Ольга Рыпакова: Стадионды «алақайлап» айнала жүгіргенім есімнен кетпейді

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Лондон Олим­пиадасының алтын, Бейжің мен Рио-де-Жанейро Олим­пиа­дасының қола жүлдегері, жетісайыс пен үш қар­ғып секіруден Азия ойын­дары­ның үш дүркін чемпионы, әлем чемпионы Ольга Рыпаковамен әңгіме­лескен едік.
Егемен Қазақстан
02.06.2017 8541
2

­– Ольга, сіз бір емес, үш бір­дей Олимпиадаға қатыстыңыз. Үшеуінде де жүлдегер болдыңыз. Одан бөлек қаншама әлем чем­пионаттарына бардыңыз. Ел намысы сынға түскен додаларда сан мәрте көк Туымызды жел­біретіп, Әнұранымызды әуелет­тіңіз. Айтыңызшы, Ту көтеріліп, Әнұран шырқалғанда қандай күйге бөленесіз?

– Кез келген спортшы үшін Мем­лекеттік ту мен Әнұранның орны бөлек екені даусыз. Ту мен Әнұран ғана емес, жалпы мемлекеттік рәміздердің қадірін өзгелерден гөрі спортшылар қауымы жақсы біледі деп ойлаймын. Ал енді мемлекеттік тудың көтерілген сәтін, әсіресе, аспан түстес байрақты өзің көтеріп, иығыңа жамылған кездеріңді сөзбен жеткізу қиын. Мұндай кезде қара басың үшін ғана шаттанбайсың, саған үміт артқан артыңдағы қара ормандай елің үшін, байтақ жерің үшін мақтанып, масаттанасың. Бойыңды ерекше қуаныш сезімі билейді. Биікке көтерілген сайын, әрбір жетістікке жеткен сайын еліміздің өсіп, өркендеп, спорт саласының құлашын кеңге жайып келе жатқанына марқаясың. 

Әлемдік деңгейдегі бәсекелерге ел атынан қатысу қай кезде де үлкен жауапкершілік жүктейді. Егер жерімізде тыныштық болмаса, халықтың әл-ауқаты төмен болса Азия ойындары, Олимпиада секілді құрлықтық, әлемдік деңгейдегі ауқымды спорттық жарыстарға қаты­­сар ма едік, қатыспас па едік. Сон­дықтан осындай дүбірлі дода­ларда бақ сынап, туымызды асқақ­­татып, Әнұранымызды аспан­датуға мүмкіндік бергені үшін, тиіс­ті жағдай жасағаны үшін мем­лекеті­мізге алғыс айтамын. 

Спортшы болған соң шет мем­ле­­кет­терде көп жүреміз. Сонда шет ел­­дегі әріптестерім біздің ту­дың тү­сі­не таңғалып, «Сіздердің тула­ры­ңыз­­­д­ың безендірілуі қандай әдемі. Көк деген ғажап түс қой. Қыранның су­реті де керемет таңдалған» деп өз­­­дері­­­нің лебіздерін білдіреді. Шет­ел­­дік­­тер біздің Туды басқа елдің ту­­­лары­нан тез айырады. Бірден тани­­ды. Олар Қазақстан туралы да ай­­тып, біздің үстіміздегі ту түстес киім формасына қызығушылық біл­ді­­ріп жатады. Кейбір елдердің туы бір-біріне ұқсап жатады ғой. Бізді­кін бірден танисың. Көзіңе оттай ба­сы­­ла­­ды. Және біздің Тудың мән-ма­ғы­­­на­сы туралы айтып түсін­діру де оңай. 

Мемлекеттік ту туралы не айтуға болады? Басқаларды біл­мей­мін, өз басым Туға көз салсам еркіндікті се­зінгендей боламын. Күн астында қа­лықтаған қыран. Аспан кеңістігі. Қан­дай ғажап! Өзің де байрақтағы қы­рандай қалықтап, самғағың келе­ді. Мем­лекеттік елтаңбамыздың да ма­ғынасы терең. Елтаңбаны көр­ген адам еліміздің тарихы мен мәде­ниетіне терең бойлағандай болады. 

– 2012 жылғы Лондон Олим­пиадасында сіздің көк Туды жел­біретіп, атшаптырым ста­дион­ды «алақайлап» айнала жү­гір­геніңіз есімізде. Сол бір сәтті са­­н­а­­мызда тағы бір мәрте жаң­ғыр­­тудың реті келіп тұрған секілді.    

– Адам деген қызық қой. Әуел­де жеңістің не екенін, оның салма­ғын сезініп үлгермейді екенсің. Әй­­­теуір қуаныштан ет-жүрегім ел­жі­­­реп, араның ұясындай гуілдеген ста­дионды айнала жүгіргенім әлі есім­де. Әрине, көз алдыңдағы мың­да­ған, теледидардың ар жағын­дағы мил­лиондаған адамның алдында Туды төбеңнен асыра көтеріп жү­гірген сәттегі қуаныш, шаттық сезі­мін тілмен айтып жеткізу қиын. Мұн­дай сәтте не ойлайсың? Тағы да Әнұранымызды әуелетіп, көк Туымызды желбіретіп, еліңнің алапатын асырсам деп ойлайсың. 17 миллион халықтың атынан шығып, намысты қолдан бермегеніңе қуа­на­сың. Бұл, әрине, мен үшін зор құр­мет, үлкен мақтаныш. Мұндай сәт­ке жету үшін де ұзақ жаттығасың, қаншама ұйқысыз түндер мен күл­кісіз күндерді өткізесің. Әрине, ел­дің жанкүйерлері алдында, атшап­тырым стадионда өнер көрсету де оңай емес. Елдің бәрі саған көз тігіп отырады. Толқисың, қобалжисың. Жаттығу жасаған кезде «алдағы бола­тын жарыста мен алтын ала­мын, мінбеде тұрамын, Әнұран шыр­­­қаймын, Туды көтеремін» деп еш­­қашан ойламайсың. Тек қана ла­йық­­ты өнер көрсетуді ойлай­сың. Ал е­н­ді жеңіске жетіп, мінбе­ге көте­ріл­ген­де мақсатыңның орын­дал­ға­нына, еңбегіңнің еш кетпегеніңе рия­сыз қуанасың. Әрине, мінбеде тұ­рып еліңнің атын асқақтатқаныңа, осы елдің перзенті болғаныңа шат­тана­сың. Қаншама қиындықтан ке­йін төк­кен терің ақталып, мінбеде тұр­ған­да жеңілдеп, иығыңнан үлкен жүк түс­­кендей керемет сезімді бас­тан кешесің. 

– Өткенге сәл шегініс жасасақ. Ең алғаш Әнұранымызды шыр­қатып, көк Туды желбіреткен кезіңіз есіңізде ме?

– Әрине, есімде. 2006 жылы Қатар астанасы Доха қаласында өт­кен Азия ойындарында жеті сайыс­тан бірінші орын алдым. Бұл – менің халықаралық деңгейдегі алғашқы жарысым болатын. Осы бәсекеден кейін қаншама додаларда бақ сынап, Әнұранды сан мәрте әуелеттім. 

– Мемлекеттік рәміздер күніне орай жанкүйерлеріңізге қандай тілек айтар едіңіз?

– Барша қазақстандықтарға ең әуелі денсаулық пен бейбітшілік тілей­мін. Елімізде әрдайым тұрақ­тылық пен тыныштық, ынтымақ пен береке салтанат құрса екен деймін. Барлық отбасында молшылық бо­лып, ел азаматтары еңбегінің жемі­сін жеп, атқарған қызметінің қызы­ғын көрсе екен деймін. Ең бастысы, елі­мізде тыныштық болсын! Бар­лы­ғы­мыз еліміздің абыройын асқақ­тату жолында жұмыла еңбек етейік. 

– Әңгімеңізге рахмет. 

Әңгімелескен 
Азамат Қасым, 
«Егемен Қазақстан»

Өскемен 
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу