тұрғызып жібере ала­тындай…

– Қазіргі прозаға қараған­да поэзия­ның оты лаулап, жалын­дап жатқа­нын қалай түсінуге болады? Жалпы, бүгінгі жас­тар­дың шығар­ма­ларын оқып тұрасыз ба?

– Өлең – қазақтың табиғаты ғой. «Ауылдың алты ауызы» деген бекерге айтылмаған. Кенен атам­ның «…қара сөзден өлең оңай» деп жүргені де сол. Біздің бүгінгі жастарымыз ұйқасқа мәз өлең-сөлеңнің емес, мәртебелі поэзияның пәрменін түсінеді. Оқып тұрамын, ол аз десеңіз, «Жамбыл» журналына еліміз­дің төрт құбыласынан талантты жас ақын­дарды үзбей жариялап жүрмін.

Жалпы, талантты болып туған­­дарға керегі – таным. Пуш­­кин заманының бір ақыны Дель­виг жас әдебиетшілер үшін клуб ашқан. Оған жас ақын­дар­мен бірге, ортаның озық ойлы адам­дары да қатысып отыр­ған. Әуелдегі өлеңдері сын­ға ұшы­рап жүрген жас Пушкин де осы жерден тәлім алады. Сол тәлім-танымның арқасында туа та­лантты А.Пушкин кемең­гер ақын­ға айналды, деп жа­зып қал­дыр­ған оның өз замандас­тары.

Жас ақындарға, араларында өнер иелері де бар, Шоқан Уәлиханов атындағы орталық кітапхана жанынан «Қайран жастық» клубын ашып бергем. Танымдық тағылым алсын деп.

– Сіз бір сұхбатыңызда әдебиеттің әуселесі әсерінде дегенді айтып едіңіз?..

– Біз әдебиеттегі жаңа үрдіс­тер жайлы көп айтамыз. Небір «изм»-дер» бар. Бұрыны­рақта мифтік тәсілдерге көбірек көңіл бөлінсе, енді магия­лық, мистикалық реализмдер қол­данысқа енді. Мұның бар­лығы көркемдік шындықтың ұшар биігіне қарай ұмтылыс, соның қуатымен қоғамға, адамға әсер ету. Габриэль Маркестің «Жүз жылдық жалғыздығы» сияқты. Тағы бір әсер етудің жолы – өмір шындығының шебер тұспалы. Гогольдың «Ревизорын» қара. Сондағы орыс қоғамының әбден азғындағанын бір кейіпкерінің «О, Құдай, бізге тексерушінің керегі не!» деген жалғыз ауыз сөзімен-ақ көрсетіп береді. Сыбай­ластыққа, парақорлыққа кеңір­дегінен батқан қала билігін­дегі­лер обал-сауап, ұят пен тәу­баны ұмытқан еді. Оларға тек­серу­ші түгілі, Құдайдан да қорқу­дың керегі болмай қалған. Ф. Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романының сұмдық бір әсері Раскольниковтың болмысы ар­қы­лы әлемде тұңғыш рет фа­шизм құбылысын еске салғаны.

Осы шығармалар жазылған сәтінен бері қанша ұрпаққа әсер етіп келеді. Шығар­маның әсерін ойламасаң, жазудың керегі не?

Әрқайсымызда әр қилы көз­қарас туды­ратын, алайда күллі әлем жаппай оқып жатқан жапон­дық Мураками кезекті бір сұхба­тында: «Жазғандарыңды өзің өлгеннен соң 30 жылдан кейін қайта басып шығарса, классик сол» – депті. Ал енді көзің тіріде жазғандарыңды оқитын жан табылмаса не болғаны.

Ал, жалпы, қолыма қалам ал­ған­нан көксегенім – көркем шын­дық­тың жаңа өрісі. Соған жа­қын­д­ай алдым ба, жоқ па, оны білмей­мін.

Әңгімелескен

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

Атырау жылу электр орталығында апатты жағдай болды

20.01.2019

ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

20.01.2019

Солтүстік Қазақстанда көпсалалы аурухана салынады

20.01.2019

Қазақстандық балалар фильмі халықаралық кинофестивальде жүлде алды

20.01.2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу