Омар Хайямның «Наурызнамасы»

Наурыз мерекесі туралы Шығыс ғұламасы, ақын, ғалым Омар ибн Ибрагим әл-Хайямның «Наурызнама» атты бірін-бірі толықтыратын қол­­жаз­баларының бірі Гер­мания­ның Берлин мемлекеттік кітапханасында, екіншісі Лондон­дағы Британ Ұлттық музейінде сақталған.
Егемен Қазақстан
18.03.2017 5458
2

Ұлы Санжардың өлімі­нен кейін Селжүк сұл­таны Мәлік шахтың мұрагер­лері обсер­ваторияға материал­дық көмек беруді тоқтат­қан. Зерт­теу­шілердің пайым­дауын­ша, Омар Хайям бұл қол­жаз­баны 1157 жыл шамасында Сел­жүк сұлтандығының жаңа билеу­шілеріне обсер­ва­то­рияның ғылыми маңызын түсіндіру мақ­сатында жазған.

«Наурызнама» − күнтізбе тарихы мен оған байланысты реформалардың жүзеге асуы, исламға дейінгі Иран жерін­де Наурыз мерекесінің қалып­тасуы, тойлануы, мерекеге қатысты аңыздар мен әңгімелер, оның атрибуттары жайында жазылған бірегей туынды.

Бұл шығарманы алғаш иран зерттеушісі Мужтаба Минави ағылшын және парсы тілдеріне аударып, 1933 жылы ғылыми ай­на­лымға ендірген. Қазіргі таңда осы нұсқа орыс және Орта Азия халықтарының тіліне, сондай-ақ, қазақ тіліне де аударылған.

Қолжазба тарихи деректер мен сол заманда халық арасында таралған аңыз желісіне негіз­деліп жазылған.

Омар Хайям қолжазбасында келтірген аңыз бойынша, парсы елінің ерте дәуірлердегі тәңірі Изид күнді жаратарда оған ерекше ықылас-мейір төккен, күнге үнемі қозғалыста болуды бұйырған. Күн өзінің жылдық айналымында әрбір жұлдызды бір айда басып өтеді. Он екі жұлдыздың бірі амалға күннің бірінші кірген күні, күн мен түннің теңелуі, көктемнің басталған күні болып есептеледі. Парсы патшалары дәл осы күнді айрықша атап өту үшін баршаға мәлімдеп, мейрам деп жариялаған. Осы аңыз желісі бойынша парсы әлемінің бірінші патшасы Каюмарс таққа отырғаннан кейін жылдың әр айы мен күніне ат қоюға, адамдар біліп отырсын деп жылнама жасауға жарлық берген. Жылдың басы парсыша фарвардин (наурыз) айы аталды. Каюмарс жыл есебін жасаған соң қырық жыл өмір кешкен, одан соң таққа Хұшаң, одан соң Тахмұрас, мұнан кейін Жәмшид отырған. Жылдың басы – мейрам күніне «Наурыз» деген атты осы Жәмшид берген. Оның патшалығы тұсында Иранды аждаһа-патша Закһақ деген атпен белгілі Баюрасп басып алады, әрі халыққа қатты азар береді. Кейін Жәмшид әулетінен шыққан Афридун оны өлтіріп, таққа отырады. Ол патшалықты қабылдаған күні мейір айының 21-не (қазіргі таңда қыркүйекке) сәйкес келетін меһірган мейрамын, яғни сабантой мерекесін жария еткен. Закһақтың езгісінен құ­тыл­ған халық бұл күнді жақсы күндер хабаршысы ретін­де мерекелеген.

Наурызды тойлау Афридун тұсында жалғасын тапқан. Кейін Афридун өз патшалығын ұл­дары Тур, Сәлім, Эражға мирас еткен. Турға – Шығыс Түркіс­тан, Моғолстан, Әмудария аңғары, Сол­түстік және Оңтүс­тік Қытай­ды, Сәлімге – Кіші Азия­ны, Эражға – Парсы елі мен өз тағын берген. Осылай­ша Нау­рыз мейрамы шығыс ел­деріне тарайды. Гүшстасп патшалығына дейін 940 жыл уақыт өткенде заратуштра діні пайда болады. Гушстасп патша саратан (жаздың басы) шаруа үшін молшылық айы, алым-салық төлеу үшін де қолай­лы ай деп, мейрамды осы күнге бел­гілеген, төрт жылда бір келе­тін кібісе жылын есепке алды. Кібісе жылын есепке алу, наурыз күнін жазда той­лау Ескендір Зұлқарнайын (Алек­сандр Македонский – б.з.д. 365-323 жж.) заманына дейін жалғасып, оның тұсында бұл дәстүр доғарылған. Ардашер Бабақан (226-251 жж.) тұсында кібісе қайта есепке алынып, Наурыз тойы қайта жанданған. Нушараван (531-579) тұсында қайта тоқтатылды да, ал Мағмұн патша (813-833) Наурызды тойлауды қайта бұйырған.

Наурызды тойлау жалға­сын тапқанымен, парсы абыздары­ның күнтізбені дұрыс бақылап отырмағандықтарынан наурыз 21-і күні жылдың басқа кезең­деріне жылжып отырған. Бұл парсы шаруаларын күйзеліске ұшыратқан. Себебі, наурызға дейін заттай төленіп бітетін са­лық­тың уақыты келгенде егін пісіп-жетілмеген. Парсы жерін­де егіннің алғашқы науқаны наурызда пісіп, халық салықты мер­зімінде төлеген.

Таққа Мұтауаккил отырған соң (847-861 жылдар) 847 жылы Мұхамбет ибн Әбділмәлік деген уәзірінің кеңесі бойынша Наурыз күнін саратан айынан қайтадан фарвардин айына ауыстырған. Бұдан кейін Сейі­с­тан әмірі (Иран уәлаяты) Халаф ибн Ахмет тұсында (892-902) басқа күнтізбе жарияланған.

Омар Хайямның заманында Селжүктер мемлекеті күн мен ай күнтізбесін қатар қолданып келген. Күн қозғалысына негіз­делген күнтізбе бойынша Күн­нің Жерді айналуы 365, 2422 тәулікке, яғни 365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секундқа тең; Ай күнтізбесінің негізі Айдың жер­ді айналу уақытымен 29, 5306 тәулікке, яғни 29 тәулік 12 сағат 44 минут 3 секундқа тең бо­лады да, 12 ай 354 күн 8 са­ғат 48 минут 36 секундқа тең болған.

Ислам дініне дейін араб­тар ортағасырлық еврей, қытай халқы сияқты ай-күн күн­тізбе­сін қолданып, 24 жыл циклда 13 ай қосылып отырған. 631 жылдан бастап Мұхаммед пайғамбар 13 айды қосуға тыйым салып, ай күнтізбесін енгізген. Мұсыл­мандардың ай күнтізбесі 622 жылдың 16 шілдесінен Мұха­медтің Меккеден Мәди­наға қоныс аударуынан баста­лып, хижра жылы 12 айға бөлі­ніп, күн күнтізбесінен 10 күнге қысқа, 100 күн жылына 103 ай жылы тең болады.

Селжүктер сұлтаны Мәлік шах билік басына (1072-1092) келгенде Исфаһанда жаңа об­серватория салдырып, күн­тізбені қайта жасауға жарлық берген. Жаңа күнтізбе жасауға Хорасанның атақты ғалымдары Омар Хайям, Абу-л-Музаффар ал-Исфазари, Маймун ибн Наджиб ал-Васити, т.б. қатыс­қан. Осылайша 1079 жылы жаңа күнтізбе жасалып, кібісе жылдың табиғи қозғалысы қайта есептеліп, Наурыз мейра­мы 21 наурызға, күн мен түн­нің теңелуі 21-нен 22-не өте­тін уақытқа белгіленді. Бұрын­ғы күн­тізбеде жаңа күнтізбеден 16 күн айырмашылық болып кел­ген. Жаңа күнтізбе жасау кезін­де обсерваторияға аспан әлемін­­дегі жұлдыздардың ор­нын, қозға­лы­сын анықтай­тын «ұстарлаб» деп аталатын астрономиялық аспап орн­а­тылған. Осылайша Наурыздың күнтізбедегі тұрақты орны анықталды.

Омар Хайям күнтізбесінде жыл ұзақтығы 365, 2424 күн, ол нақты уақыттан 0,0002 тәу­лікке қате, 1 қате күн 5000 жыл­­да жиналады. Ал бүгінгі қол­­даныстағы Григорий күнтіз­бесін­де бір жылда 365, 2425 күн бар, ол нақты уақыттан 0, 0003 тәулікке қате, 1 қате күн 3333 жылда жиналады. Омар Хайям күнтізбесі Иранда ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданыста болған. Исфахан обсерваториясы Мәлік шах өлгенге дейін 1092 жылға дейін жұмыс жасаған. Омар Хайям күнтізбесінің екі ерекшелігі бар. Бірі оның – нақтырақ дәлдігі, екіншісі – Күн қозғалысына негізделуі.

Омар Хайям бойынша, б.з.д. 558-529 жылдарда патшалық құрған парсы патшасы Кир (Кейқұсрау) заманынан бастап Наурыз мейрамында рухани дінбасы патшаның алды­на тарту-таралғысымен келіп халық атынан құттықтау сөз айтқан. Тарту-таралғыға жүзім шарабы толы кесе, жүзік, динар (алтын ақша) мен дирхамдар (күміс ақша), бір құшақ арпа көшеті, қылыш, қорамсалы садақ, қалам-сауытпен келген. Рухани дінбасы: «Ата-баба рухына ғұрпына құлқыңды бер, әділ, әрі Аллашыл бол, жасың арпа көшетіне ұқсасын, жұрт сенен шапағат алып, мархабат көрсін, сарайың салтанатты, өмірің ұзақ болсын», – дей оты­рып, тақтың аяқ жағына динар, дирхамдарды шашқан. Шығыс халықтарының дүние­танымында «алтын күннен, күміс айдан жаратылған тас. Күн мен ай аспанның екі көзі, наурыз бен меһірган уақыттың екі көзі» деген сенім бар. Қылыш пен садақты жаугершілікте жеңіс әкелсін деген ырыммен сыйлаған. Жоғары мәртебелі сарай қызметшілерінің халыққа назар салуы, келесі жаңа жылға дейінгі шат-шадыман өмірге деген тілекті білдіретін еді. Дін­басылар халық атынан пат­шаны, одан кейін патша халық­ты құттықтап Наурызды мере­ке­леу сарай салтанатымен жалғасқан.

Наурыз мерекесі жайлы мына деректерге назар аударып көрейік. Омар Хайям: «…Үш жүз алпыс бес күннің (күндіз-түнінен) ширегінен тұратын ұлы дәуірді «Ұлы жыл» деп атады да, оны төрт бөлікке бөлді. Үлкен жылдың төрт бөлігі өткенде үлкен Наурыз болады. Бұл кезде дүние жаңаланады. Патшалардың бір рәсімі бар: жыл басында олар жақсылыққа бағыштап, әрі жыл есебін белгілеп алу үшін, тыныштық өмір үшін баршаға қатысты діни жиындар өткізулері ләзім. Кімде-кім Наурызды мейрамдап қүншуақ жүрсе, келесі Наурызға дейін тыныш, бейғам ғұмыр кешеді».

Наурызда арпадан дәм пісіріп жеу бағзы заманнан қалып­тасқан. Арпаның қадір-қасиеті жайында көне парсылардан мынандай аңыз келіп жеткен: Адам Ата бидай жеп қойғаны үшін жұмақтан қуылған. Адам бидайды қанша жесе де той­маған соң, Изид тәңіріден бидайды арпамен ауыстыруды сұрайды. Ол арпадан нан пісіріп жегенде ғана өзінің тойғанын сезген. Сол күннен бастап адам баласы жаңа піскен арпаны көрсе жақ­сылыққа жорыған, құтты ас санап, Наурызда жеген арпа күш-қуат береді деген.

Тағы бір аңыз бойынша, 579-590 жылдары патшалық құрған Һурмуз фарвардин айында арпа егістігінен өтіп бара жатқан­да егістік суы тасып жолға шы­ғып кеткен. «Арпа дәні шарапатты, сабағы болса құтты» − деп көзеге сол судан су толтырып алып ішкен. Арпа егілген жерден тасыған судан ішкен адам келесі жылы арпа егілгенше сергек әрі бақуатты жүреді делінген. Табарстанның (Каспий теңізінің оңтүстік беті) сұлтаны Шәмсұл-мүлік Қабұс Вушмагир: «Арпа – пайғамбарлар мен тектілердің, әрі шаруалардың асы. Ал, патшалық дегеніңіз осылармен байланысты», – деген екен.

«Наурыз» парсы сөзі бол­ғанымен, көне түркілерге, қазақ­тарға ерте заманнан кірігіп, сіңіп кеткен.

Тәттігүл ҚАРТАЕВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу