Өндірістік өңірдегі өрелі істер

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев кеше Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
Егемен Қазақстан
30.03.2017 1794
2

Премьер-Министр сапары Орал қаласы әуежайының жолаушылар терминалы мен қауіпсіздік жүйесінің жұмы­сымен, сонымен қатар, әуе­жай­ды қайта жөндеу жұмыстарының жос­парымен танысудан бастал­ды. Бұл халықаралық әуежай 1972 жылы пайдалануға бе­ріл­ген. Аэровокзал сағатына 200 жолаушыны, терминалы саға­тына 100 жолаушыны өткізе алады. Әуе­жайдың жасанды ұшып-қону жолағында 2014-2015 жылдары жөндеу жұ­мыс­тары жүргі­зілді. Бүгінде бар­лық санаттағы заманауи әуе көліктерін қабылдауға мүмкін­дігі бар.   

Бақытжан Сағынтаев өңір­дегі ірі жоғары технологиялық өндіріс кешені – Батыс Қазақ­стан машина жасау компа­ния­сының жұмысымен де танысты. Кәсіпорын базасында Елбасының тапсырмасымен General Electric компаниясымен бірлескен газ турбиналары мен мұнай-газ жабдықтарын жөн­дейтін сер­тификатталған сер­вистік орталық құрылған бо­латын. Бұл – атал­ған фирмаға сер­вистік қызмет көрсе­туге қау­қар­лы Қазақстандағы жалғыз орталық. Премьер-Ми­нис­тр­­ге аталмыш цехтың жұ­мы­сы баяндалды. Бұл зауыт әске­ри және азаматтық маңызға ие авиа­­циялық қозғалтқыштарды жөн­деу жұмыстарын да жүргі­зеді.

Б.Сағынтаев «Нұрлы жер» бағ­дарламасы аясында тұрғы­зылған тұрғын үйлердің сапасын тексеріп, бағдарламаны іс­ке асыру бойынша әрі қарай­ғы жоспарлар туралы есепті тыңдады. Бұл үйлер үй құры­лысы комбинатының техноло­гия­сымен, салыстырмалы түрде алғанда жылдамырақ тұрғы­зы­луда. Мәселен, 72 пәтерлі үй құрылысы 1,5-2 айдың ішін­де аяқталады. Құрылыс жұмыс­тарына отандық материал­дар, заманауи жабдықтар қолда­нылуда.

Премьер-Министр Орал трансформатор зауытында да болып, өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарын дамыту жос­парларымен танысты. Мұнда жоғары қуатты таратқыш май және құрғақ трансформаторлар, сонымен қоса, жылдық қуаты 10 000 дана болатын өндіріс көлемі бар тартушы трансформаторлар шығарылуда. 2016 жылы трансформатор зауыты шет ел инвесторларымен бірлескен кәсіпорын ашты. 

Үкімет басшысы «Ата­мекен» ҰКП өңірлік кеңесінің өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қа­ты­су­шылар өнер­кәсіптік кәсіпорын­дарды несиелендіру, мемлекет-жеке­меншік әріптестігі жобаларын дамыту, мемлекеттік сатып алу­лар жүйесін жетілдіру, әкім­ші­лік кедергілерді азайту және бизнестің несие қаражат­тарына қолжетімділігін арттыру мә­се­лелерін көтерді. Кездесуде Б.Са­ғынтаев Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ат­ты Жол­­­дауына сәйкес, Үкімет жұ­мы­сы еліміздің эконо­ми­калық өсімі­нің қозғаушы күшіне айналуға тиісті бизнес ұста­ным­дарын ны­ғай­туға негіздел­генін атап өтті. Қаты­сушы­ларға мемлекет-жекеменшік әріп­тестігінің, әсіресе, әлеумет­тік саланы дамытудың маңызды­лы­ғын, агроөнеркәсіп саласында жаңа на­рық­тарды игеру мен экспорттық өнді­рісті дамы­ту­дың қажеттігі туралы айтты.

Сондай-ақ, Премьер-Ми­нистр өңірдегі ет өнімдерін шы­ғаратын ірі кәсіпорындардың бірі  «Жайық ет» кәсіпорнының жұмысымен танысты. «Жайық ет» кәсіпорнының негізі 2003 жы­лы бұрынғы Орал ет комби­наты базасында қаланған. 2009 жылы мұнда өндірістің көлемді жаңғырту жұмыстары басталды. Қазір мұнда 100-ден астам ет, шұжық және консерві өнімдері шығарылады.

Бақытжан Сағынтаев «Квант» жиһаз фабрикасында да болды. Бұл компания 2015 жы­лы Ин­дус­трияландыру кар­та­сы аясында жалпы ауданы 10 000 шаршы метр бола­тын корпустық жиһаз шыға­ра­тын жаңа фабрика ашты. Мұн­­да өнімнің жоғары сапасын қамта­масыз ететін, алдың­ғы қатар­лы технологиялар қол­даныл­ған заманауи жаб­дықпен әзірлейді. Нысанды аралау ке­зін­де Премьер-Министрге кәсіп­орын жұмысы туралы баян­­далып, дайын өнімдердің үлгі­­лері көрсетілді. Айта кету керек, 1996 жылдан бастап жұ­мыс істеп келе жатқан «Квант» жиһаз фабрикасының өнімдері елі­міздің барлық дерлік ірі қалаларында танымал.

Ірі өндіріс орындарымен та­ныс­қаннан кейін Бақыт­жан Әб­дірұлы өңір жұртшылы­ғымен кездесу өткізді. Кез­десуде Пре­зи­д­ент Н.Назарбаев­тың Қазақстан хал­қына Жол­дауында аталған әлеу­меттік жаң­ғыртудың өзекті ба­ғыттары мен «Нұрлы жер» бағдар­лама­сын іске асыру мәселелері тал­қыланды.

Бағдарламаның іске асыры­лу барысы туралы Атырау, Ақ­тө­бе және Маңғыстау облыста­ры әкімдерінің орынбасарлары есеп берді. Кеңес аясында Ден­­­саулық сақтау министрі Е.Бір­та­нов, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев және Еңбек және ха­­лықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова сөз сөй­леді. Олар білім беру мен ден­саулық сақтау­дың заманауи жүйелерін құру барысы, со­нымен қатар, нәтижелі жұмыс­­пен қамту және жаппай кә­сіп­кер­лікті дамыту мемлекет­тік бағдар­ламасының іске асы­рылу бары­сы туралы баянда­ды. Премьер-Министр мемле­кеттік бағдарла­маларды орындау бары­сын­дағы ке­мшін тұс­тар­ға да назар аударып, ол­қылық­тарды тез түзе­туді талап етті.

Кездесуде Жәнібек ауданы қоғам­дық кеңесінің төрағасы Б.Әліпқалиев облыс орталығы Орал­дан ең шалғай жатқан Жәнібек ауда­нына тас жолдың қашан жете­тінін сұрады. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің келтірген мәліметіне қарағанда, биыл республикалық жолдарды жөндеуге 17,6 млрд, оған қосым­ша жергілікті жолдарға 8 млрд теңге бөлініп отыр. «Нұрлы жол» бағ­дарламасына сәйкес қайта салы­нып жатқан Орал – Тасқала – РФ шекарасы жо­лы біткеннен кейін респуб­ликалық маңызы бар Жалпақ­тал – Қазталов – Жәнібек бағытын­дағы жолға да назар аударылатын болады. Бұл бағыттағы жолды жөндеуге биыл 2 млрд теңге қаралды. Үкімет басшысы алдағы жылдарға жобалық-сметалық құжат жасаған кезде осындай мә­се­лелерді мұқият ескеруді тапсырды.

Кездесуде Жаңақала ау­дан­дық мәслихатының хатшысы З.Сей­сен­ғали аталмыш аудандағы ауыз су мәселесін көтерді. Батыс Қазақ­стан облы­сының әкімі Алтай Көлгі­новтің айтуынша, Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес Үкі­меттің қолдауымен жуық арада 54 елді мекенге ауыз су жет­кізілмекші. 

Сондай-ақ, облыс әкімі Алтай Көлгінов биылғы жыл­дың І тоқсанындағы әлеу­меттік-экономикалық дамуы жайлы баян­дады. Әкімнің айтуынша, Индус­трияландыру картасы бойынша 700-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүм­кіндік беретін 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Биыл егін алқаптарының көлемі 32 мың гектарға ұлғайып, өңірдегі егіс алқаптары 500 мың гектарға жуықтамақ. І тоқсандағы инвес­тициялар бойынша өңір экономикасына түсім 48,2 млрд. теңге көлемінде болады деп күтілуде.  

«Халықпен ақылдаса отырып, Елбасы тапсырмаларын орындай білуіміз қажет. Бұл жолы Батыс Қазақстан облысына негізінен әлеуметтік салаға қатысты министрлер келді. Инвестиция тартып, эко­но­миканы нығайтумен бірге халықтың денсаулығын, білі­мін, әлеуметтік жағдайын ұмыт­пауымыз керек. Біз бүгін облыста Елбасы тапсырмаларына сәйкес көз қуантып, жүректі жылытатын істер­дің атқарылып жатқанын көрдік. Кәсіпкерлермен бір са­ғаттан астам уақыт пікірлесіп, көптеген қорда­ланған мәселелердің бар екен­дігін ай­қын сезіндік. Мұның бәрін Аста­наға барғаннан кейін бір жүйеге кел­тіріп, жұмыс­танатын боламыз. Соның ішінде тез арада шеші­луі тиіс мәселелерге баса назар аудар­мақшымыз. Мұның бәрі де халық­­тың қамы үшін», деді жиын­ды қо­рытындылаған Бақыт­жан Сағын­таев.  

Кеңес қорытындысы бо­йынша Премьер-Министр жауапты мемлекеттік органдарға аталған мәсе­лелердің барлығын бақылауға алуды тапсырды.

Осы күні Бақытжан Сағын­таев мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында салынған мек­­тепке дейінгі балалар меке­ме­сінің жұмысымен танысты.

Нысанды аралау барысында Премьер-Министрге бал­абақ­шаның қазіргі жұмысы жайлы баяндалып, дамыту бөліміндегі сабақтар көрсетілді.

200 орынға шақталған «Жәң­­гір хан» балабақшасы мемле­­кет-жекеменшік әріптес­тігі қағи­даттарын қолданумен са­лынған. Меке­менің ком­пью­тер­лік сауатты­лыққа үйрету ка­бинеттері, өзін-өзі тану бөл­ме­лері, сонымен қатар, шы­ғар­ма­шы­лық бейнелеу студия­сы бар.

Нұрлыбек РАХМАНОВ, 

журналист

Батыс Қазақстан облысы


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

19.11.2018

Бітіруші түлектер мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасады

19.11.2018

Павлодар облысында кәсіпкер әйелдер 113 жоба жүзеге асырған

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

19.11.2018

«Ко­рей хал­қының дәс­түрлі маскалары» көр­ме­сі ашы­лды

19.11.2018

Қасқырдан құтқарып қалды

19.11.2018

Алматыда инклюзивті білім берудің үздік оқытушылары анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда спорт кешеніне Батыр Баянның есімі берілді

19.11.2018

Батыс Қазақстанда жаңа портал жұмысын бастады

19.11.2018

Жолдау бәсекеге қабілеттілікті арттырады

19.11.2018

Қыс мезгіліне дайындықтың жай-жапсары қозғалды

19.11.2018

Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

19.11.2018

Жолдау-2018: Тұрмыс сапасына басымдық беріледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу