«Осалдармен бокстасып жүргенім жоқ»

Бірінші орта салмақтағы WBO, NABA және WBA Intercontinental белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Астанада ЭКСПО-2017 аясында өтетін жекпе-жегіне байланысты және алдағы жоспарымен бөлісу үшін елордалық журналистерге арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
Егемен Қазақстан
26.06.2017 4269
2

Отандасымыз өзінің соңғы кездесуін 27 мамырда АҚШ-тың Флорида шта­тын­да­ғы Бока Ратон қаласында өткіз­ген бо­ла­тын. Мексикалық  боксшы Нор­бер­то Гонсалеспен жұдырықтасып, тө­ре­ші­лер­дің шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. 
– Норберто Гонсалес – өте тәжірибелі боксшы. Бокста ешқашан алдыңды болжай алмайсың. Рингте бір соққы бар­лы­ғын шешіп кетуі мүмкін. Мек­сикалық бокс­шыға қарсы кездесуде маған 12­ раунд то­лық жұдырықтасып, алдағы маңызды кездесулер алдында күшімді тексеріп алу керек болды.  
Қанат Ислам ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесі аясында Астанада өтетін кездесуде америкалық танымал боксшы Джеймс Кирклендпен жұ­ды­рықтасуы мүмкін. Қазіргі таңда бокс­шының про­моутері Нелсон Лопес ке­ліссөздер жүр­гі­зіп жатқанын айтады. «Карьерамдағы ең маңызды кездесулерімнің бірін өз елімде, өз жанкүйерлерімнің алдында өткізу мен үшін үлкен жетістік. Мақсатым  – жанкүйерлеріме тартысты бокс кешін ұсыну және олардың сенімін ақтау. Елор­дамызда өтетін келесі кездесуім оңайға соқпайтыны анық. Өйткені, бұл жолғы қарсыласым әлемдік деңгейдегі боксшы болмақ. Промоутерім қазіргі таңда аме­ри­калық боксшы Джеймс Кирклендтің ко­мандасымен келіссөз жүргізіп жатыр. Жақын күндері ресми мәлімдеме жасайтын боламыз», дейді Қанат Ислам.
Ал, Қанаттың промоутері Астанадағы кездесуде Мигель Коттомен жекпе-жек ұйымдастырғысы келгенін айтады. Бі­рақ, боксшымен гонорар жағына келісе ал­маған. «Мигель Котто жекпе-жек үшін бізден 12 миллион доллар сұрап жатыр. Бізде қазір ондай қаржы және таңдау да жоқ. Бірақ, белбеуімізді қорғауымыз керек. Қазір рейтинг бойынша Қанаттан кейін тұрған кез келген боксшы онымен кез­десуге дайын. Дегенмен, біз әлемдік ти­тул­ды иеленгіміз келеді», – дейді Нелсон Лопес.
Қанат Ислам елордада өтетін жекпе-жекке Астана және Алматы қала­ла­рында дайындалады. Қанат бұған дейінгі жекпе-жектеріне АҚШ-та жат­тыққан болатын. Сондай-ақ, ол Алматыда да дайындық жұмыстарын жүргізген.
– Соңғы жекпе-жегім АҚШ-та өткен соң дайындығымды сол жақта өткіздім. Қанша дегенмен, АҚШ – кәсіп­қой бокстың отаны ғой. Ал бұл жолғы кездесуім Қазақ­станда өтетін болғандықтан жатты­ғу­ым да Астана және Алматы қалаларында болады. Алдағы уақытта АҚШ-тан командам ке­­леді. Солармен бірге дайындалатын бо­­ла­мын.
Сонымен қатар, Қанат Ислам өзінің қарсыластары туралы пікірін білдірді. 
– Менің қарсыластарым туралы әркім әртүрлі айтып жатады. Өз басым олардың арасында мынау әлсіз, мынау мықты деп айта алмаймын. Мен үшін бүгінге дей­ін шыққан қарсыласымның барлығы бір­дей. Қазіргі жекпе-жектерім алдағы чем­пиондық атақ үшін болатын кездесу­­ге бас­палдақ іспетті. Егер қарсылас таңдау ме­нің еркімде болса, ертең-ақ чемпиондық белбеу үшін шаршы алаңға шығар едім. Геннадий Головкиннің өзі кәсіпқой бокста 15 жыл жүріп, соңғы жылдары үлкен кездесулер өткізіп жатыр. Сондықтан, бәрі өз уақытымен болатынын айтқым келеді.
Журналистермен кездесу барысында Қанат Ислам 16 қыркүйекте өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жек­­пе-жегіне қатысты пікірін білдірді. Қанаттың ойынша, кездесу толық 12 ра­ундқа созылуы мүмкін. «Бұл кездесуді тек Қазақстан немесе Мексика емес, бү­кіл әлем жанкүйерлері күтуде. Кездесу Головкинге оңай соқпайтынын ішім се­зе­ді. Меніңше, жекпе-жек 12 раундқа со­зы­луы мүмкін. Головкиннің жеңісіне се­не­мін және оған тек қана сәттілік тілеймін», дейді Қанат Ислам. 

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

21.02.2019

Қызылорда облысында электронды кітапханалар жұмыс істейді

21.02.2019

Шымкентте «Шымкентплан» құрылды

21.02.2019

Қарағанды облысында биыл дәрігерлерге 63 пәтер беріледі

21.02.2019

Ғалымбек Кенжебаев қазақ боксшыларының финалдағы жеңілісін түсіндірді

21.02.2019

Бангладеште өрт салдарынан 81 адам қаза тапты

21.02.2019

Мәжілісте Арал өңірінің өзекті мәселелері талқыланды

21.02.2019

Михаил Кукушкин Марсельдегі турнирдің ширек финалына өтті

21.02.2019

Қазақстан баскетболшылары әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Австралияны қабылдайды

21.02.2019

Қазақстандық гимнастар Мельбурндегі әлем кубогі кезеңіне қатысуда

21.02.2019

Австрияда шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды

21.02.2019

Мәжілісте оңалту және банкроттық рәсімдерді жетiлдiру мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті

21.02.2019

Обыр дертінің соңғы кезеңінен келетін қауіп сейілді

21.02.2019

Бала Бақытжан «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

21.02.2019

Елордада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

21.02.2019

Мобильдік топтар базарларды аралап, бірыңғай жиынтық төлем туралы ақпарат беруде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу