Отандық жас ғалымдардың ғылыми жетістіктері таныстырылды

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Жас ғалым 2017» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Егемен Қазақстан
02.04.2017 7659
2

Алтыншы рет ұйымдастырылған алқалы жиынға 400-ден астам жас дарындар жиналды, деп хабарлайды институттың баспасөз қызметі.

Олардың арасында Қазақстанның барлық аймағындағы орта мектеп пен жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары бар. Сондай-ақ, шараға танымал тарихшылар мен белгілі ғалым-зерттеушілер, Қазақстан, Жапония және Қырғызстанның арнайы білім беру мекемелерінің қызметкерлері де шақырылған.

Педагогикалық оқу орны конференцияны еліміздегі жас ғалымдардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін екі жылда бір рет ұйымдастырады. Биылғы кеңес ТарМПИ-дың 50 жылдығына арналып отыр.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова институт ректоры Дария Қожамжарованың конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізді ғылыми-инновациялық салада зор серпіліс жасап, еуразиялық кеңістікте осы саланың көшбасшылардың бірі болу керектігін міндеттеді. Қазіргі күнде жан-жақты дамыған ғылымсыз өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу мүмкін емес екені баршаға белгілі ақиқат. Сіздер – сол ғылым әлемінде бақ сынап жүрген жас ұрпақтың өкілдерісіздер. Турасын айтсақ, сіздердің болашақтарыңыз – елдің болашағы, ұлттың ертеңі. Алдымызға қойып отырған бұл міндеттер аса ауқымды. Ол үшін бәрімізге үлкен күш-қайрат, ерік пен жігер керек. Бастысы білім мен ғылым керек. Қазақстан экономикасының өзегі білім мен ғылымға негізделуі қажет. Сонда ғана жоспарымыз орындалып, көздеген мақсат үдесінен шығатынымызға сенімдіміз, – делінген ректор құттықтауында.

Конференция барысында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының саясаттану ғылымдарының PhD докторанты, білім ғылымдарының PhD докторанты Ләззәт Илимханова «Академиялық хаттардың Қазақстан ғылымындағы маңызы: әлемдік тенденциялар», Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Гүлнар Мұратбаева «Бағалау өлшемдері – білім сапасын бақылаудың сенімді құралдары», Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Галина Бедусенко «Роль диалога в процессе обучения русскому языку нерусской аудитории», Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің PhD докторанты Райля Ізмағамбетова «Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» және Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы Ж. Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ордалы Қоңыратбаев «Тұрар Рысқұлов және Орталық Азия студенттері» тақырыптарында баяндамалар жасады. 

Конференцияның басты мақсаты – жас ғалымдардың жасампаздық әлеуетін дамыту, оларды заманауи ғылымның маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде тарту, ғылыми білім беру кеңістігін дамыту. Сондай-ақ, жиынның тағы бір көздегені – ізденушілердің өзара байланыс орнатуларына, тәжірибе алмасуларына ықпал жасау. Айта кету керек, бұл орайда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Kids University» жобасы іске асырылуда.

Биылғы конференция гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бағыттары бойынша өткізілді. Аталған секцияларға барлығы 500-ден астамжұмыс келіп түскен.

Шара барысында қазақстандық жас ізденушілердің ғылыми жетістіктерініңкөрмесі өткізіліп, отандық және шетелдік ғалымдардың жастарға арналғаншеберлік сыныптары жүргізілді.

Жамбыл облысындағы Көкдөнен орта мектебінің 9-сынып оқушысы БақнұрБайелиев конференцияға елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етугеарналған ғылыми жаңалығын ала келіпті.

– Біздің ауылда су күндіз ғана ағады. Ол кемшілікті жою үшін суды қайтаайналмалы жолмен үлкен мұнараға құйып, жібергім келеді. Егер тәулік бойы суды үздіксіз ағызсақ, оларды тікелей үйге қойып алса да болады, – дейді Б.Байелиев.

– Өскелең ұрпақтың шығармашылық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын насихаттау мен оны кең көлемде жариялауда, олардың тұлғалық дамудың тәсілі ретіндегі жобалық зерттеу іс-әрекеттеріне тартуда және білім беру үрдісінің тиімділігін көтеру мен қолданбалы ғылымға деген қызығушылықтарын дамытуда осы тақілеттес жиындардың маңызы зор, – дейді шара ұйымдастырушылары.

Конференцияға келіп түскен материалдар негізінде арнайы жинақ шығару көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде еліміздегі ізденуші жастарға, ғылыми жұмыстармен айналысатын ғалымдарға және инновациялық даму стратегиясын жоспарлап, жүзеге асырушылар үшін маңызды теориялық және әдістемелік көмекші құрал болмақ.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу