Нысаналы сенім

Қазақ философиясының қара нары, академик Әбдімәлік Нысанбаев хақында
Егемен Қазақстан
25.05.2017 4236
2

Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президентінің нұсқауымен жасалған  «Мәдени  мұра» бағдарламасы рухани жаңаруымызға байланыс-
ты көптеген көкейкесті мәселелерді молынан қамтыды десек, қателеспеген болар едік. Мұндай ерекше бағдарламалардың арада уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтпайтынын бұл күндерде көріп отырмыз.  Олай болса, соқпағы көп тар жолда көршілес елдермен терезесі тең болу үшін дұрыс бағдар ұстап, әлемдік өркениетке ұмтылу, өз халқыңның жетістігін әлемге паш ету – әрбір Қазақстан азаматының парызы. Осыған орай атқарылған іс, жоспарланған жұмыстың барлығы өркениет өлшемдеріне сәйкес, жемісті де нәтижелі болуы қажет.  Бұл еліміздің көшбасшы философы Әбдімәлік Нысанбаевтың өзінің сан қырлы шығармашылық жолының басты мұраты болып табылады.

«Әлемдік философиялық мұ­ра» топтамасы Әбдімәлік Ны­сан­баевтың басқаруымен тұң­­ғыш рет қазақшаға аударыл­ды. Осы серия бойынша ежел­гі дү­ниедегі шығыс жә­не ан­ти­ка­лық философиядан бас­тап, ХХ ғасырдағы батыс фи­ло­со­фия­сы­ның басты ағым­да­ры жә­не олар­дың әйгілі өкілдерінің не­гізгі ең­бектерінен үзінділер бе­рілді. Ең­­бектер түгелімен орыс ті­лін­де шыққан шығармалардан ау­д­а­­рылды. Әр томның құрас­ты­ру­­шысы үзінділердің мазмұны мен сабақтастығына жауап берді. Бұларды тәржімалауға алғаш рет философтардың өздері тартылды. 
Профессор Ә.Нысанбаевтың бас­шылығымен жүзеге асқан екін­ші серия − «Қазақ халқының фи­лософиялық мұрасы» да ал-
­ғ­аш қолға алынған үлкен шаруа еді. «Ежелгі көшпелілер дү­ние­­тан­ы­мы­нан» бастап, «Тәу­ел­сіз Қазақстанның философиясы» хал­қымыздың даналық інжу-мар­жан­дарын топтастырған және идея­­лық-рухани байлығын тұтас қам­­тыған ауқымды жұмысты құ­рады. Бұл тың да күрделі серия бойынша түр­лі әдебиеттерден шы­ғар­ма­ларды іріктеу, түркі, араб, орыс тілдерінен аудару, оларды идея­лық бірізділікпен сараптау, әр томға, авторларға арнайы тү­сін­дірме жасау жұмыстары қа­­тар жүр­гізілді. Олардан дү­ние­­т­а­ным­дық, этикалық, эс­те­ти­ка­лық, көр­кем­дік сипаттары айқ­ын үзін­ді­лер ірік­теліп кел­ті­рілді.
Әбдімәлік Нысанбаевтың бұл реттегі үлкен жетістігі қа­зақ хал­қының рухани және фи­ло­со­фия­лық мұрасын кеңінен тарату­мен және жұртшылыққа танымал етумен сипатталады. Бұл мін­дет тек қоғамтанушылар алдына ғана емес, тұтастай алғанда бү­­­кіл елдің алдына тұңғыш рет қой­­­ылып отыр. Өйткені, ол біздің ұлт­­­т­ық тарихымыздың мәдени ес­­­керткіштеріне деген аялы қа­ты­нас­ты тәрбиелеу, ұлттық өзін­дік сананы қалыптастыру, оның ру­хани игіліктері мәселелеріне ба­ғытталуымен де маңызды. 
Әбдімәлік Нысанбаев жиі айта­тын­дай, тәуелсіз дамудың жи­ырма бес жылы ру­­хани мә­де­ниетті өріс­тет­пей­інше жас­тар­ды жоғары өмір­лік құн­ды­лықтар рухы­н­да жүйелі жә­не са­налы түрде тәр­би­е­ле­мейінше, тек ма­териалдық игілікке ар­қа сүй­е­удің табыс-
ты бол­май­ты­н­­ды­ғын көрсетті. Әлемдік тә­­жі­­ри­бе паш еткендей, тек Қа­зақ­с­тан емес, сонымен қатар, көп­­т­еген басқа да елдер, әсіресе, өз дамуының бетбұрысты ке­зең­­де­рінде заманның алға қой­ған жа­ңа талаптары аясында өз­де­рі­н­ің тарихына, мәдениетіне, дәс­түр­леріне қайта жүгініп, тұнық бас­тауға оралатын көрінеді. 
 Профессор Ә.Нысанбаевтың пай­ымдауынша, мәдени мұра мен ұлттық бірегейліктің арасында тікелей өзара байланыс бар. Мәдениеттің белгілі бір жүгін арқаламайтын адамның, тұл­ғаның болуы мүмкін емес. Ал бұл арада өткен мен бүгін бір­тұтас. Және осынау мәдени мұ­ра неғұрлым бай болған сайын, қоғам да тұтастай алғанда со­ғұрлым бай және сонысымен де өзгелер үшін ашық си­пат­та өркендейді. Себебі, қо­ғам­ның өзі әртүрлі этностар мә­де­ни­ет­­те­рінің ықпалдасқан, са­бақ­тас­­қ­ан тоғысында өмір сү­реді. Қа­зақстан – көп ұлтты мем­лекет, ол барлық әлемдік қау­ымдастық үшін ашық болуға ұм­тылуда. Осы орайда мәдениет ұлт­тық бі­­ре­­гейлікті анықтайтын бір­ден-бір ай­шықты белгі болып та­былады. 
Ә.Нысанбаев пайымына жү­гін­сек, жаңғырудың әлем­дік тәжірибесін тал­қы­лай­тын қазіргі ғылыми әде­би­етте мәдени мұра мен ұлттық біре­гей­л­ікті зерт­те­й-
тін негізгі үш тұ­жырымға назар аударылады. Оның біріншісі өткеннің мәдени мұ­расын ұлттық бі­ре­гейліктің жү­йе құраушы ық­па­лы ретінде қа­растырса, екін­шісі өткеннің рухани мұрасы мен қазіргіні үйлесімді қосынды ретінде сипаттайды, ал үшіншісі қазіргі мәдениетке және оның болашаққа деген ұмтылысына зер салады. Қазақстандық қоғамның транс­фор­­мациясында қай үлгі­нің не­ме­­се тұжырымдаманың ана­ғұр­лым нә­тижелі болатынын уа­қыт көр­се­теді. Алайда, біз кім­біз жә­не та­яу болашақта кім бо­­ла­мыз де­ген мә­се­лені күн тәр­ті­бі­нен еш тү­­сі­р­меу керек. Және бұл мә­се­­ледегі ора­сан зор рөл біздің бай мәдени мұ­ра­мыз­ға тиесілі бол­­мақ. 
Әбу Насыр әл-Фарабидің шы­ғармашылығына арналған 10 том­дық шығармалар жинағына орта­ға­сырлық кемеңгер ойшылдың бір­­неше еңбектері еніп отыр. Ай­та кететін жағдай, бұл топтамада әл-Фарабидің «Музыка туралы үл­кен кітабы», «Аналитика», «Му­та­каллимдер қолданған кіші сил­логизм», «Теология» трактаттары және т.б. еңбектері алғаш рет қазақ тіліне тікелей араб ті­лі­нен аударылды. Әл-Фараби іс­ке асырған антикалық мұраның та­ғат­тылық парасаты қазіргі жағ­д­айдағы өзара түсіністік пен мәдениетаралық үнқатысуға өз әсерін тигізеді. Міне, сөйтіп, «Екін­­­ші Ұстаз» атанған Шығыс ғұ­ламасының бір өзі бір академия іспеттес екендігін айшықтап дә­лел­дейді. 
Әбдімәлік Нысанбаевтың ой­ын­ша, өтпелі дәуірдегі ру­ха­ни ахуалдың өзгеруі әл-Фа­ра­би­дің мұрасы сияқты мәдени құ­былыстың сарқылмас кенін ұғы­нуға және мүлдем жаңа тү­сі­нік­тер мен парадигмаларды ашу мүмкіндігіне жол ашады. Дү­ниетанымдық бағдарлар мен қон­­дырғылардың өзгеруі, марк­с­-
тік догмалар мен стереотиптермен қоштасу араб тілді мұсылман мә­дениеті феноменінің өзін қай­та бағалауға, араб тілді мә­де­ни­еттің жаны мен жүрегі ислам екендігін бекітетін айғақты тү­сінуге жетелейді. «Кеңес дәу­ірінде біз сыңаржақ матери­а­лист не­месе, тіпті, атеист ре­тін­де көр­се­туге тырысқан әл-Фа­рабидің өзі дәл осы ислам мә­де­ни­еті мен ру­­ханилығы идея­ларын жақ­та­ды, ақыл мен ғы­лым адам үшін Бас­тап­қы Мән­ді ұғынуға бас­тай­ды деп есеп­теді» – дейді профе­ссор Ә. Ны­санбаев.
Профессор Ә. Нысанбаевтың пі­кірінше, қазіргі құбылмалы әлем­де ислам мәдениеті мен фи­лософиясының негіздерін те­рең теориялық зерттеу, әлемдік діндердің бірінен саналатын ис­ламның рухани-адамгершілік қуаты мен гуманистік бағытын айқындау ерекше маңызды мәселе. Тек осы арқылы ғана ру­­хани жаңғыру, халықтардың өза­ра түсіністігі мен өзара келі­сім­ділігі басты нәрсе болып са­на­латын ислам қағидаттарына зор­лықтың қайшы келетінін дә­лел­деуге болады. Бүгінгі күні қа­зақстандық ғалымдарға бұ­рын­ғы идеологиялық таң­ба­лар­дан ары­лып, әл-Фара­би­дің шы­ғар­ма­ла­ры­на және оның әлемдік мә­де­­ни­етке қосқан үлесіне жа­ңа­ша көз­­­қараспен қараудың мүм­кін­ді­гі туды. 
Философия бойынша профессор Ә. Нысанбаев жетекшілік еткен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы өте ертедегі сақ дәуірінен қазіргі заманға дей­інгі қазақ халқының мәдени жә­­не рухани мұрасының жалпы ауқымын сипаттауға, оның құ­рам­дас бөліктерін анықтауға, фи­ло­софиялық және ғылыми маз­мұнын жіктеуге арналды. Тал­даудың герменевтикалық әді­сінің көмегімен көркемдік, ми­фо­логиялық, поэзиялық, фоль­к-
лор­­лық, әуездік, ауызша халық шы­ғармашылық, паремикалық үлгілерде баяндалған, тарыдай ша­шылған философиялық ойларды жүйелеу және бірыңғайлау қажеттілігі де аса маңызды. Бұрын баламасы болмаған мұндай жұ­мыс оны орындаушыларға зор жау­апкершілік жүктегені анық.
Қазақ тіліндегі 20 томдық «Әлем­дік философиялық мұра­ға» қатысты бұл аса жауапты жә­не күрделі жұмыс, профессор Ә. Нысанбаев атап өткендей, оның кәсіби философ-аудармашы­лар­мен кадрлық тұрғыдан қам­та­масыз етілуін талап етіп қана қой­­май, ең алдымен, әлемдік фи­лософиялық ойдың аса бай қа­зынасынан анағұрлым көр­нек­ті ойшылдарын іріктеп алуды ке­рек еткен-ді. Олардың шы­ғар­­маларын таңдау біздің елі­міз­дің мәдени және рухани да­муы­ның қажеттіліктерінен туын­да­уы тиіс. Қазақ тілі әлемдік ой­­шылдардың осы тілде сөйлей бас­тағанында ғана, бұл тіл әрбір адам­ның күнделікті өмірқамында қа­жеттілікке айналғанында ға­на жә­не оның сөздік қоры, ком­му­ни­кативті және мәдени фун­к­ция­­лары байытылғанда, жаңа тер­­миндер мен ұғымдар пайда бол­ғанда ғана толыққанды мем­ле­кеттік тілге ай­нал­мақ.
Қазақ тілінде жарияланған әлем­дік мәдени мұра біздің елі­міз­дегі ғылыми және білім беру үде­рісіне ерекше құндылық бе­ре­ді. Өйткені, бізде, әсіресе, фи­лософия саласында қытай, ағыл­­шын, араб, парсы және әлем­нің өзге де тілдерінен ғы­лыми аудар­малар болған жоқ. Бұ­­рын­ғы кеңес дәуірінде аударма­лар партиялық-таптық және атеи­стік тәсілдер тұрғысынан өзін­дік идеологиялық өңдеуден өтті. Қазіргі уақытта Ба­тыс және Шы­ғыс ойшылдарын объективті мә­тіндік аудару мін­деті өткір қой­ылып отыр.
Осылайша, мәдени және фи­лософиялық мұраны белсенді түрде меңгеру ұлттың өзіндік санас­ының өсу динамикасының, қазақ хал­қының ұлттық бі­ре­гей­лігін бе­­кі­тудің аса ма­ңызды құралы қыз­­ме­тін атқа­рады. Осын­дай жүй­елі жә­не қомақты жұ­мыстар елі­­міздің ру­хани-мәдени тәуел­сіз­­дігін одан әрі нығайтуға сеп­ті­гін тигізеріне, еліміздің жаһан­да­ну процесіне енуінің қажетті баспалдағы болатынына философ Нысанбаев кәміл сенеді. Ол үшін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген әдебиеттерді еліміздің білім беру саласына ти­ім­ді формамен тезірек енгізген жөн деп есептейді. Осыған орай жо­ғары оқу орындары сту­дент­те­рі­не арналған бірнеше ав­тор­­дың құ­растыруымен «Қысқаша қазақ философиясы» атты көлем­ді оқу құралы профессор Ә. Нысан­ба­­евтың жетекшілігімен жарық көр­­ді. Сөйтіп, мәдени мұраны ру­хани қажетімізге жарату және бел­­сенді игеру арқылы ұлттық са­намыз бен рухымызды жандан­дырамыз, соның арқасында бә­секеге қабілетті өркениетті елдер қа­тарындағы тәуелсіздігімізді ны­ғайта бермекпіз. 
Ұлттық философиялық мұраны кеңінен насихаттау мақсатында қазақ, орыс және ағылшын тіл­де­рін­де арнайы буклет дайындап, жа­рыққа шығарды. Жақында про­фессор Ә. Нысанбаевтың бас­шы­лығымен Алматыдағы Дос­тық үйін­де ұлттық және әлемдік фило­со­фиялық мұра бойынша жарық көр­ген томдардың тұсаукесер рә­сімі өтті.
Философия саласында «Мәде­ни мұра» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сын жүзеге асырудағы Ә.Н.Ны­сан­­баевтың қызметі мен рө­лін жи­нақтай келе, Әбекеңнің аталған мә­­селеге қатысты төмендегідей қо­­ры­тындыларына назар аудар­ғы­­мыз келеді:
- Көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының тарихын­да жинақталған жиырма томдық фи­лософиялық мұрасы еліміздің рухани байлығы болып табылады. Осы қордаланған мыңжылдық рухани дүниеміз халық арасында биік деңгейде насихатталуы тиіс және ол еліміздің рухани қауіп­сіз­дігін шынайы қамтамасыз етуге қыз­мет етеді. Қазақ философиясы елі­міздің рухани тәуелсіздігінің кө­рінісі болып табылады.
- «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында «Қазақ философиясы» деген жаңа термин біздің санамызға еркін еніп, өзінің шынайы өмір сүретіндігін дәлелдеді. Дегенмен, философиялық тәсілдердің кө­ме­гімен терең зерделеуді қажет ете­тін ұлттық өзіндік сана, әлемнің ұлт­тық картинасы, ұлттық құн­ды­лықтар және рухани әлемдік қа­ты­настардың өзге де формалары ғылыми ізденістерді әрі қарай жал­ғастыруды қажет етеді.
- Ұлттық және әлемдік фи­ло­софиялық мұраны жүйелеу, жас­тар мен әртүрлі этникалық және демографиялық топтар арасындағы насихат еліміздегі ұлт­тық және мәдени бірегейлікті қа­лыптастыру мен дамытуға үлкен сеп­тігін тигізеді. Топтамаларға ен­ген шығармалардың өн бойында еліміздің стратегиялық бағ­­дарларына қайшы кел­мей­тін, жал­пыадамзаттық құн­ды­лық­тар­­ды дәріптейтін, адам бол­мы­сы­­ның маңызды тұстарын ашып көр­се­тетін, тәуелсіздігімізді ны­ғай­та тү­суге негіз болатын туынды­лар бар және оларды теориялық ма­ғы­надағы халқымыздың рухани же­тілуіне лайықты еңбектер деп атауға болады.
- Мәдени мұраны игеру барысында мемлекеттік тілдің сөз­дік қоры байытылады, оның мәдени және әлеуметтік қыз­метінің аясы кеңейтіледі, елі­міздегі ұлтаралық келісімнің ор­нығуына гуманитарлық не­гіз бо­л­ады. Философия сала­сын­да­ғы еңбектердің жарық кө­руі қо­ғамдағы ұлтаралық қа­ты­нас­тар­ды үйлестіруге, қоғам­ы­мыз­­дың орнықты дамуына не­гіз бо­ла­тын ұлттық идеяны қа­лып­тас­тыруға интеллектуалды түп­та­мыр, этномәдени қайнар көз бола а­ла­тыны анық.
- Ұлттық және әлемдік фи­ло­софиялық мұраны игеру жас­тар­дың ой еркіндігін қалып­тас­ты­рады, жаңа зерттеулер мен оқу­лықтардың мемлекеттік тілде сапалы және ғылыми негізде орындалуына іргетас болады. Ал енді кейде әдеттегі қисындарға, ғы­­лыми параметрлерге, заманауи талаптарға сай келе бермейтін шы­ғармалардан кейбір үзінділер том­дарда орын алып жатса, он­да бұл шығармалар қазіргі заман тұлғасының дүниетаным көк­жиегін түрлендіреді және олар­дың тарихи танымдық ма­ғынасы басқа қырларынан ба­сы­мы­рақ екендігін айта кету керек. Ә.Н.Нысанбаевтың пікірінше, жал­пы өмірдегі жақсы мен жаманды айыруды оқырманның өзіне қал­дыруға, оның шығармашылық жә­не таңдау еркіндігіне құр­метпен қарауға да үйренуіміз ке­рек. Бұрынғы тоталитарлық қо­ғамдағыдай барлық адамдар бірдей ойлап, ойлау жүйесін шектеп тастау дәстүрінің заманы өтіп кеткенін еске саламыз. Онсыз де­­мократиялық қағидаттарды елі­міз­дегі мәдениет пен руханият са­ласына пәрменді енгізе алмай­мыз, халқымыздың мәдениет ке­ңіс­тігіне тарта алмаймыз.
- Философия саласында «фи­лософ-аудармашылар» деп ата­латын жаңа мамандар тобы қа­лыптасты, олардың кәсіби білік­ті­лігі өзінің сабақтастығымен жа­ңа ұрпаққа берілсе, нағыз гу­ма­н­итарлық саланың бірнеше тіл­ді мамандары көбейе түспек. Ә.Нысанбаевтың ойынша, бо­ла­шақта рухани мұрамыздың ірік­телінген негізгі нұсқасы ағыл­шын және орыс тілдеріне ауда­ры­лып жататын болса, онда бұл бағдарлама жұмысының ха­лық­аралық мәнге ие болғаны.Оның уақыты да таяп қалған сия­қты. Яғни, қазақша ойлау мен қаз­ақ­­ша сөйлеу мәдениетін, ха­лық­­­тың философиялық дәс­тү­рі­нің інжу-маржандары басқа ел­­дердің интеллектуалдық кеңіс­ті­­гіне шығуы арқылы рухани мә­де­ниетіміздің мәртебесін бір са­ты­ға көтереріміз анық. Бұл біздің ру­­хани сенімділігімізді нығайта тү­­седі.
Әбдімәлік Нысанбаевтың би­­ылғы жылы аталып өтіп жат­­қан мерейтойы – жалпы Қа­зақ-
­с­танның зиялы қауымының, ғы­лымның мерекесі. Еліміздегі ру­хани жаңғыруға деген батыл қа­дамдар ұлтымыздың зияткерлік же­тіс­тіктерімен астасып жатқаны осы­дан да көрініп тұрған жоқ па.

Тұрсын ҒАБИТОВ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

16.11.2018

Спортшы қыздарымыз әлемдік сында үздік үштікке енді

16.11.2018

Қазақстан - Өзбекстан: тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделуде

16.11.2018

Елорда жастары «Жастар жылынан» не күтеді?

16.11.2018

Павлодарда тоғызқұмалақтан «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін турнир өтті

16.11.2018

Айдос Тұрысбек: Самал Еслямова «Хабар» арнасының фильміне түсіп жатыр

16.11.2018

Батыс Қазақстанда тағы 50 кәсіпорын жалақы өсірді

16.11.2018

«Өрнек». Бір өлеңнің сыры. Ерлан Жүніс (видео)

16.11.2018

Кәсіп­кер­лерді заңсыз тексеру азайды - Бас прокурор

16.11.2018

Астана сессиясы. ҰҚШҰ-ның бейбітшіліксүйгіш беделін нығайтты

16.11.2018

Сарысудың музыкалық мұрасы

16.11.2018

Жалақаны өсіру үдерістері тездетілуде

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз? Сауалдамадаға қатысқандар пікірі

16.11.2018

Режиссер Рүстем Есдәулетов атындағы фестивальдің жеңімпаздары марапатталды

16.11.2018

Майқайың кентінде сатылатын жеке меншік 110 үй бар

16.11.2018

Әбіш Кекіл­бай­ұлының немересі халықаралық жарыс­та бірінші орын алды

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз? Сауалдамадаға қатысқандар пікірі

16.11.2018

Тозған жерді тыңайтудың тиімді тәсілі

16.11.2018

Қазақтың қара есептері

16.11.2018

Диқандар неге басқа дақылды таңдауда?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу