Орынсыз қылжақ, ойсыз көз

Құдай ақырын берсін, бүгінде әлеуметтік желіден тыс өмір сүру мүмкін болмай қалды ғой.
Егемен Қазақстан
29.05.2017 730

«Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» демекші, оның пайдалы жағына қоса, күнделікті өмірімізге кері әсерін тигізетін зиянды, залалды тұстары да жоқ емес. Ендеше, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, қоғамымызға мықтап еніп, тұрмыстағы кейбір қиыншылықтарды жеңілдетіп бергеніне мәз бола бермей, кейінгі жас өрендерді жеңіл-желпінің соңынан жетектеп ертіп бара жатқан бұл шіркініңіздің теріс тұстарына да алаңдамай тағы болмайды. «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» демекші, соның бірі – фейсбуктегі «Тікелей эфир». «Бұлардың қолдары бос па, еріге ме, не нәрсе өзі?» деп 4-5-еуін арнайы сараптап көруі­міздің нәтижесінде түсініксіз жайттарға тап болдық. Көздері бақырайып, тілін жұтып қойғандай үнсіз отырған сабаздардың сондағы мақсатын білмей дал боласыз. Одан: «Неге сөйлемейсіз? Бірдеме десеңізші», деп үздігіп, үзіліп сұрап жатқан жұрт. Сөйтсе де, әлгі сабазыңның беті бүлк етпей, нанын, не сағызын шайнап отыра береді. 
Жайдан-жай еріккеннен фейсбук арқылы «Тікелей эфирге» шығу – әдеп пен­ салттан жұрдайлықтың белгісі деген­нен басқа ештеңе емес. Болмаса толған айдай томпиған келіншектің диванда шал­қасынан жатып алып әркіммен бір әң­гіме-дүкен құрғаны әдептілікке жата ма? Әсіресе, қазақтың жап-жас келіншектері солай еткенде, «Апыр-ай, мына заман не боп барады?» деген қауіптің жүректі от­тай қарып өтері сөзсіз. «Тым сымбатты екенсіз» деп қояды оған іші пысып отыр­ған сырттағы біреу. Осы мақтауға мына сабазыңның танауы делдиіп, әлдеқандай болып жатады. «Әдемісіз деп жатыр мені,­ рахмеее-еет» деп риясыз ыржияды. Диа­лог­тың сиқы осы.  «Ішіңіз пысып жатыр ма, аты-жөніңіз кім, танысалық, телефон нөмі­ріңіз қандай?» деп қалжыңдасқан  жан­дардың олардың мұнысына соншалық қол­дау білдіріп жатқаны шамалы-ақ. «Мына сықпытымды қазір ата-анам, жақын туыстарым, таныс­тарым, әріптестерім...  көрсе ұят-ау» деген ой қаперіне кіріп-шықпаған мұңсыз жанардың «арбауына» алданбағандар: «Сен сияқтыларды ауылға апарып сиыр сауғызып қояр ма еді», «Басыңдағы жастығыңның тысы сөгіліп кетіпті, босқа жатқанша соны неге тігіп алмайсың», «Кет эфирден» «Өзіңді жарнамалаған түрің бе?», «Еріккен әйел екенсің»... деп неше түрлі ауыр сөздерді қарша боратып жазып-ақ жатады. Қазір енді осы сөздерден кейін миы жоқ адам болмаса түсінер, жүрегіне жетер деп әжептәуір нәтиже күтетінің рас енді. Бірақ ата-бабамыздың салт-дәстүріне жат өрескелдікке реніш білдіріп, «қазақтың қыздарына мұндай жөнсіз қылықтар жараспайды, әдепті болыңдар, арсыз болмаңдар» деп жан-жақтан жұрт қанша жабыла жазғанмен одан қорытынды шығарып жатқан олар жоқ. 
«Тікелей эфир» арқылы маңызды мәселелер қозғалып, жастарға лайық әдепті әңгіме әсерлі рухта жібектей есіліп тұрса, көре алмағандай оған неміз бар шүйлігіп.  Негізі  ол келешекте ашық пікірлесу алаңына айналса, бір ғанибет болар еді-ау. Бірақ қайдағы? Сондықтан мұның бәрі қазіргі «Әй, дейтін әже, қой, дейтін қожа жоқтықтың» салдарынан орын алып жатқан жайлар екені түсінікті. Қазақы салтқа үйіріп, адамның келбетіне имандылық пен адамгершіліктің ізгілік нұрын себелеп тұратын, шалкес мінезді жанның өзін шалғайға шашау шығартпас қазағымның қасиетті ежелгі дәстүрлері-ай десейші. Интернеттің икемге көнбейтіні, оған бұғау салу қиын. Алақанмен айды көлегейлеп тұра алмайтыныңыз сияқты қазір технологиялық жетістіктердің бәріне рухани тереземізді елексіз ашып тастадық. «Оның пайдалысы қайсы, қазақы қалыппен қиыспайтын тұсы неде?»  деген сыни сүзгі жоқтың қасы. Ол кімнің қолында? Баланың ба, дананың ба, мұны тексеріп, бағып-қағып отырған ешкім жоқ. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетедінің» кері ме деген ойдың осы тұста қылаң беріп қалуы тағы заңды.  
 Желідегі халыққа бәрібір. Олар мұндайларды жүректің елегінен өткізіп қабылдап отырған жоқ. Жалпы, қазір өзі әлеуметтік желіде рухани сүзгі деген бар ма десеңізші әуелі. Оған дәлел – «Тікелей эфирдегі» қылжақ әңгімелер мен ойсыз көздер. Бақсақ, «Тікелей эфирге» адамдар өздерін жарнамалау үшін шығатын сияқты. Бірақ жарнамалаудың жөні осылай болады екен деп, айнаның алдында тұрғандай шашыңды тарап, көздеріңді жыпылықтатып отырғаның өзіңнен басқа кімге керек? Бұл негізі өнеріңмен бөлісуге, ойыңды ортаға салып, көпшілікпен пікір алмасуға арналған тетік емес пе? Сылаңдап, сыланып түр-әлпетіңді жұртқа жария ететін алаң емес... 
Қорыта келгенде, қазіргі біз куә болып жүрген «Тікелей эфир» көңілге түрлі ой салады. Атам қазақ: «Сөз сүйектен өтеді», «Отыз тістен шыққан сөз – отыз рулы елге тарайды» деп бір ауыз сөздің қауызына үлкен мағына сыйғызған халық емес пе еді. Ал енді мынадай бейнебаяндар, өздерін жатпай-тұрмай жарнамалап жатқан жандардың тірлігі сол қазақы қасиеттен бірте-бірте көз жазып бара жатқанымыздың айқын мысалы іспетті әсер қалдырады. Желідегі желпу сөз жеті қырдан асып, бейәдеп бейнебаяндар әке-шешесі ертелі-кеш  жұмыстан қолы босамайтын қазақ балаларының санасын улап, үлкен қауіп тудырып жатқандықтан, қайта-қайта оралып тұратын негізгі әңгімеміз осы болып қала бермек. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, 
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.04.2018

Қ. Тоқаев құқық қорғау саласындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды

26.04.2018

«Алматының жалпы бас жоспарын әзірлеу» тақырыбындағы төртінші форум өтті

26.04.2018

Павлодар облысында  көктемгі дала жұмыстары басталды

26.04.2018

«Самұрық-Қазынаның» басқарушы деңгейдегі қызметкерлері қысқарады

26.04.2018

Астанада Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалығына арналған дөңгелек үстел өтті

26.04.2018

Қыздар Университетінде Қазақстан жас ғалым-педагогтарының республикалық Слеті өтті

26.04.2018

Шымкентте «WorldSkills Kazakhstan- 2018» өңіраралық чемпионаты өтуде

26.04.2018

 «Шәмші Қалдаяқов» фотоальбомы жарық көрді

26.04.2018

Алматыда «Туберкулез эпидемиясын жоюдың жаңа бағыттары» атты халықаралық мәжілісі өтті

26.04.2018

Сенат үш жылдық бюджетке түзетулерді қабылдады

26.04.2018

XV Еуразия Медиа Форумына тіркеу басталды

26.04.2018

Қыздар Университетінде «Дара» арт-галереясы ашылды

26.04.2018

Алматыда педагогикалық-психологиялық түзету орталығы ашылды

26.04.2018

Алматыда шетелдік сарапшылар  «Астана-1» жүйесінің жұмысымен танысты

26.04.2018

Батыс Қазақстан соттары IT технологияны қолданады

26.04.2018

Қазақстанның белді фармацевтикалық компаниясы 3 бірдей стандарттық сертификатқа ие болды

26.04.2018

Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі тағайындалды

26.04.2018

Астана медицина университеті жалған IELTS-пен оқуға түскендердің тізімін жариялайды

26.04.2018

Алматыда баскетболдан ұлттық студенттік лиганың финалы өтті

26.04.2018

Солтүстік Қазақстанда тасқын су қаупі сейілер емес

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Ассамблеяның айшықты қадамдары

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына биыл 23 жылдан асып барады. Еліміз тәуелсіздік алуының елең-алаңында құрылған бұл ұйымның да жылдан-жылға қабырғасы қатайып, бұғанасы бекіп келеді. Қазір ол Қазақстанмен бірге дүние жүзіне танылған айрықша ұйым.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Еркіндік пен енжарлық

Адамды  қалың  ой арбағанда, әсіресе  сол ойы бар болғыр  ақырзамандық көңіл күйдің ауылына қоңсы қонғанда түйінін таппай кәдімгідей дағдаратынымыз бар.  Оралхан Бөкейдің «Атаукересіндегі» Таған сияқты «Неге біз осы?..» деген сынды  сауал байыз таптырмайды. Сосын тұлғалардың бұрынғы айтқандарына үңілесің, өткеннен жауап іздейсің...

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл мен  қауым

Ауыл десе теңіздей аласұрып, жү­рек шіркін алып-ұшып тұрады-ау. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның көктегі көзі – ғарыш қызметін дұрыс пайдаланып жүрміз бе?

Жақында отандық телеарналардың бірінен, шамасы бұл Парламенттегі Үкімет сағаты болса керек, еліміздің Ұлттық ғарыш агенттігінің жерді қашық­тық­тан зондтауға (байқауға) қатысты түсірілімдерінің сапасы туралы әңгіме болды.

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Киберспортпен күнелткендер

Балаңыз телефон немесе теледидар арқылы түрлі ойындар ойнаса аса қатты қорықпаңыз. Ол қазір еріккеннің ермегі емес. Мұны қазіргі жаһанданған әлемде киберспорт деп атайды. Ғаламтордың дамуымен бірге бұл спорт қазір елімізде де белең ала бастады.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу